Құс етінің пайдасы

0
Құс етінің пайдасы казакша Құс етінің пайдасы на казахском языке

Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны — тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.
Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі — күркетауық. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі — цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде цесарка Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі — бөдене. Оның жұмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы.
Білген адамға басқа жануарлардың етімен салыстырғанда, құс еті — жеңсік тағам, ағзаға жеңіл де жедел сіңеді. Боткин ауруына тауық етін ғана жеуге рұқсат етілетіні сондықтан. Ал қаздың майы болса, үсік пен күйікке тамаша ем. Күркетауықтың еті қатты аурудан әлсіреп қалғандарға жеуге ұсынылып жүр. Жұмыртқаның жәйіне келсек, мынадай дерек бар. Бір тауық жұмыртқасының құнар-қуаты 100 грамм жылқы немесе сиыр, қой етіне пара-пар. Үйректің жұмыртқасының қуаты одан да артықтау. Деніміз сау болсын десек, құс етін ас мәзіріне жиі пайдаланған абзал.