Домой Lifestyle Құқықтық сана — мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы

Құқықтық сана — мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы

0
210

КІРІСПЕ
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік: Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Реалистік теория — құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады — деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды. Әлеуметтік теория — ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан — жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория — құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым — қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде — мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі — нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев. Бұл көптеген теориялардың бірнеше мысалы болып келеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет пен құқықтың шығу тарихымен танысу. Жалпы мемлекет пен құқық ұғымдарының мазмұнын ашып, олардың түрлерін, белгілерін ажырата білу.
Дерек көздері: Бұл жұмысты жазу барысында Д.Булгакова,А.Ибраева сынды ғалымдардың еңбектері мен бұқаралық ақпараттан алынған материалдар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
І.1 Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар: Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу. [1;58б]
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне
— ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
— оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
— барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.[1;65б]
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды: Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде — Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді.
Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет — ғұрып, салт — дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте — бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Әдет — ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет — ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. [3;37б]
Тарихи және тарихи — құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді3. Қазақтың мемлекеті тарихына, әдет — ғұрып заңдарын зерттеуге, билер институтының демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет — ғұрып заң — қағидалары патшалық Ресейден алды.
Қазақ құқығы туралы талай еңбектер жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет — ғұрып заңдарының қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба деректерге кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай. Соның бір көрінісі — шежіре. Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары ұрпақтан — ұрпаққа жалғасқан ата — бабалар шежіресін, өзінің ұлттық генеалогия тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын шежірешілері де болған.Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді.
Құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі — нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп — басқару өте қажет. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің Ежелгі қоғам деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ олардың пікірлері қазіргі тарихи — құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. [4;29б]

І.2 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы қалыптасқан теориялар

Құқық екі жолмен дамыды:
Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде — Құран заңы.
Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік: Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Реалистік теория — құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады — деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды. Әлеуметтік теория — ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан — жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория — құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым — қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде — мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі — нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев. Материалистік теория — құқық саяси — экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде — мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі. Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең — құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші кезең — құқықтың болашағына көз — қарасы; үшінші кезең — марксистік көз — қарасты бұрмалау. Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді — құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде — буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік — әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құралы. Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара — қатынасын зерттейтін негізгі күш — құрал.
Табиғи теория — бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны — адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды — деп түсіндерген. Цицерон — табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес — деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір — біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория — осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана — сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ — деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б
Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы — әке, мемлекеттің басшысы — монарх. Психологиялық теория — адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс — әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана — сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс — әректінің байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ). Жеке тұлғалық құқық — жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық — басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас. Нормативтік теория — құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым — қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде — мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. [2] Құқықтың белгі — нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген. [13;30б]

І.3 Мемлекет ұғымы және оның белгілері
Мемлекет дегеніміз — белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы.
Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыпьасқан: (маркстік — лениндік) және жалпыәлеуметтік.
Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:
1.Мемлекеттiк билiк — ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.
2.Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.
3.Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.
4.Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5.аң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6.Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттiң нысаны: басқару нысаны, мемлекеттiк құрылым нысаны, саяси режим. оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері. Мемлекеттiк құрылым нысаны: бұл — мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары.
Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет — оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды. Саяси режим Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi. [5;33б]
Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: экономикалық; әлеуметтiк; қаржы реттеу; мәдениет бағытындағы; экологиялық; құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту; мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру; дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру; мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:
* Заңның үстемдiк етуi;
* Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi;
* Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы;
* Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы;
* Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы;
* Азаматтық қоғамның қалыптасуы;
* Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуі. [5;52б]

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ КҮРДЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС
ІІ.1 Құқық түсінігі және мәні
Құқық — мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
— қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
— қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
— қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
— мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқық терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында, күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқық-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың, заңға сүйене отырып әрекет етуі. Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.
Субъективтік құқық — тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқы бар. Сол құқықты пайдаланып, азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынып, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік — аумақтық бөліністер арасында қалыптасады. Заңды тұлға терминімен қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 — бабына сәйкес жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Құқық теориясында жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып танылуы үшін онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті. Құқықтық субъектілік дегеніміз — құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.
Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез — келген қызмет түрімен айналысуға, кез — келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.
Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады. [6;33б]
Құқықтың реттеу функциясы — нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы — нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма — құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі — құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі — құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың қорғау функциясы — нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма — құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы … жалғасы