Мектеп: №24 орта мектеп
|
Күні: 03.10.2018
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ғилманов Е.Р.
|
Сынып: 7 «б»
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы маңызы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар;
Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама;
Олардың тіршілік циклымен танысу;
Олардың биоценозда алатын маңызы;
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар;-Қазақстанда кездесетін саңырауқұлақ түрлерін атай алады;—Оларға тән негізгі ерекшеліктерді біледі;—Олардың тіршілік әрекетін, қоректенуін және маңызын түсіндіреді |
Жетістік критерийлері |
Оқушылар:— Саңырауқұлақтар ерекшеліктерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. — Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата алады— Тақырып бойынша қорытындыны ауызша және жазбаша жасайдыПәнге тән лексика мен терминология:Қазақстан табиғаты, саңырауқұлақтар, жеуге жарамды, жеуге жарамсыз |
Тілдік мақсаттар |
-Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді,әділетті, шыншыл болуға үйренеді;-Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптасады;—Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.-Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар өсімдіктермен танысу барысында экология және өсімдіктер систематикасы пәнімен байланыстырылады.Өлшеу жұмыстарын жүргізу, есептеу жұмыстары кезінде математикалық білімдерін қолданады. |
Пәнаралық байланыстар |
Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды таба алу.Өз бетінше ақпараттармен жұмыс істей алу: іздеу, таңдау, талдау, бағалау, ұйымдастыру, ұсыну. |
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд және бейнеролик |
ЖОСПАР |
Ұйымдастырукезеңі |
1.Оқушылармен сәлемдесу.“Алыптар мен ергежейлілер”әдісіЖүргізуші біресе қолдарын жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, алыптар мен ергежейлілерді бейнелейді және «алып», «ергежейлі» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше етіп, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. |
Ресурстар
Презентация
|
Жаңа сабақ |
Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.Гифарлардың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспейді, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді. |
Презентация
Бейнеролик
|
Сабақтың ортасы |
1.Салыстыру кестесі. Саңырауқұлақтардың екі патшалық өкілдерімен салыстырыңыз. |
Дәптермен жұмыстану
|
|
3.Өзіме хатМұғалім барлық қатысушыларға өздеріне хат жазуға ұсыныс тастайды. Оны мынандай сөздермен бастау керек: «Қымбатты ….! Мен жаңа ғана …. бойынша сабақта болдым». Хатта қатысушылар мына 2 сұрақты қарастыру керек: 1) сабақтан үйренгені; 2) осы тақырып бойынша мысалдары. Хат соңында міндетті түрде аты- жөні мен мекен-жайы жазылады. Шамамен 10 минуттан соң мұғалім барлық хаттарды жинап, сабақты аяқтайды. Бір күннен соң модератор хаттарды мекенжайлары бойынша иелеріне жібереді. |
А4 парақтарТүрлі түсті қаламдар |
Сабақтың соңы |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Үйге тапсырмаОқушылар барлық мәліметтерді жинақтап, реферат дайындап келу |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
Жұптық жұмысты бағалау
|
|
Барлық оқушыларЗерттеу жұмысының мақсаты мен болжамын жазады;Зертеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайдыОқушылардың көпшілігіЗерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді.Кейбір оқушыларЗерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді.Практикалық жұмысқа қорытынды жасайды |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |