Қазақстан күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды

0

Қазақстан күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды

Ел азаматтары осы жылдың 20 желтоқсанынан бастап жаңа мерекені тойлайтын болады. Бұл мерекені растайтын құжатқа Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойды. 

20 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні» атап өтіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 1991 жылы желтоқсан айының соңында ҚР министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын. Ол мемлекеттік биліктің жоғары органдары, мемлекеттік басқарма, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери командованиесінің фельдъегерлік байланысын қамтамасыз етеді. 

Құрылғаннан бастап Қазақстандағы әскери фельдъегерлік қызмет күн сайын басты міндетті орындауда. Яғни, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабының басшылық құрамын баспасөзбен, газет және журналмен қамтамасыз етеді. 

Заманауи фельдъегерлер қызметі электрондық байланыс құралдарының дамуына қарамастан, әрқашан сұранысқа ие болып қалады. Себебі, олар хаттарды мекенжайға дәл уақытында жеткізеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз