Қазақша сценарий: Жарылқа; Жаңа жыл! »

0

Тақырыбы :   Жарылқа ; Жаңа  жыл!

  • жүргізуші : Армысыздар құрметті ата-аналар , қымбатты  ұстаздар , оқушылар , қонақтар!

 

  • жүргізуші: Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол  мереке биыл  да келіп  жетті. Сіздерді  осы  Жаңа жыл мерекесімен құттықтай  отырып , Жаңа жыл тек қана жаңа табыс , береке ,бірлік  әкелсін дейміз.

 

  • жүргізуші : Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төрлетіңдер  жаңа жылдың  жақсы әнін,

Қуанышпен арайлансын  ақ таңың !

2-жүргізуші: Әкелді  жыл ырыс-құт,

Әлемде той тыныштық.

Ән  салайық жаңаша,

Жаңа жылым   тамаша.

1-жүргізуші:  Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп көбейсін.

Ортақ  ойы арманы

Жақсы дәстүр  көбейсін.

Оқ атпасын ешкім де,

Өмір  деген  тым ыстық

Жұмыр  жердің үстінде

Бұзылмасын  тыныштық.

2-жүргізуші:  — Жаңа жылда  біздерге қонақтар  келуі керек еді?  Неге келмей жатыр екен?  Балалар  кімдер  келуі керек  еді?

  • Балалар ……………………………………….
  • 1- жүргізуші : Балалар есік сықырлайды , кім екен келе жатқан?
  • Аю : Сәлеметсіңдер ме , балалар!  Сәлеметсіздер  ме , қонақтар !  Осында Жаңа жылды қарсы алуға  мен  де  келдім.

Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссең  қалың қар,

Шырша үсті қалың қар.

Байқасаңдар  қар астында

Ұйықтап  жатқан аю бар.

2-жүргізуші :  Аю, қош келдіңіз, төрге шығыңыз, жолда Аяз  ата  мен Ақшақарды көрмедіңіз  бе?

 

Аю : Жоқ, көргенім жоқ.

1-жүргізуші: Б алалар , тағы да кім келе жатыр екен?

Түлкі : Сәлеметсіңдер  ме , балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Барлық аңдар осында жиналып жатыр дегенді естіп мен де келдім.

Мен түлкімін, түлкімін,

Қоймасымын күлкінің,

Ашық ауыз аңқауды

Күлкіменен арбаймын,

Мықтымсынған марғауды

Қылығыммен алдаймын.

 

  • Жүргізуші : Түлкіжан, бізбен бірге болыңыз. Бізге Аяз ата мен Ақшақар  келуі керек  еді. Жолда  көрмедіңіз  бе?

Түлкі:  Жоқ, көргенім жоқ, өзім асығып әрең жеттім.

 

Балалар : Аяз ата! Ақшақар!    3 рет шақырады

Сахналық  көрініс

«Шырша  орманның  баласы»  хор

2-жүргізуші: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз  ата оралып.

 

1-жүргізуші.  Келеді Аяз атамыз

Қасында Ақшақары бар.

Қызыққа әбден батамыз

Қарсы аламыз  баршамыз.

 

Ақшақар:  Ал ,қанеки, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той  думанды  жалғайық,

Жарқыраған шырағы шыршамыз  да нұрланды,

Бақытты  жас  ,балалар айтады шат жыр –әнді

Жаңа жылда  сайланып

Шыршамызды айналып,

Би билейік, ән салып.

Баршамыз  да жар салып.

Орындалсын армандарың, ойларың

Қызықтарға ұлассыншы тойларың.

Нұр жүзіңді мұң шалмасын, достарым!

 

Ән салып, би билеген балаларға Аяз атаның сыйлықтары бар.

Ал бос тұрмайық көрсетейік өнерімізді.

 

Аружан:  Жаңа жылдан жаңа белден асамыз,

                 Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

                 Бейбітшілік  ұранымен, жеңіспен

                 Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

 

Сауран: Ал, кәнеки ,ағайын

               Асқақ әнге салайын

               Басы болсын бұл тойдың

               Шырқап- шырқап  алайын

               Кеңейтейін әніммен

               Көңіліңнің сарайын

               Жырым менің жылытсын

               Жүректердің талайын.

 

Еркеназ:  Хош келдіңіз Жаңа жыл

                Сыйлаймыз сізге ән мен жыр

                Еліміз  тәй-тәй басқалы

                Айтатын  бізде көп қой сыр.

 

Нұрасыл Ж : Жел қатайды, күн суық

                       Келіп қалды қыс жуық.

                      Желтоқсанды жетелеп

                       Аяз ата қар қуып

                       Жасыл шырша сыйға берді.

Диана:    Ақ таяғы қолында

                Немересі соңында

                Аяз ата ақ сақал

                Үсті басы аппақ қар

                Қоржынынан  таратып

Тәтті тоқаш! Сыйлықтар!

 

Жастілек :  Жасыл шырша бізге келді

                    Безендірдік, бердік төрді

                    Инелері жайқалып.

                    Шырша тұрды жайқалып

                    Ән  мен жырға бөленіп,

                    Тұрғанын күліп байқадық.

 

Ердаулет:  Қазақстан елім бар,

                   Кең жазира жерім бар.

Заңғар биік тауым бар.

Айдын шалқар   көлім бар.

 

Нұрасыл Б :   Қазақ  деген халқым бар,

Атадан қалған салтым бар.

Алмастай өткір тілім бар,

Алтын қазық дінім бар.

 

Нұржан :  Күмбірлеп  қалқып ән мен жыр

Думанға толы ой мен қыр

Кең байтақ менің Отаным

Құтты болсын Жаңа жыл!

 

Нұртуған:  Біз көңілді баламыз,

Шыршаны қарсы аламыз.

Өткен жылды құрметтеп

Шығарып қош  деп қаламыз.

 

1-жүргізуші:  Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл – ақ  арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

  • жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат  ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр

Жырдан тыңда терең сыр.

 

Санжар   ән  «Бәйге»

 

  • Жүргізуші: Мың  бұралған ақ қайыңдай

Бишілер шықсын ортаға

Ал  ендеше қол соғайық,

Қошеметпен  қолқала.

 

«Көбелек»  биі

«Тымақ  пен Құлақ»  көрінісі

 

Жәнел:  Жаңа жыл  келді міне жерімізге

Әкелсін  құт,  береке  жерімізге.

Жақсылық  пен қуаныш  жылы болсын,

Қиындық  жоламасын  енді бізге.

 

Кәусар:  Жаңа жылым  жол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрлет, төрлет  Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

 

Наргиза:  Дөңгеленіп  тұрайық

Ойын – сауық  құрайық.

Ән  шашуы шашылсын

Жаңа жылға лайық.

 

 

«Түлкі мен тырна»  көрініс

«Шырша»    әні  хор

 

 

  • Жүргізуші: Той  да көрдік  бұрын – соңды болмаған,

Дәл  сол күні  шаттанбаған бар ма адам?

Халқым барда  табыс әлі тасқындар

Бейбіт  елдің  саясатын  қолдаған!

 

2 – жүргізуші :   Бақытыңды ,ырысыңды көрсін ел,

Жалын құшқан жан отауға енші бер.

Жылу әкел, мейірім бер , Жаңа  жыл,

Тату  болсын бір – бірімен  көршілер.

 

Адият : Қала нұр ,дала  нұр ,

Құтты  болсын  Жаңа жыл

Шырша  жаны  көңілді

Билеп  барлық бала жүр.

 

Жәнел :  Жаңа жыл  келді міне  жерімізге,

Әкелсін құт , береке жерімізге.

Жақсылық пен қуаныш  жылы болсын ,

Қиындық  жоламасын енді бізге.

 

Кәусар :   Жаңа жылым жол болсын ,

Басқан  қадам оң болсын.

Төрлет , төрлет Жаңа жыл ,

Бізге  құтты жыл болсын.

 

Наргиза :  Дөңгеленіп  тұрайық

Ойын – сауық  құрайық,

Ән – шашуы  шашылсын.

Жаңа жылға  лайық.

 

1-жүргізуші:  Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпымасын  жүректерді мұң лебі.

Жарқылдасын  Жаңа жылдың  оттары

Таусылмасын Жаңа жылдың  дүрмегі.

 

  • жүргізуші : Жаңа жылда алауласын мың арман,

Жаңалықтар қолын созып жүр алдан.

Жаңа жылым жарқырай бер баршаны,

Өткен жыл  да даңқын солай шығар.

 

1 – жүргізуші : Шырша айналып  әндетіп ,

Би билейік сәндетіп.

Қандай жақсы Жаңа жыл,

Өткізейік мәнді етіп ,

Ал, Ақшақар, қалықта.

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатың желбіреп

Қалықтаудан жалықпа.

 

«Ақшақар»  биі  қыздар тобы

 

Ердаулет :  Ау ,жарандар,

Ал ,қараңдар.

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды

Жерге  қонды.

Сансыз аппақ  көбелек,

Тым алыстан

Күн, Марстан

Келіп Аяз атамыз.

Жылды тойлап

Билеп – ойнап.

Көп қызыққа батамыз.

Диана : Аяз ата аман  ба?

Аман болғын әманда.

Қарша қызды сүйеміз.

Ізетпен бас иеміз.

Жаңа жылға мың сәлем!

Жасай берсін бұл әлем!

Кәусар :  Жаңа жылда жаңа бақыт , тыныштық,

Жаса!  Жаса!  Достық ! Бірлік !  Туыстық!

Құттықтайық  Жаңа жылды  өнермен

Қуаныштың әр минуты  тым ыстық!

 

Досымжан :   Қош келдің , Жаңа жылым

Көп болар жаңалығың.

Аман ба Ақшақарым!

Айдын  да апппақ жүзің

Ей , адам , ақ ниетті

Саған Жыл – бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттің  досым,

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Нұрахмет : Ау , бақытты адамдар

Айлы  көкке қараңдар.

Мініп ұшқыш кемені

Жыл ғарыштан келеді.

Келді жылым , бақытым.

Кемелденді  уақытым,

Сәлем саған Жаңа жыл

Жаңа бақыт , жаңа жыр!

 

Ерсін : Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң  болсын.

Төрле , төрле Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл  болсын.

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

 

2-жүргізуші :  Бейбітшілік , береке

Бола берсін мереке.

Қане , достар Аяз ата мен Ақшақарды   ортаға биге шақырайық.

 

 

Аяз  ата :  Ой , бәрекелді , өрендерім. Әсем ән  шырқап , би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.

Көп – көп рахмет, өркендерің өссін,

Қадамыңа нұр бітсін,

Заманыңа гүл бітсін.

Дұшпандарың болмасын,

Биіктерден  көріне беріңдер.

Сау болыңдар балалар,

Қыздырыңдар думанды,

Алда барар ауыл бар.

Жыл қуантсын баршаңды,

Сау болыңдар , балалар!

 

Ақшақар:  Жаңа жыл ауылдарды  жарылқасын,

Қиналып  әр отбасы тарылмасын.

Аяз ата келген күні қиналғандай,

Балалардан қуаныш  арылмасын.

Өнерлерің  өрге жүзсін,достарым,

Сау болыңдар!

 

 

  • жүргізуші :Міне тағы бір жылды да өткердік

Өткен жылдың жақсылығын көп көрдік.

Әрбір жылды жақсылыққа баладан.

Қай бір жылды ұнатпадық, жек көрдік.

Жаңа жылға жаңа қадам  басайық.

Армандаған белестерден асайық,

Күлімдеумен  көк аспанның  көгінде,

Күндей болып, жылы шуақ  шашайық.

 

2-жүргізуші : Бақыт берсін әрбір  жанның  басына,

Береке  бер , қуат бергін асыма,

Жанымызға жар болса екен – Жаратқан!

Иман  берсін қарты менен жасына.

Аппақ  қардай  көңіліміз пәк  болсын!

Аппақ  қардай арымыз  да ақ болсын!

Жаңа жылға жаңа қадам басайық,

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!

 

Бірге :  Келесі кездескенше  сау   болыңыздар!