Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Асыл шөп)

0
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Асыл шөп) казакша Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Асыл шөп) на казахском языке

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
– Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
– Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
– Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха
– Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз