қош келдің жаңа жыл, тақпақ жаңа жылға, жаңа жыл туралы тақпақтар, аяз ата туралы өлеңдер

0

Аяз әже

Шана жеккен бұғымен,
Жаңа жылдың жүгімен,
Бір ақсақал келді де
Зікір салды түнімен.

Жаңа жылдың есігін,
Ащы, тәтті несібін
Ашып берер ақсақал
Аяз ата – есімі.

Аяз ата мырза екен,
Бала біткен ырза екен;
Сыйлық дорба жыл бойы
Осы жерде тұрса екен.

Қызыл, жасыл, тоқсары,
Шұғылалы шоқтары;
Жымыңдайды шыршада
Сансыз үміт оттары.

Айналумен шыршаны,
Алдарқатып баршаны,
Қоян болып, ат болып,
Аяз ата шаршады.

Сөз тигенде шөжеге,
Шақырды да көжеге
«Аяз ата, кел»- деді,
«Бірге Аяз әжемен».

Жаңа жыл кешінде

Бақ бере жаңа жыл маңдайыма?
Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына.
Өткен жылдың күйініш-сүйінішті
Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.

Аяз ата келе ме қызыл шырай,
Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай.
Мақта қыздар майысса белін бұрай,
Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.

Асыла ма сыбаға ыстық пеште,
Айтыла ма ертегі қысқы кеште.
Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар
Көне жылым қалсын де мәңгі есте.

Жаңа жыл, шырша

Жаңа жылда, шыршада
Шалқытыппыз бір шама-
Байпақ қайда, бас қайда?
Су жетпей тұр мұршаға.

Шампан аштық баршаға,
Шашу шаштық қаршаға.
Есіркеуге ескіні
От тамыздық аршаға.

Ақ шаһарға жол салдық,
Тойладық да томсардық.
«Жарылқа» деп «келген жыл»
Жаңа таңды қарсы алдық.

Жылдарды да ғасырды
Уақыт қырдан асырды.
Тылсым айғақ сан сырды
Болашақтан жасырды.

Өткен жылдар қаншама
Сынақтарға салса да
Өмір деген театрдан
Шалдықпа достым шаршама.

Жаңа жыл шамы

Жаңа Жылдың түнінде
Шамын жақ та үміттің-
Ойың болса түңілген
Жағып жібер, ұмыт қыл.

Ұмыт өкпе, мұңыңды,
Ымырт аяз ызғарын.
Сөкпе өткен күніңді,
Тарту еткен тұз, дәмін.

Күндеріңді ғайыптың
Бесігіне бөленген
Күміс әнге шайып бір
Есіңе ал өлеңмен.

Жаңа Жылдың түнінде
Джаздан болсын жыр – әнің.
Жақсылыққа тігілген
Маздай берсін шырағың.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз