Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер

0
375

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстанның халықтық білім беру моделін жасау барысында
орта мектептерге арналған түбегейлі әлеуметтік сұранысқа көптеген сауалдар
қойылады. Соған байланысты, әрбір азаматтың өзіндік талаптарына,
шығармашылық деңгейіне сай, өздігінен шешім қабылдауына қабілеттілігін
дамыту мәселелері көтерілуде.
Қазақстанның білім беру стратегиясында орта білім берудегі жаңа
реформаларды енгізу де бар. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының
бірқатар құжаттарындағы жеке тұлғаның қалыптасуы кезінде экологиялық білім
және тәрбие берудің қарастырылуы. Бұл – қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми
және практикалық білімді арттыру, табиғатты аялау және оны дұрыс,
зиянкестіксіз қолдану, өмірдің экологиялық бейнесін қалыптастыпруды
түсіндіреді. Бұған бірқатар маңызды құжаттар дәлел.
Мысалы, БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының қабылдауы бойынша [1], 2005-2014 ж.ж.
Тұрақты өркендеу үшін білім берудің он жылдығы болып жарияланып,
Экологиялық қауіпсіз даму және тұрақты өркендеуге бағыттау – болып
Қазақстанның стратегиясының маңызды бағыттарының бірі болып саналады [2].
Сонымен қатар, орта білім беру үдерісін экологияландырудың нақты жүйесін
енгізуді халықаралық құрылымдары қолдап, сонымен қатар, Орталық Азия
Аймақтық экологиялық орталығы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП сияқты халықаралық
құрылымдар да әр түрлі отырыстар мен семинарларда, ғылыми және ресми
конференцияларда талқыға салып, зерттеп, түрлі шешімдер қабылдады [1,3-5].
Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне байланысты конференциялардың шешімдері
Қазақстандағы білім беру жүйесінің де отырыстарында талқыланып, олардың
өзекті мәселесіне айналуда. Бұл ең алдымен қоршаған ортаның экологиялық
проблемалары адамзаттың өмір сүруінің маңызды сфераларын қамтуда (болмыс,
еңбек, демалыс, денсаулық сақтау, демографиялық өсу және әлеуметтік
орнықтылық, т.б.).
Қазіргі Әлемдегі экологиялық кризис пен экологиялық апаттар
экологиялық білімді мамандарды тәрбиелеуді талап етсе, экологиялық оқыту
жер бетіндегі елдерінің халықаралық идеалогиясына және жалпы саясатына
айналып отыр. Сондықтан, көптеген ғылыми конференциялар мен саяси
конгресстерде экология жайында мәселелер қозғалып, шешілуде. Жаңа заманда
экологиялық білім беру үрдісі экологияландырылған ғылымның пайда болуына
себеп болып, дамуына көмектеседі. Экологиялық білімнің негізгі аспектісі –
ғылыми даму мен үздіксіздік принципінде, интеграциялық жаратылыстану
пәндерін дамуында.
Мектеп оқушыларын мектеп қабырғасында оқытатын кез-келген пәннің
мазмұны арқылы экологиялық тәрбиелеу – білімді адамды тәрбиелеу ғана емес,
сонымен қатар өз міндеттерін, қоғамдағы орнын түсінуді тәрбиелеу, кез-
келген қиын жағдайлардан шығу амалдарын таба алып, өз көзқарастарын ұсына
білуду тәрбиелеу деген сөз. Егер XX ғасырдағы өмір сүрген адам: менен
кейін не болса да, маған бәрібір қағидасы басым болып, табиғатқа қарсы
бағытталған зиянкестік шараларын ақтау үшін адам түрлі түсіндіруге тырысты,
біресе ҒТР-ның жеңісі, ҒТП-тің дамуы десе, басқа жағдайларда адам –
әлем иесі, табиғат патшасы деп ақталуға тырысты. Бұнда білім берудің
стратегиялық мақсатын өзгертіп, экологиялық ғылыми көзқараты қалыптастыру,
экологиялық мәдениет пен этиканың қалыптастыру қажет болды. Ол үшін
нәтижелі білім беру жүйесіне қажетті нақты мақсаттар қойылып, экологиялық
білім беруді жүзеге асыру үшін оқушыларды оқыту барысында пәндерді
экологияландыруды тиімді деп көрдік, соның ішінде физика мен астрономия
пәнінің экологияландыру үдерісі әрі тиімді, әрі сәтті деп есептейміз.
Көптеген авторлардың пікірі бойынша, экологияның құндылығы – жаңа
өнегеліліктің қалыптасуына негіз болып, оқытудың мазмұнын таңдауда жол
сілтеуші бола алады, білім беруді интеграциялау идеясын негіздейді,
қолдайды. Физика мен астрономия пәндерін экологияландыру жолдары мен
принциптерін зерттеу барысында біз түрлі пәндердің осы мәселеге
көзқарастырның әртүрлілігін байқап, зерттеу бағыттарының да пәндерге сай
ұштаса қоймайтынын байқадық.
Экологиялық білім беруде сапалы әрі елеулі өзгерістер жобаланып,
Қазақстанда жалпы білім беруде қарапайым экологиялық білім беруді көздеу
және тәрбиелеу жеткіліксіз болып отыр, енді экологиялық модельдерді болжап,
оларды оқушылармен қатар шешіп, болашақ өмірдегі жұмысында істелетін
шараларын талдап, келешек мамандарды мектепте қалыптастыра бастау, сөйтіп
табиғатты қорғау үрдісіне жастарды баулау болмақ. Экологиялық білім беру,
тәрбиелеу жолында істеліп отырған шараларға сай біздің жұмысымыз да
жоғарыда айтылған мақсаттарды көздеп, үлес қосу жолында педагогикалық-
әдістемелік оқулықтарды жасау, белгілі бір материалдарды жинастырып, оқыту
үрдісін экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия
интегративтік курсына арналған материалдарды жинап, жүйеледік.
Сондықтан, физика мен астрономияның интеграциясының экологиялық
құндылығын арттыру үшін, білім беруде ғылыми әдебиеттерде кездесетін жаңаша
методологиялық әдістерді зерттеп, талдап, соларды пайдаландық.
Зерттеу мәселесі: экология курсы қазіргі кезде оқу үрдісінде елеулі
орын алса да, астрономия пәнінің маңыздылығы төмендеп, басқа пәндердің
арасында дәрежесі кемітілген сияқты, ал физика пәні астрономиясыз, химиясыз
негізін жоғалта бастаған информациялық жиынтыққа айналып отыр. Астрономия –
ең көне ғылым болып табылады, сондықтан бүгін оның орнын қайта жоғарлату –
аса маңызды мәселеге айналып отыр. Оған себеп – Қазақстанның ғарыштық
кемелерді жіберілу орталығы (Байқоңыр туралы) болуында ғана емес, кен
орындарын қолдану кезіндегі болуы мүмкін немесе болып қойған аппаттар,
Совет Одағы кезіндегі Мәскеулік әскери жетекшілердің жүргізген сынақтары
мен ғылыми айдарымен іске асырылған атомдық бомба жарылыстары да болады.
Экологияландырылған физика және астрономия интегративтік курсының
(ЭФАИК) әдістемелік жүйесін дайындау барысында әрі қиын, әрі күрделі
мәселерді шешіп, бірақ қызықты жұмыстарды жүргізуге кезіктік. Олар:
мектептің физика пәніне тиісті сағаттар санын өзгертпей, астрономиялық
мәліметтерді экологиялық үрдістерге сай таңдап алу; ЭФАИК дамыта келіп,
экологиялық мәселелердің техникалық себептерін, адам қызметінің салдары деп
қарастырып, мәліметтерді жинастырып қана қоймай, оларды жүйелеу, талдау.
