Қазақстандық дзюдошылар Ташкент татамиінен екі жүлде еншілеп қайтты

0

Қазақстандық дзюдошылар Ташкент татамиінен екі жүлде еншілеп қайтты

Өзбекстан елінің астанасы Ташкентте дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 қола медальмен жалпы есепте 9-орыннан көрінді.

Ташкент татамиінде 47 елден 347 дзюдошы белдесті. 3 күнге созылған жарысқа Қазақстан атынан 21 дзюдошы бақ сынады.

Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта) таза жеңіспен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

100 келіден жоғары салмақта белдескен дзюдошымыз Ерасыл Қажыбаев қола жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Ерасыл жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Ихтиор Калмуратовты уақытынан бұрын иппонмен жеңді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг) және Аэлита Щербакова (70 кг) жарысты 7-орынмен аяқтады.

Ташкентте өткен Гран При турнирі лицензиялық турнир болып саналады. Мұнда жеңімпаздарға – 700, екінші орын алған спортшыға – 490, ал үшінші орынға 350 ұпайдан дзюдошылардың әлемдік рейтингіне қосылады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз