Қазақша реферат Ертедегі үнділер мен  парсылардың географиялық деректері

0
220

Тақырыбы: Ертедегі үнділер мен  парсылардың географиялық деректері

Жоспар:

  1. Үнділер мен майалықтар зерттеген жерлер
  2. Ертедегі парсылар
  3. Гректер туралы қысқаша тусінік

 

Ертедегі үнділер мне парсылардың географиялық деректер.

Үнділер мен малайялықтар.  Ертедегі Үнді    мемлекеті   Инд және Ганга өзендері бассейні мен Гималай   тауларының   аралығын мекендеді. Бұлар біздің заманымызға дейінгі 1000 жылдар шамасы бұрын Иран және Месопотамиямен сауда қарым-қатынасын құрлықпен де, сумен де жүргізіп отырды. Солтүстік және Оңтүстік үнділердің  мәдени, сауда   қарым-қатынасы  өзара  тығыз байланысты еді. Өйткені, ол кезде    бұл    өңірдің    бәрі де,  Шығыс та, Орталық Азия да түгелдей будда дінін  қабылдаған. Үндістанда,  Орталық  Азия  халықтарында    бұл    діннің  ықпалы күшті болған. Біздің заманымызға дейінгі    Ш ғасырда Үндістан императоры Магадха Ашока будда діншілдерінің көмегімен көрші  іргелес елдерге дін таратып, олармен  қарым-қатынас жасап отырды.  Сөйтіп,   Ашока  дін  таратушыларды   Египетке,   Сирияға, Ливияға, Грецияға, тағы басқа жерлерге аттандырды.

Біздің заманымыздың бірінші ғасырында үнділер будда дінін Тибет төңірегіне, Малакка түбегіне, Малайя архипелагының көптеген аралдарына таратты. Осы кезде Индонезияның басты аралдары Суматра мен Ява ашылып, ерте замандағы елдердің географиялық түсінігі кеңи бастаған еді. Сөйтіп, Индонезия аралдарына үнділер келіп қоныстана бастады.

Сол кезде үнділердің құрлықтағы географиялық зерттеулері күшті болса, малайялықтарда теңіз жағалауларын кемемен зерттеуі  басым болды.  Малайялықтар  өздерінің жеңіл  кемесімен бүкіл Индонезия аралдәрының жағалауларын аралап шықты. Олар Борнео, Целебес және Молукка аралдарын ашып, олардың тұрғындарымен сауда, қарым-қатынас жасап отырды. Кейіннен, Мадагаскар аралын ашып, оған өздері көшіп барып орналасты.

Ертедегі парсылар.  Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Кир II өз империясына Батыс Ирандағы парсыларды қосып алып, Арменияға, Кіші Азия мен Месопотамияға ықпал жасады. Бұдан кейін Кир II Солтүстік Ирандағы көшпелі елдерді жаулап алды. Парсылардың солтүстік жорығы Гиркан (Каспий) теңізін ашты. Кейіннен оны парсы әдебиетінен алып, грек ойшысы Геродот толық сипаттады.

Парсылар Копет-Даг тауынан асып, Карақұмды көктей етіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерінде болды. Олар Окс (Амудария), Яксарт (Сырдария) бойларын, Хорезм маңын білді, Ферғана ойпатында болды. Кейінірек Орта Азия мен Қазақстан жері Орталық Азиядан Европаға баратын жолдың үстінде болды, сондыңтан шапңыншылар бұл өңірдегі елдерді дүркін-дүркін күйзелушілікке ұшыратып отырды.

Гректер. Жерорта теңізінің, оның ішінде Эгей теңізі жағалауына ертедегі гректер орнығып алып, өз ыңпалын төрт құбыласына бірдей таратты. Гректердің батыс және солтүстік жорықтары қанатын кең жайды, олар біздің заманымызға дейінгі кездің өзінде-ақ Европаның көп жерлерін ашты. Сондай-ақ, гректер Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауларын, Дунай, Дон өзендері бойларын отарлап алды. Сол кездегі грек отарына Орта Азия мен Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерлері кірді,— дейді кейбір зерттеушілер.

Ертедегі гректердің нәтижелі географиялың зерттеулері бірнеше теңіз сапарларында толығырақ дәріптеледһ Бұған ең алдымен әйгілі Аргонавтар экспедициясы жатады. Тегінде, Аргоновтар аңызы ертедегі гректердің алысқа сапар шеккен экспедиция бағытына негізделіп айтылады. Аңыз өте құндыг өйткені ол сол кездегі гректердің бүкіл Жерорта теңізіндегі, оның жаға-лауларындағы жаңадан ашқан жерлерін, Азия, Европа жайында дұрыс түсініктерін көрсетеді. Оны Одиссея сапары анықтай түседі. Сондықтан Аргонавтар аңызы Одиссея мен Илиаданың таң ғажайып оқиғалары сол кездегі грек география тарихын бейнелейтін аса құнды ғылыми деректер болды. Кейбір зерттеушілердің болжамьіна және Аргонавтар аңызына қарағанда, бұл экспедиция біздің жыл санауымызға дейінгі 1350 жылы басталған тәрізді. Экспедиция ұйымдастырудағы мақсат аңыздағы «Алтын  жабағыны» іздеу болған. Аргонавтар Қара теңізде, Колхида ойпатында болып, кейіннен «алтын жабағыны» қолға түсіріп, зор қиьшшылыңтарға кездесіп, өзінің шыққан жолымен Грецияға   қайта   оралады.

Эгей теңізінің Европалың және Азиялық жағалауларын мекендеген халықтардың ала ауыздығы біздің заманымызға дейінгі 1193 жылдан 1184 жылға дейін, яғни 10 жылға созылған — Троян соғысына әкеліп соққаны белгілі. Сөйтіп, ерте замандағы гректердің географиялық түсінігін көзге елестететін «Илиада» және «Одиссея» дейтін екі тарихи поэмасын шығарды. Оны гректің соқыр ақыны Гомер жазған. Ақын шығармаларын біздің жыл санауымызға дейінгі VII!—VII ғ. жазған, бірақ оқиға одан әлдеқайда бұрын, XII ғ. кезінде болғанға ұқсайды. Ақынның бұл шығармаларына арқау болған, грек тарихындағы шындың оқиға, сондықтан  қаһарман жыр халық аузында үзілмей келе жатыр.

«Илиада» оқиғасы Троян соғысы кезінде, ахиллдықтар Кіші Азия қаласы Троянға немесе Илионға шабуыл жасаған кезде туған. Ал «Одиссея» оқиғасы одан кейін болған. Мұның негізіне грек патшасы Одиссейдің кемемен жасаған саяхаты арқау болған. Ол еліне ұзаққа созылған Троян соғысы аяңталған соң аралады. Бұл екі поэмадан сол кездегі гректердің саяси құрылысы, экономикасы, тарихы, географиялық түснігі қандай дәрежеде болғандығын байқауға болады. Ф. Энгельс қоғамның сол кездегі дәуірін «әскери-демократиялық» дәуір, кейінірек соның негізінде грек мемлекеті құрылды,— дейді.

Бұл екі поэмадан Гомердің географиялық түсінігі көрініп отырады. Оқиға өте әсерлі. Бірақ Гомердің географиялың түсінігі Эгей теңізі жайында болып, одан арғы жер — Жерорта теңізінің батыс, Қара теңіз маңы туралы деректер көрсетілмеген.

«Илиада» грек болмысының ішкі жағдайын дәріптейді де, «Одиссея» алысқа сапар шеккен жорық жағдайын әңгімелейді. Бұл оқиғаларға қарағанда, Гомерге Кіші Азия жағалауы, Египет және Ливия жерлері белгілі екендігі байқалады, Ақын шығыс пен батысты ғана меңзейді, оның солтүстік, оңтүстік деген ұғымы жоқ, солтүстікті батысқа, оңтүстікті шығысқа қосады. Шығыс күнге жақын, батыс одан алыс… Күн шығыста жерді айналып жатқан Өзен-Мұхиттан шығып, батыстағы сол Өзен-Мұхитқа қайта батады деп түсінеді. Жерді ол дөңестеу жазық, оны Өзен-Мұхит қоршайды деп білді, теңіз деген түсінігі жоқ. Көгілдір аспанда шығыстағы судан шығатын күн батысқа қарай қалқиды. Күнді айналдыратын, желді соққызып, жерді сілкіндіретін, бұлт көтеріп күн жауғызатын, нажағай шартылдап жай түсіретін «құдай» деп білген. Жер ауамен қоршалған, оның биік тау басында «құдай» тұратын жерін Эфир, жел құдайын Эол деп атайды. Аспанды «Аида», жер астын —«Тартар» дейді. Адам елгеннен кейін оның жаны «Аида» түнегінде сезімсіз жағдайда болады,— деп түсінеді. Міне, ертедегі гректердің, Гомердің географиялың әлем туралы түсінігі осындай болған. Сөйтіп, ерте заманда финикиялықтардан, парсылардан кейін дүние жүзілік толығырақ географиялық деректер гректерге көшті. Ертеде теңіз деген

Автор публикации



3
Комментарии: 0Публикации: 695Регистрация: 14-11-2017