Яғни, Жер туралы, Күн мен Космостың Әлем туралы мәліметтерді физика,
астрономия және экология тұрғысынан зерттесек, бірнеше пәннің бірігуін де,
экологияландыруды да іске асыруымызға болады деп есептейміз.
Зерттеу объектісі: пәндік интеграция негізінде және оқу үрдісін
экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия курсын оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні: оқытудың мақсаты, сазмұндық аспектілері, оқытудың түрі
мен әдістемесі, оқытудың тәсілі және оны бақылау.
Зерттеу мақсаты: ғылыми жөндеу мен негіздеу, орта мектеп оқушыларына
арналған экологияландырылған физика мен астрономия курсына әдістемелік
құралды жасап, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің негізгі гипотезасы: егер экологияландырылған материалдарды
жинақтап; экологияландырылған материалдарды зерттеу барысында жүйеге
келтірсек; физика және астрономия үшін жалпы болып саналатын құбылыстар,
үрдістерді педагогикалық тәжірибелер тарапынан қарастырып, мәселелерге
бірден-бір жауап іздесек; онда астрономия, физика және экология пәндерінің
мазмұндары бойынша жүйелік әдістемелік ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп
оқушыларына әрбір құбылыстың мәнін, мазмұнын ашып беру жеңілдетіліп, физика
мен астрономияның ғылымилылығын тереңдетуге болады, сөйтіп пәннің мазмұнын
нақты мысалдармен байытып, қамтып, физика мен астрономияға қызығушылықты да
арттыруға болады; сонымен қатар мектептегі аталмыш интегративтік курстың
әсерлілігін тәжірибе жүзінде тексеруге болады.
Ғылыми зерттеудің әдістемелік негізі – мемлекеттік стандарт, Білім
беру туралы заң, Ғ.К.Длимбетованың білім берудегі экологияландырудың
жолдары туралы еңбектері, К.О.Шайхеслямованың экологиялық білім беру және
дүниетанымның дамуы туралы еңбектері және т.б. ғылыми зерттеулері мен
еңбектері кірді. Жаратылыстануды түсіну үшін мектеп оқушыларына физика
пәніне астрономияның көптеген мәселелері сабақтастырылып, экология
материалдары бойынша көптеген материалдар мектеп оқушыларына арналып
теріліп, жүйелендірілген. Бұл мәселе – оқытудың әдістерінің аса
актуалдылығын көрсетіп, көкейкесті мәселеге айналып отырғанын көрсететі.
Интегративтік оқыту программалары ретінде біз Г.Д.Бессараб, Т.А.Попова,
Г.Ю.Граковский, Ю.И.Дик, А.П.Рыженковтың және т.б. пәнаралық байланыс
туралы ғылыми зерттеулерін негіз етіп алып, қазіргі кезде оқытуды сапалы
түрде жүргізуді көздедік. Сондықтан, ЭФАИК шығармашылықтың инновациялық
түріне жатады, ал оқытуды экологияландыру үрдісі – зерттелерімізді ең соңғы
жетістіктердің қатарына қоспақ.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс: объект, пән, мақсат пен есептер
анықталатын кіріспе бөлімнен; экологиялық тәрбиелену мен оның іске асырылу
технологиясының теориялық негіздері ашылатын жұмыстың негізгі мазмұнынан;
негізгі тұжырымдамаларға арналған қорытынды бөлімнен; пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І – тарау. Мектептегі физика және астрономия курсын экологияландырудың
теориялық – әдістемелік негіздері

1.1. Физика және астрономия курсын экологияландыру – орта білім беру
жүйесін заманға сай жетілдірудің бір жолы

XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен қоршаған
ортаны қорғауды көздеген мемлекеттердің саны өсуде. Мысалы, 1992 жылы Рио-
де-Жанейро қаласында Қоршаған орта және даму жайында өткен БҰҰ-ң
конференциясында көптеген құжаттар қабылданды, олардың негізгі идеясы –
тұрақты өркендеу концепциясына қалыптасып, бүгінгі күннің талаптарына сай
келешек ұрпақтың қорғау мәселелері ортаға салынды [1]. Басқа
мемлекеттермен қатар, Қазақстан Республикасы да қоршаған ортаны қорғау және
болашақ ұрпақтарға сақтап қалу шараларын іске асырмақ. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасы тұрақты өркендеудің жауапты мақсаттары құжаттарының 22
Халақаралық экологиялық Конвенцияны (ХЭК) қабылдап, қол қойды. ХЭК-ке
қатысу барысында Қазақстанға бірқатар құжаттарды қабылдады, мысалы,
экологиялық жәриялылықты дамыту және қоғамда ашық экологиялық сананы
өсіру жатады [1,3-5].
Оған қоса, Қазақстан шектес конвенциялардың – Париждегі (бүкіләлемдік
мәдени және табиғи мұралар туралы), Вашингтондағы (GITES, жануарлардың
сирек кездесетін және жоғала бастаған түрлері туралы), Рамсар (су-батпақ
жерлер тарулы), Бонндағы (көшіп қону түрі) және т.б. – қатарына кіріп,
мойнына негізгі міндеттер алып отыр, олардың арасында экологиялық білім
беруді дамыту және тәрбиелеу де бар. Жоғарыда айтылғандардың барлығы
Қазақстанда экологиялық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп
жатқанын, түрлі экологияландырылған бағдарламалар іске асырылуы үшін
мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік кітаптар мен құралдар
шығарылуда, ҚР-ның экологиясы жайында танымдық жобалар жүзеге асырылуда
[1].
Экологиялық қиындықтар мен аппаттар жаратылыстанудағы елеулі
мәселелердің бірі, күн тәртібіндегі көкейкесті глобальдық мәнге ие болып
отыр, ал экологиялық білім беру – мектеп үшін аса маңызды факторға айналып
отыр. Ол фактор біздің ұлттық қауіпсіздігіміз бен экологиялық қауіпсіздігін
көздеп, белгілі мақсаттарды алдына қойып отыр. Оқушыларға үздіксіз
экологиялық білім және тәрбие беру жүйесінде экологиялық материалдарды
интегративтік түрдегі курстарда беру қолайлы әрі тиімді әдетке айналып
келеді.
Біздің жұмысымызда да бұл көкейкесті мәселе маңызды орын алып,
құрастырып отырған пән және сабақ бағдарламасына әсерін тигізеді деп
үміттенеміз. Жұмысымызда ерекше орын алып отрыған бір жәйт – экология
мәселесінің бүгінгі таңдағы ең актуалды, маңыздысы – глобальды проблемаға
айналып отырғаны туралы мәліметтер мектептегі физика, химия, астрономия
және информатика сабақтарында экологиялық мәселенің жеке моменттерін
интегративтік курс түрінде құрастыру, сөйтіп, экологиялық тәрбие жұмыстарын
жүйелі жолға қою мақсаты көзделіп отыр. Экологиялық интегративтік курсы –
оқыту жұмысының инновациялық түріне жатады, яғни мектеп пен жоғарғы оқу
орнындағы мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының жаңа үлгісін жасауды
көздейді.
Ең алдымен, кез-келген пәннің сабақтарында экологиялық проблеманың
философиялық мағынасы жете ашылуы тиіс деп есептейміз. Ол үшін жұмыстың
барысында глобальдық, экологиялық, қоғамдық-өндірістік технология
ұғымдары ерекше орын алатыны тегін емес, себебі олардың экологиялық
мәселелерінің пайда болуына тікелей қатысы бар.
