Қазақша Рефераттар жинағы / Казакша рефераттар жинагы / Рефераты на казахском языке

0
418
Қазақша реферат: Мағжан Жұмабаев (1893-1938)Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Өмірбаяны:
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Қазақша реферат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні казакша Қазақша реферат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні на казахском языке

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

Қазақша реферат: Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920) казакша Қазақша реферат: Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920) на казахском языке

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек… Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек.

(Сұлтанмахмұт)

Өмірбаяны

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта…….

Қазақша реферат: 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) казакша Қазақша реферат: 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) на казахском языке

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Мазмұны Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақстан тарихы пәнінен қазақша реферат
1 Өмірбаяны
1.1 Отбасы және балалық шағы
1.2 Қызмет жолы
1.3 Кітаптары
1.4 Дәйексөздері
2 Нұрсұлтан Назарбаев атында
3 Реформалары
4 Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
5 Басқа лауазымдары мен мансаптары
6 Отбасылық жағдайы
7 Дереккөздер

Қазақша реферат: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) казакша Қазақша реферат: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) на казахском языке

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология…..

Қазақша реферат: Әке казакша Қазақша реферат: Әке на казахском языке

Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Қазақша реферат: Әлия Молдағұлова (1924-1944) казакша Қазақша реферат: Әлия Молдағұлова (1924-1944) на казахском языке

Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған.

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа…….

Қазақша реферат: Абай (Ибраһим) Құнанбаев [жоспар] казакша Қазақша реферат: Абай (Ибраһим) Құнанбаев [жоспар] на казахском языке

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Қазақша реферат: Дос (Достық) казакша Қазақша реферат: Дос (Достық) на казахском языке

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:

Ертеде, елімізде….

Қазақша реферат:  Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) казакша Қазақша реферат:  Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) на казахском языке

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Өмірбаяны

Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың…….

Қазақша реферат: Биология | Жасуша казакша Қазақша реферат: Биология | Жасуша на казахском языке

Мазмұны
• 1 Жасуша теориясының ашылуы
• 2 Жасуша органоидтары
• 3 Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы
• 4 Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері
• 5 Жасушаның химиялық құрамы
• 6 Жасушаның құрылысы
• 7 Пайдаланған әдебиет

Жасуша – тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі…..

Қазақша реферат: Абылай хан (1711-1781) казакша Қазақша реферат: Абылай хан (1711-1781) на казахском языке

Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би
…..

Қазақша реферат: Туған жер казакша Қазақша реферат: Туған жер на казахском языке

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір….

Қазақша реферат: Сәкен Сейфуллин (1894-1938) казакша Қазақша реферат: Сәкен Сейфуллин (1894-1938) на казахском языке

Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894-1938) – қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. 20ғ-дағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы – сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол…» – деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.

«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам…»- деген әлеум. ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын……

Қазақша реферат: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) казакша Қазақша реферат: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) на казахском языке

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен.Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты,шағын дәулетті,көзі ашық,діндар адам болған.

Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып,кейін өз бетімен көп….

Қазақша реферат: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы казакша Қазақша реферат: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы на казахском языке

Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы «Абай жолыроманында жүзеге асты.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған «Абай жолыроман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан……..

Қазақша реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906) казакша Қазақша реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906) на казахском языке

Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып…….

Қазақша реферат: Биология | Жануарлар әлемі казакша Қазақша реферат: Биология | Жануарлар әлемі на казахском языке

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі –өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында….

Қазақша реферат: Информатика | Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану казакша Қазақша реферат: Информатика | Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану на казахском языке

Реферат Тақырыбы: Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Мекен жайы: Арал
Колледж аты: Арал көпсалалы колледжі
Информатика пәні мұғалімі: Тәжібаева Парасат

Қазақша реферат: Қазақ тілі | Сөздің көп мағыналылығы және омоним казакша Қазақша реферат: Қазақ тілі | Сөздің көп мағыналылығы және омоним на казахском языке

Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.

Қазақша реферат: 30 тамыз - Конституция күні казакша Қазақша реферат: 30 тамыз - Конституция күні на казахском языке

Жоспар

Кіріспе
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. КонституцияҚазақстан республикасының негізгі заңы
2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақша реферат: Қобыланды батыр казакша Қазақша реферат: Қобыланды батыр на казахском языке

Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға…..

Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс құралып, ой-пікірі же-тер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дүрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне құ-лақ қойсақ, олардың, сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын ақғара-мыз. Соларға синтаксистік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя тұра-йыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанық болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйреншікті дағды, тілдік сезім бойынша ойын дәл беретін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік тұрғы талаптарымен ұштастыра білсе, құпа-құп.