«ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» атты жоба жайлы

0

«ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап»  атты жоба жайлы

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға өзімнің оқитын жоғары оқу орнында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»  аясында жүргізілетін жобамен таныстырғым келеді. Біздер ол  жоба жайлы Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының оқытушысы Ш.Н. ағайдан мәлімет алған едік. Алдарыңызды ұсынылып отырған ақпарат ағайдың таныстыру-мәліметі негізінде жинақталған.

Францияның атақты шығыстанушы ғалымы Франсит Ришардың адамзат тарихындағы адамзат өмірін өзгертіп, тіршілігін төңкеріп түсірген үш түрлі толқын туралы айтады. Бірінші, ауыл шаруашылық өркениеті, адамдар бірінші рет дәнді-дақылды қамбада сақтап, аштан өлмей, қыстан аман шыққанда дүние шыр айналды. Екінші, ХҮІІІ ғасырда екінші толқын басталды. Ол – индустрия. Қаптаған завод, фабрика, манифактура, бу мен көліктің жеті атасы дүниені төңкеріп жіберді. ХІХ ғасырдың соңына қарай үшінші толқын басталды. Енді технология мен бірге ақпаратттық қоғам басталды. Санаулы секундта хабар беретін апараттар жетіле бастады. Артынша радио, ТВ, ғарыш, интернет бұрқ ете қалды. Үшінші толқын әлемді адам танымастай өзгертті. Сонымен бірге адамдардың сана сезімі мен ақыл ойларыда түбегейлі өзгерді. Енді төртінші толқын басталады.  Өркениетті елдер адам жаны сезілмейтін барлық нәрседен мезі болды. Олар енді ата-бабасынан мирасқа қалған барлық құндылықтарды жинап теріп түгендеумен әуре болып жатыр. Әсіресе көне кітаптарды оқып, аударып, айналымға қайта салу ісі алға шығып келеді.

Жалпы бір формациядан  екінші формацияға  өткенде рухани  дүниеде тоқырау болатыны сияқты, кеңестік жүйеден шыққан бізде де сондай  рухани дүниемізде тоқырау кезеңін бастан өткізудеміз, рухани дүниеге көзқарас азайып, материялдық құндылықтар алға шығып кетті. Яғни, заманның өзгеруімен қатар құндылықтар туралы адмадардың көз-қарасымен дүние-танымы да өзгерді. Әсіресе, егемендік алған жылдардан бергі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани-сана сезімінің қалыптасу барысында жоғарыда ғалымның атап өткен үшінші толқын әсері қатты сезілуде. Ғаламдық ақпарат алысудағы жылдамдық, теледидар, компьютер, интернет жастар үшін бүгінгі күннің басты құндылығы,  заман талабы, қоғамдық қажеттілік ретінде ерікті, еріксіз бірінші орынға шығуда. Жер планетасының ең дамыған, ең өркениетті деген батыс Еуропа мен Америка сияқты алпауыттар, технология дауының шыңына жеткенімен рухани құлдыраудың түбіне жеткенін енді сезініп, түсінуде. Біз, жастар да осы батыстың жалаң, ашық-шашық мәдениеті мен жалған демократиясының құрбанына айналудамыз. Әрине, қазіргі қоғам  адамдары жаңа технологиясыз, ақпаратсыз, интернет, компьютерсіз өмір сүру мүмкін емес. Сонда өркениетке жету деген өткеніңді ұмытып, өзіңнен-өзің жеру деген сөз емес шығыр?! Жаңа технология мен қатар рухани жағынан қоса даму құстың екі қанаты сияқты  теңдік орнатып, әлем кеңістігінің  көк аспанына шығаратын жалғыз  жол деп қарайтын кез жеткен сияқты.  Франсит Ришардың атап өткен рухани құндылықтар ішінен  рухани әлемімізге ең басты  ықпал етер құрал ретінде  бірінші кезекте мен кітап оқуды  айтар едім.  

Осындай проблемаларға сай, ҚазҰУ-дың Ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен қолға алынған «ҚазҰУ- дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы негізделген. Осы жоба аясында, жақында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының ұйымдаструымен  халқымыздың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыздың шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен қатар магистранттар, студенттер қатысты. Іс-шара барысында ақын өмірбаяны, жүріп өткен жолдары тыңдаушы қауымға таныстырылып, ақынның өлеңдерінен жыр-шумақтары тыңдалды. Студенттер және ақынның көзін көрген адамдар ақын туралы естеліктер айтты Барлық қатысышылар Фариза апамыздың шығармасымен қайтадан танысуға, өлең кітаптарын сатып алып оқуға шабыт алып қайтты.

Бұл тек ҚазҰУ мен ғана шектелмей мемлекеттік тұрғыда қолға алынатын шаруа. Әрбір үлкенді-кішілі жоғары оқу орындар, мектептер де жағдайға қарай зерделеп жаппай қолданысқа енгізетін ұлтты жарқын болашаққа бастар игі бастамалардың бірі деп есептеймін.