Мысалы, қоғамдық-өндірістік технология тәсілі ұғымының мағынасы –
қоғам табиғатқа қалай әсер етеді деген сауалға жауап береді. Жалпы
глобальдық деген сөздің этимологиялық түбірі глобус – жер шарын
қамтитын, жалпы адамзаттық деген сөзден тарауы да тегін емес. Анықтап
айтсақ, глобальдық проблема деп қоғамның даму жолындағы пайда болатын
қарама-қайшылықтар, қиындықтар, мәселелер жиынтығы, оларды шешпей қоғамдық
организмнің өмір сүруіне қауіп төнді деуге болады. Экология терминінің
шыққан тегі: экос грекше – мекен, логос – ғылым, яғни, организмдердің
мекен-жағдайы туралы ғылым. Бұндай түсініктеме экология терминнің
классикалық формуласын мақұлдайды: экология дегеніміз – организмдердің
тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.
Ал немістің табиғи зерттеушісі Э.Геккельдің анықтамасы бойынша (6(:
экология – табиғаттағы өз-ара күрделі байланыстылықты және өз-ара қарым-
қатынасты зерттейтін ғылым. Тауып айтқан сөз. Егер ғалымдардың экологияға
қойылған анықтамаларының көптігін және алуан-түрлілігін ескерсек, онда
жоғарыда аталған пән мұғалімдерінің жұмыстары қиындап, сабақтарында
қолданатын терминдер мен анықтамаларының дұрысын анықтау үшін қосымша уақыт
және қажетсіз шараларды талап етеді.
Сөзімізді тірілту үшін, мысал келтірейік: В.Дежкин өз еңбегінде (7,8(
көптеген ғалымдардың толып жатқан еңбектерін егжей-тегжейлі зерттей келе,
кейде бірін-бірі жоққа, теріске шығаратын немесе бірін-бірі толықтыратын,
анықтайтын формулаларының тамаша коллекциясын жинапты. Солардың ішінен біз
де қазіргі заманғы қиындықтар мен сауалдарға толық жауап беретіндерін
қолданудамыз.
Әлемдік цивилизацияны зерттеу барысында (9( оның тарихи дамуы
біркелкі, бірқалыпты емес, керісінше адамзат дамуының мыңдаған жыл тарихы
көптеген локальды цивилизациялардың кенеттен пайда болып, тез дамып,
кенеттен төмен құлдырап, жоғалып кеткенін білеміз. Әрбір цивилизацияның
дамуы, өсіп-жетіліп, құлдырауы, жоғалып кетуі – оның дамуына әсер ететін
сыртқы және ішкі факторларға байланысты екендігі де мәлім. Ал
цивилизацияның өмір сүруі, жетілуі белгілі бір табиғи, климаттық ортада
болады емес пе, себебі ол табиғатпен тығыз байланысты.
Қоғамның іс-әрекеттерінің барлығы табиғат ресурстарының күштерін,
қорын, ондағы болып жатқан процестерін, заттарын, энергиясын қолдануға
бағыттылған. Бізді айнала қоршаған ортаға Г.С. Гудожник пен В.С.Елисеева
өте сәтті анықтамасын берді (9(: Бізді айнала қоршаған орта деп – түп-
тамырлары шексіз космосқа кететін жүйелер жиынтығы, ондағы болып жатқан
үрдістер қоғам өміріне жан-жақты (бірақ әзірше өте аз зерттелген) әсерлерін
тигізетіні анық. Табиғаттағы болып жатқан қауіпті ығысулар мен үрдістерден
өзін-өзі қорғау, сақтандыру және табиғи факторларды өзінің пайдасына дұрыс
жұмсай алу – цивилизацияның ішкі даму дәрежесіне, тарихи күштеріне,
прогрестік дами алу қабілеттілігіне тікелей байланысты. Глобальдық проблема
қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасынан туады, яғни, ғылыми-техникалық
дамудың салдарынан табиғи патологиялар пайда болады.
Адамның глобальдық әрекеттері – қарапайым емес, күрделі және өзгеше
үрдіс екен; сол жасанды ортаны үнемі жетілдіру, толықтыру, өзгерту жолында
жұмыс істеп, белгілі бір энергиялар жұмсаймын деп талаптанады. Басқаша
айтқанда, адам өз айналасында құрған техносферасын биосферадан изоляциялап,
бөлектеп, бұндай жетістіктерінен өзі де рухани шығынданып, ішкі дүниесі,
дүниетанымы кедейленеді.
Адамның санасы оны қоршаған әлемнің бейнеленуінен қалыптасып, бұл
бейне адамның мәдениетінің (өнер, мәдениет, ғылым) қалыптасуына тікелей
себепкер екенін біз жақсы білеміз. Жеке адамның күрделі структурасы
қоршаған ортаны психологиялық бейнелеуін қамтамасыз етеді, себепкер болады.

Белгілі бір қажеттіктердің басылуы, орындалмауы оның жалпы
психологиялық жүйесінің қайта құруына апарады, сөйтіп адамның санасы,
дүниеге көзқарасы қайта қарастырылып, басылған қалған талаптары осы
жүйедегі басқа талаптар арқылы шығуы үшін компенсация кезінде бүкіл жүйе
өзгеріске ұшырауы мүмкін. Экологиялық жүйе де дәл сондай деуге болады:
экологиялық жүйенің бір бөлігіндегі дағдарыстар жүйенің түгелдей қайта
құрылуына, өзгеруіне, сөйтіп қайта құрылуының тізбекті реакцияларының
басталуына себепкер болады. Әрине, бұл тізбектелген реакциялар тәріздес,
сыртқы әсерлерді азайтуға немесе жоюға бағытталған жаңа шараларды туғызып,
шектелуі қиын болатын қосымша да зиянды, қажетсіз де шексіз қимыл, іс-
әрекеттерді тізбектеуі мүмкін.
Сонымен, экологияландырылған материалды методологиялық жаңашаландыру
жолында жалпы физика курсына енгізіп, оларды физика ғана емес, астрономия
элементтерімен қоса, ұштастырып, мектеп оқушыларының назарына ұсыну –
біздің мақсатымыздың өзегі болып отыр. Экологиялық проблемаларға табиғат,
қоғам, адам және оның шығармашылығы жайында терең және берік білімді
қалыптастыру жатады (10,11(. Бұл – білім берудегі төрт элементтің бірі
болып саналса, негізі ой экологиялық оқыту мен қоғамда тәрбиелеу
мемлекеттік деңгейге қойылып келешек мамандарды дайындау жолындағы негізгі
мәселелерді қозғауымыз тиіс (6(. Экологиялық оқыту мен тәрбиелеу,
экологиялық білім беру және экологиялық түсінік деген терминтер бүгін
мемлекеттік деңгейдегі статусқа ие болып отыр (12,13(. Біздің жұмысымызда
бұл терминдер негіз болып, ерекше орын алады. Бұл жерде адамның экологиялық
санасының қалыптасуы – оқыту үрдісінің негізіне кіріп, сөйтіп біздің
қоғамымыздың жаңа менталитетінің қалыптасуы туралы әңгіме қозғалып отыр.
Оның ой-санасының мүлдем жаңа түрі адамның мінез-құлқының қоршаған ортамен
гармониясында негізделген. Ғалымдардың ойлап шығарған жаңашыл теориясының
негізіне жаңа терминдер және ұғымдарды талдау кіріп қана қойған жоқ,
сонымен қатар эволюциялық аралас пәндер теориясы мен біріктірілген
ғылымдардың экологиялық мәселелер туралы ой-пікірлері негізделген. Сонымен
қатар, экологиялық сана – табиғатты басқа құбылыс ретінде түсінуге үзілді-
кесілді қарсы болып, оған билік етуге болмайды, себебі әсерге – қарсы әсер
туады, сөйтіп өзіне кесел тигізуі мүмкін демекпіз.
