Қазақстан футболы. Екі жақты ойын

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Қазақстан футболы. Екі жақты ойын

Автор: Смайлов Есенали Абдуалиевич

Бағыты: Дене шынықтыру Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-09


Материал туралы қысқаша түсінік

дене шынықтыру сабағы




Сабақтың тақырыбы: Ойын ережесі тарихымен таныстыру. Қазақстан футболы. Екі жақты ойын (Спорттық ойын ФУТБОЛ) Мақсаты: оқушыларға футбол ойынын ойнату1. Білімділік: жаттығулар орындау 2. Тәрбиелік: шапшаңдық қабілеттерін қалыптастыру. 3. Дамытушылық: Оқушылардың икемділігін дамыту.Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Құрал-жабдықтар: секундамер.Өтілетін сыныбы: 11 А, Ә,Г,Д,Ж,ЗӨтілетін уақыты: Өтетін орны: Спорт алаңы.Өтілетін уақыты: 45 минутСабақтың барысы:

С/б

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлімі

Сап түзел, тік тұр. Кезекшінің баяндамасын қабылдау. Сәлемдесу . Журнал бойынша тексеру. Спорттық киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, мазмұнын түсінтіру. Саптық жаттығулар орындау. Алаңда бір қалыпта жүгіру. Бір қалыпта жәй жүгіру.Жалпы дамыту жаттығулары:Б.қ. қолдар белде басты солдан оңға қарай 1-4 рет, оңнан солға қарай 1-4 рет айналдырамыз. Б.қ қолдар иықта, иықтарды 1-4 рет алға, 1-4 рет артқа айналдырамыз.Б.қ қолдар көкрек алдында 1-2 алдында, 3-4 рет қолдар жан жаққа.Б.қ н.т. қолдарды 1-4 рет алға, 1-4 рет артқа айналдырамыз.Б.қ. қолдар белде 1-4 рет белді солдан оңға қарай, 1-4 рет оңнан солға қарай белді айналдырамыз.Б.қ. қолдар тізеде, тізелер жартылай бүгілген, 1-4 рет ішке қарай, 1-4 рет сыртқа қарай айналдырамыз. Б.қ. сол аяқпен 10 рет, оң аяқпен 10 рет, екі аяқпен 10 рет бір орында секіреміз. 15 минут

Сабақты уақытылы бастау, оқушылардың спорттық киімін қадағалау.

Әр бір орындалған жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Негізгі бөлім А) Теориялық тұрғыда сабақ түсіндіру кезеңі.Футбол – екі жақты команда арқылы ойналатын спорт түрі. Шарты бойынша екі командада 11 ойыншыдан болу керек. Ойыншы допты тура алып жүру кезінде аяқтың сырт жағымен, ал бұрылып немесе қарсылас ойыншыны айналып өту кезінде аяқтың іш жағымен тебеді. Допты қарсыласынан тартып алу үшін оның қимыл-қозғалысын алдын-ала сезіп-біліп, соған орай әдістер қолданылады. Мұнда негізінен доптың қай бағытқа ұшатынын немесе ұшып келе жатқанын тез байқап, бірден шешім қабылдай білу керек. Допты ойынға қосу. Допты ойынға қосу дегеніміз – алаң сызығының сыртына шығып кеткен допты өз ойыншыларына баратындай етіп, қолмен алаңға лақтырып енгізу. Лақтырар кезде ойыншы допты екі қолмен желке тұсынан да ұстап, сол жаққа шалқая беріп өз әріптестеріне сілтей лақтырады. Доп қолда тұрғанда аяқты жерден көтеруге рұқсат етілмейді. Ә) Екі жақты ойын. Сынып екі командаға бөлініп, жаңа тақырыпты меңгере отырып, футбол ойынын ойнау. 25 минут Спорттық жаттығулардың техникалық ережесін сақтай отырып орындалуын қадағалау.
Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу. Кеткен қателіктерді түсіндіру. Ентікпелерін басу. Сабақтың қортындысы бойынша сабаққа жақсы (ынталы) қатысқан оқушыларды бағалау 5 минут Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.Тыныс алу жаттығулары.

Д/ш пәні мұғалімі : Е.СмайловОқу ісінің орынбасары :

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.