Қазақстан жастар құрамасы Испаниямен бір топқа түсті

0

Қазақстан жастар құрамасы Испаниямен бір топқа түсті

Футболдан жастар арасындағы 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы 6-шы топқа түсті.

Жеребе нәтижесі бойынша отандастарымыз Испания, Израиль, Черногория, Македония және Фарер аралдары құрамаларына қарсы ойнайды. Іріктеу кезеңінде әр топта жеңімпаз атанған және екінші орын алған екі үздік құрама жарысты жалғастырады.

Жеребе нәтижесі:

1 топ: Италия, Швеция, Исландия, Ирландия, Армения, Люксембург.
2 топ: Франция, Словакия, Швейцария, Грузия, Әзірбайжан, Лихтенштейн.
3 топ: Англия, Австрия,Түркия, Косово, Албания, Андорра.
4 топ: Хорватия, Чехия, Грекия, Шотландия, Литва, Сан-Марино.
5 топ: Сербия, Польша, Ресей, Болгария, Латвия, Эстония.
6 топ: Испания. Израиль, Черногория, Македония, Қазақстан, Фарер аралдары
7 топ:  Португалия, Нидерланд, Норвегия, Беларусь, Кипр, Гибралтар.
8 топ: Дания, Румыния, Украина, Финляндия, Солтүстік  Ирландия, Мальта.
9 топ: Германия, Бельгия, Уэльс, Босния және Герцеговина, Молдова.

Іріктеу кезеңінің ойындары 2019 жылдың наурыз айы мен 2020 жылдың қазан айы аралығында өтеді. Қосымша жолдама үшін өтетін ойындар 2020 жылдың қарашасына жоспарланған. Финалдық кезеңді Венгрия мен Словения елдері қабылдайды.

Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:

2019 жыл: 

7 маусым; Фарер аралдары — Қазақстан
10 маусым; Черногория — Қазақстан 
6 қыркүйек: Қазақстан — Испания
10 қыркүйек: Қазақстан — Израиль
15 қазан: Македония — Қазақстана 

2020 жыл: 

31 наурыз: Испания — Қазақстан 
3 қыркүйек: Қазақстан — Черногория
8 қыркүйек: Израиль — Қазақстан 
8 қазан: Қазақстан — Македония
13 қазан: Қазақстан — Фарер аралдары


Дереккөз: https://massaget.kz/