Құқық нормаларының құрамы және мемлекеттерін мазмұндау тәртібі

0

С.Бәйшев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Құқық нормаларының құрамы және мемлекеттерін мазмұндау тәртібі

Орындаған: Балиянова Жаннұр Төлегенқызы
Тексерген:

Ақтөбе 2016

ЖОСПАР

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 3

1.Құқық нормасының құрылымы … … … … … … … … … … … … … . 6
1.1 Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері … 9
1.2 Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың
ерекше нысаны … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … .. 20

2.Құқық нормаларының құрылымы мен элементтерінің
сипаттамасы
2.1 Қазақстан Республикасынын құқықтық нормалары … … … … … … 30
2.2 Құқық нормаларының нормативтік құқықтық-
актілердің баптарындағы көрініс табуы … … … … … … … .. … … … .33

Қортынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … 40

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық нормалары дегеніміз мемлекет тағайындаған не мақұлдаған және құқық бұзушылықтан қорғайтын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесінің эталоны, үлгісі, ол, әрине, қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді. Олар тәртіпті мемлекеттік реттегіш болып саналады, өйткені онда мемлекеттің еркі айқындалады.
Құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеуі – өте күрделі және сан қырлы құбылыс. Ол өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың нақты нұсқаларын белгілеумен бірге дәл құқықтар мен міндеттерді (жұмысқа қабылдау, тергеу жұмыстарын жүргізу тәртібі) қамтиды, мінез-құлықтың жалпы қағидаларын анықтайды, тиісті материалдық және рухани құндылықтар мен игіліктердің құқылық режимі қандай екендігін, құқық субъектілері нақты іс-әрекеттерінің қандай заңдық мәні бар екенін, мемлекетте қандай мекемелер жұмыс істейтінін және олар қалай құрылғанын, белгілі бір заңдық ұғымының нені білдіретінін белгілейді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады : диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Нормативті – құқықтық акт – қазіргі мемлекеттердің негізгі деректерінің бірі. Онда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқарастар оның мүдделері, қоғамдық қатынастардың қажеттіліктері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңда құқық жүйелері қабылданғанына көп уақыт болған жоқ, сондықтан да құқық жүйелері енді-енді дамып келе жатыр.
Курстық жұмыстың мақсатымен міндеті:
oo Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтерін қарастыру;
oo Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың ерекше нысанын көрсету;
oo Қазақстан Республикасынын құқықтық нормаларын қарастыру;
oo Құқық нормаларының нормативтік құқықтық-актілердің баптарындағы көрініс табуын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

1. Құқықтық норманың құрылымы

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
* айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
* сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы).

Гипотезаның үш түрі болады:
oo егерде норманың іс – әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
oo егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
oo егер де норманың, іс – әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:
oo абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:
oo салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егер де нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды. Констетуцияның баптарында тек гипотеза мен диспозицияға ғана болады. Қылмыстық Кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотез, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында элементтердің толық болмауы мүмкін. Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым – қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

1.1 Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері

Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады. Олай болатын болса, құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік — басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, өз ісін ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с.
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған сәйкес құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады.
Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.
Құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар құқық — құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар.
Неге бұл қатынастар құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы — өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады, олар және де құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі. Сонымен, құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.
Құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыру туралы пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.
Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.
Сонымен, құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады. Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын алаң болып табылады. Не азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері болмайды. Баяндалған жағдайлар мемлекеттік басқару аясы деген ұғымның мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге құқықтың пәнінен де көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік — басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік — мәдени және құқық — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған сәйкес, құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, құқық бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде де қызмет атқарады, т.с.с. Құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: құқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде құқық жауапкершілік туралы айтылып отыр.
Құқықтық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық баяндалған жәйттар құқық пәнін сипаттаған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар. Мемлекеттік — басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т.с.с.) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау түсініледі. Бұдан шығатын қорытынды, ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясында ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, оның жекелеген көріністері заң шығарушы және сот биліктері органдарының, проқуратура органдарының қызметінен табылады. Олар, мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және проқурорлардың проқурорлық жүйенің төменгі тұрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы, олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т.с.с. Бұл сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің, проқурорлық қадағалаудың көрінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы органдарға сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады (мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде). Мұндай жағдайларда олардың бұл сияқты қызметін Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық регламентациялау екені белгілі.
Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді.
Сонымен бірге құқық-құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы басқарушылық қатынастарды да реттейді.Сонымен, құқықтың пәні өте әр түрлі және бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономиқалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыстардың төте көп тобын қамтитын мемлекеттік — басқарушылық қызметтің қоғамдық — саяси маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар (экономиқалық реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы, приватизация, т.с.с.) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, құқықтық реттеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан табады.Құқық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:
1) атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;
2) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ проқуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар;
3) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар;
4) қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде). Сонымен қатар құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру керек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады.
Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар? Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Сыртқы қатынастар, солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына басқарушылық ықпал жасалынады.
Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады:
1) атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы;
2) атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;
3) атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың
арасындағы;
4) атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;
5) атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы.
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің нәтижесі оларды құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады. Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған жағдайлардан мынадай қорытыңды шығады: құқықтық нормалар нақты қоғамдық қатынастар тараптарының өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын қарайды, олар сол тараптардың іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы тараптардың қажетті мінез-құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс-әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың өздері де осы іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез-құлқы болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы, атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы себепті мемлекеттік — басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны) сөзбе-сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез-құлқы, яғни.қандай да бір іс-әрекеттері реттеуге жатады.
Адамдардың іс-әрекеттері өзінің арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Олар атқарушы билікті жүзеге асыру жөніндегі күнделікті міндеттерді жүзеге асырумен (мысалы, құқықтық актілер шығарумен), атқарушы органдардың және реттелінетін қоғамдық қатынастардың өзге қатысушыларының қарым-қатынастарымен (мысалы, азаматтың шағым беруі және оны шешу) байланысты болуы мүмкін, т.с.с. Барлық жағдайларда тараптардың тиісті өзара байланысты іс-әрекеттерінің бар екендігі көрініп түр. Адамдардың іс-әрекеттері материалдық нәрселермен (заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлері өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. Бұл сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынастың объектісі заттың өзі емес, реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес құқықтық нормалар заттарды біреуге беруге немесе пайдалануға байланысты тараптардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді.
Құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әлбетте, бұл жалпы құқықтық функция-құқықтық нормалардың ең маңызды мазмұны, өйткені реттеу заң мағынасында қажетті мінез-құлық ережелерін белгілеуден көрініс табады. Мемлекеттік басқару аясындағы осы сияқты ережелерді белгілеу құқықтың атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі болып табылады. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің әр түрлі мақсатты міндеттері және, соған сәйкес, өзінің көрінісінің әр түрлі нысандары болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, құқықтың үш аса маңызды көріністері жөнінде айтуға болады.
1. Атқарушы биліктің мемлекеттік — биліктік механизімдегі рөліне толығынан сәйкес келетін құқықтың құқық атқарушылық функциясы өте айқын деңгейде көрініс табады. Бұл құқықтық реттеудің ең негізгі мазмұны өзінің көрінісін өзіне тәнді құралдармен қолданылып жүрген қазақстанның заңнамаларының талаптарын іске асыруды (атқаруды) қамтамасыз етуінен көрініс табатынын білдіреді.
2. Құқықтық реттеу сонымен бірге мынадан да көрініс табады, атқарушы биліктің тиісті субъектілері дербес, бірақ заңға
тәуелді негізде құқықтық нормалар шығаруға өкілетті. Құқық
құқықтың құқық шығару немесе құқықты белгілеу функциясының мәні
осында. Бұл орайда қажетті түрде ескеруге жататын ең маңызды
жәйт, құқық шығару құқықтың негізгі, яғни
құқық атқарушылық функциясынан туындайды және соның
мүддесіне қызмет етеді. Шын мәнінде бұл дегеніміз атқарушы билік
органдарының өздері жасап шығаратын құқықтың нор
малары өзінің мәні бойынша да құқық атқарудың нақты нысаны
болып табылады. Мысалы, ҚР-ның Үкіметі — ҚР-сы Конституциясының, заңдарының және Президентінің нормативтік жарғыларының негізінде және соларды орындау үшін нормативтік сипаты бар
құқықтық актілер шығарады.
3. Құқықтық реттеу процесінде сондай-ақ өзінің
міндеті белгіленген құқықтық режимді сақтауды және реттелетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатына арналған құқық
қорғаушылық функциясы да жүзеге асырылады. Тағы да бір рет
атап айту керек, атқарушы органдар мен олардың лауазымды
адамдары бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің кең көлемін жүзеге
асыру және құқық мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен
қолданылып жүрген құқықтың өзге салаларымен реттелетін көптеген қоғамдық қатынастарды құқықтық қорғау іс жүзінде қамтамасыз етіледі.
Құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда қазіргі кезде басты назар республиқалық, салалық және аймақтық маңызды бағдарламаларды іске асыруға (мысалы, экономиқалық, әлеуметтік-мәдени салаларда: индустриалды — инновациялық, бәсекеге қабілетгі өнімдер шығару, тұрғын-үй, білім, денсаулық сақтау, т.б.); шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық негізін қамтамасыз ететін талаптарды өмірге енгізуге (мысалы, монополизмнің жолын кесу, кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау); жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; атқарушы биліктің республиқалық және аймақтық органдарының, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени өмірінің мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметін үйлестіруге; реттелінетін қоғамдық қатынастардың аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға аударылады

5.1 Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың ерекше нысаны

Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу) — бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік — құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым — шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Құқық тыйымға мысал ретінде ҚР-ның құқық құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.
Ерік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз