қазақша ертегі: Қожанасыр мен хан
Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», — деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына шақырып алып:
— Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! — дейді.
— Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, — деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.
— Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? — деп, сұрайды хан.
— Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» — дегенім еді, — дейді Қожа.