Құқықтық мемлекеттің негізгі тұжырымдамалары | Скачать Курстық жұмыс

0
300

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің негізгі тұжырымдамалары Мемлекет және құқық теориясы- философиямен тығыз байланыста, оның әдістерін (метафизика мен диалектиканы) және категорияларын (мән мен құбылыс, мазмұн мен нысан, мүмкіншілік пен қажеттілік, мақсат пен құрал және т.б.) белсенді түрде қолданады. Өз ретінде, мемлекет және құқық теориясы философиялық жалпыламалар үшін мемлекет пен құқық туралы мәліметтер береді.
Саясаттанудың деректерін қолдана отырып (саясат және саяси өмір туралы ғылым), мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды саяси орта контексінде қарастырады. Мәселен, мемлекетті саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде талдай отырып, оның өзге де элементтерімен – партиялармен, қозғалыстармен және өзге де қоғамдық қауымдастықтармен қоса мемлекеттің мәнін, оның осы қоғамның саяси ұйымындағы орны мен рөлін толығырақ және тереңірек түсінуге болады.
Курстық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Басқа жағынан алғанда, саясаттануды мемлекет және құқық секілді (мемлекеттің ұғымы, белгілері, нысандары және функциялары, саяси режимдер мен мемлекеттік-құқықтық режимдердің қатынасы және т.б.) әлеуметтік институттармен байланысты теориялық қорытындылар мен жалпыламалар қолданады.
Заң ғылымдарының жүйесінде мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарының ортақтығы олардың мемлекет пен құқықты біртұтас қарастыруында. Айырмашылығы, тарихи-құқықтық ғылымдары (мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы) мемлекеттік-құқықтық нысандардың дамуын хронологиялық тәртіпте зерттейтіндігінен, яғни тарихи әдістерді басымырақ қолданатынынан көрінеді. Ал теория осы процесстердің жалпы түсінігін береді, мемлекет және құқықтың негізін, олардың қызметтерінің заңдылықтарын және т.б. зерттейді, яғни логикалық (қисындық) әдісті (бұл да тарихи әдіс, тек барлық кездейсоқтылық пен негізсіздіктен босатылған) қолданады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Салалық заң ғылымдары мен салыстырғанда мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы ретінде көрінеді. Біріншіден, ол мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал қандай да болсын салалық ғылымның пәні құқықтың саласына сәйкес қоғамдық қатынастардың белгілі бір ауқымымен ғана байланысты. Екіншіден, мемлекет және құқық теориясы барлық салалық ғылымдарға ортақ мәселелерді (құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтың субъектісі, құқықбұзушылық, құқықтық жауаптылық) зерттейді. Үшіншіден, ол юриспруденцияда әдістемелік роль атқарады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы салалық ғылымдармен тығыз байланысқа түсе отырып, салалық ғылыми мәліметтерді жалпылауға бағытталған, олардың мазмұнындағы фактілік материалдардан келіп шығатын өзінің байлам-түйіндерін қалыптастырады.
Курстық жұмыстың міндеті: Осылайша, мемлекет және құқық теориясының ғылым ретіндегі ерекшелігін топтастыруға болады, осында:
оның пәнін мемлекет және құқық(техникалық және жаратылыстану ғылымдардан айырмашылығы) – қоғамдық құбылыстар құрайтын гуманитарлық ғылым;
қоғамдық өмірдің мемлекеттік-құқықтық ауқымына тікелей жататын әлеуметтік институттарды зерттейтін саяси-құқықтық ғылым (гуманитралық ғылымдардан айырмашылығы); мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтарын зерттейтін теориялық ғылым (басқа заң ғылымдарынан айырмашылығы) болып табылатындығынан көрінеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: Қазақстан
Республикасының Конституциясы.
Мемлекет және құқық теориясы – ішкі істер қызметкерлерінің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыруымен тікелей байланысты аздаған заң ғылымдарының бірі. Теорияны оқытудан болашақ заңгердің жеке құқықтық мәдениетінің іргесі қаланады, оның заңи дүниетанымының ғылыми базасы және құқыққа деген ұлы әлеуметтік құндылық ретіндегі терең сыйластығы қалыптасады.
Зерттеу жұмысының нысаны:мемлекет және құқық теориясын оқыту барысында саяси және құқықтық ойлаудың басты жетістіктері, заң ауқымында еркін және сенімді түрде білуге мүмкіндік беретін түсініктердің жүйесі беріледі. Мемлекет және құқық теориясы оларсыз салалық және өзге де құқықтық пәндердің нақты білімдерін үйрену мүмкіншілігі болмайтын юриспруденцияның негізгі ұғымдары жөнінде түсінік береді. Мемлекет және құқық теориясының басты ұғымдарын сапалы түрде білу тәжірибе жүзінде саяси және құқықтық жағдайларды дұрыс саралауға, қоғамдық өмірдің күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына шынайы ғылыми тұрғыдан дұрыс баға беруге, олардың шынай негізін ашуға, олардың әлеуметтік маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл ғылым болашақ заңгерлердің кәсіптік қасиеттерінің қалыптасуына тікелей қатысады.
Курстық жұмыстың құрылымы:Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (негізгі бөлім 4 тараудан) және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

І. Құқықтық мемлекет: ұғымы және негізгі тұжырымдамалары.

Мемлекетті Конституция, заңдардың шегінде шектеу бағдарламасы ретінде құқықтық мемлекет ұғымы ХVIII-ХIХ ғғ. аралығында пайда болды. Ал идеясы мен институттары құқықтың германдық және европалық дамуына жатады және құқықтың көмегімен мемлекетпен кепілдендірілген ейбіт тәртіпке жетуге бағытталады. Құқықтық мемлекеттің алғашқы идеяларын Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон көзқарастарынан табуға болады. Бұндай мемлекеттің тұжырымдамасын М.Падуанский, Д.Локк, Ш.Л.Монтескье, Д.Адамс, Д.Медисон, Т.Джефферсон, И.Кант, Г.В.Гегель және т.б. дамытқан. Құқықтық мемлекет туралы буржуазиялық ілімнің бастаушысы және классигі Имануил Кант еңбегінде орын алған құқықтық мемлекет – барлық органдарының, лауазымды тұлғаларының ұйымдастырылуы және қызметі құқыққа негізделген және онымен байланысты демократиялық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің екі негізгі қағидасын (мәнінің екі жағы) бөліп көрсетуге болады:
1 халықаралық талаптар деңгейінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдендірілуі, жеке тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін (әлеуметтік мазмұнды жағы) туғызу ;
2 құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті барынша жүйелі байланыстыру, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеудің құқықтық режимін қалыптастыру (формальді- заңды тұлға).
Бірінші қағида ҚР Конституциясының 1 бабында белгіленген: ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Екінші қағидаға келсек, құқықтық мемлекет ұғымы мемлекеттің құқыққа бағыну идеясынан туындайтындықтан, сол құқықтықң өзі демократиялық, табиғи құқық, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік қағидаларына және өзге де жалпы адамзаттық құндылықтарға қаншалықты сәйкес келуі жөніндегі мәселеге байланысты болмақ. Құқық ғылымдарында табиғи құқық болып 1948 жылы қабылданған адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы мен басқа да халықаралық актілерде баянды етілген жеке тұлғаның азаматтық (жеке), оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының жүйесі танылады. Екінші қағида дербес қағида ретінде келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
oo биліктің, оны асыра пайдалануды болдырмау мақсатында заң шығарушы, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуі;
oo заңның үстемдігі(барлық конституциялық процедураларды қатаң сақтаумен биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңдарды атқарушы билік актілерімен тоқтатуға, өзгертуге жол бермеу);
oo мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және т.б.
Бұлардан басқа аталмыш қағидалардан туындайтын өзге де қағидаларды атауға болады:қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейі, азаматтық қоғамның болуы және оның тарапынан құқық субъектілерінің заңды орындауына бақылау жасау.
Дегенмен, құқықтық мемлекеттің көптеген қағидаларының ішіндігі екеуі негізгі, шешуші ретінде қалады және оларды өзара байланыста қарастыру керек. Ең бірінші қағиданы (құқықтық мемлекет идеясының құндылығын, қажеттілігін көрсететін әлеуметтік жағы). Екіншінсіз (аталған қажетті идеалдарға жету жолдарын бейнелейтін, формальді- заңи) талдасақ, онда адам мен азаматтың толық құқықтары мен бостандықтарының барынша толық қамтамасыз етілуіне қалайша жетуге болатындығы анық болмас еді. Егер де керісінше тек формальді- заңи аспектіні негізге алсақ, онда (кім үшін, не үшін) мемлекеттік билікті шектеу қажеттігі түсініксіз болады. Бұндай шектеу – мемлекетті өзінің бірде бір қызметін орындай алмайтындай етіп шектеуден азаматтық қоғам ұтпайды, керісінше ұтылады. Құқықтық әдебиеттерде конституциялық бақылауды ұйымдастыру қағидасына негізделген құқықтық мемлекет үлгілері туралы пікірлер айтылады. Құқықтық мемлекеттің американдық, неміс және француздық үлгілері бөліп қарастырылады. Біріншісінде, нормативтік актілердің конституцияға сәйкес еместігін жалпы юрисдикциялық соттар құрылады, үшіншісінде квазисоттық орган – Конституциялық Кеңес құрылады.
Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет деп жариялайтындығы белгіленген. Бұл ереже адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы нормалардан, конституцияда көзделген демократиялық қағидалар мен институттардан, конституцияның үстемдігінен және конституциялық нормалардың тікелей әрекет етуінен жалғасын табады. Бірақ құқықтық мемлекеттің қалыптасуы күрделі процесс. Ол қоғамдық сана, саяси өмір және мемлекет қызметінде орын алған құқықтық нигилизм стереотиптерін жеңу қажеттілігімен, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттырумен байланысты болып табылады.

І.ІІ. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан – 2030
жолдауындағы мемлекет және құқық мәселелері.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жазбаша немесе ауысша жолдау арнайды. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметтерінде жүзеге асырылады, өйткені мемлекет Басшысы ғана ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтауға өкілетті.
Конституция талаптарына сай 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына тарихи құжат болып табылатын Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолдауын арнайды.
Біріншіден, жолдауда жаңа саяси және экономикалық жүйені қалыптастыру, тәуелсіз мемлекетті нығайту қорытындысы жасалады. Басты жетістіктерінің бірі қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі болып табылады. Екіншіден, жолдауда ұзақ мерзімді басым мақсат және оны іске асыру стратегиясы анықталған. Ұзақ мерзімді жеті басымдық ұсынылған:
ұлттық қауіпсіздік
oo көрші мемлекеттермен, соның ішінде ең бастысы Ресей және Қытаймен достық қатынасты дамыту;
oo АҚШ – ты қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту;
oo елімізді халықаралық қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету үшін халықаралық институттар мен форумдардың (БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері) көмегі мен қолдауын пайдалану;
oo еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру;
oo Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
oo еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтылыққа кепілідік беру;
oo этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы, барлық этникалық топтардың тең болуын қамтамасыз ету;
oo қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына ерекше көңіл бөлу;
oo әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
oo адамдар арасындағы қарым – қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;
oo әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым – қатынастарды нығайту.
Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға және ішкі жинақтарға негізделген экономикалық өсу
oo Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімшілік араласуын жою;
oo жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтау;
oo еке меншік институттары жерге деген құқықты, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту;
oo орталық Үкіметті және жергілікті өкімет органдарын парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттілігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізу;
oo сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсу;
oo заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
oo ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру;
oo нашақорлыққа қарсы күресу, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту;
oo әйел мен баланың денсаулығын жақсарту;
oo жастарды және жас отбасыларды қолдау;
oo тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Энергетика ресурстары
oo үздік халықаралық технологиялар мен инвестициялар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікте болу;
oo мұнай мен газ экспорт үшін құбыр арналарының жүйесін құру;
oo ішкі энергетикалық инфрақұрылымын құру және дамыту;
oo стратегиялық ресурстарға бақылау қою, оларды үнемді пайдалану.
инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс
oo темір жол көлігін жаңарту және дамыту;
oo халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етуші автомобиль жолдарын дамыту;
oo Қазақстан арқылы өтетін транзиттік әуе желілерін дамыту мақсатында әуе қозғалысын басқару жүйесін қайта ұйымдастыру;
oo Ақтау айлағын қайта жаңарту, флотты өзен-теңіз түріндегі кемелермен толықтыру;
oo дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.
кәсіпқой мемлекет
oo негұлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет;
oo стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс;
oo нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру;
oo министрліктердің өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігі және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру;
oo министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою;
oo сыбайлас жемқорыққа қарсы батыл да, ымырасыз күрес;
oo кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Үшіншіден, үш жылға арналған қысқа мерзімді міндеттер белгіленді. Бұл ұлттық қауіпсіздікті нығайту; ауылдың неғұрлым өткір проблемаларын шешу; кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету; барлық әлеуметтік – экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдем ақыларды толық көлемінде уақытылы төлеу; қолайлы инвестициялық ахуал тұғызу; мемлекеттік қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

І.ІІІ . Құқықтық сана, құқықтық тәртіп және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана – қолданыстағы және қалаған (тілеген) құқыққа деген адамдардың қатынасын көрсететін сезімдері мен елестерінің, көз қарастары мен эмоцияларының, бағдары мен бағалауының жиынтығы. Құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаңа қабылдаған заңдарға, нақты бір нормативтік құқықтық актінің жобасы және т.с.с. деген қалаған (қолдаған) немесе бас тартқан реакциясы.
Құқықтық сана жүйелі ұтымды қалыптасуын, көтермелеуді, оңды әлеуметтік дамуына мүмкіндік тудыруды талап етеді. Әлемдік құндылық және ұлттық мәдениет көрінісі болып табылатын адамдардың санасының интеграциялануына бағытталған жүйелі шаралар, саяси-құқықтық идеялар, нормалар, қағидалар құқықтық тәрбие ретінде көрініс тапқан.
Құқықтық тәрбие дегеніміз мемлекеттік орган және қоғамдылықтың азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды мақсат тұта отырып, бағыттаған қызметі.
Құқықтық тәрбие – күрделі үрдіс, келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
oo тәрбие субъектілері (мемлекеттік органдар, мемлекеттікқызметкерлер, саясаткерлер, оқытушылар,, журналистілер және т.б.);
oo тәрбие объектілері (азаматтар, еңбек ұжымдары, әлеуметтік топтар және т.б.);
oo тәрбие мазмұны (адамдардың заңды және саяси құндылықтарға, идеяларға, қағидаларға, ақпараттарға, тәжірибеге және т.б. қатынасының көрінісі);
oo тәрбие әдістері (сендіру, марапаттау, жазалау және тәрбие объектілеріне әсер ететін басқа да психолого-педагогикалық тәсілдер);
oo тәрбие нысандары.
1) құқықтық білім беру (мектепте, арнайы орта және жоғары оқу орындарында құқықтық білімді меңгеру);
2) құқықтық үгіттеу (тұрғындар … жалғасы