ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО — МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Этно-мәдени туризмінің даму тарихы
1.2 Шетелдік этно-мәдени туризмінің тәжірибесі
1.3 ЮНЕСКО-ның этно-мәдени туризмін дамытудағы рөлі
2 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Қазақстандағы туризмді дамытудың қазіргі жағдайлары мен мәселелері
2.2 Орталық қазақстан — қазақстан республикасының құрамындағы экономика-географиялық аймақ
2.3 Орталық Қазақстанның туристік нысандарының сараптамасы
3 ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО-МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
3.1 Қазақ халқының этно-мәдени құндылықтарын сараптау
3.2 Орталық Қазақстандағы Балқаш-Нұрсая этноауылына маршрут әзірлеу
3.3 Маршруттың калькуляциясын есептеп, туристік нарыққа шығару жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заманның бет алысына қарай, аса күрделі, қиын кезеңге аяқбастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал — біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.
Елбасы Нұрсултан Назарбаев өзінің Қазақ халқына жолдауында Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз — тәуелсіздік, тілегіміз — тұрақтылық, білегіміз — бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көкбайрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан! — деді.
Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар — уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз — елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету! [1]
Этномәдени туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің халқы саны аздау мемлекеттердің рухани, діни, салт-дәстүрлерін және тілін сақтау жағдайының күннен күнге нашарлауы, яғни техникалық прогресс пен урбанизациядан елдігін жоғалту алдындағы адам баласының табиғатқа, елін жерін, тілін салт-дәстүрін сақтап, соның арқасында демалып, жүйке жүйесіне түсетін жүктеменің салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Этномәдениет — этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография — белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің түсінігіміздегі қала мағынасын берсе , медэни — қала тұрғыны деген ұғымды меңзейді [2].
Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін этномәдени туризм болды.
Ішкі және сыртқы туризм саласында этнотуризмнің алатын орны ерекше. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі.
Туризмнің ерекше саласы ретінде этнотуризм теориясының аз зерттелуі болып табылады. Туризмнің дамуындағы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сұраныс жоғары, сондықтан да Қазақстанның мәдени-тұрмыстық жетістіктері мен ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерінің бай мұрасын көрсету туризмнің дамуына әсері мол. Ұлттық салт-дәстүрлерді әлемге насихаттау және сұраныстың ұлғаюы нәтижесінде өнімді әлемдік деңгейге ұсыну мәселесі бар. Осы саладағы зерттеулер маңызды болып табылады.
Жұмыстың зерттелу нысаны: Орталық Қазақстандағы туристік іс-әрекет.
Жұмыстың зерттелу пәні: туристік бағыттың бірі — этномәдени туризмі.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы этномәдени туризмнің дамуын зерттеу.
Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер айқындалды:
— Этнотуризм туралы түсінік, оның түрлері. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне талдау жасау;
— Қазақстанда этнотуризмнің даму деңгейін қарастыру
— Қазақстандағы этнотуризмнің даму деңгейі, перспективалары
— Туристтерге ұсынуға болатын этнонысандар мен салт-дәстүрлерді, этномұражайлар мен этноауылдардың жұмысын қарастыру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен тәсілдері қолданылды: әдеби көздерді сараптау, Қазақстандық этнобағыттағы турөнімді сипаттау, туристік көзқарасты қалыптастыру. Ғылыми ізденіс жұмысындағы ақпарат көздеріндегі басымдық интернет-сайттарда болды. Себебі, туризм — динамикалық көрсеткіш. Нарықта үлгермелі болу үшін, соңғы туристік нарық ақпараттарына ие болып, жаңалықтармен таныс болып отыру қажет. Ал олардың үлкен базасы — интернет көздерінде.
Қазақстандық этнографиялық туризмін дамыту үшін тақырыптық этнографиялық маршруттар мен экскурсияларға: ұлттық тағам дайындауға, салт-дәстүрлермен танысуға байланысты этноауылдарға маршруттар; қазақша күрес немесе көкпар спорттық ойындарының масштабын кеңейту арқылы шетел туристерін тартуға ұсыныстар беріледі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс 73 беттен тұрады. 4 кесте, 2 сурет, 30-дан астам шетел және отандық әдебиеттер қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.
1 ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Этномәдени туризм саласына қоғамдық құрылымдарда болып жатқан әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени өзгерістер әсер етеді. Халықтың өзіндік ерекшелігін сақтау, нығайту және дамыту процессінің фундаменталды негізі болып табылады. Әр халықтың мәдениеттерін өзара алмасуына ықпал болатын этномәдени туризм, осы мәдениеттерінің өзіндік ерекшелігін көрсетсе, оданда құнды болады, және олардың іштей баюына себепкер болады.
Аймақтық, жергілікті этномәдени туризмнің бастауы көне заманға кетеді. Оның алды адамзат өркениетінің арайында деп асыра айтсақ болады. Ол кезде ата-бабаларымыз күн көру үшін, жергілікті өлкені бес саусағындай білу өте қажет еді. Жергілікті табиғатты, оның флорасы мен фаунасын оқу, олар қандай қарапайым болмасын, өзін сақтап қалу үшін ғана емес, сонымен қатар, өзінің ұрпағын ұзарту және сақтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың этносоциология деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсысының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес этногенез т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн [3].
1.1 Этно-мәдени туризмінің даму тарихы
Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан, терминнен шыққан. Этнос грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға өте жақын.
Этника немесе этникалық қауымдастық — белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық бамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процесін өткереді. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы — әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Этномәдени туризмін дамыту үшін қажетті ресурс мөлшерінің ең аз көлеміне кез-келген жер мен онда тұратын жергілікті халық жатады деп есептеледі. Алайда этномәдени туризмін кең ауқымда дамыту үшін мәдени және табиғи мұраның ресурстық әлеуетін қажеттілік етеді.
Туристердің ең жоғары қызығушылығын тудыратын халық мәдениетінің элементтеріне жататын, ол — өнер, ғылым, дін және тарихы.
Халықтың өнерін зерттеу, оның ішінде халықтың шығармашылық өнерін оқу этномәдени туризмнің негізгі бөлімі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, өнер ескерткіштерінде халықтың өткені мен қазіргі кезі, рухани өмірінің қайталанбас ерекшелігі айқындалады. Халықтың қолөнері мен халықтың өнері туристер үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені олар халықтың тұрмысымен, өмір және еңбек салтымен, мәдени дәстүрлерімен және халық салт-ғұрпымен байланысты, және олар жергілікті көркем мәдениетінің бастамасын және өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді. Халық өмірі қашанда табиғаттың өмірімен тығыз байланыста болады. Табиғат адамға өңдеуге және қолдануға материал береді, өнердің мазмұнына бастау болады. Мотивация және эмоционалдық құрылымына әсер етеді. Халық шеберлерінің қолында қарапайым материалдар: сары топырақ, металл, сүйек, темір, ағаш — өнер туындыларына айналады. Ғасырлар бойы халықтық шығармашылықта, осы елге тән ең жақсы формалар, композициялық сызбалар, ою-өрнектер, түс өңдері шыңдалған.
Этномәдениет сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз.
Этнос — тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық — тайпа, халық, ұлт. Этно күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік,этномінез — құлық айқындалады.
Этномәдениет — этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография — белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің түсінігіміздегі қала мағынасын берсе, медэни — қала тұрғыны деген ұғымды меңзейді [4].
Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақтар ХХ ғасырға дейін мәдениет сөзін қолданбады. Бірақ, мәдениет терминінің орнына әдет-ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер қолданылады.
Мәдениет туралы анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:
Мәдениет — тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі.
Заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы;
Іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі.
Адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген.
Ол мәдениет — әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі дейді. Бұл жағдайды мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез келгенінің сапалық көрініс ретінде қарастырылады [5].
Философиялық сөздікте:
Мәдениет — адамзаттың болмыс пен санасының барлық салаларындағы әлеуметтік прогрестік шығармашылық қызметі, бұл қызмет адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған, адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі. Мәдениет әлеуметтік болмысты сақтау және жаңарту үшін адам қолданылатын формалардың эволюциясын дәлелдеуде айқындалады, ал формалары дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңында:
Мәдениет — адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деп көрсетілген.
Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б.
Рухани мәдениетте — тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
мәдениет — адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі делінген.
Сонымен, мәдениет дегеніміз — адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері.
Мәдениеттің ең жоғарғы нәтижесі — адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады.
Мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның қалыптасқан бағытына; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдануына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады.
Этномәдениет мәселесі ерте заманнан түрлі ғылым өкілдерінің қызығушылығын тудырған. Этникалық мәдениет — мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі, ол белгілі бір қызмет атқарады және өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.
Этнопедагогикалық мәдениет — этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы [6].
Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.
Әтномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
Этникалық мәдениет — халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылыған іске асыратын нысан.
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.
Этносаралық толеранттылық. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген Толеранттылық принциптері декларациясында келесі анықтама ұсынылады: Толеранттылық — біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қармы-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық — бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес.
Этникалық толеранттылық — басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу [7].
Толеранттылық тәрбиелеу жолдарын қарастыру мәселелері әртүрлі заң шығарушы, атқарушы органдар, дін басылары, дін өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, университеттер және мектептер жүйелі түрде талқылауда.
Ұлттық бірлік доктринасы этносаралық келісімді айқындап, қазастандық біртектілікті одан әрі қалыптастырудың өзекті құжаттарының бірі болып табылады. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, жалпы біздің тағдырымыздан, тарихи логикасынан туындап отыр.
Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.
Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Атазаңында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үрдесінің басты құралы болмақ [8].
Мәдениет — халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет — адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
1.2 Шетелдік этно-мәдени туризмінің тәжірибесі
Қытайда Мемлекеттік туризм жөніндегі басқармасы ағымдағы жылды туризм жылы деп атады. Оның негізгі бағыты Қытайдың халық өнерімен таныстыру. Ағымдағы туризм жылының тақырыбы қарт елдің тарихындағы көне өркениетімен, дәстүрлі халық өнері мен халықтың салт-дәстүрімен, аңыздары мен халықтық фольклормен және туристік жұмыстың ары қарай дамуымен таныстыру. Мемлекеттік туризм жөніндегі басқармасы хабарлаған жыл тақырыбына сай, жоспарланған іс-шаралармен ерекшеленетін халық өнеріне арналған 100 іс-шара ұйымдастырып отыр. Оның ішінде Гирин қаласындағы Цзилинь провинциясының халық өнері туристік фестивалінің ашылуы, Жауын мен қар Халықаралық фестивалі, Чжэцзян провинциясының халық өнері фестивалі, Ханчжоу қаласындағы туристік маршруттың ашылу рәсімі, Иньсянь уезіндегі үйлену той салты фестивалі. Наньчан қаласында Цзянси провинциясының халық өнері күндері өтеді, ал Шаньси провинциясының, Пинъяо көне қалашығында қонақтар Науқан мерекесіне арналған алау фестиваліне, Гуанчжоуда көктемгі гүлдер фестиваліне, шанхайдың Юйянь саябағында қытай шамдары мерекесіне, Нанкинде Өрік гүлі Халықаралық фестивальға қатыса алады. Қытайдың мәдени дәстүрлері кеңінен қамтылған. Бұл жайында Халықаралық конфуциандық мәдени фестивалін, Хунань провинциясының Чжучжоуында қытау ұлтын құрушысы Яньдиді еске алу рәсімі, Гуйлиннің керемет көріністері атты туристік фестивалін, Чунциндегі (Санься) Үш шатқалының көрнекті жерлері Халықаралық фестивалін, әлемнің ұлы өзендері туралы халық әндері кеші және т.б. ерекше атап өтуге болады. Әр шараның өзіндік ерекшелігі мен сипаты бар [9].
Бразилияның ең танымал карнавалы Рио-де-Жанейрода 1928 жылдан бері өткізіледі. Карнавалдың ашылу салтанаты сенбі күні, Пасха мерекесіне тура 7 апта қалғанда болады. Салт бойынша сағат 19.00-да Рио-де-Жанейро басшысы карнавалды салтанатты түрде ашып, оның тізгінін карнавал ханына тапсырады. Бұл күндері карнавал Бразилияның барлық ірі қалаларында өтеді.
Бразилияның карнавалы — бұл энергияға толы, тартымды латын сылқымдарының би шеберлігін көруге мүмкіндік беретін қызықты мерекелік шара. Төрт күн бойы саны екі мыңнан бес мыңға дейін жететін Рио-де-Жанейроның ең үздік 12 самба мектептері өзара жарысқа түседі (1 сурет).
1 сурет — Әлемге танымал Бразилиялық карнавал
Карнавалды Рио-де-Жанейро қаласының туризм министрлігі, Самба мектептерінің одағы (Liga Independente das Escolas de Samba do Rio de Janeiro (LIESA)) және карнавалды көрсететін бірқатар телекомпаниялар ұйымдастырады.
Жыл сайын әр самба мектебі белгілі бір тақырыпты таңдап, костюм мен қойылым алаңын анықтайды. Содан кейін хореография, ырғақ, екпін, тұсаукесу рәсімдері жүргізіледі.
Рио-де-Жанейрода өтетін карнавалда әр мектеп алдын ала дайындаған сахналық көрінісін көрсетіп, оны туған жерге арнайды. Әр мектептің шеруі бір жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін. Көрермен қауым сахналық көріністерді үлкен шаттықпен бақылаған кезде, әділқазылар өз бағасын беріп жатады.
Самба мектептері футбол ойынындағыдай төрт одаққа бөлінген. Әр жыл сайын алғашқы одақтан жоғары ұпай санына ие болған бір мектеп алға шығып, ерекше топқа (Grupo Especial) енеді. Grupo Especial-да жеңіске жеткен мектеп ақшалай сыйақы алады. Бірақ, байқауға қатысушылар үшін ең жоғарғы сый ерекше топтардың қатарына ену болып табылады (2 сурет).
2 сурет — Карнавалды ұйымдастыру мен самба мектептері
Ерекше топтың реттілігі жеребе тастау арқылы анықталады. Карнавалдың екі күнінде, яғни жексенбі мен дүйсенбі күндері 6 мектеп өз өнерлерін көрсетеді. Әр өнер көрсетуші мектептің адам саны үш-бес мыңға жетеді. Қатысушылар адам саны қырыққа жететін топтарға бөлініп, 5-8 көліктің үстінде өнер көрсетеді. Өнер көрсету уақыты әр мектеп үшін 82 минутты құрайды.
Әділқазылар алқасы соқпалы музыкалық аспаптардың ырғағын, ән, би, көріністің көркемділігін, қойылымдағы мектептің бірігуін, сонымен қатар, алдыңғы шендегі ту көтеруші әйелдің (порт. porta estandarte) өнерін бағалайды.
Эстасио ауданында орналасқан Самбадрома мінбесіне 88 500 көрермен жиналады. Алаңдағы шеру ұзындығы 700 метрден басталып, мерекелік күндері 10 сағатқа дейін созылады.
Сәрсенбі күні түскі уақытта 40 төрешілердің күшімен, тікелей эфирдегі телеарналардан көрсетілетін әр ондық категориясының төртеуі арқылы жеңімпаз анықталады. Жеңіс марапаты салют пен жеңген мектепке құрмет көрсету арқылы жүзеге асады. Ал екінші және үшінші орын алған мектептерге ақшалай сый беріледі.
Келесі карнавалға дайындық бірден шеру біткеннен соң басталады. Дара демеушілер әр қатысушы үшін көптеген шығынға батады.
Самбадромада орналасқан шағын мұражайда карнавал тарихы, салт-дәстүрі, карнавал жайлы ақпарат ағылшын тілінде айтылады.
Карнавал кезінде жан-жақтан келетін туристтердің санының артуына байланысты көптеген қонақүйлерде орын болмайды. Кариокилер (порт. Cariocas, Рионың тұрғындары) карнавал уақытында қаладан кетуді жөн санайды. Карнавал барысында қылмыстық іс-қимылдар көбейіп, бұзақылық әрекеттер кең таралады. Халықаралық баспасөз өкілдері Риодағы карнавалды пайдаланып, қылмыстық жаңалықтар жайлы көп ақпарат таратады.
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш — татами — төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері — еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар — сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — «Коджики» шежіресі (712) мен «Манъесю» өлеңдер жинағы (759). «Коджики» ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. «Манъесю» антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9-10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың «Генджи — моногатори» романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. «Хейке — моногатори» («Тайр әулеті туралы әңгіме», 13 ғасыр), «Тайхейки» («Алып әлем туралы әңгіме», 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15-16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, «Согамоногатари» («Ағайынды Согалар туралы әңгіме»), «Ешицуне-ки» («Ешицуне туралы әңгіме»), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642-1693) «Бір еркектің махаббат машақаты» (1682) романы, Чикамацу Монзаемоның (1655-1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643-1694), Бусано (1716-1783), Исса (1763-1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755-1829), Каватаке Мокуами (1816-1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоенің «Отты бағана» романы, ақын Ишикава Такубокудың (1885-1912) «Бір уыс құм» (1910), «Көңілсіз ойыншық» (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамуне Хакуте, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға «Қарлы ел» (1947), «Мың қанатты тырна» (1951) повестері мен «Таулар дауысы» (1953), «Көне астана» (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Шимода Сейджидің «Таңсәрі» (1970), Накадзато Кисенің «Айырық» (1963), Суми Суэннің «Өткелсіз өзен» (1970), Кубода Сейдің «Сякунаго деревнясының күнделігі» (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне «Жапон ертегілері» (1959), «Жапон әңгімелері» (1965), «Хиросима қасіреті» (жинақ, 1969),Шимазаки Тоссонның «Орындалмаған өсиет», Эндо Сюсанудың «Әйел жүрегі» (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған [10].
Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Изумо Исе ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытаймәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюджи, Якушиджи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12-16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3-6 ғасырларда «ханива» — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9-11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12-14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16-18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тошико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, шакухачи(бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883-1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясуджи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио’, Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапониятеатры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды.
Міне осылайша мемлекет туризм арқылы өзінің мәдениетін, өркениетін, дәстүрлі халық өнері мен халықтың салт-дәстүрін, аңыздары мен халықтық фольклорын әлемге паш етеді.
1.3 ЮНЕСКО-ның этно-мәдени туризмін дамытудағы рөлі
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО -1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды [11].
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, негізгі білім беру жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Тайландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:
* болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
* білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
* заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
* мүше-мемлекеттерге техникалық ынтымақтастық түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
* арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 3 нысаны бар (2012 жылғы мәлімет бойынша). Екі нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, біреуі табиғи талаптар бойынша іліккен (1 Кесте).
1 кесте — Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылған Қазақстандық нысандар
№
Атауы
Орналасуы
Жасалу уақыты
1
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
(ағылш. Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi)
Қала: Түркістан
Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы
1389-1405
2
Тамғалы петроглиф тас кешені
(ағылш. Petroglyphs within the Archaeological Landscape of Tamgaly)
Жақын қала: Алматы
Облыс: Алматы облысы
Б.з.д. II мыңжылдық — XX ғасыр басы
3
Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері
(ағылш. Saryarka — Steppe and Lakes of Northern Kazakhstan)
Облыстар: Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы
Бұдан басқа, 2012 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 13 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған (2 Кесте).
———————————— ———————————— ———-
2 кесте — Әлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар
№
Аты
Орналасуы
Құрылған уақыты
1
Мерке түрік ордасы
Ең жақын елді мекені: Мерке Область: Жамбыл облысы
VI ғ-XI ғ
2
Беғазы-Дәндібай мәдени ескерткіштері
Ең жақын елді мекені: Ақтогай (Карағанды облысы)
б.з.б.XIII ғ.-б.з.б.IX ғ.
3
Тасмола мәдениетінің қорғандары мен тас құрылыстары
Карағанды облысы, Көкшетау облысы, Павлодар облысы
б.з.б.VII ғ. I-б.з.б.IIIғ.
4
Ешкіөлмес петроглифтері
Ең жақын елді мекені: Талдықорған
XIII-б.з.б.IX ғ.
5
Арпаөзен петроглифтері
Ең жақын елді мекені: Шолаққорған ОҚО
б.з.б. I-ші мыңжылдық
6
Қаратау жотасының палеолиттік нысандары мен геоморфологиясы
ОҚО, Жамбыл облысы,Қызылорда облысы
—
7
Отырар оазисінің археологиялық нысандары
Ең жақын елді мекені: Түркістан ОҚО
—
8
Ұлытау мәдени ландшафты
Ең жақын елді мекені: Жезқазған Қарағанды облысы
—
9
Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі)
Ең жақын елді мекені: Алматы
—
10
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркы
Ең жақын елді мекен: Алматы
—
11
Ақсу-Жабағылы қорығы
ОҚО, Жамбыл облысы
—
12
Батыс Тянь-Шань
Қаратау қорығы
Ақсу-Жабағлы қорығы
Сайрам-Өгем ұлттық паркі
ОҚО, Жамбыл облысы
—
13
Жібек жолы
Аймақ: Еуропа — Қытай
—
Қазақстанның ЮНЕСКО тізіміне енгізетін төрт көне қаласы бар. Әңгіме Ұлы Жібек жолының Сырдария бөлігі және Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық қалалары жайлы болмақ.
Қазақстанның төрт көне қаласын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Ол туралы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО жұмыстары бойынша Ұлттық комиссиясының отырысында, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиулы хабарлады [12].
Біздің міндетіміз, тізімге Ұлы Жібек жолының жалғасын енгізу. Соның ішінде Ұлы Жібек жолының Сырдария бөлігі және Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық енгізіледі. Жақын арада, Юнеско отырысында, біз осы ұсынысымызды бере аламыз. Тиісті номинациялар тағайындалған соң, Юнеско Қазақстанға реставрациялық жұмыстарын жүргізуге көмек көрсете алады.
Мысалы үшін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі туындаған кезде, ЮНЕСКО тарапынан көмек көрсетілген еді.
Сарайшық қаласының сәулеттік бейнесінің сақталуы алаңдатады. Өйткені, Сарайшықтың Жайық жағалауындағы бөлігін су шайып жатыр. Сондықтан оны жабу керек, және Сарайшық тек облыс басқармасының назарына іліккен нысан ретінде ғана емес, сондай Бүкіләлемдік мәдени мұра статусына ие болады деген үміттеміз. Сонда қосымша қаражат тартып, сондай әлемдік қоғамның назары аударылатын еді. Сонымен қатар Қазақстанда, ЮНЕСКОның қарамағында арнайы мәдениетті біріктіру орталығы жұмыс істейді, оны академик әрі археолог Карл Байпаков басқарады.
Осы орталықтың арқасында ЮНЕСКОмен ғана емес, сондай басқа да ірі мәдени орталықтарымен қарым қатынастарымыз белсенетініне сенеміз. Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Қазақстанда тұңғыш рет Көне Тараз — археологиялық қалашығы ұйымдастырылды.
2 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Қазақстандағы туризмді дамытудың қазіргі жағдайлары мен мәселелері
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайды, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істейді. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз — әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады [13].
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді [14].
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
— кез-келген елде, сондай ақ, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстарының болуы;
— туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
— сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
— аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
— алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;
— қызмет көрсету секторының өсуі;
— елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАӘ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың рөлі төмен. Эйр-Казахстан-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар [15].
Ал автомобиль көлігінің ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде Сайран автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі Қазақстан Теміржолы 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмінің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға (2000-2003) байланысты шаралар болды.
2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26 млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар еді.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.
Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар.
Оған ықпал ететіндер:
— еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;
— саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;
— еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;
— мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;
— Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы-этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;
-Туристік-рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;
— бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).
Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы БТҰ-на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz