Қазақша реферат Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы  шаруалар соғысы

0

Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған      1773-1775      жылғы      шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алғышарттары:

  1. Патша үкіметінің     Каспий     теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі.
  2. Петербург билеушілерінің  осы  аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы.
  3. Жайық бойында      патша      үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.

Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған — жер мәселесі. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруаларының талаптарын ескеріп, 1742 жылы 19-қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салды.

XVIII ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды.

Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады.

  • 1773 жылғы   20   қыркүйек   —   Пугачев Нұралыға   арнайы   үндеу  жолдады:   жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.
  • 1773 жылы    қарашаның    17-нен    18-не қараған  түні   —   Нұралының  өкілі   Зәбір молда  Усиха  өзені   маңында   Пугачевке жолықты.

Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Қазақ жігіттері Пугачевтің әскерімен бірлесіп шайқасты:

—    Жайық бекінісін қоршауға қатысты.

—     Кулагин бекінісін алды.

—    Орынборды      қоршауға      2000      қазақ қатысты.

1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды:

—    Көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою.

  • Көтерілістің өршуінен          сескеніп, қазақтарды     тәуелділікте     ұстау     және жеңілсе патша алдында ақталу.

1775 жылы 7 қараша — сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Жайық, Еділ Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері         бойындағы      жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.

Қазақтардың Е. И. Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Қатардағы шаруалар мен көптеген ақсақалдарханның саясатына риза болмады. Нұралы ханның патша әкімшілігінен Жем өзені ауданында өзіне арнап бекініс салуды және өзін күзету үшін қазақ әскерінің отрядын бөлуді сұрағаны кездей соқ емес.

Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен, сондай-ақпатша өкіметінің отаршылдык саясаты мың қатайтылып, күшейтіле түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді. Қатардағы малшы шаруалардың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі бір жеңілдіктерін пайдаланған қазақақсақалдарына, рубасыларына, сұлтандар мен хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл ойды жақтаушылар бейшаралық халге түскен көшпелі қазақтар еді.

1773—74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық қазақта-1772 жылғы бой көрсету кейінгі оқиғалардың негізгі белгілерін ғана айқындады.

Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінін, Пугачев төңірегіндегі адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан кейін қазақтардың көтерілісшілержағында қимылдауы туралы сөзетілді.     Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды.Ол «осында көшіп жүрген орда бізге қуанатын болады және ол бізді карсы алып, шығарып салады» дедік.

Өз жоспарларында Пугачев қазақтарға, оның үстінс қозғалыстың бас кезінде нақ жайық қазақтарына сенім артты. Аталған жарлықта 1773 жылғы қыркүйектің орта шенінде ол былай деп жазды: «Мен, ұлы патшаларың, қазақ-тарға, қалмақтар мен татарларға кешірім беремін. Барлық кінәларынды кешіремін және мен сендерге: басынан сағасына дейіи өзен және жер, шөп те, ақшалай айлықта, қорғасын да, оқ-дәрі де, астық азық-түлігін де сыйға тарта-мын».

20 қыркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасарымен Жайық қалашығына келді. Осы жасақпен бірге Пугачевке Нұралы ханнан мынадай хатжетті: «Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңыз ды білу үшін Жайық қалашағына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша болсаңыз,өзкүшім қаншаға жетсе — сөзсіз қызметететін боламын».      Қазақ ханының ордасындағылар жаңа патшаның жалғаматты жамылушы екенін түсінді және оқиғалардың қалай өрбитіні әлі белгісіз болатын.    Сондықтан ханның жасағы Жайық қаласына шабуыл жасамақшы болған жоқ оның үстіне қалашықты қоршауда созылып кетту.

Пугачев Жайық қалашығын тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері Орынборға кетті. Жол және-кей Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Қазақтарға үндеуінде Пугачев өзін «ұлы патша Петр Федорович» деп атады. Ол помещиктерді жазалауға, дін ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал қазақтарға, басқаларының бәріне қоса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді.

Е. И. Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. Патша өкіметі мен қазақтардың қазақтар жөніндегі әрекеттері дала жақтан шептерге, станицалар мен кордондарға шапқыншылықтар жасауды жандандыра түсті. Құжаттардың дәлелдеуінше, өз еркімен құрылған қазақжасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Кожехаровский форпосына, Красногор дистанциясының бекіністері мен форпостарына жақындады, Жайық өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды, даланың бір шетіне мал айдап әкетту

1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы — 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды коршағанда Пугачев әскерінің құрамында шамамен 500 жайық, 300 елек, 600 орынбор казақтары, 400 қарғалы және сақмартатарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш мыңдай адам қатысты.

