ҚазҰУ ардагер ұстаздарын ардақтайды
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ардагер ұстаздар ардақтап, олардың еңбектерін құрметтеп, жас мамандарға үлгі етіп дәріптейтін жақсы дәстүр қалыптасқан.
Университетте ешкімнің де еңбегі елеусіз қалған емес. Оқытушылар құрамы жыл бойы атқарған еңбегіне қарай, университтегі рейтингтік көрсеткішіне орай ай сайын сыйақы алып отырады. Бұл сыйақы – жас мамандар үшін де, ардагер ұстаздар үшін де еңбекке деген құлшыныс арттыратын жақсы уәж. Осы бір өнегелі істен біздің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары да тыс қалған емес. Әрқашанда факультеттің алдыңғы озат ондықта жүретін ардагер ұстаздың бірі – Бегалиева Айша Карыпжановна.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ардагер ұстаздар ардақтап, олардың еңбектерін құрметтеп, жас мамандарға үлгі етіп дәріптейтін жақсы дәстүр қалыптасқан.
Университетте ешкімнің де еңбегі елеусіз қалған емес. Оқытушылар құрамы жыл бойы атқарған еңбегіне қарай, университтегі рейтингтік көрсеткішіне орай ай сайын сыйақы алып отырады. Бұл сыйақы – жас мамандар үшін де, ардагер ұстаздар үшін де еңбекке деген құлшыныс арттыратын жақсы уәж. Осы бір өнегелі істен біздің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары да тыс қалған емес. Әрқашанда факультеттің алдыңғы озат ондықта жүретін ардагер ұстаздың бірі – Бегалиева Айша Карыпжановна.
Өмірлік мол тәжірибесін, ұстаздық парасатын, тәлімін еліміздің жарқын болашағы, жас ұрпақ тәрбиесіне арнап, сергек те зерек әрі зерделі өмір кешіп жүрген құрдастырының арасында қадірменді, үлкенге де кішіге сыйлы да беделді абзал жандардың айналасына әсері мен берер өнегесі ерекше. Осындай парасатты ғалым ұстаздардың бірі – әріптесіміз, ардагер ұстаз тарих пәнінің аға оқытушысы Бегалиева Айша Кәріпжановна. Халқына, шәкірттеріне, жастарға білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмайтын рухани қазына, тарих ғылымы өзіндік үлгілі ізін салып отырған ғалым апайымыз, бүгін 60 жасқа толуын, мерейтойын атап өту – үлкен мәртебе. Айша апайымыз өз уақытынан, өз заманынан, өз дәуірінен оза туған парасатты ұлықты ұстаздардың бірі. Бұл парасаттылық ғалым ұстаздың ұлағатты мінез-құлқынан, ғылым мен білімге терең ізденісінен, шәкіртеріне деген тәлімінен әрқашан анық байқалып тұрады. Айша Кәріпжанқызының педагогикалық қызметін жыл санақтық, нақты деректік жағынан айта салу жеңіл секілді көрінгенімен, екінші жағынан жан-жақты ашып көрсете отырып баяндау оңай емес, терең зерделеп қарауды керек ететін күрделі талдамалы жұмыс.
Бегалиева Айша Карыпжанқызы оралман топтары арнаған Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламаларын, аралық бақылау тест нұсқауларын дайындады. Жалпы еңбек өтілі -40 жыл. (Педагогикалык енбек өтiлімі – 25 жыл ). Ұстаздық тәжірбиесін және әдістемелік кәсіби біліктілігін арттырып, үнемі ізденіп, тыңбай еңбек етеді .Кәсіби оқытушы, салмақты, ұстамды, тиянақты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Өз ұжымында, тыңдаушылар арасында беделді.
2009 жылдан бастап ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тарих пәнінің аға оқытушысы болып еңбек етіп келемін. Университетте еңбек етіп жүрген жылдары университет тарапынан бірнеше рет алғыс алды, алғыстар жеке еңбек кітапшасына жазылған. Қазақ және орыс тілдерін жетік біледі.
Ағылшын тілінен сөздіктердің көмегімен аудара алады. MS WORD, Internet Expoler бағдарламаларымен еркін жұмыс істей алады. Ұстаздық тәжірибеcі мен әдістемелік-кәсіби біліктілігн арттыру жолында тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіп жүреді. Осы еңбек еткен жылдар ішінде Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық, Қазақстан тарихы оқу құралы және т.б. сол сияқты 100-ден астам ғылыми-әдістемелік, имидждік еңбектерім отандық және АҚШ, Ресей, БАЭ, Қытай, Канада, Түркия секілді алыс-таяу шетелдердің шетелдік баспасөз беттерінде және Томсон Рейтерстің, Скопустың базасында индекстелетін импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда 3 мақаласы жарияланды және 5 әдістемелік-оқу құралы, 2 нұсқаулықтың мен 1 ұжымдық монографияның авторы, серіктес авторы. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің озық үлгілерін таныстыра отырып, өзгетілді дәрісханаға қазақ тарихын меңгертуді мақсатында Қазақстан тарихы оқу-әдістемелік құралын жазды, ҰБТ және кешенді тестілеуге талапкерлерді дайындай мақсатында жазылған Қазақстан тарихы оқу құралы, осы ағымдағы оқу жылы университет баспасында жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін шетелдік азаматтарды да таныстыру мақсатымен халықаралық семинарға да қатысып жүремін. Оралман тыңдаушы жастары мен АИР тыңдаушыларына қазақ тілі сабағында сапалы білімі беру ісін саналы тәрбиемен ұштастыра жүргізгені үшін Қазақстан халықтарының қауымдастығының, Ауғандық жерлестік қауымдастық тарапынан алғысхат алды, 2016 ж. ғылым кеңістігіне қосқан ғылыми ізденісі мен жаңалығы үшін төсбелгімен, 2017 ж. Ы.Алтынсарин атындағы орденiмен марапатталды.
Қазіргі таңда 100-ден астам ғылыми мақаласы зерттеу жұмысы бойынша (Отан тарихы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы және Абай атындағы университеті, Қазақ Еңбек әлеуметтік қатынастар академиясы хабаршы журналдарында, т.б. ғылыми журналдарда жарық көрді.
Халыкаралық ғылым кеңістігінде импакт-факторы нөлден жоғары Scohus базасында индекстелетін журналға 1. Aziz Nesin is in criticism and literary criticismатты бір мақала серіктес авторлармен баспаға ұсынылды.
Импакт- фактор 0-1 База журналдарына 1. Features of early ethnogra information about the Kazakhs of Turkestan in European source.Thomson Reuters
2. Documents and materials jf the history of the new economic policy. 3. The genocide of the Kazakh people – үш мақала баспаға ұсынылды.
Қазақстан тарихы oқу құралы ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына, жоғары оқу орнына түсуші талапкерлер мен студенттерге арналып жазылған.
.
1994 жылы жарық көрген студенттеріне арналған. Қазақстан тарихы оқу құралы жоғары оқу орны ерекше. Атап айтқанда, Қазақстан тарихының материалдарын меңгерту тестілеу әдісімен емтихан тапсыруға тыңдаушыны дайындауға арналған оқу-әдістемелік құралында еліміздің тарихына қатысты керекті мәліметтер тұтастай қамтылып, өте қажетті материалдар жинақталып ұсынылған және емтихан тапсыруға даярланудың ұтымды жолдары мен әдістеріне ыңғайланып берілген. Қорыта айтқанда, аға оқытушы А.К.Бегалиеваның Қазақстан тарихы атты оқу құралы мен оқу үдерісі үшін жазған тағы да басқа оқу-әдістемелік еңбектері алдына қойылған мақсатына сай, жоғары деңгейде жазылған ҚР БҒМ бекіткен мемлекеттік стандартқа, Қазақстан тарихының типтік бағдарламасына сәйкес жазылған ҰБТ, кешенді тест тапсырушыларға, талапкерлерге, сондай-ақ пән оқытушылары мен тарихшы мамандарға, әдіскерлерге, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, колледж, лицейде білім алушыларға Қазақстан тарихын меңгерту мақсатында арналып жазылған. Әр тарауда берілген мәтіндер мен тапсырмалары білім алушылардың тарих бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу іскерлігі мен білімді меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Қорыта айтқанда, Айша Карипжановна — әлемдік ғылым-білім кеңістігінде қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолындаында қазақстандық білім саласының дамуына, отандық тарихты зерттеу саласына өз үлесін қосып жүрген әдіскер, ұлағатты ұстаз.
Әл-Фараби атын. ҚазҰУ-дің оқытушылары Р.Т. Наралиева, М.Ш.Тойғанбекова, Досанов Б.И.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.