90-жылдары ТМД елдерінде экологиялық білім берудің көптеген
концепциялары шықты (9,10,14-15(. Білімнің нақты даму жолындағы бағыттарға
экологиялық бағыт беру және бағдарланған деңгейдегі қоршаған ортаның
жағдайын уағыздау – бұл мәселенің бірден-бір жауабы экологиялық білім болып
табылатынына көзіміз жетіп отыр, яғни, халықтың гуманитарлық экологиялық
санасын қалыптастырып, болашақ мұғалімдерді сол бағытта дайындау мәселесі
жатады. Қазір көбісі түсінеді және біледі, экономикалық даму бұл ең алдымен
экологиялық ұқыптылық пен болашақ мамандардың экологиялық санасының
жоғарлығы, білімнің деңгейінің заманға сай болуымен тығыз байланысты.
Экологиялық білім беру деңгейі – болашақта шексіз, шетсіз табыстың кепілі
болмақ. Қазіргі оқыту проблемасы – ғылыми жаратылыстану циклі бойынша
жүргізілетін пәндерді (физика және астрономияны) үйрету үрдісі – әр түрлі
экологиялық өзгерістер туралы мәліметтердің қажеттілігін талап етіп, жас
баланы оқуға баулуды қалайды.
Бұл жұмыста экологиялық тәрбиелеудегі мәселелер қарастырылып,
жаратылыстану ғылымдарына сай көзқарастардың қалыптасу кезінде табиғат
жайында фундаменталды ғылымдар – физика, астрономия, химия сияқты
ғылымдардың мазмұнына экологиялық материалдар мектеп бағдарламаларына
жүйелі түрде енгізілуі зерттелді. Ойымыздың түйіні – экологиялық
мәдениеттілікке тәрбиелеп, мінез-құлық қалыптыстырғанда, жаратылыстану
ғылымдырының барлығы бірдей қатысуы керек. Бұл – білім беру үрдісінің жеке
компоненттерінің интеграциялық үрдісі деп білеміз.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың, өндірістің жаңа саларының пайда
болып, қоршаған ортаға адамдардың іс-әрекетінен пайда болатын әсерінің
өсуіне байланысты қоғам мен табиғаттың ара-қатынасы тым тығыз қалыпқа енуі
соншалық, енді адамзаттың табиғатқа қол салуы ретсіз және шексіз бола
алмайды. Ол белгілі түрде реттеліп жүргізілуі тиіс, басқа жағдайда адамзат
баласы өз тіршілігіне ядролық соғыстан кем емес қауіп төндіретін
экологиялық апат алдында тұрып қалуы мүмкін. Адамның табиғатқа араласуының
теріс салдарының алдын алуы үшін бірқатар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-
саяси, экономикалық және басқа да мәселелерді шешуі қажет.
Бұл шаралардың арасында жас өспірімдерді тәрбиелеу, және экология
сабақьарында ғана емес, сонымен қатар ғылыми жаратылыстану сабақтары
кезінде де экологиялық дәріс беру мақсаты іске асырылуда. Сондықтан
педагогикалық, тәрбиелік мәселелер маңызды орынды иеленеді, өйткені өсіп
келе жатқан келешек ұрпақ ғылыми негізделген және қоршаған табиғат ортасына
қамқорлық қатынасқа мектеп орындығынан дайын болуы тиіс. Бүгінгі таңда оқу
пәндерінің экологияландыруы (яғни, олардың мазмұны мен дәріс беру
әдістерінде оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру) өзекті
мәселеге айналып отыр. Бүгінгі күні жаңа техника мен жаңашыл
технологиялардың, сондай-ақ әр түрлі табиғатты қорғау әдістері мен
құралдарының құрылу негізінде нақты физикалық ғылымның және онымен аралас
басқа да ғылыми пәндердің жетістіктері физика курсының ғылыми-техникалық
прогресінің қарқынды дамуы жағдайында жастарды биологиялық-экологиялық
пәндермен қатар табиғатты қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану
мәселелеріне баулу ісі жатыр.
Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі
ең алдымен олардың бойында табиғаттың тұтастығы, ондағы болып жататын
құбылыстардың арақатынасы және олардың себептік шарттылығы, адам мен
табиғаттың арақатынасы және соның салдарынан кейбір табиғи процестердің
бұзылуы; қоршаған ортаны тиімді пайдалану қажеттілігі және оның сан-алуан
ластанулардан қорғалуы, ғылыми-техникалық прогрестің теріс әсерлерін
жансыздандыру үшін ғылыми идеялар мен жаңалықтарды қолдану мүмкіндігі,
мысалы, өндіріс пен тұрмыстағы электр аспаптарын кең қолданылуына
шартталған шу, діріл, әртүрлі жиіліктердің электромагниттік алаңдары,
радио және телестанциялардың қуаттылығы мен сандарының, радиолакаторлық
қондырғылардың, т.б өсуіне байланысты.
Осылайша, күн санап ұлғайып келе жатқан экологиялық кризистен бүгінгі
таңдағы физика мен техника салаларындағы жетістіктерге (атомдық
энергетиканың дамуы, энергияның жаңартылған көздерін пайдалану,
магниттікгидродинамикалық қондырғыларды, жаңа өлшеу аппаратуралары мен
электрондық-есептеуіш техниканы, қоршаған ортаны бақылаудың ғарыштық
тәсілдерін қолдану), негізделген шығу жолдарын көрсету оқушылардың физиканы
оқуы барысындағы экологиялық білімінің маңызды аспектісін көрсетеді.
Физика курсын оқу барысында оқушылар қоғам мен табиғат арасындағы ара-
қатынас, Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуына, дамуына атмосфераның
маңыздылығы, оның басты ластану көздері мен өмірлік процестері, тірі
табиғатты зиянды физикалық факторлардан қорғау шаралары, табиғат ортасының
қайта түрленуінің орны толмас салдары (оның ішінде оқушылардың да қатысуы
арқылы) туралы нақты көріністі сезіне білуі тиіс. Бұған бағдарламаны
кеңейту, немесе күрделендіру арқылы емес, оқушылардың назарын оқу
материалымен тығыз байланыстағы экология мәселелеріне аударту және тиісті
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Физикадан дәріс берудің экологиялық бағыттылығы ең бастысы кейбір
физикалық ұғымдарды (жарықтану, температура, ылғалдылық, қысым, т.б),
сондай-ақ, құбылыстарды (жел, шу, діріл, әр түрлі сәлулелену, т.б.) және
қолданбалы мәселелер (мысалы, әр түрлі сипаттағы энергияларды –
механикалық, электрлік, ядролық, геотермальдық, күн сәулесінің, т.б.)
қарастыру нәтижесінде күшейтілген, олардың табиғи процестердегі атқаратын
ролі тұрғысынан, немесе оларға ғылыми-техникалық прогрестің, физикалық-
техникалық әдістердің және табиғатты қорғау құралдарының оң және теріс
жағынан тигізер әсерлеріне байланысты болып отыр.
Бұл жағдай оқушылардың күн сайын күрделене түсіп жатқан қоғам мен
табиғат арасындағы ара-қатынасты тереңірек, әрі толық түсінуіне, адамның
оқшау қылығының әсерінен табиғатқа төндіретін қауіп жөнінде білуі, ғылыми –
әдебиеттерден белгілі, радио және телехабарлардан, кинофильмдерден
қанығатын табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау туралы хабарламаларға
жетік болу, т.б., кейбір техникалық шешімдердің экологиялық салдарын
бағалай білуі және өздерінің физикалық білімдерін қоршаған ортаны белсенді
түрде қорғау үшін пайдалана білуі мүмкін болды.
Соңғы айтқандарымыздың тәрбиелік қатынаста өте маңызы зор, оқу
пәндерінің экологияландыруы оқушылардың экологиялық мәселелерімен танысуын
ғана ойластырып қоймайды, сонымен қатар олардың бойында табиғатқа деген
жанашырлық, жауапкершілік көзқарастарын қалыптастыруда да атқарар қызметі
мол. Мұндай қатынас тәжірибелік табиғат қорғау қызметі барысында анағұрлым
табысты жүргізіледі, оны схема 1 – Оқытуды экологияландырудың дидактикалық
жүйесі арқылы бейнелеуге болады (Қосымша А).
Жоғарыда айтылғандардың барлығы біздің таңдаған ғылыми зерттеу
тақырыбымызды анықтайды: яғни, жалпы физика курсын оқыту үрдісін
экологияландыру.
Антропогендік факторлардың қоршаған ортаға теріс әсерінің күн санап
ұлғаюы және экологиялық тиімдірек технологияларды қарастыру,
экологияландырылған білім мен тәрбиенің арасындағы қарама-қайшылық шарт
болып отыр.

1.2. Мектептегі физика және астрономия пәнін экологияландырудың
негізінде оқушылардың санасында бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің
бейнесін қалыптастыру

Қазақстанның ұлттық білім беру үлгісін құру барысында педагогтардың
алдында қоғамның орта және жоғарғы мектептерге деген әлеуметтік
тапсырыстарының түпкілікті қайта құрылу мәселесі туындап отыр. Осыған
байланысты әр азаматтың бойында ынта мен шығармашылық, өз бетінше шешім
қабылдау қабілетін қалыптастыру мәселесі күннен күнге өткірлене түсуде.
Жоғарғы білім берудің жаңа реформасын енгізу Қазақстанның экономикалық және
мәдени даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да ресми
үкіметтік құжаттарда экологиялық мәселелердің шешілуі қоғам дамуының саяси,
экономикалық және әлеуметтік салаларында қаралып қана қоймай, сонымен қатар
тиісті мәселелер бойынша [1,3-5] экологиялық білім беру, ағарту және
тәрбиелеудің дамуы еліміздің өзекті мәселелерінің қатарына жатқызылған.
Бұған мемлекеттік құрылымдар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар (МЕҰ) мен
бизнес – құрылымдарының өкілдері де мүдделі болуы тиіс.
Экологиялық білім беру дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортаны қорғау
саласындағы ғылыми және тәжірибелік білімі мен шеберлік жүйесінің
қалыптасуына, табиғатты тұрақты пайдалану мен тұтыну, экологиялық өмір
сипатының құрылуына бағытталған жеке тұлғаның дамуы, тәрбиеленуі мен
үздіксіз білім алу үрдісі.
Бұған қоса 2005 – 2014 жылдар БҰҰ Бас Ассамблеясымен Тұрақты даму
жолындағы білім алу онжылдығы болып жарияланғандықтан, экологиялық
қауіпсіз және тұрақты дамуға ауысу қазақстандық даму стратегиясының маңызды
бағыттарының біріне айналып отыр, осыған байланысты экологияландырудың
тиімді жүйесінің білім және ағарту ісіне қосылуын әр түрлі халықаралық
ұйымдар, Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы (ОААЭО) қолдап қана
қоймай, сонымен қатар БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП, т.б. халықаралық ұйымдардың
отырыстарында, қоршаған орта және аталмыш білім саласын тұрақты дамуы үшін
Қазақстанның білім жүйесіне жақындату жөніндегі конференцияларында
қаралатын өзекті мәселе болып табылады. Бұл ең алдымен бүгінгі таңдағы
экологиялық мәселелердің қоғамның өмір сүру салаларының барлығын (оның
тұрмысы, еңбегі, демалысы, денсаулықтың жоғарғы деңгейін ұстануы,
демографиялық мінезқұлығы мен әлеуметтік жайлылығы) қамтуымен байланысты.
ХХI ғасырда елдердің басым бөлігі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
негізгі мәселелеріне қоршаған ортаның қорғалуын енгізіп отыр.
Мысалы, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода болып өткен БҰҰ қоршаған орта және
оның дамуы жөніндегі конференцияда негізгі идеясы бүгінгі ұрпақ
қажеттіліктерін келешек ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктеріне шек қоймай қанағаттандыратын тұрақты даму концепциясына
құрылған бірқатар құжаттар қабылданды.
Қоршаған ортаның сақталуын мақсат тұтқан Қазақстан Республикасы да
тұрақты даму мақсаттарына жауап беретін 22 Халықаралық Экологиялық
Конвенцияларға (ХЭК) қол қойып, бекітті. ХЭК тәртібіне қатысудан Қазақстан
бірқатар артықшылықтарға қол жеткізді, оның ішінде экологиялық
жариялылықтың дамуы мен қоғамдағы экологиялық сананың артуы, сондай-ақ
аралас конвенциялардың жақтасы – Париждік (әлемдік мәдени және табиғи мұра
туралы), Вашингтондық (CITES, сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сату
туралы), Рамсарлық (сулы-батпақты танаптар туралы), Бондық (көшпелі түрлер
туралы) және бірқатар басқалары да бар; олар қабылдаған негізгі
міндеттемелердің ішінде экологиялық білім, ағарту мен тәрбиенің дамуын
байқауға болады.
Жоғарыда аталған жағдайға байланысты Қазақстанда экологиялық
бағыттаманың ғылыми – зерттеу жұмыстары атқарылып, әр түрлі бағдарламалар
іске асырылуда, мұғалімдер мен оқушыларға арналған бүгінгі талапқа сай
деңгейде ғаламдық экологиялық мәселелерді қамтыған сан алуан оқулықтар мен
қосымшалар шығарылып, Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша
білім беру жобалары іске қосылуда.
Тек саналы адам ғана өз істеген ісін түсініп, бағалайды, кез келген
жағдайдан шығар жол тауып, өз пікірін білдіре алады. ХХ ғасырда немен өмір
сүргенімізді бір ғана менен кейін сел болса да мейлі… пікірі білдіреді,
алайда өздерінің анти-табиғи әрекеттерін ақтау үшін олар НТР жеңісі, НТП
дамуы, адам – табиғат патшасы, әлем иесі, т.б. деген атауларды тағынған.
Сондықтан экологиялық дүниетаным – ғылыми білімдер, экологиялық мәдениет
пен этика білімнің стратегиялық мақсатына айналуы тиіс. Бұл үшін білім беру
мен ағарту ісінің тиімді жүйесі қажет. Нақты жағдайда экологиялық
білімденуді іске асырудың ұтымды жолы оқу пәндері мазмұнының
экологияландыруы және студенттердің НИР шеңберінде жеке экологиялық
жобаларды атқаруы болып табылады.
Экологиялық білім беру саласында нақты әрі сапалы өзгерістер
белгіленіп отыр деп айтуға болады: бүгінгі күні мектеп қабырғасында
экологиялық білімнің белгілі бір деңгейін қанағат тұтып, мектеп
оқушыларының бойында этика – экологиялық көзқарас қалыптастырудың аз екенін
түсіну, сонымен қатар гуманитарлық-эстетикалық және жаратылыстану ғылыми
пәнінің пәндік интеграциядағы экологиялық үлгілерді келешек мамандар қандай
кәсіпті таңдағаны және қандай мамандық бойынша дәріс алып жатқанына
қарамастан, жоғарғы оқу орындарындағы білімге енгізу қажет.
Қазақстанда экологиялық білім беру білім берудің жалпы жүйесінің бір
бөлігіне айналғандықтан, республикамызда келешек ұрпақты тәрбиелеу және
экологиялық білім беру саласындағы жаңа бастамаларды қолдау үшін біршама іс-
шаралар атқарылуда. Біз экологиялық білім беру, ағарту және тәрбиелеуді
дамыту жөніндегі жобаларды орындау мақсатында жалпы физика бойынша
оқушыларға арналған астрономия элементтерімен интеграциядағы оқу –
әдістемелік, экологияланған материал дайындаудағы ортақ іске өз үлесімізді
қосқымыз келді.
Экологиялық мәселелер табиғат, қоғам, техника, адам мен оның қызмет
тәсілдері туралы терең де мықты білімнің құрылу міндеттерін қамтиды. Бұл
білімнің негізгі төрт мақсатының бірі болып табылады [16,17]. Бұл арада
қоғамдағы экологиялық оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік деңгейге қойылып,
балалық шақтан басталып, келешек мамандар дайындаудың барлық деңгейінде
жүргізілуі тиіс деген басты мақсат қызыл жіппен жүргізілуі қажет.
Бұл жағдайда экологиялық оқыту мен тәрбиелеу, экологиялық білім
беру және экологиялық түсінік ұғымдары мемлекеттік деңгей статусына ие
болары талассыз. Біз үшін бұл терминдер жұмыстың негізгі көзіне айналған.
Бұл арада әңгіме экологиялық ұғым адам мен қоршаған ортаның
үйлесімділігімен сипатталатын оның білім алу үрдісінің негізіне енгізіліп,
ерекше ойлау амалына айналуы міндетті болатын қоғамымыздың жаңа
менталитетінің құрылуы жайында болып отыр.
Ғалымдардың зерттеуі олардың эволюциялық (жаңашылдық) теорияларын,
ойлары мен білімдерін анағұрлым нақты сипаттайтын жаңа терминдер мен
түсініктерді білдіретін, бүгінгі талапқа сай теорияға алып келді. Сондықтан
қоғамда экологиялық ұғымның қалыптасуы – табиғатты өзіне зиян келтірмей,
оған билік жүргізуге болмайтын бөгде зат деп тану.
Экологияның арнайы курсы табысты құрылса да, жоғарғы оқу орындарындағы
жаратылыстану ғылыми пәндерін экологияландыруы жаңа ғана оқытылуда. Мысалы,
алғашында экологиялық ойлар жоғарғы оқу орындарында оқылатын пәндердің
байланыссыздығын анықтады; олардың біріктірілуі практикалық және теориялық
тұрғыдан да қиындықтар туғызды. Теориялық тұрғыдан алғанда авторлардың
көпшілігі білім беру саласындағы экологиялық оқытуды дамытудың аралас
үлгісі сұранысқа ие екенін мойындайды: экология ойлары жоғарғы оқу
орындарында оқылатын барлық пәндерді байланыстрады, экологияландыру барлық
пәндердің жақындастырылуының біртұтас болжамын қолдап, білім берудің
тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді.
Нақты экологиялық құндылықтар жаңа өнегеліліктің құрылуына негіз,
білім мазмұнын таңдауда, әдістемелік қатынас пен оқыту құралдарын қайта
қарауда болжам бола алады және білім берудің дамуындағы интеграция мен
гуманизацияға негіздемелік сипат береді. Негізінде экологияландыру бүгінгі
таңда бытыраңқы пәндерді жақындату және жаратылыстану ғылыми білімнің
дамуына бірыңғай болжам беруге бағытталған. Жаратылыстану ғылыми пәнінің
білім берудің экологияландыру әдістемесі мен қағидаларын сараптау олардың
әр түрлілік пен әр бағытта екенін анықтап берді, өз қатарында пәндердің
өзіндік ерекшеліктерімен шартталған 90-шы жылдары ТМД елдерінде экологиялық
білім берудің бірқатар концепциялары белсенді түрде дайындалды.
Тұрғындардың қоршаған орта жағдайы туралы экологиялық білім алу және
хабарламалық деңгейінің арттырылуы тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтің басты бағыты болып табылады.
Экологиялық білімді меңгеру, тұрғындардың гуманитарлық экологиялық
танымының дамуы, келешек мұғалімдер мен ұстаздардың кәсіпкерлік дайындығы
аталмыш мәселенің шешуші көздерінің бірі екені анық. Жоғарыда келтірілген
барлық өзекті экологиялық мәселелердің шешіміне көңіл бөлініп, білім
берудің экологияландырылуы бүгінгі күні шешімін күткен бағыттар қатарына
қойылған, оның үшінші мыңжылдықтағы мақсаты Қазақстан тұрғындарының тұтас
тіршілік ортасының қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы жолында жаңа экологиялық
менталитет құру. Қазір экономикалық дамудың табысы кадрлардың экологиялық
сауаттылығы мен экологиялық білім деңгейіне байланысты екенін көпшілік
жақсы түсініп, мойындайды. Хабарлама ғасырында оқытудың экологияландырылуы
–жаратылыстану ғылыми пәнінің циклындағы – физика мен астраномия оқу
пәндерінен дәріс беру – үздіксіз және ауқымды хабарламалармен толықтырылып,
айтарлықтай өзгерістерге ие болып отыр.
Бүгінгі таңдағы оқыту мәселелерін зерттеу жаратылыстану ғылыми пәнінің
циклындағы – физика және астрономия пәндерінен сабақ беру процесі де жас
буынның дәріс алуына арналған үздіксіз әрі ауқымды хабарламалардың
салдарынан өзгеріске ұшыраған, мұндай білім өз қатарында не бірнеше
дәстүрлі ғылыми пәндердің қосындысы; немесе маңыздылығы жағынан кем
түспейтін басқа да пәндердің элементтерін қамтыған бір пән болады, дәлірек
айтқанда пәндердің интеграциялануы. Бұған қоса білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес оқу-тәрбиелік процестің ұйымдастырылуы бүгінгі күні
айтарлықтай қиындықтарға кездесіп отырғаны жасырын сыр емес.
Бірінші кезекте ол 30 жылдан артық уақыт қолданылып келе жатқан және
оларға жоғарғы оқу орындарының ұстаздары әбден көнген оқу жүйесі мен ғылыми
әдебиеттер бүгінгі күнгі Мемлекеттік стандартқа сай емес: оларда тек физика
пәні бойынша ғана емес, астрономия, физика мен астрономиядағы экология
бойынша да бірнеше маңызды мәселелер қаралмайды.
Ғалам мен Әлемнің құрылымы туралы маңызды мәселелерді түсіндіруде
басты көмек беретінінен байқаймыз. Әрине, физика пәнінің мұғалімдері бұл
мәселелерді мүлдем қарамайды деп айту қиын, алайда экологиялық факторлардың
талдануы кездейсоқтық оқиға. Бұған қоса бүгінгі жағдайда кез келген
экологиялық жұмысты атқару, мысалы экологиялық экспертиза мен
тәуекелшілікті бағалау физика мен астрономиядан жақсы білімді талап
ететінін атап айтқан жөн. Бүгінгі таңда туындап отырған әлемдік экологиялық
кризис пен экологиялық апаттың алдында білім берудің экологияландырылуы
халықаралық идеология және бар әлем елдерінің біртұтас саясатына айналуы
мүмкін, бұған экология және ғылымның басқа да салаларына арналған көптеген
халықаралық конференциялар мен конгресстердің өткізілуі дәлел. Экологиялық
білім беру Жаңа дәуірде экологияландырылған ғылымның тууы мен дамуына ықпал
етеді.
