Құқық қызметінің принциптері | Скачать Курстық жұмыс

0

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Ә.Ә.Әбдімұрат
Ғылыми жетекшісі: Ә.Қ.Компаева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________

Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә.Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық түсінігі, мәні 5-6
1.2 Құқық қызметі және қайнар көздері 6-11
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Құқықтың негізгі атқаратын қызметтеріне қысқаша сипаттама 12-17
2.2 Қазақстандағы құқық қызметінің жүйесі … … … … … … … … … … … … 17-20
2.3 Қазақстан Республикасындағы құқық қызметінің мәселелерін шешу жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …20-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқық қызметінің принциптері.
Ғылымда қызмет термині түрлі мағыналарда қолданылады. Матема-тикада қызмет тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда — бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. қызметі) ерекше қызметі.
Заң ғылымында қызмет термині мемлекет пен құқықтың әлеуметтік рөлін сипаттау үшін қолданылады.
Құқық саласында қызмет термині қандай мағынаны береді? Құқық қызметі деген не және құқықтың қандай қызметінің ерекшеленеді? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары менің Құқық қызметінің атты курстық жұмысымда талқыланады.
Тақырыптың өзектілігі — әрқашанда пәннің сипаттамасын, мәні мен мағынасын түсіну маңызды. Мемлекет және құқық теориясы — бұл мемлекет пен құқықты, олардың құрамын, арасындағы байланысты зерттеу. Құқықтың қызметін анықтау арқылы құқықтың әлеуметтік мәнін анықтауға болады. Осылайша, құқық қызметінің теориясын ашу арқылы біз мемлекет пен құқық теориясы құқық санатының әлеуметтік міндетін қарастырамыз.
Курстық жұмыстың міндеті: Құқық — мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәр-тіп ережелерінің жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
-қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
-қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
-қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
-мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет-мақсаты — нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы — бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні — мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: құқық түсінігі, мәні, қызметі және қайнар көздері жайында Бақытжан Қаратаев, Салық Зиманов, Мақсұт Нәрікбаев, Оспанов С., Абадельдинов Е. және тағы басқа құқықтанушылардың еңбектерінде баяндалған.
Курстық жұмысты зерттеу барысында мен Қазақстан Республикасының көптеген белгілі заңгерлерінің еңбектеріне сүйендім. Атап айтқанда, Айкимбаева А. А., Досалиев Қ.Б., Майлыбаев Б., Зиманов С.З., Қаратаев Б., Тыныбеков С., Сидорова Н.В., Ликас А.Л. және тағы басқа зерттеушілер.
Курстық жұмыстың мақсаты — құқық қызметіне қатысты заманауи көзқарастарды ашу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
-құқық қызметінің түсінігін қарастыру;
-құқық жүйелерін сипаттау;
-құқықтың жеке қызметінін талдау;
-қазіргі Қазақстандағы құқық қызметінің мәселелерін көрсету.
Курстық жұмыстың құрлымы: кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

I ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық түсінігі, мәні

Құқық — бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1.Ерікті сипаты;
2. Жалпыға міндеттілігі;
3.Нормативтілігі;
4.Мемлекетпен байланысы;
5. Формалды анықталғандығы;
6. Жүйелілігі.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық — бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық — бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет — ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана — сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық — бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез — құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана — сезіміне, ерік — жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі. [1; 45-56 бб.]
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай — да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан басқа пози-тивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама — қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды. [2; 37-38бб.]
Көпшілік (бұқаралық) құқық — бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық — бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір — біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде — құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи — құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық — тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.
Құқық қағидасы — бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
[3; 98-99бб.]
1.2 Құқық қызметі және қайнар көздері

Құқық қызметінің — бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық қызметініңның түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері — бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті заңды актілер;
2. Санкцияланған әдет — ғұрыптар;.
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт;
5. Құқықтың жалпы қағидалары;
6. Діни мәтіндер.
Заң күшіндегі актілер — бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт.
Оларға мыналар жатады:
1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3. Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4. Ведомстволық актілер. [4; 33-34бб.]
Құқық қызметінің түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық қызметі түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Құқық қызметі түсінігі құқықтың міндетін де және содан пайда болатын құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы бағыттарын да бір мезгілде қамтуы керек. Сондықтан да құқықтың қандай да бір қызметіның құрамын алып қарағанда, құқықтың міндеті мен оның ықпалының бағыттары арасындағы байланысты әрқашан көкейде ұстаған жөн.
Тегінде, құқық қызметі — бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал, құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?
Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы (қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.
Құқықтық ықпал — бұл қоғамдық қатынастарға құқық ықпалының жолдары, тәсілдері мен түрлерін сипаттайтын санат. Бұл қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру. [5; 78-79бб.]
Ықпалдың бағыты — құқық қызметіның аса бір елеулі құраушысы, ол қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне өзіндік бір жауап, сонымен қатар осы қажеттіліктерді жинақтайтын және оларды позитивті құқыққа айналдыратын заң шығару саясатының нәтижесі болып табылады. Құқық қызметі түсінігін талқылағанда, құқықтық ықпал мен құқықтық реттеу сияқты санаттардың қатынасына да назар аударған жөн.
Құқықтық ықпал — бұл тек нормативтік қана емес, сонымен қатар бұл құқықтың адам сезімдері, түйсігі мен әрекеттеріне психологиялық, идеологиялық ықпал. Құқықтық ықпалдың түрлеріне, мысалы, құқықтың ақпараттық және құндылықты-бағыттаушы ықпалы жатады.
Құқықтық реттеу — құқықтық құралдар (заң нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтық алғашарттар және т.б.) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру.
Құқықтық реттеу құқықтық ықпалдың бір түрі болып табылады және онымен тұтастай да, оның бөлігі ретінде де ара қатынаста болады.
Құқықтық ықпалдың түрлі формаларының болуы құқықтың заңи ықпалы (құқықтық реттеу) мен заңи емес (ақпараттық және бағдарлаушы) ықпалы арасындағы айырмашылықты айқынырақ көруге мүмкіндік береді. Құқық қызметі түсінігі жоғарыда аталған екі ықпалды да қамтиды.
Құқық қызметі түсінігін одан әрі айқын анықтау мақсатында оның мағыналас, мәндес келетін құқықтың рөлі, құқықтың міндеті және құқықтың қызмет етуі сияқты заң санаттарымен арасындағы айрмашылықты белгілеген абзал.
Құқықтың рөлі термині қоғам өмірінде, жалпы мемлекетте немесе олардың белгілі бір даму сатысындағы құқықтың маңызын білдіреді.
Қоғамның қандай да бір даму сатысында немесе қандай да бір мәселелерді шешуде құқықтың рөлі қандай болғаны (немесе болатыны) жөніндегі сұраққа жауап берген кезде құқықтың әлеуметтік міндетін сипаттайтын құқықтың атқаратын қызметтерін анықтауға тура келеді. Құқықтың рөлі түсінігі құқық қызметі түсінігіне қарағанда жалпылама, кең түсінік. Қарастырылатын санаттардың айрмашылығын осыдан көреміз.
Құқықтың міндеті термині — бұл құқық шешуге тиісті, оның алдында тұратын экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселе.
Құқықтың міндеті бұл өзі қол жеткізуге тиісті немесе соған барынша жәрдем беретін тұрақты немесе уақытша, қысқа мерзімді немесе соңғы мақсатқа меңзейді.
Құқықтың алдында тұрған міндеттердің біреуі де қызметтердің іске асырылуынсыз шешілмейді, қызметтер әрқашанда міндеттердің шешілуіне бағытталады. Сондықтан белгілі бір міндеттер лайықты қызметтерді талап етеді деуге болады. Алайда, олардың ара қатынасы соншалықты біржақты емес. Себебі, міндет, негізінде, құқықтың түпнегізі болып табылмайды. Ол қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік мұқтаждықтарынан туындайды, мемлекет пен құқықтың жалпыәлеуметтік даму заңдылықтарымен, қоғамның, мемлекеттің (сәкесінше, құқықтың да) жеке даму сатыларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерімен, тарихи ахуалмен, саяси күштердің ара қатынасымен, ұлттық факторлармен және т.б. анықталады.
Егер құқық қызметі — құқықтағы қазіргі мен болашақты (мақсаттар мен міндеттерді) айқындайтын жиынтық түсінік болса, құқықтың жұмыс істеуі, егер алдын ала басқаша келісілмесе, қазіргі уақыттағы құқықтың іс-әрекетін белгілейді. [6; 54-56бб.]
Құқық қызметі — құқықтың әлеуметтік міндетіне негізделген қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал етудің бағыттары. Ғылымда қызмет термині түрлі мағыналарда қолданылады. Мысалы, математикада қызмет тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда — бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. қызметі) ерекше қызметі. Басқа ғылымдарда қызмет — бұл қандай да бір жүйе әрекетінің бағыты (мысалы, кибернетика). Осылайша, қызмет терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді. Алайда, көп жағдайларда қызмет жүйенің (құрылымның, біртұтастың) сыртқы ортаның белгілі бір тараптарына іріктеуші, бағытталған ықпалымен байланысты. Құқық қызметінің түсінігі аясындағы І ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық қызметі түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы екі тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Құқықтың функционалды ықпалына түсетін қоғамдық қатынастардың ортасына және құрылуына қарай құқықты былайша ажыратады:
-келісілген бастамаларда құқықтың нормалары, салалары мен институттарын біріктіретін құқықтың барлық ішкі мемлекеттік жүйесіне жататын жалпықұқықтық қызметлар;
-бұқаралық немесе жеке құқық, материалдық немесе іс жүргізу құықығы сияқты салалық жанұяларда әрекет ететін салааралық қызметлар;
-жеке алғанда, конституциялық (азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту қызметі), қылмыстық (қылмыстық деп танылатын іс-әрекеттерді анықтау және оларды жасағаны үшін жаза белгілеу қызметі) құқықпен байланысты салалық қызметлар;
-қылмыстық құқықтағы тыйым салынатын нормалар, еңбек құқығындағы мадақтау нормалары, әкімшілік құқықтағы міндеттеуші нормалар және т.б. нормалар әрекетімен байланысты ерекше бағыты бар құқықтың жеке нормаларының қызметінің.
Қарастырылған құқықтың барлық қызметінің құқықтық реттеу мен құқықтық ықпалдың көпсатылы үрдісін білдіре отырып, қоғам өмірінде нормативті бастауларды қамтамасыз етеді.
Қоғам күрделі және аса күрделі біртұтас ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі бір орталарына жіктеледі. Ұсақтау талдаудан абстракциялана отырып, басты үш сала немесе жүйені ажыратуға болады: экономикалық, саяси, және тәрбиелік. Құқықтың бұл қызметінің әлеуметтік деп аталады. [7; 110-112бб.]

II ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Құқықтың негізгі атқаратын қызметтеріне қысқаша сипаттама

Құқық қызметінің — бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары. Құқық қызметініңның түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқық қызметінің жүйесінде басты және айқындаушы орынды регулятивті қызмет алады. Құқық нормативті немесе құқық қолдану кесімдері нысанында айқындалса да, жалпы немесе нақты құқықтық қатынастарда жүзеге асса да, азаматтардың құқықтық статусын, құқық иеленуін белгілесе де, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың өкілетін анықтаса да — барлық осы нысандарда оның басты әлеуметтік міндеті — қоғамдық қатынастарды реттеу айқын көрінеді.
Статикалық қызметны жүргізу барысында шешуші рөл меншік құқығы институттарына тиесілі, ал олардың заңды мәні сол қоғамдық құрылғының экономикалық негіздерін бекіту. Статикалық қызмет басқа да институттарда (соның ішінде, саяси құқықтар мен азаматтардың міндеттері институттарында, зияткерлік, шығармашылық және сайлау мәнерінде) айқын бейнеленген. [8; 41-43бб.]
Құқық қызметінің жүйесінде басты және айқындаушы орынды регулятивті қызмет алады. Құқық нормативті немесе құқық қолдану кесімдері нысанында айқындалса да, жалпы немесе нақты құқықтық қатынастарда жүзеге асса да, азаматтардың құқықтық статусын, құқық иеленуін белгілесе де, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың өкілетін анықтаса да — барлық осы нысандарда оның басты әлеуметтік міндеті — қоғамдық қатынастарды реттеу айқын көрінеді.
Құқықтың регулятивті қызметін жүзеге асырудың өзіндік жолдары (элементтері) болып мыналар табылады:
-құқық нормалары арқылы азаматтардың құқық қабілеттілігі мен құқық иеленушілігін анықтау;
-азаматтардың құқықтық статусын өзгерту және бекіту;
-мемлекеттік органдардың құзыреттілігін, соның ішінде, лауазымды тұлғалардың да құзыреттілігін (өкілеттігін) анықтау;
-заңды тұлғалардың құқықтық статусын орнату;
-құқықтық қатынастардың пайда болуына, оларды өзгертуге және тоқтатуға бағытталған заң фактілерін анықтау (ескеру);
-құқық субъектілері арасында нақты құқықтық байланыс орнату (регулятивті құқықтық қатынастар);
-нақты қоғамдық қатынастарға қатысты құқықтық реттеудің ұтымды (рұқсат берілетін) түрін анықтау.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқықтың регулятивті қызметін оның әлеуметтік міндетіне негізделген құқық субъектілеріне заңдық міндеттерді жүктеу және субъективті құқықтарды табыс етуде, тәртіптің позитивті ережелерін орнатуда айқындалатын құқықтық ықпалдың бағыты ретінде санауға болады.
Құқықтың басқа да меншіктік-заңи қызметі — қорғаушылық қызметіның маңызын айта кеткен жөн. [9; 39-40бб.]
Қоғамдық қатынастарды қорғау қажеттілігі болған және әрқашан болады. Құқық, біз білетініміздей, барлық уақытта болған жоқ, бірақ ол пайда болған мезеттен бастап қоғамдық қатынастарды қорғаудың аса маңызды құралына айналады. Құқықтық ықпалдың берілген көрінісі қорғаушы қызмет болып табылады.
Құқықтың қорғаушы қызметі — бұл жалпыға бірдей елеулі, аса маңызды экономикалық, саяси, ұлттық, жеке қатынастарды қорғауға, аталмыш қоғамға жат құбылыстарды ығыстыруға бағытталған құқықтың әлеуметтік міндетімен шартталған құқықтық ықпалдың бағыты.
Ұсынылған анықтама негізінде, қоғамның көпшілікпен қабылданған, тіреуші қатынастарын қорғауды да, нақты бір қоғамға жат қатынастарды ығыстыруды да құқық жүзеге асыратынын көріп отырмыз.
Қоғам өмірінен жағымсыз құбылыстарды түбірімен жою құқық әрекетінің екінші қайтара нәтижесі болып табылады, ал құқық қызметінің бастапқы нәтижесі — бұл мұндай қорғанысты қажет етпейтін қатынастарды қорғау құралы. Ал осы қатынастарды қорғай отырып, құқық қалыпты дамудың шарттарын бұзатын, қоғам, мемлекет пен азаматтардың қызығушылықтарына қарсы келетін әрекеттерге тыйым салады, тоқтатады, жазалайды және солайша оларды ығыстырады.
Қорғаушы қызмет тек құқықбұзушылық жасалған жағдайда ғана көрінеді деуге де болмайды.
Бұл қызметның басты міндеті қоғамдық қатынастарды превентивті қорғау және құқық нормаларын бұзуды алдын алу болып табылады.
Құқық нормаларының алғышарттарына бағынып, тыйымның талабын орындаған құқық субъектілері көп болған сайын қорғаушы қызметның нәтижелілігі арта береді. Тыйым салу немесе санкция белгілеудің өзі кейбір тұлғаларға өте байсалды әсер етеді, олардың жазаланатын әрекеттен өз еркімен бас тартуына әкеледі. Ол дегеніміз, құқықтық ықпал мақсаттарының бірі — нақты қоғамдық қатынасты қорғау жүзеге асады деген сөз.
Қорғаушы қызметны регулятивті қызметға қарсы қоюға болмайды, себебі, олардың біреуі негативті (жауапкершілік, санкциялар мен тыйым салулардан тұратынына байланысты), ал екіншісі позитивті, өйткені, ол құқық субъектілерінің жағымды қызметтерін координациялауға бағытталған. Осы екі қызмет, бірақ әрқайсысы өзінше қоғамдық қатынастарды дамыту мен күшейтуге жәрдемдесе отырып, жеке адам құқықтарын бекіту мен қорғау болып табылатын маңызды тапсырманы орындайды.
Егер құқықтың қорғаушы қызметін мемлекеттің құқық қорғау қызметімен салыстырса, онда оның өзіне тән қасиеттерін анықтау байқауға болады. Мемлекеттің құқық қорғау қызметінің жалпы міндеті — құқық субъектілерінің заң талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету, яғни, заңдылық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Бұл құқықбұзушылықтарды анықтаумен, оларды тергеумен, айыптыларды жауапқа тартумен, азаматтар-дың құқықтарын қорғаумен жүзеге асырылады. Осылайша, егер құқықтың қорғаушы қызметі — бұл құқықтың өзінің әрекеті болса, онда мемлекеттің құқық қорғау қызметі біріншіден, құқық талаптарын орындаудың материал-ды кепілдігі болып табылады, өйткені, бұл құқық қорғау бойынша арнайы органдар мен мекемелердің (Ішкі істер министрлігі, прокуратура, сот) әрекеттері; екіншіден, бұл құқықтың өзінің әрекеттері емес, ал, оған қатысты сыртқы фактор — мемлекеттің әрекеттері. [10; 89-91бб.]
Құқық қызметініңның жүзеге асырылу формаларын қарастырайық. Құқық белгілі бір өзін-өзі реттеу дәрежесіне жетсе де, ол өзінің барлық үрдістерін өз бетінше реттеп, қадағалауға дейінгі даралыққа жеткен жоқ және жете алмайды да. Осыдан барып ол өзінің (ішкі) жүзеге асырылу механизмімен қатар құқықтың барлық субъектілерінен (азаматтар, лауазымдық тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар және т.б.) тұратын сыртқы жүзеге асырылу механизміне ие де болып отыр.
Құқық қызметінің қандай формаларда жүзеге асырылады? Жоғарыда … жалғасы