ХУІІІ ғасырдың 80-жылдарында Орынборда «кез келген адамдар, ал көпшілік бөлігі бойынша қызмет ететін әскери және штаттағы шенді» 2866 адам тұратын үйлер болды. Олардың арасында көпестер — 2061 адам. Соның ішінде саудагер татарлар — 1986 адам, «ал оның үстіне орынбор қазақтарына да, оларда ауқатты адамдар көп, сауда жасауға рұқсат етілген және олар сауданы аз жасамайды». Орынбор қазақтары жылына 15 сомнан, жүзбасылар -30 сомнан, жасаулдар — 50 сомнан айлық алып тұрды. Бекіністе дуалдарға 55 зеңбірек орналастырылған еді, ал қаланың өзінде дала зеңбіректері көп болатын. 6 қазанда Орынборды тікелей шабуылмен алуға әрекет жасалды, алайда ол табысқа жеткізбеді.

Орынборды қоршау барысында Пугачев екі манифест жазуға өкім берді. Олардың біреуі қазақтарға арналды. Мәтінді жайық қазағы,татарТангайши жазды. Манифест Жайық қалашығына жақын жерде көшіп жүрген Досалы сұлтанға арналды. Пугачев сұлтаннан көмекке екі жүз адам жіберуді және сол күштермен Жайық қалашығына соққы жасауды сұрады. Пугачевке жазған хаттарының бірінде Досалы сұлтан Пугачевтің өтініші бойынша екі жүзден астам жігіттерден тұратын жасақ жіберуге дайын екенін хабарлады. Бұл орайда жасақтың қайда баруы қажетекенін анықтауды сұрады. Бұл жасақ Орынборды қоршауға қатысты.

1773 жылдың қазан айында Сейдалы сұлтан бастаған 200 адамнан тұратын жасақ қоршаудағы Жайықбекінісіне келді. Сейдалы сұлтан Досалы сұлтанның баласы еді. Досалы сұлтанның үш баласы да Пугачев жағында болды. Досалы сұлтанның өзі мен оның жасағы пугачевшілермен бірге Жайық бекінісіне тікелей шабуыл жасауға қатысты. Қазақтар Кулагин бекінісін алуға да қатысты. Бекініске шабуыл жасауға бірнеше пугачевшілермен бірге атаман Толкачев басшылық етті. Татищев бекінісін қоршауға да қазақ көтерілісшілерінің жасағы қатысты, оларға «қазақ ханының баласы» басшылық жасады. Ол коршау кезіндегі қақтығыстардың бірінде өлтірілді. Орынборды қоршаудың түрлі кезеңдерінде көтерілісшілерге 2000-дай қазақ қолдау жасады.

Орынборды қоршау барысында Пугачев екі манифест жазуға өкім берді. Олардың біреуі қазақтарға арналды. Мәтінді жайық қазағы,татарТанғайши жазды. Манифест Жайық қалашығына жақым жерде көшіп жүрген Досалы сұлтанға арналды. Пугачев сұлтаннан көмекке екі жүз адам жіберуді және сол күштермен Жайық қалашығына соққы жасауды сұрады. Пугачевке жазған хаттарының бірінде Досалы сұлтан Пугачевтің өтініші бойынша екі жүзден астам жігіттерден тұратын жасақ жіберуге дайын екенін хабарлады. Бұл орайда жасақтың қайда баруы қажетекенін анықтауды сұрады. Бұл жасақ Орынборды қоршауға қатысты.

1773 жылдың қазан айында Сейдалы сұлтан бастағаи 200 адамның тұратын жасақ қоршаудағы Жайық бекінісіне келді. Сейдалы сұлтан Досалы сұлтанның баласы еді. Досалы сұлтанның үш баласы да Пугачев жағында болды. Досалы сұлтанның өзі мен оның жасағы пугачевшілермен бірге Жайық бекінісінеті келей шабуыл жасауға катысты. Қазақтар Кулагин бекінісін алуға да қатысты. Бекініске шабуыл жасауға бірнеше пугачевшілермен бірге атаман Толкачев басшылық етті. Татищев бекінісін қоршауға да казақ көтеріл ісшілерінің жасағы катысты, оларға «қазақ ханының баласы» басшылық жасады. Ол қоршау кезіндегі қақтығыстардың бірінде өлтірілді. Орынборды қоршаудың түрлі кезендерінде көтерілісшілерге  2000-дай қазаққолдау жасады. Жайықтан өтіп көшкен қазақтардың тегеуіріні аса киындыкпен тежелді. Мал айдап өту үнемі шапқыншылықтармен ұласып отырды, өзеннен өтетін жерлерде, мал жайылымдарында қазақ отрядтарымен қақтығыстар болды. Қазақтар форпостар мен жекелеген қазақ разъездеріне күтпеген жерден, тұткиылдан шапқыншылық жасап отырды. Патшалық өкімет орындарының екілдері қазақтардың жаппай бой көрсетулерінен қауіптенді, Ресей бекіністері мен станицаларына шабуыл жасалу каупі төніп  орайда қазақтардың өз малын ішкі жақта еркін жаюға ұмтылғаны атап көрсетілген.

Пугачевтің 1773 жылғы қазан айының басындағы станицаларды алу және үкімет әскерлерімен қақтығыстар кезіндегі табыстары халыктың көтерілісшілерге тілектестігінің өсуіне себепші болды. Казақтардың бір бөлігі Жайыққа қарай, Верхнеяицк және Нижнеяицк шептеріне ұмтылды. Қазан, қараша айларында Орынбордың оңтүстік жағындағы бекіністерге барымта жасалған көптеген жағдайлар орын алды. Қазақтар Жайыктың арғы бетіне жаппай өтті, бұған 1764 жылы арнаулы жарлық пен тыйым салынған еді. Черный яр маңында қазақ көштері пайда болды. Астрахан губернаторы 1000 дон  Жайық пен Еділ арасында жатқан жайылымдардың едәуір бөлігіне 1771 жылға дейін калмақтар ормаласып алды. Кысқы жайылымдар үшін даулар негізінде бұл аудан қазақтар мен қалмақтар арасында екінің бірінде қақтығыстар бол ып тұрды. 1759/60 жылдың қысында ғана қалмақтар Жайықтан өтіп қазақтардың 40 мыңдай жылқысын айдап әкетті. 1771 жылы Нарын құмы ауданында көшіп жүрген қалмақтардың үлкен тобы Жайық бекініс шебінен өтіп, қазақдаласы арқылы шығыс қабеталды.         Олардың кетуіне байланысты Жайық пен Еділ арасындағы аумақтың бірбөлігі босап қалды. Қазақ ақсақалдары патша үкіметіне қазақтардың «ішкі жаққа» өтуіне тыйым салынған 1756 жылғы жарлықтың күнін жойып, бұл жерлерді кысқы жайылым үшін пайдалануға рұқсатетуге өтініш жасады. Алайда Сыртқы істералқасы 1771 жылы бытырым салуды қайтадан мақұлдап.  Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылдардағы жарлықтар мен санаспай, Еділ меп Жайық арасындағы жайылымдарды іс жүзінде пайдаланды. Шаруалар соғысы басып-жанышталғаннан кейіи және одан соң жазалаудың күшейтілуі салдарынан бұлай істеу мейлінше қиындап кетті.

1775 жылы патша үкіметі жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігі Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының (билеушілерінің) құрамына кірді. Орынбордың обер комендантына Кіші жүзде патшалық окімет орындарының іс-ішараларын тікелей жүргізутапсырылды, бұл үшән Шекара істері комиссиясы құрылды, Жайғам бойындағы шекаралық шөп қалпына келтіріліп, нығайтылды, бекіністердің гарнизондары күшейтілді.

Патшалық окімет орындары қазақ сұлтандарын озінің сенімді тірегіне айналдырып, солардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғыз бауға ұмтылды.Өзі тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге  бар күшін салып тырысты. Патшалық өкімет орынлары сыйлыктар үлестіру, айлықтары шем беру жолымен дала аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.

1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шекаралық өкіметорындарынан рұқсаталғаннан кейін ғанажол берілді. Нұралы мен оның еңжақын туыстары коныстарға билік ету құқығын пайдаланып қиянат жасады, Орал қазақ әскерлерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери старшиналар өзеннен өткені үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды тұтқынға алып айдап әкетті. Сол кездехан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп «тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шекаралық егіншілік пен қазақтардың үстемтоптарының тұрақты табыс көзіне айналды.

Сонымен 1773—75 жыллардағы шаруалар соғысының оқиғалары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының арасында үндестік тапты. Қазақ шаруалары шаруалар соғысының оқиғаларына тез арада үн қосып, онда өздерін белсенді түрде көрсетті. Бұл стихиялы бой көрсетулерден қазақтардың қазақ жерлерін отаршыл қазақтардан азат етуге ұмтылысы анғарылды және ол қазақ халқының патшалық самодержавиеге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының бірарна сына қосылды. Бұл да оқиғалардың дамуында прогресшіл фактор болды. Сонымен бірге қазақ шаруаларының бой көрсетулері қазақ жүздеріндегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарды ашып берді.

Автор публикации

не в сети 3 недели


Tarazsky



3
Комментарии: 0Публикации: 656Регистрация: 14-11-2017