қазақтың арулары, қыздары, жыр, өлең, тақпақ,

0

Ару көрсем-қара көз сұлуларын,
Мұсылманның иманды сұлу жарын,
Қазақпа деп таң қалып таңдай қағам,
Қазақ деген ерекше қандай адам!

Арман барма, шіркін-ай, жігіттерде,
Қазақтың қара көзін аймалаған!
Қазағыммен қазағым тұрмыс құрса,
Содан артық мол бақыт қайда маған!…

Қазағымның болмаса арулары,
Инабатты сұлуды қайдан алам?!

Шаманов Биғали