Құтты болсын Жаңа жыл!
Сабақтың тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жыл!
«Шырша әні». И. Нүсіпбаев — үйрену.
Сабақтың мақсаты: Мереке туралы түсініктерін ашу.
Сабақгың міндеті:
- Музыкалық талғамдарын шыңдау.
- Ән айту шеберліктерін дамыту.
- Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Музыка тыңдау: Жаңа жыл немесе кыс мезгілі туралы әдемі ән тыңдалады. (Мұғалімнің қалауы бойынша.)
- Ән қалай орындалды?
- Әннің мазмұны не туралы?
- Әннің әуеніне кандай қимылдар жасауға болады?
- Ән сенің көңіл күйіңе қалай әсер erri?
Жаңа жыл — кыс мерекесі, ол балаларды Аязатамен, Қаршақызбен, орман заңдарымен, әртүрлі кейіпкерлермен қауыштырады. Шырша айналасындағы ойындар мен көңілді билер, асқақгата ойналған музыка баланың көңілін көтеріп, шаттандырады, біразға дейін ұмытылмайтын әсерлермен байытады.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.
Сырғанақ
Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз қүр карап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
Ақ көрпемен он қабат,
Тастағандай доңді орап.
Ауырмайды еш жерім,
Аунап түссем домалап.
Ә. Ысқақов
Жұмбақ:
Тек өзі көрінбейді,
Адамды тоңдырады.
Ызғары дірілдеп,
Есіңнен тандырады. (Аяз)
Қолы мен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (Қырау)
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (Мұз)
Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбат. (Мұз)
Ән үйрену:«Шырша әні» көңілді, орташа екпінде, сергек, шаттык сезіммен орындалады. До 1-ля 1 орта тиссетурада жазылған, баланың дауысына бірқалыпты орындауға ыңғайлы.
Тауда туын,
Тауд(а) өсекен — екі дауысты дыбыс қатар келгенде, «а» дыбысының қысқарып айтылуына көңіл бөлу.
Сергіту сәті:
Қыс ойындарының қимыл-қозғалыспен көрсету.
1.Шаңғы тебу.
2.Коньки тебу.
- Қаратысу.
- Аққала жасау.
Шығармашылық жұмыс: Жаңажылдық шыршаны қандай ойыншықтармен безендірер едің? Суретін салып, түрлі түсті бояумен бояу.