Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Асыл шөп)


Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
— Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
— Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
— Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха
— Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.