Қазақша Ертегілер жинағы

0
746
Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты:
– Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.
Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды.
– Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана…
Сауысқан шық-шық етті де….

Қазақша ертегі: Күшік пен мысық казакша Қазақша ертегі: Күшік пен мысық на казахском языке

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
– Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.
– Сенің екі көзің шоқтай қызарып….

Қазақша ертегі: Тапқыр қоян (видео) казакша Қазақша ертегі: Тапқыр қоян (видео) на казахском языке

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе…..

Қазақша ертегі: Үйшік / Теремок (орыс халық ертегісі) казакша Қазақша ертегі: Үйшік / Теремок (орыс халық ертегісі) на казахском языке

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте…….

Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі казакша Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі на казахском языке

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған
жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны…..

Ертегі: Түлкіні алдаған қаз казакша Ертегі: Түлкіні алдаған қаз на казахском языке

Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп……

Ертегі: Өгіз бен есек казакша Ертегі: Өгіз бен есек на казахском языке

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып……

Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ! казакша Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ! на казахском языке

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
– Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, – дейді. Шал мақұл……

Қазақша ертегі: Қарт пен тапқыр жігіт казакша Қазақша ертегі: Қарт пен тапқыр жігіт на казахском языке

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:
– Ата, жолды қысқартайық, – дейді.
Қарт:
– Жол қалай қысқарады? – дейді.
Жігіт:
– Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кеззек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді.
Шал ішінен:
– Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Өзін қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып….

Қазақша ертегі: Жақсылық пен жамандық казакша Қазақша ертегі: Жақсылық пен жамандық на казахском языке

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
– Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті.
Жақсылық:
– Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге….

Қазақша ертегі: Алтын балық / Золотая рыбка казакша Қазақша ертегі: Алтын балық / Золотая рыбка на казахском языке

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы:
— Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де бала жылап-еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше……

Қазақша ертегі: Алтын балта казакша Қазақша ертегі: Алтын балта на казахском языке

Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей…….

Қазақша ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (видео) казакша Қазақша ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (видео) на казахском языке

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.

Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын….

Қазақша ертегі: Ер төстік казакша Қазақша ертегі: Ер төстік на казахском языке

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді – келмейді, жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
– Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы……

Қазақша ертегі: Шалқан / Репка казакша Қазақша ертегі: Шалқан / Репка на казахском языке

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан….

Қазақша ертегі: Керқұла атты Кендебай казакша Қазақша ертегі: Керқұла атты Кендебай на казахском языке

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндердеешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүіріп, бір күндері шешесіне келіп:
– Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? – дейді. Шешесі:
– Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, – дейді. Бір күндері бала далада ешкілерін жайып жүріп, алтын мүйізді шұбар киікті тағы да көреді. Сол арада бала әлгі шұбар киікті ұстап алады. Ханға алып….

Қазақша ертегі: Қарттың ұлына айтқан өсиеті казакша Қазақша ертегі: Қарттың ұлына айтқан өсиеті на казахском языке

Бір бай өлер уакытында ұлын шақырып алып: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп, өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке….

Қазақша ертегі: Алма казакша Қазақша ертегі: Алма на казахском языке

Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — секіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек……

Қазақша ертегі: Өнеге казакша Қазақша ертегі: Өнеге на казахском языке

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей……

Қазақша ертегі: Жалқау қоян казакша Қазақша ертегі: Жалқау қоян на казахском языке

Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың…….