Қазақша Есімдер мағынасы жинағы

0
186
АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың; тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.

АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.

АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі; иран жыл санауындағы ай аты.

АСХАТ – араб тілінен алынған асхад – ең бақытты, құтты, ырысы мол.

АСЫЛ – араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.