ҚазҰУ, 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні,

0
8
Advertisement

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс – шара өтті

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге арналған «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбиелік іс – шарасы өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен шетелдік студенттер қатысты.
Іс – шараның мақсаты – шетелдік студенттерге ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Жиында сөз алған кафедра оқытушылары 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі екені туралы мәлімдеме жасай отырып, бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы екенін мақтанышпен сөз етті.
Одан кейін кафедраның оқытушылары кезекпен сөз алып, 28 жыл ішінде тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күткенін айта отырып, баяндамаларымен таныстырды.
Студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар шетелдік студенттер үш тілде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы өлеңдер оқыды және аталған іс – шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбиелік іс – шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А. Е. Саденова., Т. В. Курманова., М. А. Азнабакиева

Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз