Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және міндеттері

0

Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және
міндеттері
70 бет
Мазмұны:

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … .6
… … … … … … … … .. … … …
1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанмен ынтымақтастығы және даму
мәселелері … … … … … … … … … … … … … … … .9
… … … … … … … … .. …
1.1 Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және әлемдік қауымдастыққа енуі … … 9
1.2 БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасы.. 21
1.3 БҰҰ-ның Қазақстандағы болашағы және даму мәселелері бойынша
бағдарламалары … … … … … … … … … … … … … … .26
… … … … … … ..
2 Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты
және 31
міндеттері … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … …
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды конституциялық
қамтамасыз 31
ету … … … … … … … … … … … … … … … … … .

2.2 Халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының Қазақстан
Республикасының қазіргі құқығының иерархиясындағы 44
орны … … … … … .
2.3 Қазақстан Республикасындағы халықаралық құқық нормаларын
имплементациялаудағы 54
басымдықтар … … … … … … … … … … … … … … … .

Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … .71
… … … … … … … … .. … ..
Пайдаланған дерек көздер 73
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … .
..

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен
бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында Қазақстан
— халықаралық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды
практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде
қалып отыр. А.К.Гульдің пікірінше, халықаралық және мемлекетішілік құқықтың
арақатынасы құқық нормаларының екі жүйесінің өзара байланысын, өзара
тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге белгілі бір мемлекеттің ішкі
құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы демократиялық халықаралық құқық
нормаларына сәйкестiгін немесе айырмашылығын білдіреді.
Қоғам мен құқықтың диалектикалық дамуына тән, халықаралық және ұлттық
құқықтың нормаларының арақатынасындағы маңыздылығын анықтау туралы мақсат
қоямыз.
Зерттеу жұмысындағы алға қойылған мақсаттар тұрғысынан алсақ, міндеттер
үш негізгі мағынаға ие:
— басты, маңызды, негізгі бағыт (құқықтың дамуы, мемлекеттің саясаты,
экономиканың қалыптасуы және т.б.);
— белгілі бір норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің
пайда болу уақытына қарай алғашқылығы;
— құқықтық нормалардың иерархиясында олардың алатын орны, бір құқықтық
норманың екіншісінен жоғарылығын анықтау, халықаралық құқықтың жалпыға
танымал қағидалары мен нормаларының, халықаралық шарттардың ұлттық
нормативтік құқықтық актілер иерархиясында алатын орны.
Осылайша, Қазақстан Республикасы жүздеген халықаралық ұйымдар және
көптеген конвенциялардың мүшесі және қатысушысы болып табылады және 64
бірлестіктің алдында қаржы мiндеттемелерi бар. Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша сарапшылық кеңес оларды басым
және басым емес деп бөлдi. Жарналар да деңгейіне қарай төленеді. Жарна ең
алдымен БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДДҰ, ХЕҰ, ЭЫҰ (экономикалық ынтымақтастық ұйымы), Азық-
түлiк және ауылшаруашылық ұйымына, ЮНЕСКО-ға төленеді. ҚР Сыртқы істер
министрлігі Қазақстанның бұл ұйымдарға мүшелiгi егемендiк пен мемлекеттiң
тәуелсiздiгiн күшейтуге мүмкiндiк туғызады және әлеуметтiк-экономикалық
реформалардың жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды деп санайды.
Кез келген елдiң дамуының басым бағыттарын саясаткерлер дамудың барлық
кезеңдерінде ішкі мемлекеттік даму мен халықаралық жағдайдың объективтік
күйі мен мақсаттарын ескере отырып анықтайды. Осылай, жас посткеңестік
мемлекеттер тәуелсiздiктiң алғашқы он жылдығында бұрын жоғалтқан
мемлекеттiктi қалпына келтiру, егемендiктi күшейтуi мәселелерiне көңіл
аударды. Мұны Испан Корольдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және
өкiлеттi Елшiсi Франсико П. де ля Парте нақты байқады: Қазақстан — жас
демократияның типтiк мысалы және осы жағдайда ел басшылары мемлекеттің өмір
сүруі, аумақтық тұтастыққа, саяси құрылымдардың негізгі шеңберіне кепілдік
беру, егемендiкті нығайту сияқты өз мемлекетi үшін басым бағыттарды
анықтауы керек [1].
Қазақстан Республикасының Президентi Н.А.Назарбаев жаңа мыңжылдықтың
басында бiздiң елдің жаңа басымдықтарын ұсынды: Жаһандану заманының
онжылдығы күн тәртібіне жаңа типтегі жаңа мәселелерді қойды. Біз ұлттық
тәуелсіздігімізді нығайтумен қатар жалпы әлемдік жүйенің өзара тәуелділігін
күшейтуге ат салысуымыз қажет. Біз өзіміздің ұлттық экономикамыздың дамуына
жағдай жасауымыз керек және бұл бізге көрші елдердің өркендеуіне бөгет
болмауы тиіс, керісінше біз бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз
өзіміздің қалыптасқан саяси институттарымызды нығайтып қана қоймай аумақтық
ынтымақтастықты да бірге дамытуымыз керек. Біз Орта Азия, Кавказ және Ресей
Федерациясын қамтитын ортақ экономикалық кеңістікке ие бола отырып аумақтық
интеграцияны дамытқымыз келеді.
Өз зерттеуімізде біз мемлекетішілік құқық, ішкі құқық терминдерін
емес, ұлттық құқық терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы
А.Х.Саидов дәл тұжырымдаған: Құқық – бұл жалпыадамзаттық және ұлттық
мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше,
біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі
нақты ұлттық табиғатқа ие [2]. Бұл ежелгі римнің халықтар, ұлттар құқығы
және халықтар, ұлттар арасындағы құқық деген мағыналарды беретін res gens
және res inter gens терминдерінен де көрінеді.
Халықаралық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады.
Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін
қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII
ғасырларда осы ортада қазіргі халықаралық құқық туындады.
Өзінің қалыптасып дамуының алғашқы сатыларында-ақ мемлекетішілік құқық
халықаралық құқыққа әсер ете алды және керісінше халықаралық құқық та
мемлекетішілік құқыққа әсер етті, халықаралық құқықтың бір түрі ретінде
аймақтық құқық, сонымен бірге, дамыған мемлекеттердің құқықтары көрші
елдердің құқығының пайда болуына, қалыптасып дамуына әсер етті. Мысалы,
еуропа (әсіресе, неміс) құқығы Ресей құқығының қалыптасуына, ал орыс құқығы
өз кезегінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның еуропаланған құқығың пайда
болуына әсер етті. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, француз заңнамасы,
соның ішінде Франция Конституциясы 1995 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясын дайындауға әсер етті.
Қазақстандық заңнама мемлекет ішіндегі қатынастарды реттейді, сондықтан
ол мемлекетішілік құқық, ал халықаралық құқық нормалары мемлекеттік
егемендіктің иесі ретінде мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа
субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді деген пікір кең тараған
болатын.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, халықаралық қатынастардың
күрделі жүйесіндегі тәртіпті сақтайтын қажетті құрал ретінде халықаралық
құқық әлемнің құндылықтар жүйесінде алғашқы орынға жылжығанын айтуға
болады. Ол әлемдік қауымдастықтың мүдделерін ескере отырып, жаһандық
дамудың маңызды факторы бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
— Біріншісі, бейбітшілік жолмен мемлекетаралық қарым-қатынасты ұлғайтып,
экономикалық, техникалық және әлеуметтік прогреске ұмтылу.
— Екіншісі, оның альтернативті жолы дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық
прогреске ұмтылмай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, жеке
саясат құру.
Қазақстанның дүниежүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына, оның 1992
жылы 2 наурызында БҰҰ кіруі нақты себеп болды.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде өркендеп жетілуіне кепіл болатын
бірден-бір халықаралық ұйым — Біріккен Ұлттар Ұйымы екені ешқандай күмән
тудырмайды. Сондықтан да, БҰҰ әр түрлі саласындағы қызметтерінің қыр-сырын
талдап, оның мақсат-маңызын анықтау, оларды мемлекетіміздің мүддесі, игі
істері үшін қолдану өзекті мәселе деп түсініп осы тақырыпта дипломдық жұмыс
жазуды ұйғардым.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
дерек көздер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық
әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және
т.б. әдістер басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары оқу
орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды
қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын
өткізуде қолданылуға ұсынылады.

1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанмен ынтымақтастығы және оларды дамыту
мәселелері
1.1 Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымға кіруі және әлемдік қауымдастыққа
енуі

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. Бұл
тарихи жағдай Қазақстанның дүние жүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына
нақты себеп болды. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын БҰҰ құрамына
қабылдауға ұсынған Бас Ассамблеяның қарарын дауыс берусіз-ақ мақұлдады.
Қазақстанмен бірге БҰҰ-на Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова,
Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мүше болды. Қазақстандық делегация
БҰҰ-ны қайта құру жөнінде, дау-жанжалдардан кейінгі кезең проблемалары
жөнінде, бітімгершілік күштерінің қорын құру туралы бағдарламалық ұсыныстар
жасады. БҰҰ Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті. Өз агенттіктерінің
офистерін құрды. Мысалы, атап айтқанда, БҰҰ-ның даму бағдарламасы — БҰҰ ДБ;
Бүкіләлемдік денсаулық сақгау Ұйымы — БДСҰ; білім, ғылым және мәдениет
жөніндегі БҰҰ бағдарламасы — БҒМБ БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі
Жоғарғы Комиссар Басқармасы — БЖКБ; өндірістік даму жөнінде — ӨДҮ;
халықаралық еңбек Ұйымы — ХЕҰ; және т.б. Қазақстан БҰҰ-ның БДҰ, АЭХА, ИКАО,
ХДҚБ, ХВК, сияқты мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде
ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық
проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану
жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы
Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабонда ядролық қару
жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде
міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының
жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын
көтеруге моральдық құқық берді.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін
назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді: Болып жатқан Бас
Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн
тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл
орайда ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған
саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария
дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-
ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжаудық талдауды талап ететін проблемалар
қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады
[3].
Осы форумда Н.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік
қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық сипатын
паш етті. Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет
білдіру тәртібімен бір плюс бір формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік
күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні
білдіреді, әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл
сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен
10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру
шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының
орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс
біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп,
Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау
сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін
кемінде екі сөзден — Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап тұрады.
Кенезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі — шұғыл және ауқымды халықаралық
көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150 млн. тонна тұзды шаңды
аспанға ұшырып, Арал өңірінің шөлге айналуы экологияның күрт нашарлауына, 3
млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс
салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың
қайғысы болса, онда ертең БҰҰ шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған
адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір экологиялық жан айқайымыз — деп мәлімдеді Н.Назарбаев,
— бұл біздің халқымыздың еркінен тыс Қазақстан жеріне салынған, әлемдегі
екі полигонның біреуі — Семей ядролық полигоны. Жарты миллионнан астам адам
зардап шеккен, ауадағы, жер үстіндегі және жер астындағы ядролық заряд
жарылыстарының жиынтық қуаты — Хиросима мен Нагасаки қайғысының себепшісі
болған құрылғылардың қуатынан жүздеген есе асып түседі. Қазақстанның
шешімімен осы ажал көзіне құм құйылды, жаңа туған балаларды сауықтыру үшін
орасан зор қаражат қажет. Осыны негізге алатын болсақ, деп атап көрсетті
Н.Назарбаев, — Қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке зәру.
БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту
саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған
барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары
бағаланды.
Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның табанды
позициясы және іс-жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен
құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау
туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ
Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөнінде БҰҰ
конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде
құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау
туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні
қанағаттандықпен атап өтіп жүр.
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен XXI ғасыр: ядролық қарудан азат
әлем жолында атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары
В.Петровский: Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-
жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзі өзін жоятын
құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын
көрсетті,- деп мәлімдеді.
1996 жылғы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық
сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды. 160 мемлекет осы
шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи шарттың жасалуына Қазақстан
да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің республикамыздың принципті
ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған
Шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі
үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды
калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым — Семей полигоны пайдаланылды.
Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық
деңгейде қатысуына мүмкіндік береді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор
маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру
жөнінде бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ кұруға
қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. БҰҰ-ның жәрдем
көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес
Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық
Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпау және ғаламдық
қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың
тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін
белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің БҰҰ-ның бітімгершілік
күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе
отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995 жылы желтоқсанда БҰҰ
аясында Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы
келісімге қол қойды. Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары БҰҰ Бас
хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның БҰҰ-ның
болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені
қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы БҰҰ-дан қолдау тапты
және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ
мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан
бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен БҰҰ-ның
резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні
ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар БҰҰ-
ның бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын
екендіктерін білдірді.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші
кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың
шешімін іздестіруге тартылды. Ауғаныстандағы жағдайдың шиеленісуіне
байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің,
Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның саяси басшыларының кездесуі
өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте
қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен бірге
Ауғаныстандағы жағдай туралы мәселе бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
арнайы мәжілісін өткізуге бастамашы болды. Оның қортындысы бойынша БҰҰ ҚК
1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне
қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея
Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшыларының және Ресей
Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті.
Онда ауған жанжалының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің
аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай
қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы
жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар
қабылдауға шақырып ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарға
арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына
алаңдаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен
БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі
нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайды
қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды сұрады.
Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси,
экономикалық және гуманитарлық шараларын қабылдауының басы болар еді,
мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына,
халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырғын кейбір істерді
көрсетуге, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт
жолға шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғанстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде
әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігіне
қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды
жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ара-
тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік
бермейді. Мұндай шаралар Ауғанстанда экономикалық оңалтудың жалпы
жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған
топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтаумен қатар, халықаралық
экономикалық көмекті тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық, саяси
және интеллектуалдық ел элитасының әлеуетін мемлекеттік басқару жүйесін
қалпына келтіруді пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық
сақтауға және тарихи сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты
проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстан өзінің төңірегіне ауған халқын нақты шоғырландыра
алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын
сақтауды қамтамасыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен
шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми
тануға дайын.
Кейінірек Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның тұжырымдық
көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының 55-
сессиясында ресми құжат таратылды.
Әлемнің саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы
көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген
кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы
Ұйымының, Парламентаралық Одақпен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының
мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын нығайтута
бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып
табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарайтын мәселелердің бүкіл
кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл
орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықғы
прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен
есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға
айрықша көңіл бөлінеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін
және тауар өткізудің әлемдік нарыққа шығудың балама жолдарын одан әрі
дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше
маңыз беріледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит
мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия
елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық
және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын
маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан
өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақта тиімді транзит жүйесін
қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің куәсі — бірқатар Шығыс
Еуропа елдерінің БҰҰ БА-ның 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының
қатарына қосылуы болды. Қазақстан мен бірге БҰҰ-ға мүше 13 мемлекет осы
қарардың тең авторлары атанды, олар: Әзербайжан, Армения, Ауғанстан,
Беларусь, Болгария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғызстан,
Монғолия, Польша, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия,
Өзбекстан және Украина. Қарар екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс
берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы
қарарының қабылдануы — БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің, басқа да
халықаралық ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін,
сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынастарын дамыту
бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапынан
болатын іс-шараларын халықаралық құқықтық негізін құрды. Қарардың
ережелерін Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер мен ведомствалар
халықаралық ұйымдар мен, донор елдермен және басқа да мүдделі тараптармен
келіссөздер барысында пайдалануы мүмкін.
БҰҰ — халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуде де, сондай-ақ тұрақты
дамуға жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден бір халықаралық ұйым.
Тұрақты даму тұжырымдамасы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткізілген БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму жөніндегі конференциясында әзірленді. Қазақстан үшін
осы тұжырымдаманың маңыздылығын ұғына отырып, ҚР Үкіметі, Конференцияның
қорытынды құжатының – XXI ғасырға арналған күн тәртібінің ұсыныстарын
іске асыру жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа сәйкес әзірленген ұлттық
бағдарламаларды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын Қазақстан
Республикасының қабылдауын БҰҰ-да экология мен тұрақты даму саласындағы
халықаралық уағдаластыққа біздің еліміздің басшылығының кешенді және
байсалды көзқарасының нәтижесі ретінде бағаланды.
Семей аймағындағы жағдай туралы БҰҰ Бас хатшысының баяндамасына
материалдар әзірлеу, денсаулық сақтау, экономика, экология, ақпарат сияқты
негізгі төрт салада жобалық ұсыныстар әзірлеу халықаралық және ұлттық
сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Баяндама БҰҰ БА-ның 53-
сессиясында қаралды.
1997 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағы бойынша
қарар қабылдауына байланысты Қазақстан Үкіметі Семей аймағына қатысты
мәселелерді қарау үшін 1998 жылдың басында ведомствоаралық комиссия
құрды. Комиссияның құрамына министрліктер мен ведомстволардың,
жергілі басқару органдарының, Ұлттық ядролық орталықтың және екі үкіметтік
емес ұйымдардың (Невада-Семей және Полигон-23) өкілдері кірді.
Ең маңызды міндет Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою.
Осы мақсаттармен БҰҰ сарапшылары аймақ үшін бұдан былайғы қатерді
болдырмауға жәрдемдесетін, ұлттық және халықаралық күш-жігерді жұмсаудың
бес басымдық берілетін секторын белгіледі, олар: денсаулық сақтау,
экология, экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық көмек және ақпарат
тарату. Осы аталған басымдықтарды тандап алу Семей аймағының халқы ұшырасып
отырған күрделі жағдаймен және өзара байланысты қиыншылықтармен
түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары бүгінгі күні қаржылық
қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен оның халқына толық ауқымды көмек
көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Сарапшылардың бағалауы бойынша аталған бес
басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін 43 млн. доллар талап етіледі.
Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалтуды халықаралық әріптестік
негізінде тиімді түрде жүргізуге болады.
1998 жылғы 16 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында
Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық
дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті
үйлестіру атты қарар қабылданды.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен
тұрақты консультациялар жүргізудің нәтижесінде БҰҰ жанындағы Қазақстанның
тұрақты өкілі аталған қарардың мәтінін келісті. БҰҰ-ның дипломатиялық
топтарында Ұйымға мүше 54 мемлекеттің осы қарарға тең автор болуы әлемдік
қоғамдастықтың тарапынан Қазақстанды кеңінен қолдауы, біздің
мемлекетіміздің халықаралық беделінің елеулі түрде өскендігі туралы
куәландырылды. Қарарда Бас хатшыға бағытталған ұсыныс бар, онда Семей
аймағын қолдау және БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясына тиісті баяндама
әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның тиісті бағдарламаларын қатыстыра отырып,
консультацияларды жалғастыра беру айтылды.
Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға БҰҰ-ның жан-жақты
тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік конференцияларды өткізуден
байқалады; олар: Адам құқығы туралы Вена (1993 ж.), Халықтың қоныстануы мен
дамуы туралы Каир (1915 ж.), Әлеуметтік даму туралы Копенгаген (1995 ж.),
Әйелдердің ахуалы туралы Пекин (1995 ж.), Тұрғын елді мекендер және даму
туралы Стамбул (1996 ж.).
Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана
емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттық деңгейде іске асыруға
кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты.
Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне,
дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі
құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена
Декларациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл
тұғырнамасына толық сәйкес келеді. ҚР Президенті жанынан Адам құқығы
жөніндегі комиссияның құрылуын БҰҰ-да адам құқығын қорғау саласындағы
халықаралық құжаттарды іске асыруға бағытталған нақты қадам ретінде болды.
Отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы
мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз
қатысушы болып табылатын әмбебап халықаралық шарттардың алғашқыларының бірі
Бала құқығы туралы конвенция болды. 1994 жылы аталған Конвенцияға Президент
Н.Назарбаевтың қол қоюы және оны кейінірек Парламенттің бекітуі
Қазақстанның БҰҰ-ны Балалар Қорымен тиісті ынтымақтастықты орнатуына және
оны кеңейтуіне мүмкіндік берді.
БҰҰ қызметіндегі басымдықтардың бірі халықаралық құқықтың принциптері мен
нормаларын бекіту, оны прогрессивті түрде дамыту және жүйелеу болып
табылады. Міне, сондықтан да БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 17
қарашадағы 4423 қарарымен 1990-1999 жылдар кезеңі Біріккен Ұлттар Ұйымы
халықаралық құқығының онжылдығы болып жарияланды. Онжылдық шеңберінде 1995
жылы БҰҰ Ұйымының штаб пәтерінде халықаралық көпшілік құқығы бойынша БҰҰ
Конгресі өткізілді, онда халықаралық проблемаларды құқықтық құралдармен
реттеу жөнінде қызу пікір алмасу өткізілді. Пікірталасқа әлемнің 150-ден
астам мемлекетінен өкілдер қатысты.
Егер БҰҰ-дағы жұмысының алғашқы жылдарында Қазақстан делегациясы Ұйым
шеңберінде өткізілетін халықаралық құқықты жүйелеу және оны прогрессивті
түрде дамыту процесін жалпы шолумен ғана шектелсе, ұлттық құқықтық базаның
дамуына және құқықтық тәжірибенің жинақталуына байланысты осы тұрғыдағы
елдің мүмкіндігі нығайды. Қазақстандық делегация қазірдің өзінде сарапшылық
деңгейде болашақ конвенциялардың баптарының жобалары бойынша пікірталасқа,
Халықаралық құқық туралы, халықаралық сауда құқығы туралы БҰҰ комиссиясы
өткізетін зерттеулерге қатысады. Осы жылдар ішінде біздің еліміз
қарусыздануға, сауда-саттыққа және көлікке, экологияға, терроризмге қарсы
күреске қатысты, гуманитарлық дипломатиялық құқық саласындағы негізгі
халықаралық шарттардың қатысушысы ретінде көрінді. Осы шарттардың
көпшілігінің депозитарийі БҰҰ-ның Бас хатшысы болып табылады.
Ғарыштық кеңістікті игеру саласында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңызы зор.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында (1994 жылы) Қазақстан бейбіт
мақсаттарда ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетке сайланды. Мұны
Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесін тану ретінде қарауға
болады. Біздің еліміз Тұрғын елді мекендер бойынша БҰҰ комиссиясының мүшесі
болып табылады, оның шеңберінде қала құрылысын салу мен тұрғын үйді
жоспарлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі
жұмыстар жүргізіледі.
БҰҰ комитеттерінде бірлескен жұмыс БҰҰ шеңберінде мемлекеттердің өзара іс-
қимылына айрықша рөл ойнайды.
Бірінші комитетте біздің еліміздің күш-жігері Ядролық сынақтарға жалпыға
бірдей тыйым салу туралы шарт, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа
қатысты 2000 жылғы мүше мемлекеттердің конференциясы, Аймақтық
қарусыздану, Қару-жарақтағы траспаренттілік, Қарусыздану мен даму
арасындағы өзара байланыс сияқты маңызды проблемалар мен кұжаттар бойынша
жұмысқа жұмылдырылды.
Екінші комитетте Қазақстандық делегация өтпелі экономикасы бар елдердің
әлемдік экономикаға интеграциялану проблемаларына қатысты жұмыс істейді.
Біздің делегацияның осы комитеттегі жұмысы қаралатын проблемалардың
сипатына байланысты Қазақстан үшін аса маңызды болып табылады. Пікірталасы
халықаралық экономикалық қоғамдастықтың — сауда, сыртқы борыш, ғылым мен
технология, қаржы сияқты басты аспектілерінің төңірегінде жүріп жатыр.
Ішінара ашық теңізге шығатын жолы жоқ Орталық Азия елдерінің транзиттік
жүйесі туралы қарар бойынша қазақстандық делегация Қазақстанның ашық
теңізге шығуын яғни тиісінше әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ететін
шаралардың маңыздылығына назар аударып, біздің еліміздің ұзақ мерзімді
мүдделерін баяндайды.
Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне қатысты БҰҰ БА-ы қызметінің оң
сипаттағы аспектілерінің бірі 1994 жылы Екінші комитеттің теңізге шығатын
жолы жоқ Орталық Азия елдеріне көмек көрсету жөнінде арнайы қарарларын
қабылдауы болды, мұндағы мақсат өтпелі экономикасы бар елдердің көлік
жүйесін дамыту және оларды әлемдік шаруашылық экономикасына интеграциялау.
Бұл қарарлар көлік пен транзит саласындағы келісімдерді, демеуақы мен
жеңілдікті заемдар нысанындағы ақшалай көмекті құқықтық рәсімдеу жөніндегі
техникалық жәрдемді қоса алғанда, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия
елдеріне көмек көрсетудің қосымша мүмкіндіктері мен перспективаларына
жағдай жасайды. Сонымен Қазақстанның стратегиялық мүдделері жолында сыртқы
саяси проблемаларды шешуде біздің дипломатияның экономикалық сипаттағы
көзқарасы айқын байқалды.
Үшінші комитеттегі пікірталасы барысында біздің еліміз адам құқығы,
әлеуметтік даму, халықаралық бақылау жасау сияқты өзекті проблемалар
бойынша өзінің ұстамын айқын білдірді. Қазақстан адам құқығы, есірткі
құмарлық және трансұлттық қылмыс проблемаларын шешу, жастар, әйелдер,
балалар, елде адамдар мен мүгедектер сияқты халықтың әлсіз топтарына
қатысты әлеуметтік бағдарламаларды жүргізу жөнін БҰҰ Жоғарғы комиссарының
қызметіне жәрдем көрсетуге өзінің дайын екенін мәлімдеді.
Бесінші комитетте қазақстандық делегация БҰҰ жарналарына, оның қаржылық
жағдайына, бейбітшілікті қорғау жөніндегі операциялардың бюджеттік-
әкімшілік проблемаларына жіті көңіл бөледі.
Блокаралық тікетірес тоқтатылғаннан кейін және КСРО ыдырағаннан кейін
өзгеріске түскен геосаяси өмір болмысын ескеретін болсақ, БҰҰ мен оның
Жарғысын талқылау айрықша көкейкесті болып табылады. Дамушы елдердің бір
тобының қатарынан, атап айтқанда, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын өзгерту
туралы ұсыныстар түсіп жатқаны құпия емес. Сондай-ақ, БҰҰ Жарғысынан жау
мемлекеттер тезисін алып тастау туралы ұсыныстар да бар, мұның өзі басқа
мемлекеттердің бірінші кезекте, ГФР және Жапония сияқты мемлекеттердің
Қауіпсіздік Кеңесіне кіруіне жол ашады. Бұл мәселелердің бәрі алтыншы
комитетте талқыланады.
Қазақстан БҰҰ-ны реформалау мәселесінде ұстамды позициясымен көрінуде.
Бір жағынан, Ұйымды қайта құрудағы асығыстық, ғаламдық жағдайды елеулі
түрде тұрақсыздандыруға әкеліп соғуы мүмкін. Шын мәнінде түрлі
мемлекеттердің ұлттық мүдделерін білдіретін бірегей ұйым қайта өзгеріске
түскелі тұр. Сонымен бірге, БҰҰ осы заманғы әлемнің геосаяси картасында
түбірлі өзгерістерге тоғышарлықпен қарайтын сіресіп қатып қалған ұйым болуы
мүмкін емес. Сондықтан біздің көзқарасымызша Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына
өзгерістер енгізуге болады, басқаша сөзбен айтқанда, БҰҰ-ны реформалау
жөнінде нақты қадамдар жасау керек. Бірақ бұл акциялар салықпен жеті рет
өлшеніп жасалуы, сондай-ақ халықаралық құқықтың жетекші субьектілерімен
келісілуі тиіс. Осы принциптік позицияны негізге ала отырып, Қазақстан
Алтыншы комитетте халықаралық құқық саласында дүниежүзілік ұйыммен
ынтымақтасуды назарда ұстап БҰҰ-ның Халықаралық құқығының он жылдығы
тақырыбына айрықша көңіл аударады. Біздің мемлекетіміз Халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласында БҰҰ мен аймақтгық келісімдер
немесе органдар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру туралы декларация
жобасының тең авторы атанды.
Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына президент
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстаннның егеменді ел ретінде қалыптасу және даму
стратегиясы кітабы негіз болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында 295 резолюция қабылданды. Соның
ішінде 20 резолюцияға Қазақстан қосалқы автор ретінде қатысты. БҰҰ-ның
сессия мәжілісінде, Бас Комитетте Қазақстан делегациясының мүшелері 13
ресми баяндама жасады. Сессияда көтерілген негізгі проблемалық мәселелерге
байланысты, Қазақстанның іс-әрекеті БҰҰ, оның басшылығында қанағаттанарлық
деп танылып, дүниежүзілік құрылыстардың тәртібінің бұзылмауына үлкен үлес
қосады деп саналады. Қазақстан БҰҰ-ның реформаларына жан-жақты байыпты
қарайды.
1993 жылы БҰҰ өкілеттіктері Қазақстанда ашылуынан бастап, Қазақстан
үкіметі бұл ұйымның барлық координациялық программалардың іске асуына
белсене араласып, мемлекеттің демократиялық жолмен өркендеуіне көңіл бөлді.
БҰҰ-ның пленарлық мәжілісінде Қазақстаннның өкілетті өкілі Ақмарал
Арыстанбекова сөз сөйледі. А.Арыстанбекова өз сөзінде Қазақстан
Республикасы БҰҰ-ның Жарғысы бойынша алған міндеттемесін мүлтіксіз
орындайтынын және мүмкіндігінше БҰҰ-ның қызметіне өз үлесін қосатындығын
атап өтті.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-на кіруі осы ұйымның тұрақтандыру рөлін
бекітуге бағытталған, оның бейбітшіл қызметін жетілдіруді көздейтін ұлттар
мен бейбіт қауымдастық мүшелерінің әрекеттерін үйлестірудің ерекше
механизмі ретінде рөлі өскен шақга іске асқанын А.Арыстанбекова өзінің
баяндамасында атап көрсетті.
Қазақстан мемлекетінің делегациясы алғаш рет 1992 жылы күзде БҰҰ Бас
Ассамблеясының 47-сессиясында бақылаушы мемлекет ретінде қатысты. Бұл
сессияда президент Н.Назарбаев Азиядағы сенім туралы БҰҰ-ның шеңберінде
мәжіліс өткізуді алғаш рет Азия континентінде ұсынды. Нәтижесінде, БҰҰ
Қазақстанды негізге ала отырып, халықаралық тұрақгылықгы сақгауға жол
ашылуын үлкен жетістіктер деп санады. Бұл кездесулерден кейінгі БҰҰ-ның 49-
сессиясының Бас Ассамблеясында Қазақстан елшісі, төрағаның көмекшісі болып
сайланды. Бұл Қазақстан мемлекеті үшін үлкен жетістік.
1994 жылы ақпан айында президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның штаб пәтеріне
барып, Бутрос Галимен кездесіп, балалардың кұқы конвенциясына қол қойды.
Қазақстан Республикасының әмбебап халықаралық ұйымға мүше болуы, тәуелсіз
мемлекеттің сыртқы саясатындағы тарихи оқиғаның бірі. КСРО құрамына кіретін
одақтас республика болған Қазақстан халықаралық құқық субьектілігін жанама
түрде ғана жүзеге асыратын. Соған орай, мемлекет Халықаралық бірлестік
алдында алдында тұрған проблемаларды шешуге өз ыңғайымен келе алмады.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстанның егеменді мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты кітабында: Дүние жүзі
қоғамдастығына ену саясатын нарықтық жүйенің үш басты орталығы — АҚШ,
Жапония және Батыс Еуропамен серіктестік мүмкіндігін тиісті бағалай отырып
құру қажет және нақ осылардың дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын
күшейтудің қозғаушы күші болғанын есте сақтаған жөн. Олармен өзара іс-қимыл
сондай-ақ халықаралық қаржы және басқа институттарына жол ашады, ал олардың
рөлі дүние жүзінде айтарлықгай өсті. Халықаралық ұйымдар — БҰҰ, Халықаралық
валюта қоры, Бүкіл дүниежүзілік банкі, тарифтер мен сауда жөніндегі Бас
Келісім, Халықаралық даму және қайта құру банк және басқаларымен көпжақты
ынтымақтастық пен тиімді қатысуды біз өз қоғамымыздың ашықтығына деген
бағыттың, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытының
қисыңды жалғасы ретіңде қараймыз деп атап өткен болатын.
Қазақстанның БҰҰ құрамына кіруінің үлкен саяси маңызы бар, себебі ол
біздің мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігінің барлық халықаралық
бірлестіктің тануын білдіреді. Қазақстан Республикасы халықаралық
бірлестікке интеграцияланып, басқа мемлекеттердің арасында өзінің лайықты
орнын таба білді. Қазақстан республикасына мемлекеттің саяси тұрақтылығы,
елдің геосаяси артықшылығы, өзіне жүктелген халықаралық міндеттемелерді
орындауы осы заманғы халықаралық құқықтың негізін қалаған қағидалар мен
нормаларды құрметтеуі халықаралық бірлестік тарапынан оң көзқарасты
қамтамасыз етуі талас тудырмас. Қазақстан Республикасы Президентінің Азияда
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі және аймақтық ынтымақтастыкты
нығайту жөніндегі шаралар туралы бастамасы БҰҰ тарапынан қолдауға ие болды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында алғаш рет қозғалған Азиядағы
әрекеттестік және сенім шаралары туралы Кеңесті шақырту идеясы әмбебап
халықаралық ұйымның мақсаттары мен қағидаларына толықтай үйлеседі.
Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы
Қазақстанның белсенді позициясы әлемдік бірлестік назарынан тыс қалмауда.
СНВ-1 шартына және ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа Қазақстанның
қосылуы БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессисында, 1995 жылы АҚШ әрекетін ұзарту
жөніндегі БҰҰ конференциясында мемлекеттер мен үкімет басшылары тарапынан
қызу қолдауға ие болды.
Әлемдік бірлестікті толғандырып отырған маңызды мәселелердің бәріне
қатысты Қазақстан Республикасының ұстанған нақты көзқарасы бар. Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға, Парламентаралық Одақ
Ұйымына, Экономикалық ынтымақтастық Ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан осы
ұйымдардың Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған
Бас Ассаемблея қарарының жобасына құрылымдық ұсыныстар жасады.
Бітімгершілік күштерін дамыту және нығайту қажеттілігі туралы БҰҰ-ға мүше
— мемлекеттердің көзқарасын бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғыстан және
Өзбекстан 1955ж. желтоқсан айында Орталық бітімгершілік батальонын құру
туралы БҰҰ қамқорлығындағы Келісімге қол қойды. Мұнан басқа, барлық
үкіметтерге БҰҰ бітімгершілік күштерінің қорын бір қосу бір формуласымен
қалыптастыруды бастау ұсынылды. Оның мағынасы, әрбір мемлекет өзінің
қорғаныс бюджетінен бір пайызды беруден бастап, жыл сайын аударуларын бір
пайызға көтеріп отырады.
БҰҰ-ны реформалау мәселелері жөнінде Қазақстаннның өзіндік позициясы бар.
Мемлекеттік Хатшы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев:
С одной стороны, поспешность в перестройке ООН, по нашему мнению, может
привести к серьезной дестабилизаций глобальной ситуации, ибо по существу
демонтажу подвергнется уникальная организация, которая концентрирует в себе
пеструю мозаику национальных интересов различных государтств — больших и
малых. В то же время ООН не может оставаться закостенелой организацией,
равнодушной к кардинальным изменениям на геополитической карте мира — деп
айтып өтті.
1996 жылы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 54-сессиясында мемлекеттің тәуелсіздік
рөлі мен казіргі халықаралық қатынастардағы мемлекеттің тұтастай алғандағы
рөлінің арақатынасы туралы қызу пікірталас туындайды. Бұл даулардағы
Қазақстанның позициясы бүгінгі таңда әлемде күштер, жергілікті тайталас
және қарсы тұру орталықтары, басқа елдерге саяси ұстанымды таңу болмау
керек дегенге келіп сайды. Ынтымақтастық, тұрақты даму, өзара мүдделерді
ескере отырып, диалог жүргізу қазіргі әлемнің басты тенденциялары осылар
болуы керек. БҰҰ Бас Ассамблеясының осы кезекті сессиясының шеңберінде вето
құқығы жөнінде талқылау жүргізілді. БҰҰ-да Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелік
құрамын кеңейту мәселесі де қозғалды. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің
құрамына Жапония мен Германияны енгізу туралы ұсыныс жасады.
БҰҰ Қазақстан Республикасындағы қызметінен бірнеше цифрлар мен фактілер
келтірейік.
1994 жылы Алматыда Бүкіләлемдік Банктің тұрақты миссиясы ашылды. 1997
жылы жалпы сомасы 1188 млн. АҚШ долларын құрайтын 14 заем мақұлданды және
600 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Бүкіләлемдік Банктің Қазақстандағы
қызметінің негізгі салалары: заемдар бағдарламалары, экономикалық және
салалық зерттеулер, оқыту және көмек үйлесімі. 1992 жылдан Қазақстанда
әрекет етіп келе жатқан Халықаралық Валюта Қоры қаржыландыру, техникалық
қамтамасыз ету және оқытуға көмек көрсетті. Қаржылық көмек көрсетудің үш
бағдарламасы іске қосылып, оларды жүзеге асыруға 1993-1995жж. кезеңінде 460
млн. АҚШ доллары жұмсалды. Мұнан басқа, 1966 ж. сәуір айында Бүкіләлемдік
Банкі, Халықаралық Валюта Қоры және Қазақстан Республикасы Үкіметі 450 млн.
АҚШ долларынан асатын соманы құрайтын үш жылдық бағдарламаны іске асыруда.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымы өз офисін 1993ж. ашты, БҰҰ-ның басым
бағыттары мынадай: денсаулық сақгау жүйесін реформалау; ана мен бала
денсаулығы; медбикелік күтім жүйесін реформалау; тамақтану саласындағы
ұлттық саясат; жұқпалы ауруларды бақылау; дәрілік препараттарды қолдану
саясатын дайындау; қоршаған орта және денсаулық. БҰҰ-ның осы
мамандандырылған мекемесі мен Қазақстан Республикасының келешектегі
ынтымақтастығы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропадағы БДҰ-
ның аймақтық офисі арасындағы ынтымақтастық орташа жылдамдатылған
Бағдарламасымен белгіленеді. ЮНЕСКО Қазақстандағы офисін 1994 ж. ашты және
1995-1996 жж. Азия Даму Банкінің заемдары үшін негіз ретінде білім беру
жүйесін жан-жақты шолып өтті. Сондай-ақ, Арал және Каспий теңіздерінің
мониторинг жобасы, Семейдегі бұрынғы ядролық полигонның мониторинг жобалары
жүзеге асырылды. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі
Бүкіләлемдік ұйым (ЮНЕСКО) Қазақстандағы мәдениет қызметін Жібек жолы —
диалог жолы деген жобаның шеңберінде жалғастырып келеді. ЮНЕСКО-ның бас
конференциясында жағалаудағы мемлекеттердің қатысуымен Каспий теңізін
бірігіп зерттеу туралы Қазақстан ұсынған қарар қабылданды.
1997 ж. М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты және 1998 ж.
Түркістан қаласының 1500 жылдығына байланысты мерейтой күндерін
күнтізбеге енгізу туралы Қазақстаннның ұсынысы макұлданды.
Қожа Ахмед Иассауи Кесенесін Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізуге
байланысты жұмыстар жүргізілуде. Алтын Емел ұлттық паркін ЮНЕСКО-
ның қорғауындағы объектілер қатарына жатқызу жөніндегі мәселе бірінші
рет талқыланды, ол мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі
Конвенцияға сай келеді.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері тұрақты даму, кедейшілікпен күрес,
жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік даму және әлеуметтік қорғау, денсаулық
сақтау, экологиялық жағдайды тұрақтандыру, ерлер мен әйелдердің тең
құқылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ босқындарға қатысты халықаралық
кұжаттардың сақталуына қол жеткізу және т.б. жөнінде ұсыныстар жасады.
Әлеуметтік даму Стратегиясын дайындаудың бекітілген графигі БҰҰ-ның
Қазақстандағы қызметінің басты жемісі болды, атап айтқанда: әйел құқықтары
жөніндегі Бюроны құру, денсаулықты сақтау, ВИЧСПИД инфекцияларымен күрес
жөніндегі проблемалар практикумы, адамдардың дамуы жөніндегі ұлттық есепті
дайындау; ОБСЕ және БЖҚБ ұйымдастырған босқындар және мигранттар ісі туралы
ТМД конференциясы.
Сонымен, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның аясындағы қызметі БҰҰ
Жарғысының көпшілік таныған нормалары мен қағидаларына сай келеді.
Қазақстан БҰҰ жүйесіне кіретін халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты
жалғастыра береді және олардың жасайтын жобаларына да белсенді қатысатын
болады.

1.2 БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасы

Қазақстан БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары ЭСКАТО-мен және ЕЭК-пен бірлесіп,
Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ-ның арнайы бағдарламасын іске асыру
туралы Президент Н.Назарбаевтың ұсынысын ілгері жылжыту жөнінде белсенді
жұмыс жүргізуде. Бағдарламаның мақсаты — Орталық Азия мемлекеттеріне
олардың өзара ьштымақтастығьн тереңдетуде, олардың экономикалық дамуы мен
Еуропа мен Азия елдерінің экономикасына кірігуін ынталандыруда жәрдем
көрсету.
1998 жылғы 26 наурызда Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығының
Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Өзбекстан Президенттері мен ЕЭК пен ЭСКАТО-ның Атқарушы хатшылары ОАЭБ
туралы Ташкент декларациясына қол қойды, онда ынтымақтастықтың басымдық
берілетін салалары белгіленді. Бұл орайда әрбір қатысушы бір салада
үйлестіруші болып табылады:
• көлік инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік шекарадан тауарлардың,
көрсетілетін қызметтің және адамдардың өту рәсімдерін жеңілдету —
Қазақстан;
• Орталық Азияның энергетикалық және су ресурстарын ұтымды әрі тиімді
пайдалану — Қырғызстан;
• Тәжікстан жөніндегі халықаралық экономикалық конференция, аймақтық
дамудың және шетелдік инвестицияларды таратудың бірлескен
стратегиясы — Тәжікстан;
• халықаралық бәсекелестікке қабілетті өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру
мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта құру — Өзбекстан;
• құбыр желілері бойынша әлемдік нарықтарға көмірсутегі
шикізатын жеткізудің көп нұсқалы жолдарын дамыту мәселелері бойынша
аймақтық ынтымақтастық — Түрікменстан.
Мемлекетаралық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Түрікменстан ОАЭҚ
аталған саммитіне қатысқан жоқ, бірақ СПЕКА-ға 1998 жылғы қыркүйекте ресми
түрде қосылды. СПЕКА Ресейдің, АҚШ-тың, Францияның, Нидерландының,
Жапонияның, Корея Республикасының, Түркияның қолдауына ие болды. ЕЭК,
сондай-ақ ЭСКАТО-мен қатар, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы және Орталық Азия
Экономикалық Қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесінің атқару комитеті ОАЭБ-
ның белсенді қатысушылары болып табылады. ОАЭБ-ға ЕҚЫҰ, Еуропалық комиссия,
ИДБ, ЕКДБ қызығушылық танытты. Экономиканың тиісті секторларында жұмыс
істейтін, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың кең ауқымын, атап
айтқанда, ТЖЫҰ — Темір жол ынтымақтастығы ұйымын және АКХО-Автомобиль
көлігінің халықаралық одағын бірлесіп жұмыс істеуге шақыру … жалғасы