Құқықтық пәндер кафедрасы | Скачать Реферат
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
МҚТ пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
Кіріспе
1. Заңдылық және тәртіп
2. Құқықтық тәртіп құрылымы, элементтері:
3. Тәртіп және тәртіптің белгілері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып,
өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның
келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да
қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың,
есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте
күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі
бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және
құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда —
қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының
элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен
міндеттің орындалуы туралы акті.
1). Құқықтық норма — арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы,
мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары,
жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің
түрлері көрсетіледі.
2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-
мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-
мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың
басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың
толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс
орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге
бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың
өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс
атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық
тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл
бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі,
аса жауапты мүдде-мақсат — ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында
орындалуын қамтамасыз ету.
1. Заңдылық және тәртіп
Заңдылық — барлық субъектілердің заңдар мен заңға бағынышты актілерді
сақтауы. Заңдылыққа екі шарт қажет:
1 құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы мазмұндық
жағы;
2 олардың орындалуы формальды жағы. Заңдылық пен олардың
принциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома
қалыптасқан: принцип-мазмұн, заңдылық категориясы — олардың көрінісі
болып табылады.
Қағида ретіндегі заңдылық идеялар мен көзқарастар жиынтығы, олардың
көмегімен құқық қатынастардың барлық қатысушылары құқықтық әрекет жасауға
ішкі қажеттілікті қалыптастырады. Заңдылық қоғамды мемлекеттік басқару
әдісі ретінде және режим ретінде — құқықтық қатынастың барлық
субъектілерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормаларды қатаң және
бұлжытпай орындауы.
Заңдылықтың мынандай жақтары анықталған:
— ішкі жағы — құқықтық шындылықты сипаттау үшін қолданылатын,
құқықтық құбылыстар жүйесіндегі заңдылықтың функционалдық ролін көрсетеді
оған заңдылықты қағида, әдіс, режим, жағдай ретінде анықтау жатады;
— сыртқы жағы — қоршаған шындықты тану және түсіндіру үшін
қолданылатын құндылықтар жүйесіндегі заңдылықтың орны мен ролін анықтайды.
Сыртқы аспектілерге: әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық, рухани,
логико-семантикалық жақ жатады.
Әлеуметтік-экономикалық жақ. Заңдылықтың объективті табиғатын, саяси-
құқықтық шындықтың құбылысы ретіндегі қалыптасуы мен дамуының шарттары мен
алғышарттарын қалыптастырады.
Саяси-идеологиялық жақ. Қоғамдық дамудың заңдылығы ретінде
түсіндіріледі. Ол заңдылық теориясының дүниетанымдық негізін құрайды.
Заңдылық пен мақсаттылық, қажеттілікті салыстыруға болмайды. Рухани-
адамгершілік тұрғысынан заңдылық жеке тұлғада құқықтық нұсқауларына қатаң
бағыну қажеттілігін қалыптастырады.
Заңдылық — бірнеше жағдайдан құралады: 1 Құқық шығармашылық және
құқық қорғаумен айналысатын мемлекеттік органдардың болуы; 2 қоғамдық
қатынастарды ретке келтіруге бағытталған құқықтық нұсқаулардың қолданыстағы
жүйесінің болуы; 3 құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жеткілікті
дәрежесінің болуы.
Заңдылықтың мәні — қолданыстағы заңнаманы қатаң және бұлжытпай
сақтауын талап ету.
Заңдылықтың құқық теориясында танылған мынандай белгілері бар:
1) заңдылық қоғамда мемлекетте болып жатқан саяси-құқықтық
процесстермен себепті-салдарлы негізделеді;
2) заңдылық талаптарының жалпылығы және міндеттілігі танылған;
3) заңдылық категориясымен түсіндірілетін, жоғары дәрежелі
абстракцияның болуы тән;
4) объективтілікпен сипатталынады;
5) заңдылықты қорғау бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру орын
алады.
Заңдылықтың төмендегіде принциптері танылған:
1 Заңдылық бірлігі — әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеуді
нормативті-құқықтық акт түріне, құқықтық қатынасқа қатысушыларға, ықпал ету
объектісі сипатына қарамастан теңестіру;
2 адам негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдендірілгендігі —
әлеуметтік негізі; индивидті жалпы қорғау мен жалпы гуманитарлық
құндылықтардың басымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігі;
3 жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес жауапкершіліктің болуы — заңдылық
табиғатын анықтайды; елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі
мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекетін анықтайды.
4 Заңдылық пен мақсаттылықты қарсы қоюға болмайтындық;
5 Заңдылық пен мәдениеттіліктің өзара байланысы — жалпы және құқықтық
мәдениет заңдылықтың моральдық — этикалық негізін құрайды;
6 Конституция мен заңдардың жоғарылығы нормативті-құқықтық
актілердің заңға сәйкестігі.
Құқықтық тәртіп дегеніміз — құқықтық нормаларды жүзеге асыру
нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.
Қоғамдық тәртіп — мемлекетте барлық әлеуметтік нормаларды іске асыру
арқылы пайда болатын қоғамдық қатынастардың жүйесі.
Құқықтық тәртіп ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1 Құқық нормаларында жоспарланған тәртіп болып табылады;
2 берілген нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады;
3 мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
4 қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
5 заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
Қоғамдық … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz