қазақша тілектер туған күнге 40 жас

0

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

Сізді 40-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз көп жылдан бері ………………… саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Қылшылдаған, ат жалын тартып, қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел — қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!

Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.

Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
40 — тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере — шөберелі шал болғайсың.

Келіншек қырыққа толғанда
Кезің жоқ — ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсің ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.

Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні — түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.

Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.

Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!

Тағы да құттықтау, тілектер:

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау — тілектер

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Құттықтау — тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Досқа арналған өлең шумақтары

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге тілектер, құттықтаулар