Қазақ жұлдыздары қалай өзгерді?

Бірінші суретте Қазақстанның ең сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың ата-анасы. Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековты танымайтындар кемде-кем. Өйткені, олар да баласымен қатар халықтың көз алдында, анасы продюсер болса, әкесі әншілігімен белгілі.

Бұл — Қазақстанның ең танымал әйелдерінің бірі. Бір кездері халықтың жүрегін Гүлназ болып жаулаған қыз, қазір атақты продюсер Баян Алагөзоваға айналды.

Қазақтың Қыз Жібегі мен Төлегені. Тарихы кинода бейнеленген махаббат, өмірде тағдырларына айналған қос ғашық — Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова. Өкініштісі, осы жылы Қыз Жібекпен қатар, қазақ елі Төлегенін жоқтап қалған еді.

Ол — сахнаның королі! Аты аңызға айналған Асанәлі Әшімовтың жас кезіндегі бейнесі.

Үнемі халықтың ауызынан түспейтін жұлдызды жұп — Қыдырәлі мен Қарақат. Қазір бұл отбасының төрт ұлы мен бір қызы бар.

«Бауыржан-шоу» театры арқылы көпшілікке жақсы таныс актер, Алмас Сақатов. Суретте өзінің қарындасы Назгүлмен бірге.

Театр және кино актерлері — Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова. Текті әулеттің түтінін түтетіп отырған жұлдызды жұп.