Бұл аспектіде бүгінгі күні қолда бар Г.Д. Бессараб, Т.А. Попова, Г.Ю.
Граковский, Ю.И. Дик, А.А. Пинский, А.П. Рыженковтың, т.б. еңбектерінде
[13-22]. пәнаралық байланыстар жақсы талданып, орта мектептердегі білім
беру және дамыту мәселелерінің оң шешілуіне әсер ететін интегративтік оқу
бағдарламаларын атап айтуға болады. Бүгінгі күні оқу үрдісіндегі
интеграциясыз білім беру саласындағы жақсы нәтижелерден үміт күтуге
болмайды. Сондай-ақ, физиканың экологияландырылған интегративтік курсы –
қызметтің жаңашылдық түріне жататынын, яғни орта мектеп ұстаздарының
педагогикалық және кәсіпкерлік қызметінің жаңа үлгілерін құруға
бағытталғанын атап айтқан жөн.

1.3. Мектептегі физика және астрономия пәнін экологияландырудың
теориялық негіздері

Жаратылыстану ғылыми пәнінің білім беруінің соңғы онжылдықтағы
дамуының экологияландыру тенденциясы оның құрылуына ықпал етуші сыртқы және
сол жаратылыстану пәндерінің мүмкіндіктерін анықтаушы ішкі себептерінің
белгісі болып табылады. Теориялық тұрғыдан алғанда білім беру саласында
экологиялық оқуды дамытудың аралас үлгісі сұранысқа ие, яғни бұл үлгіде
экология идеялары барлық мектеп пәндеріне қатысты болып, сондай-ақ толық
мектеп қабырғасында берілетін білім барысына арнайы экологиялық курстар
енгізіледі. Атап айтқанда, экологияландыру тұтас білім беру саласының, оның
ішінде жаратылыстану ғылыми пән білімінің дамуына бағыт сілтейді.
Экологиялық құндылықтар ғана жаңа өнегенің құрылуына негіз бола алады,
ол білім беру мазмұнын іріктеп, методикалық әдістемелер мен оқыту
құралдарын таңдауда жаңа бағыт ұсынып, білімді дамытудағы интеграция мен
гуманизация идеяларына негізділік сипат береді. Экологияландыру бірыңғай
болжам тапсырмалары арқылы жалпы білім беру саласының тұтастығын
қамтамасыз ету үшін қажет болғанына қарамастан, алғашында экологиялық
идеялар мектеп пәндерінің, оның ішінде ең алдымен қоғамдық-гуманитарлық
және табиғи-математикалық секілді білім беру салаларының бытыраңқылығын
анықтады. Әзірге олардың жақындасуы практикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен
қатар теориялық тұрғыдан да қиынырақ.
Жаратылыстану ғылыми пәнің білім берудің экологияландыруының өтуіне
негіз болған идеялар, әдістемелер мен қағидалар талдауы олардың көбіне
пәндердің өз ерекшеліктеріне шартты болған әртүрлілігі мен әр бағыттылығын
көрсетті. Толық жаратылыстану ғылыми пәнінің білімінің тірегі (базисі)
ертеден физикалық деп саналады. Бірқатар зерттеуші-педагогтар физикалық
білімнің мақсатын қысаңпәндік деп есептеуге болмайтынына және олар басым
жағдайда әлемнің сан алуандығы мен жүйелілігі туралы елестің құрылуы,
адамның әлемді тануы мен білімді пайдалануы туралы аспектілерді
қамтитындығынан, экологиялық білімнің мақсатына сай келетініне сенімді.
Алайда бұл үшін акценттің физика бағасына ауысуы қажет, ең алдымен
қоғам дамуындағы ғылыми-техникалық прогресс басты назарда. Тарихи түрде
табиғат құбылыстары мен процестері туралы ғылым түрінде құрылғандығына
қарамастан, мектеп пәні ретінде физика көп жағдайда техникалық прогресстің
дамуын қамтамасыз етуші физика ғылымның жетістіктерін білдіреді. Яғни,
физика пәнінен дәріс берудегі акценттердің ауысуы көп жағдайда оның
пайдаланудағы қолданбалы сипатына емес, табиғат құбылыстарын зерттеуге
бағытталатындығынан экологияландыруға өз септігін тигізері талассыз.
Физикалық білімнің экологияландырылуы дәріс берудің мазмұнын іріктеу,
сондай-ақ жаңа формалар мен ұйымдастыру тәсілдерін іздестіру арқылы іске
асырылады. Мазмұнды іріктеуде екі әдісті ерекше атап көрсетуге болады.
Біріншісі физика пәнінде экологиялық мазмұнмен толықтырылуы мүмкін
тақырыптардың көрсетілуімен байланысты.
Экологиялық хабарламалар физика курсымен логикалық байланыста болуы
тиіс; олардың пайдаланылуы физикалық білімнің нақтылығы мен тереңдетілуіне
бағытталған. Мұндай әдіс физика мен экология арасында пәнаралық байланысты
қамтамасыз ете отырып, пәнаралық принципі арқылы іске асырылады.
Ол негізінен физикалық тақырыптарға енгізілуі үшін экологиялық
материалдарды таңдау барысында үш тақырыпты қамтиды. Бұл біріншіден, табиғи
объектлердің физикалық сипаттамасын және олардың қоршаған ортаның тұрмыстық
және өндірістік қалдықтармен ластануы барысындағы өзгерістерін қарастыру.
Екінші бағыт – ең алдымен физикадағы Энергия тақырыбымен байланысты.
Энергияның альтернативтік көздерін, азқалдықты технологияларды,
радиоактивтілікпен байланысты мәселелерді қарастыру. Үшінші бағыт мазмұны
жағынан бірінші екі бағыттың қолданбалы аспектісі болып табылады және
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техника мен физикалық тәсілдерін
қарастырады.
Тиісті физикалық тақырыптарға экологиялық мазмұнды қосу барысында ол
әдетте тиісті физикалық заңдылықтардың пайда болуының көрінісі, немесе
физиканы оқуға қызығушылықты ынталандырушы фактор ретінде байқалады. Екінші
әдіс органикалық өмірдің биосферадағы физикалық тіршілік ортасын тереңірек
зерттеуге бағытталған, аталмыш әдісте физиканың мектеп курсындағы
тақырыптарының қайта құрылып, олар экологиялық тақырыптарға бағындырылады
(Мареев, 1995). Бұл әдісті іске асыру барысында жаңа оқу курстары:
Экологияның физикалық негіздері (Мареев, 1995) немесе Физика. Адам.
Қоршаған орта. (Рыженков, 1996) пайда болды.
Физиканың мектептік курсының толық және сатылы экологияландырылуы
физика теориясы кафедрасының профессоры А.П. Рыженковтың
зерттеулерінде келтірілген. Оның дайындаған экологиялық білім беру
концепциясында физиканы оқыту үрдісінде жоғарыда сөз болған екі әдіс
біріктірілген. Концепцияның негізгі ережелері физика мен экологияда ортақ
зерттеу объектілері мол. Олардың бірі – орта көзқарасынан бастау алады.
Орта әр түрлі құбылыстар болып тұратын физиканың фоны және дербес
объектісі (нысаны) болып табылады.
Экология үшін орта – тірі организмдердің тіршілік орны, ол физикалық
факторлармен де анықталады, сонымен қатар олардың өмір сүру көзі болып
табылады. Концепцияда фундаментальдық экологияның заңдары мен түсініктері,
әсіресе биосфералық үрдістер мен экожүйелердің тұрақтылығы физика арқылы
экологиялық білім берудің ұйытқысы болуы тиіс екені ерекше аталған.
Концепция құрылуының негізгі қағидаларының арасында пәнаралық қағида,
қоршаған ортаның тұтастығы, ғаламдық ойлану мен локальды іс-қимыл, сондай-
ақ үзіліссіздік қағидалары ерекше бөлінген. Концепция авторының пікірінше,
экологиялық аспектінің физикаға енгізілуі оның басты зерттеу объектісіне –
табиғат құбылыстарына алып келеді, сонысымен пәнге деген қызығушылық та
артады.
Экологияландыру мақсаттарының талқыланушы әдістерінің арасында ең
басым қаралатыны – бірінші әдіс, атап айтқанда – экологиялық тақырыптың
физиканың мектеп курсындағы тиісті тақырыбына енгізілуі. А.П. Рыженковтың
концепциясындағы екінші әдіс пен олардың біріктірілуі көп жағдайда
экологиялық білім беру саласында мамандар дайындауға қызмет етеді.
Алайда, сөз болып отырған құжаттар (бағдарламалар мен концепция)
құрылған сәтте экологиялық білім беру мақсаттары мен экологияландыру
түсініктері арасында бөліс болған жоқ, сондықтан олар бір құжатта бір ортақ
контексті талқылайды.
Мысалы, Физиканы оқыту үрдісіндегі экологиялық білім беру
концепциясында физика курсының экологияландыру мәселелері қаралған.
Физиканың экологияландырылған курс мазмұнын таңдаудағы әр түрлі әдістер
дәріс берудің экологиялық мазмұндағы есептерден бастап далалық жұмыс
тәжірибелерін ұйымдастыруға дейінгі сан алуан формаларын ескереді.
Осылайша, соңғы он жылда мектеп қабырғасындағы жаратылыстану ғылыми
пәндерінің әрқайсысының мазмұны экологияландыру тенденциясының дамуы
салдарынан бірқатар өзгерістерге ұшырады. Аталмыш тенденцияның дамуында ең
алдымен әр пәннің оқытылу ерекшелігі бейнеленуіне қарамастан,
экологияландырылу жаратылыстану ғылыми пәндерінің дамуындағы ортақ
ержелерді де анықтады.
Біріншіден, экологиялық материалдың енгізілуі әрбір жаратылыстану
ғылыми пәнінің зерттелуіне деген дәлелдерді күшейтеді. Экологиялық
мәселенама оқушылардың жаратылыстану ғылыми пәнін оқуға ғана емес, сонымен
қатар оқу үрдісі мен қоршаған табиғат әлемін тану үрдісінене деген
қызығушылығын да арттырады.
Екіншіден, экология ғылымын зерттеу пәнінің өзі қалған табиғи пәндерді
оқытудағы ортақ аспектілерге ие болғандықтан, экологияландыруға байланысты
әрбір жаратылыстану ғылыми пәні қосымша нақтыланады, және жаратылыстану
ғылыми пәнінің курстарын оқып-зерттеудің тереңдетілуі мен негізделуі
мүмкін.
Үшіншіден, экологиялық материалдың көмегі арқылы жаратылыстану ғылыми
пәнінің курстарын оқытудың мәселенамасы туындайды, бұл оқушылардың оқып-
білуге ғана емес, сонымен қатар жеке болжамдағы жаратылыстану ғылыми
пәндерін зерттеудің жаңа формалары мен әдістерін дайындаудағы қызығушылығын
тудырады.
Төртіншіден, экологияландыру арқылы қосымша білімнің әртүрлі іс-
шараларын тарту арқылы жаратылыстану ғылыми пәндерінің теоретикалық
материалының өмірдің нақты тәжірибесімен байланысын жүзеге асыруға болады.
Бесіншіден, экологияландыру арқылы жаратылыстану ғылыми пәндерін білім
берудің гуманитарлық құнды болжамы дамып, гуманитарлық қатынастар туралы
түсінік те жаңарады. Қазір олардың ортасында адамдар арасындағы қатынас
қана емес, сонымен қатар табиғатқа деген адамгершілік қатынас та бар.
Алтыншыдан, экологияландыру арқылы жаратылыстану ғылыми пәнін білім
беру саласына жүйелілік енгізілуде.
Жетіншіден, экологиялық материалдың енгізілуі жаратылыстану ғылыми
пәні білім берудің әдістемелік жүйесінің жетіліуіне өз әсерін тигізеді:
дәстүрлі элементтерден басқа оларда жаңа – құндылық элементі құрылады;
мақсаттар жоспарлы нәтиже ретінде нақтыланады.
Барлық жаратылыстану ғылыми пәндерінің экологияландырылуы жүзеге
асырылатын негізгі жолдар да бір-біріне ұқсас.
Экологиялық хабарламаны пәндік тақырыптарға енгізу жолында табиғат
қорғау бөлігінің негізгі идеялары байқалады. Пәндік мазмұнды ұйымдастыру
логикасы өз қалпында қалдырылады: табиғи объектіні зерттеу – оның табиғи
шаруашылықта пайдаланылуы – қоршаған ортаны қорғау.
Екінші жолда пәндік мазмұнды ұйымдастыру логикасы экологиялық
материалды ұйымдастыру логикасына бағынышты. Экологияның физикалық
негіздері, Экологияның химиялық негіздері, Биоэкология (Өсімдіктер
экологиясы, Жануарлар экологиясы), Геоэкология негіздері атты
интеграциялық курстар пайда болады. Пәндік мазмұн экологиялық мазмұнның
құрылу логикасына бағынышты болған жол жалпы білім беру мектебінің емес,
экологиялық бағыттағы мектептің сұранысына басымырақ ие екенін атап айтқан
жөн.
Экологиялық мәселелерді қараудың үшінші жолы – жеке түрде және алғашқы
белгіленген екі жолдың бірігуінде де пайдаланылады. И.Т. Суравегинаның
(2000) пікірінше, бүгінгі күні кез келген оқу пәнінің экологияландыруын
білдіретін оптимальды форма ретінде атауы мен мазмұны нақты экологиялық
мәселені қамтитын экологиялық сипаттағы өзіндік тақырып қызмет етуі
мүмкін. Ол кісі физика үшін Қоршаған орта құрылуының физикалық негіздері
және ғаламдық экологиялық мәселелер; химия үшін Қоршаған орта құрылуының
химиялық негіздері және ғаламдық экологиялық мәселелер; биология үшін
Тіршілік түрлерінің бірлігі мен тұтастығы; биологиялық әртүрлілікті сақтап
қалудың ғаламдық мәселесі; география үшін Экология мен экономика: дамудың
ерекше мақсаттары; табиғи ресурстарды сақтаудың ғаламдық мәселелері атты
тақырыптардың тізбесін көрсеткен.
Жекелеген жаратылыстану ғылыми пәндерінің концепцияларында білім
берудің барлық жолдары бейнеленген, оларды әлі өңдеу қажет. Жаратылыстану
ғылыми пәнін білім берудің экологияландырылуының жоғарыда қаралған жолдары
негізінен мазмұндық аспектілерді ашады. Мазмұнның өзгеруі арқылы көптеген
зерттеушілер жекелеген … жалғасы