құс туралы тақпақтар, жұмбақтар

0

загрузка…

Құстар — біздің досымыз!
Мақсаты: оқушыларға тірі табиғат туралы жалпы түсінік беру. Табиғат байлығын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Көңілді көктемде құстарды қарсы алу, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет көрмесі, плакаттар құстарға байланысты мақал сөздер, құстардың суреті.
Тәрбие сағатының жүрісі
1 – бөлім «Құстар біздің досымыз!»
2 – бөлім (ойын» жұмбақтар шешу
3 – бөлім «Құстарға ұя жасайық!» (көрініс)
4 – бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Қош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ нұрын төккен көктем мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
«Шақырады көктем» Жадыра
Кіріспе сөз. Мерей
І. Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат — шадыман көктемнің,
Шаттық болсын қашанда.
1 – оқушы
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада, орманда,
Құстар әні көңілді. (Ақселеу)
2 – оқушы
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпір қосақ асылды,
Өрнегіне көктемнің. (Нұрайым)
Ән: Жау жау жаңбыр Е. Мерей
3 – оқушы
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанатты желпілдеп,
Көлге үйрек – қаз қонды. (Димаш)
4 – оқушы
Ой, балалар, балалар,
Жылы – жылы, жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл – қаңқыл қаз кетті. (Әлішер)
5 – оқушы
Құстар тойын құттықтар,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз. (Е. Мерей)
6 – оқушы
Бейне көктем жырлары,
Сағынышпен жеткен.
Құстардың әуені мен,
Қуанта бер көктем. (Әли)
7 – оқушы
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді. (Мағжан)
8 – оқушы
Ән құрадым әніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт – береке күнімен. (Самал)
Балалар құс туралы өлеңдер айтады.
Аққу
Құс сұлуы аққумын.
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы мен болам. (Жаным)
Бұлбұл
Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән – жырдың.
Тамаша тамылжып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Ән: «Аппақ гүлдер» Жансұлу
Көгершін
Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін. (Мейірлан)
Көкек:
Жаршысы мен көктемнің,
Көке дейді мен жұрт.
Өз атын айтар құс менмін,
Көктемді күтсең мені күт. (Ақтілек)
Үкі:
Үкі едім, ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкіші үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан – ақ адамдар тағып алған. (Аяулым)
Қарлығаш:
Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағымын.
Мекен етіп тұрамын,
Тазалаймын үй — ішін.
Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген. (Жанерке)
Ән: «Қос қарлығаш» Мейрамбек, Ақселеу
Қараторғай:
Мен қараторғаймын,
Шегірткедей жұртыңды.
Қырғи болып қиямын,
Егістікке жайылмаған,
Қорғаушы болып тұрамын.
Торғай:
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтаймын да тоңбаймын.
Құрт — құмырсқа шіркейден,
Бау – бақшаны қорғаймын. (Мейрамбек)
Тоқылдақ:
Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер. (Мұхамедияр)
Жапалақ:
Мен жапалақ қалыспаспын жарыстан,
Қорегімді іздеймін мен алыстан.
Іннен басы қылт етсе – ақ тышқанның,
Жүз елуін әр ай сайын жанышамын. (Айымжан)
Ән: «Бозторғай» Самал
ІІ. Балалар құстар жайлы жұмбақтар шешеді.
Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты. (Үкі)
Ақ сарайын ьталқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
Бір — ақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді,
Және жоқ қонысы. (Көкек)
Жем көрсе
Шықылықтап қалтаңдайды.
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)
Көктемде ұшып келеді
Жазбай концерт береді. (Бұлбұл)
Тоқылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап
Орманды емдейді
Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)
Би: «Шөжелерім» қыздар
ІІІ. «Торғайдың ұясы»
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у — да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Ән: «Атамекен» Хор

Кері қайту