Қазақи ырым тыйымдар
Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
Жүкті әйел шашын кессе — іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
Ана баланы дәретсіз емізбейді.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.
Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады.
Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.
Түсік тастамасын деп, жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «жер ана, күш-қуат бере гөр» деп жалаң аяқ жүргізеді.
Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса – мерзімінен бұрын босанады.
Бала кіндігіне оралып қалады деп, екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.
Бала ортан жіліктің майын жесе – ата-анаға мейірімсіз болады.
Екіқабат әйел қоян етін жесе немесе қоян етіне жерік болса – баласы қоянжырық болады.
Екіқабат әйел ұл туғысы келсе – еркектің қару-жарағын, қыз туғысы келсе – жүзік, сырға, моншақ, қызыл түсті мата жастанып жатады.
Толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді.
Қонақ қызды үй иесі төрге шығарса, сол үйге құт келеді деп ырымдаған.
Қыз бала дауысын қатты шығарып күлмейді.
Қыз бала түнде шашын жаймайды.
Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деп ешкімге байлатпайды.
Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса ұл туады деп ырымдайды.
Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде тумайды деген ырым бар.
Әйел екіқабат кезінде жерігі қанбаса, одан туған баланың аузынан су ағып жүреді.
Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады деп ырымдаған.
Сәби анасының төсін ұстап отырып емсе – сараң болады, еркім емсе – жомарт болады дейді.
Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса – елгі белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр болады, бұл – кемеңгерліктің белгісі.
Шөбересінің алақанынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.
Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме» деген сөз бар.
Тілдің ұшын жесе – сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.
Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған.
Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.