Құрылыс инвестициялардың тиімділігі | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Инвестиция (латынша іnvestіre — киіндіру) — табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз — шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз — акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік — иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор — қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз — табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: — жеке инвесторлар (жеке адамдар). — инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз — халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз — тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады.
Қазіргі уақытта басқару жүйесінің әдістері мен үлгілері басқарудың барлық деңгейлерінде өзгеріске ұшырап жатыр. Осы жағдайларға байланысты, құрылыстағы инвестициялық есепті басқаруда кешенді, дәлірек айтқанда, жүйелі басқарудың қажеттілігі туындады. Құрылыстағы инвестициялық есепті басқарудың өзгеруіне жүйелі түрде қарау — құрылыс кешеніндегі ресурстарды инвестициялық қамтамасыз ету факторын ескере отырып, функционалды-технологиялық ерекшеліктердің негізінде құрылыстағы мәселелерді шешудің ең үйлесімді нұсқасын таңдау мүмкіндігі.
Инвестициялық-құрылыс қызметі саласында В.К.Иванцов, В.С.Резниченко, А.В.Богдановтардың теориялық-практикалық өңдемелерінің негізінде, инвестициялық-құрылыс қызметін басқарудың негізгі принциптері анықталды:
— инвестициялық жобаға қатысушылардың барлығының инвесторлар, тапсырыс берушілер мен мердігерлердің мүдделерінің сәйкес келуін қамтамасыз ету негізінде инвестициялық жобаны кешенді жүзеге асыру;
— жоба алды өңдемелер, конкурстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, объектінің құрылысы мен жобалануы және пайдалануға енгізілуі, сонымен қатар инвестициялық жобаның бүкіл өміршеңдік кезеңін кешенді қарастыру;
— инвестицияларды қалыптастыру мен өткізудің жаңа технологиясына көшу негізінде инвестициялық жобалардың өміршеңдік кезеңін қысқарту;
— шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтерге жоғары тұтынушылық сапаны ескере отырып, жобаның техника-экономикалық тиімділігін бағалау;
— құрылыста және объектілердің пайдаланылуында, жобалаудағы кешенді шығындарды минимизациялау;
— инвестициялық-құрылыс қызметін қаржылық, ұйымдастырушылық және технологиялық сенімділікпен қажетті деңгейде қамтамасыз ету;
— тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізу мен құрылысты жобалауға үміткерлерді конкурстық іріктеу;
— орындаушылар мен жұмыстың әртүрлі деңгейіндегі жүйесін бір топқа біріктіруді күнтізбелік кесте негізінде жалпы экономикалық талдау, техникалық-экономикалық негізде жоба алды зерттеулер кезіндегі жоба мен жұмыстың орындалу мерзімі мен ұзақтығын анықтау;
— жобадағы тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасындағы келісім бағасының қалыптасуы үшін ресурстық немесе индекстік әдістерді қолдану арқылы құрылыс объектілеріне баға беру;
— қолданушыларға мәліметтерді үйлестіру, ақпараттық-талдау үлгілерін өңдеу және қолдану негізінде инвестициялық-құрылыс қызметін басқаруды ақпараттандыру;
— инвестициялық жобаларда басқару шешімдері мен жобаның автоматтандырылуының ықпалдастық жүйесін өңдеу.
Жобаның өміршеңдік кезеңі белгілі бір пайдалану кезеңін қамтиды. Сондықтан да өндірістік бағыттағы инвестициялық жобалар, жобаның орындалу шыңына жету кезеңін ғана емес, инвестицияларды қайтару мерзімін де ескеру қажет. Әлеуметтік-экнономикалық саладағы жобаларда ғимараттарды сақтандырудың кепілдік мерзімін және қажетті сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілуін ескеруі тиіс. Мысалы, Финляндияда тұрғын-үй ғимараттарын сақтандырудың кепілдік мерзімі 10 жыл.
Құрылыс кәсіпорындарының өзгеруі кезінде акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және басқа да ұйымдық-құқықтық үлгіде ұйымдастырылған қоғамдар басқару құрылымында өзгерістер болуын қажет етеді. Қазіргі жағдайда басқарудың келесі үлгілерін бөліп көрсетуге болады:
— экономикалық есептемелер негізінде құрылған менеджменттің қарапайым үлгісі, ол жаңадан құрылған кәсіпорындарға тән. Бизнестің бұл сатысы қарапайым және арнайы басқарудың кәсіпқойлығын қажет етпейді. Бизнестің кеңеюі мен дамуына байланысты бұл үлгілер тиімділігін жоғалтады;
— экономиканың жоспарлы жүйесі кезінде қалыптасқан басқару үлгісі, ертеректе қалыптасқан кәсіпорындар базасы негізінде құрылған ұйымдарға тән;
— басқарудың сыртқы нышандары негізінде қалыптасқан үлгі: персоналды компьютерлер, мәліметтер базасы, түрлі бағдарламалық құралдар. Берілген үлгі ішкі фирмалық басқару технологиясында топ аралық және корпоративтік қарым-қатынаста қолдау таппады, басқаша айтқанда басқарудың мағыналық жағы технологиялық жағымен ауыстырылды;
— басқарудың корпоративтік моделі кәсіпкерліктің үлгісі және әдісі ретінде, мемлекеттің құрылымдық құрылымы шартында жаңа экономикалық субъектілер қалыптасады: ассоцациялар, холдингтер, қаржылық өнеркәсіптік топтар. Корпоративтік үлгілердің түрлеріне байланысты басқарудың түрлі жүйелері қолданылады: мүдделердің ерікті келісімі, оған кіретін элементтер, бақылау, жоспарлау, есеп қызметін орталықтандыру жолымен басқарудың жүйесін құрастыру.
Жеке құрылыс кәсіпорныдарында басқаруды бір-біріне қатысы бар және қоршаған ортадан тұратын элементтер жинағы ретіндегі жүйе деп қарастыруға болады
Құрылысты басқару жүйесі құрылыстың мерзіміне, бағасына және сапасына тікелей әсер етеді. Ұйымдастырушылық жүйенің функционалдық, дивизиондық және матрицалық түрлерін бөліп қарастыруға болады. Функционалдық жүйе төменнен жоғары қарай басқару үрдісін қамтамасыз ететін әрбір функцияға қызмет тағайындайды. Дивизиондық құрылымда функционалдық жүйе қызметтері кәсіпорын бөлімшелерін қамтиды, сонымен қатар бөлімшелер сызықтықтан басқа, … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер