Қазақ тілінің лексикологиясы | Скачать Материал
Кіріспе
Лексикология – сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.
Тілімізде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығы лексика немесе сөздік
құрам делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып
табылады.
Лексикологияның зерттейтін обьектісі-сөз. Белгілі бір заттың, оқиға,
құбылыстың қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз
дейміз.Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ
түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына,
атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатына жасау, пікір алысу үшін
қолданады.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын,
шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін,
түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология
дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен
бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп,
осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының
диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар
І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев,
Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев,
Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы
белгілі.
Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан қарастыра
отырып, әр халықтың өткен тарихымен де байланыстырады. Нақтылып айтқанда,
тіл құбылыстарын диахронды және синхронды тұрғыдан зерттейді. Лексикология
тіл білімінің фонетика, грамматика, сияқты салаларымен тығыз байланысты.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица.
Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы
біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы
зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды
міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді
қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып
жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп
мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де
соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған
тілдердің қатарына жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы — Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романы
тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты – Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романы тіліндегі
фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним,омоним, антонимдердің
қолданылуын және көркемдегіш – бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу,
эпитет, портрет, метафора, кейіптеу,метонимия, синекдоханың шығармадағы
қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан синоним, антонимдерді, омоним сөздердің стильдік
ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метафора, метонимия тағы басқа
көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау,
ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны – Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романы
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
• Шығармада теңеу, фразеологизм, мақал –мәтелдердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы – кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. Синоним, антоним, омоним сөздерінің стильдік қызметі
Антонимдер – мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер. Тілдегі
антонимдерді қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру
арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-
мәтелдерде жиі қолданылады.
Ғалым К.Аханов Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-
қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде
және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде
антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың
нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып
келеді-деген [1. 140-бет]
Зерттеуші — ғалым Ә.Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы атты
еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: Антонимдер дүниедегі
заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін
салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады — деген.
Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр
сөз табына қатысты нақ бірдей емес, ала-құла-деген [2. 21-бет]
Лексиколог ғалым Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев антонимдерге мынадай
анықтама берген: Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы ұғымды
білдіретін сөздер тобы Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне-көп
сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу
жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
1. Зат есімге тән антонимдер.
2. сын есімдерге тән антонимдер
а) түбір күйінде кездесетіндер;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер;
б) -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер.
3. Етістікке тән антонимдер.
4. Үстеуге қатысты антонимдер.
5. Есімдікке қатысты антонимдер. [3. 76-бет].
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ғ.Қанапина Қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі атты еңбегінде мынадай
тұжырым жасайды: Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор.
Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез
келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе
нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады. [4. 7-бет]
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы
өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен
өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы.
Мысалы: Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да
соншалықты түсінікті болмас еді. Себебі:
Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-
дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра
қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып,
оқырманына ой салады.
Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық,
экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір
құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер.
Ғалым Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан Қазіргі қазақ тілі”
оқулығында: Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын – сапасын,
артық – кем қасиетін, мөлшер – көлемін салыстырып, бір – біріне қарама –
қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң – мырза, қапа – ырза, қайғы – шат, тұнық
– ылат, тірі – өлі, паң – мүлайым, жұмсақ – қатты, т.б.
Тілдегі антонимдер қарама – қарсы құбылыстарды біріне – бірін
шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен
антонимдер өте – мөте мақал – мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді
қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог – ғалымдар Ә.Болғанбаев
пен Ғ.Қалиев былай көрсеткен:
1.Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық
өмірден ерлік өлім артық.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама – қарсы қойылып шендестіріледі.
Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ,
семірмек көңілден.
4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір – біріне қарама – қарсы мағынада
жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік – тіл қысқа,
қарға адым жер – ит өлген жер
Антонимдердің ерекшеліктері:
1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп
құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама – қарсы бағасының атауы болып
табылады.
2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық –
жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен
ғана тіркесе алады.
3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы
шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай – ақ
бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше
антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.
4. Антонимдер – семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама –
қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер – лексиканың полисемия,
синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол
сала.
5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді
сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа
сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең
екендігін көрсетеді.
6. Бір – біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( — лы, — лі, — ды, — ді, —
ты, — ті, — сыз, — сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама –
қарсылығы антонимдік қарама – қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына
туғыза алмайды. Өйткені – лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы
белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар
затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. – сыз, -сіз болымсыздық
категориясын туғызатын қосымша болып танылады.
Зерттеуші ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің 1960 – 1980 жылдардағы әйел
– ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева,
К.Ахметова шығармалары негізінде) атты монографиясында антонимдерге
тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ.Мүсірепов: Сөз сөзге жарығын да
түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп
тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл
жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе – әр сөздің ой мен сезімге
бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында деп айтқан болатын.
Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені
тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын – жазушылар өзара қарама –
қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған.
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып
және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен
білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой
түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану
арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
Жан – жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі
мақсат – мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға
болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты
кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі
қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды
қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла
береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану – барлық стильде
бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше.
Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар
алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды” [5. 26 – 27 бет].
Тіл білімінің қай кезеңінде, қай дәуірінде болмасын қарама-қарсы
мағыналы сөздердің (антонимдер) табиғаты ғалымдардың қызығушылығын тудырып
отырған. Өйткені жалпы қарама-қарсылық ұғымы өте күрделі, түрлі
көзқарастарды басшылыққа алып жүрген тілдік құбылыстардың бірінен
саналады. Қарама-қарсылық мәндегі қатынастар семантикалық парадигманың бір
көрінісі болып табылады, сондықтан да олардың көріну, жасалу ерекшеліктері
ғалымдардың назарын әрқашан өзіне аударып отырған.
Сонымен бірге қарама-қарсылықтың күрделі табиғаты бұл мәселенің қаншалықты
зерттеу нысаны болғандығын баяндауды қажет етеді. Сондықтан біз осы
уақытқа дейін жазылған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қарама-қарсы
мәндегі сөздердің, яғни антоним сөздердің зерттелуіндегі бағыттарға, соның
ішінде антоним сөздердің дәстүрлі, құрылымдық бағытта зерттелуінің жай-
күйіне соға кеткенді жөн көреміз.
XVІІІ-ХІХ ғасырда қарама-қарсы мағыналы сөздер әр алуан атаулармен
берілген: “қарсы заттар (М.В. Ломоносов); қарсы мәнді, қарама-қарсы,
қарсы атауыш сөздер (И.И. Срезневский); қарама-қайшылық, қарама-қарсы
сөздер (И.И. Давыдова). Қарама-қарсылық мәндегі ұғымдар тіл білімінде
антонимдік бірліктер ыңғайында зерттеліп келді, сонымен бірге оларды
жалпытеориялық деңгейде зерттеген еңбектер де бар. Қарама-қарсы мағыналы
сөздерді психолингвистикалық аспектіде ғалым Э.И. Родичева зерттеген. Ғалым
афазия ауруына шалдыққан бірнеше ұлт өкілдерінің арасында тәжірибе жасаған.
Осы тәжірибенің нәтижесі – антонимдік қарама-қарсы дамулары тежелгендердің
логикалық-түсініктік компонентіне енетіні. Мысалы, төменгі деген сөзге
барлығы дереу жоғары деп, бейбітшілік деген сөзге – соғыс деген жауап
алыныпты. Осы тәрізді қорытындыға В.И. Маслова да келген. Ғалым былай деп
көрсетеді:…как свидетельствуют экспериментальные данные, основные
протвопоставления могут быть описаны в логико-понятийных терминах. Э.И.
Родичева әртүрлі жүйелі тілдер материалы негізінде (орыс, араб, эстон т.б.)
қарама-қарсылық қатынастардың туу және даму үдерісін зерттей келе,
антонимия пресуппозициясы оны құрайтындардың бір-біріне қосылу нәтижесі
болып табылады деген қорытындыға келген: 1) айтушы не сөйлеушінің
персоналдық пресуппозициясы; 2) әмбебаптықлогикалық пресуппозиция.
Заттардың қасиеттері немесе объективті құбылыстардың мәнін көрсететін
логикалық арам-қарсылық жүйелі лексикалық антонидер арқылы тілдік тұрғыдан
көрініс табады.
Әртүрлі халықтардың тілдеріндегі семантикалық құбылыстарды сараптаған
кезде келесі бір элемент – ғаламның ұлттық суретінің ерекшелігі – әлемді
ұлттық тұрғыдан тану пресуппозициясы қосылады. Бұл пресуппозиция тек сол
тілге ғана тән антонимдік оппозицияларда көрінеді.
Қарама-қарсы мағыналы сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жөнінде
де біраз мәселені айтуға болады. Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі
сөздер – антонимия мәселесі едәуір зерттелді. Осы орайда ол туралы алғаш
ғылыми пікір айтып, антонимдер сөздігін жариялаған ғалым – Ж.М. Мусин.
Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды
лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық
деңгейде жан-жақты қарастырады.
Зерттеудің нысаны ретінде алынған қарама-қарсы мағынадағы сөздердің
болымсыздық категориясымен қатысына логикалық тұрғыдан теориялық тұжырымдар
беріледі. Антонимдік фразалық тіркестерді, стильдік антонимдерді,
антонимдік контекстерді тұлғалық және мағыналық жағынан топтастырып,
бірнеше топқа бөліп қарастырады.
Қарама-қарсылық мәселесі С. Төлекованың Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс
мәндегі фразеологизмдер атты зерттеу жұмысында да қарастырылып өтеді.
Автор зерттеу нысаны болған алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдерді үш
түрге бөліп қарастырады:
1) Фразеологизмдердің толық мағыналарының қарама-қарсы қойылуы. Мысалы:
жас жанына жамандық бермесін – көгермей, көктей солғыр, жаның мұрнының
ұшына келгір – айдан іздегенің алдыңнан табылғыр, қуанышың қойныңа
сыймасын – қасіретіңе жолыққыр т.б.;
2) Қарама-қарсы мағынадағы фразеологизмдерде мағыналық жағынан
фразеологизмнің негізі болатын бір сөз қайталанып келіп жасалуы. Мысалы:
жаның көзіне көрінгір – жаның жадырағыр, жолың болмағыр – жолың ашық
болғыр, жолыңа жуа біткір – жолың даңғыл болғыр;
3) Фразалық бірліктерден бөлек алынған кезде бір не екі сөзі жеке тұрып
антоним бола алатын фразеологизмдер. Мысалы: Ұзақ ғұмыр берсін – өлім
келгір, көзінің оты жансын – көзіңнің оты өшсін.
Ғалым фразеологизмдер ішінде кездесетін антонимдерді қарастырады да,
олардың экспрессивтік-эмоционалдық қызметін айқындайды. Өшкенің жанып,
өлгенің тірілсін дегендегі антонимдер алғыс мәнін күшейте түседі де,
досың қас, дұшпаның жау болсын деген тіркестегі дос – қас, дос
– дұшпан, жау – дос қарғыс мәнінде сондай әсер ететіндігін дәлелдейді.
Қазақ тіліндегі антонимдер мәселесі жоғарыда келтірген А.Е.Жүсіповтың
Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары атты зерттеу
жұмысында едәуір жақсы ашылған. Аталған жұмыста атнонимдердің объективті
негізін анықтау, түбірлі антонимдердің, энантиосемияның табиғатын ашу,
қарама-қарсылықтың синонимия, полисемия, омонимиямен байланысын және
антоним сөздердің стилистикалық қызметі сөз болады.
Антонимдер мәселесі қазақ және орыс тілдерінің материалдарында салыстырыла
зерттеліп жүр. А. Жұмабекова өзінің еңбегінде антонимия құбылысын
салыстырмалы-типологиялық аспектідегі теориялық қағидаларын алғаш рет
кеңінен қарастырып, жан-жақты тұжырымдайды. Антонимия тілдік құбылыс
ретінде қарастырылып, логика, психология, философия қағидаларымен
салыстырылып, кешенді түрде зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында тілдік
және логикалық қарама-қарсы байланыс анықталып, узуалды антонимдік
оппозиция және контекстуалды антонимдік оппозиция ұғымдарының айырым
белгілері көрсетілген. Қарама-қарсы мағынадағы сөздер градуалды, привативті
және эквиполентті деп шартты түрде үшке бөлініп қарастырылған.
Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіл біліміндегі антонимдерге деген
көзқарастың дамуында бұл еңбектің тигізер септігі мол.
Ж.Қонақбаеваның ғылыми жұмысында антонимдік фразалық тіркестер
ағылшын, орыс және қазақ тілі материалдарында салыстырыла отырып, осы
бірлік-тұлғалардың тіларалық идиомалық қатысын ашып, анықтауға бағытталған.
Автор қазақ, орыс тілдеріндегі антонимдік қарама-қарсылық ағылшын-қазақ,
ағылшын-орыс эквиваленттеріне сайма-сай келетінін айтады. Айырмашылық,
негізінен, коннотативтік қатынастар кезінде байқалады, олардың әрқайсысының
өзіндік семантикалық құрылымы бар дегенге жүгінеді.
Қазақ тілінің семантикасы мәселесін қарастырған М. Оразов: Сөздерді
антонимдік қатысына қарай тек белгілі семантикалық топтардың аясында бөліп,
сол топтармен байланыстыра қараған жөн. Л. Новиков көрсеткен үш түрлі
парадигмалық байланыс осы топ элементтерінің түрлері бір өлшемге
негізделмегендіктен көпшілік лексикологтар оны қабылдамай жүр, – дегенді
айтады. М. Оразов антонимдерді мағынасына қарай топтаған кезде мынадай
мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтады:
1. Сөздер антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылған кезде тура
(номинативтік) мағынада қолданылып тұр ма деген сұрақтардың басын ашып алу
керек. Сондай-ақ көп мағыналы сөздердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа
сөздердің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздердің бір мағынасымен)
атнонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек.
2. Антоним болатын сөздердің тұлғалық құрамына да көңіл аудару керек. Яғни
туынды түбір сөздерді антонимдік қатарға жатқызу, я жатқызбау мәселесін
анықтау. Бұндай анықтаудың негізі ұғым мен сөз мағынасында, қарама-қарсы
қоюдың сипатында жатыр. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып
саналмайды, гнесиологиялық та, психологиялық та категория.
3. Қарама-қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады.
4. Қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта да,
қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар құбылыс.
5. Қарама-қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-
қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері арасындағы қарама-қарсылық сәл
басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, ойлаумен байланысып жатады.
Жалпы түркі тілдерінде де антонимдер жөнінде жинақталған ғылыми
тұжырымдар мен түйіндер баршылық. Зерттеулерге сүйене отырып, баяндасақ,
олар мынадай сипатта болып келеді. А. Меметов қырым-татар тіліндегі
антонимдерді қарастырып, олардың осы тілдегі пайда болуына, морфологиялық
құрылымына сараптама жасайды. Сол сияқты басқа да түркі тілдерінде, ұйғыр
тілінде – Ә. Қайдаров, Г. Садуақасова, Т. Тәліпов; башқұрт тілінде – Ж.
Киікбаев; татар тілінде – Б.Байжанов; қырғыз тілінде – Б.Ш. Усубалиев т.б.
антонимдер мәселесі сөз болып қарастырылған.
Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі
қасиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Антоним болатын
сөздер бірін екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) шығармауы керек немесе
антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада
болуымен аяқталады деуге болмайды. Мысалы, жас – қарт жұбы антоним
екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне
енген болса, онда олар барлық мағыналарында да өзара антоним болушы еді.
Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі сөздер – антонимдер мәселесі дәстүрлі
лингвистикада біршама зерттелді. Осы орайда алғаш ғылыми пікір айтып,
антонимдер сөздігін жариялаған ғалым – Ж.М. Мусиннің ғылыми зерттеуін
ерекше атап өттік. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып,
антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық,
фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады. Бұдан басқа
қарама-қарсылық мәселесі Ғ. Мұсабаев, С. Төлекова, А.Е. Жүсіпов, А.
Жұмабекова, Ж. Қонақбаева, М. Оразов т.б. ғалымдардың еңбектерінде
антонимия құбылысы жан-жақты қарастырылған. [6. 377-390 беттер]
Жазушы С.Жүнісовтың Жапандағы жалғыз үй романында кездесетін антонимдер:
Сын есімге тән антонимдер:
4–Кешегі тоқтық тарқап, аш өзек өртеніп барады(116 бет).
Тоқ I 1. Тамаққа тойған, қарны тоқ[ҚТТС, 806-807 бет].
Аш I Ас ішіп, тамақ жемеген, азықтанбаған[ҚТТС, 75 бет].
Етістіктерге тән антонимдер:
1. Жоқ, өл, тіріл, қайткенде де Халелдің аяғына тұсау салу керек(36
бет).
Өл Жүректің соғуы тоқталып, өмірі таусылу; қаза болу[ҚТТС, 651 бет].
Тіріл 1. Жан біту, жан кіру, жандану[ҚТТС, 847 бет].
2. Боташ қыбыжықтап, басындағы жыртық тымағын бір шешіп, бір киеді(206
бет).
Шеш I Жіптің байлауын, түйінін тарқату, ағыту, босату[ҚТТС, 915 бет].
Ки 1. Киім кию. 2. Ауысп. Орану, жамылу, бүркену. 3. Тағу, салу[ҚТТС, 394
бет].
3. Кейде, қалың батпаққа машина күпшегіне дейін батып, үсті-басың
малмандай су болып, бір түсіп, бір шығып қатты кейисің(231 бет).
ТүсБиіктен, жоғарыдан, төмендеу, жерге түсу[ҚТТС, 385 бет].
Шық 1. Шығып кету, кетіп қалу[ҚТТС, 932 бет].
Үстеуге тән антонимдер:
1. Қалың қарды таспаша тіліп келе жатқан темір табанның бір қалыпты
сырылы төбеге ұрғандай тынды да, жолаушылардың алды-артын орай соққан
бұрқасын шананың қуыс-қуысына лап қойды(13 бет).
Алды 1. Белгілі бір нәрсенің қарсы жағы. [ҚТТС, 41 бет].
Арт I 1. Бір заттың алдына қарама-қарсы жағы[ҚТТС, 57 бет].
2–Кеше ғана кей тұсында изені мен жусаны аралас қалың қау басқан жалпақ
жон, бүгін асты-үстіне келіп аудырылып қалыпты(115 бет).
Асты 1. Бір заттың үстіне қарама-қарсы жақ беті. 2. Белесті жердің баурайы,
етек жағы. 3.Ауысп. Ерттелініп мінілген, мініліп жүр д.м[ҚТТС, 63 бет].
Үсті 1. Белгілі бір нәрсенің жоғарғы жағы, үстіңгі беті. 2. Тұлабой, дене,
кісінің үсті-басы. 3. Уақиғаның дәл мезгілі, болып жатқан уақыты[ҚТТС, 874
бет].
4. Боташ қыбыжықтап, басындағы жыртық тымағын бір шешіп, бір киеді(206
бет).
Шеш I Жіптің байлауын, түйінін тарқату, ағыту, босату[ҚТТС, 915 бет].
Ки 1. Киім кию. 2. Ауысп. Орану, жамылу, бүркену. 3. Тағу, салу[ҚТТС, 394
бет].
Есімдікке тән антонимдер:
1. Ал, Дик, мына шелекті алып, ана жерден лай әперіп жібер…(127 бет)
Мына Сілтеу есімдігі; осы, мынау[ҚТТС, 607 бет].
Ана IӘне бір, сонау[ҚТТС, 45-46 бет].
Зат есімдерге тән антонимдер:
1. Күн-түн демей қатынап, ағылып өтіп жататын жолаушыға әбден еті
үйренген сары тоқаш мұрын көсе жігіт шілтерлі қол шаммен ырғалып-
жырғалып шыққанда барым жым болған ұяластар енді сырттағы
жүргіншіде жұмыстары болмай, күнде жылы сорпа, жуынды құятын иесіне
дәмелене ұмтылып, алды-артына асылып, кес-кестеп аяғына оралды(15
бет).
Күн 1. Әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. 2. Таңның атуы мен күннің
батуы аралығындағы тәулік уақыты; күндіз. 3. Ауысп. Ауа райы. Табиғат
құбылысы[ҚТТС, 429 бет].
Түн Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы[ҚТТС, 833
бет]. Қап, тым құрымаса ұзай алмадым-ау деген өкінішті ала құладым. Одан
арғысы өң мен түстей: ет қызумен атып тұра бергенімде екпіндей жеткен бір
ат омырауымен қағып өтті…(159 бет)
Өң 1. Ажар, көрік, жүз, реңк, бет-пішін[ҚТТС, 655 бет].
Түс Адамның кескін-келбеті, бет пішіні[ҚТТС, 835 бет].
2. Біреудің өлімі оттан, біреудікі судан(169 бет).
От I 1. Қызуы аса күшті алаулаған жалын. 2. Ауысп. Күш-қуат, қажыр-қайрат,
жігер[ҚТТС, 642-643 бет].
Су 1. Өзен, көл т.б.түзетін мөлдір сұйық зат. 2. Құрғақ емес, ылғал[ҚТТС,
742 бет].
3. Әйтеуір бай аулы күнде әбігер де, кедей аулы тыныш(183 бет).
Бай I 1. Меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам. [ҚТТС, 98 бет].
Кедей 1. Күнкөріс, тұрмысы нашар, байлығы жоқ адам. 2. Жұтаң, қайыршы,
тіленші, тапшы[ҚТТС, 373 бет].
4. Сырты май жаққан тоқаштай жылтырайды, іші көгеріп, шіри береді(279
бет).
Сырт Бір нәрсенің ішіне қарама-қарсы жақ, тыс[ҚТТС, 766 бет].
Іш Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы[ҚТТС, 953-954 бет].
Сәкен Жүнісовтың Жапандағы жалғыз үй романы тілін талдау барысында
25 антоним сөздер теріліп, сөздік бойынша мағыналары ашылып, стильдік
қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 7-і сын есімге тән антонимдер, 3-і
етістікке тән антонимдер, 8-і зат есімге тән антонимдер, 6-ы үстеуге тән
антонимдер, 1-і есімдікке тән антонимдер.
Шығарма тіліндегі синонимдердің қолданысы
Синонимдер – мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер тобы.
ҒалымФ.Ш.Оразбаева өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
синонимдер атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: Кез келген тілді
алсақ, синонимдер-сол тілдің тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін
байқатар көрсеткіш.Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем
әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне,
күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына
әсері мол.Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық – тілдік
қарым – қатынаста атқаратын маңызы зор.Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің
жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің
әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді.
Ғалым Ә.Болғанбаев өзінің Қазақ тілінің лексикологиясы атты
еңбегінде қазақ тіліндегі синонимдерді үш түрге бөліп қарастырады:
1. Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар,
стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама
қолданыла беретін синонимдер.Мысалы, батыл – өжет – өткір – жүректі деген
сөздер қорықпайтын, қамықпайтын, тасалмайтын ер деген ұғымды
білдіреді.Мағыналық синонимдер бір – бірінен мағыналық реңктері арқылы
ажыратылатындықтан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп, кейде қатарма –
қатар келе береді.Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасы жалпы
ойды анық, әрі дәлме – дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады.
2. Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас бола отырып, бір – бірінен
стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобы.Әрбір сөздің
стильдік бояуы оның қарақан жеке басынан көрінбейді, стильдік жағынан
бейтарап сөзбенен салыстыру арқылы келіп шығады. Сондықтан әрбір стильдік
синонимнің қасында оның қарама – қарсы қойылып айтылатын бейтарап мәнді
сыңары тұруы керек. Стильдік синонимдер әрқилы жалпы халықтық бір тұтас
сөйлеу тілі және жазба тілі болып екі негізгі салаға бөлінуімен
байланысты синонимдер де осы екеуінің әрқайсысына телінді болып, біреуін
өзіне қарай меншіктеп тұрады.
3. Мағыналық – стильдік синонимдер кейде бір – бірінен не мағынасы жағынан,
не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді.Олар
өзара әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп, екі жақты
қарым – қатынас жасап тұра береді.
Филология ғылымдарының кандидаты С.Ғ.Қанапина Қазақ тіліндегі мақал –
мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары
негізінде) атты еңбегінде: Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына,
мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет
атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сын есім синонимдер эмоционалды сезім-
күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім
синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданылады.
1. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру
үшін.
2. Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3. Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
[4. 18-бет.]
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен
ерекшеліктеріне негіз болады:
1. Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2. Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3. Өзара синоним сөздер бір сөз тобына жатады.
4. Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер
арқылы ажыратылады деген.
Филология ғылымдарының кандидаты Майра Балтабекқызы Нұрғалиева
Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер атты еңбегінде: Белгілі бір
ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан
қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің
мағынасын бірі толықтырып тұрады — деген.
Синонимдердің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуында кірме сөздердің
де орны ерекше екендігін анықтап,
Жалпы кірме сөздерді екі топқа бөліп қарастырған:
1. Тілімізге толық сіңісіп кетпеген сөздер;
2. Қазақ тіліне әбден сіңісіп кеткен, қазіргі кезде байырғы сөздермен
қатар қолданылып жүрген сөздер. [7. 16-бет]
Ғалым Фаузия Оразбаеваның ‟Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер”
атты еңбегі қазақ тіл білімінде ерекше маңызға ие. Бұл еңбекте ғалым сын
есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [8. 78 бет].
Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина өзінің ‟Қазақ тіліндегі мақал –
мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары
негізінде)” атты монографиясында синонимдер мәселесіне былайша тоқталып
өтеді: Ғалым Ф.Ш.Оразбаева өзінің ‟Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
синонимдер” атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: Кез келген тілді
алсақ, синонимдер – сол тілдің сөздік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін
байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы жалпы
көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне,
күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына
тигізер әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық-
тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби
тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу
тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді.
Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі
көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан
келгенде, сые есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік
реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай
мақсаттар үшін қолданады.
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру
үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға енетін сөздердің ұқсас, сәйкес
мағыналықтан басқа да ерекшеліктері жоқ емес. Жалпы лексикалық синонимдерді
анықтау мәселесінде бір ұғымды білдіре келіп, түрлі экспрессивтік-
стилистикалық бояулар арқылы ажыратылатын, бір сөз табына енетін тұлғасы әр
басқа сөздердің мағыналық ұқсастығы қатар алынғаны жөн.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен
ерекшеліктеріне негіз болады:
1.Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2.Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3.Өзара синоним сөздер бір сөз табына жатады.
4.Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер
арқылы ажыратылады [4. 18-19 бет].
Синонимдер – омонимдерге қарама – қарсы лексика – семантикалық тілдік
құбылыстар. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз
табына қатысты болады. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне
қарай топтастырылады.
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
1.Мағыналық реңктер. Бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің бір-
бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара
синонимдік қатар құрғанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы
күшті. Енді бір ретте біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы
мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары өзара ұқсас болғанымен,
ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең.
2. Стильдік реңктер. Сөздердің стильдік реңктері әр түрлі
функционалдық стильде қолданылуымен тығыз байланысты. Сөздердің жалпы
стильдік мәнін мынадай түрлерге бөлуге болады: көтеріңкі түрдегі реңктер
(мерекелеу тойлау, азамат-жігіт, бойжеткен-қыз); сый-құрмет көрсетудегі
сыйластықты білдіретін реңктер (ақсақал-қария, азамат-мырза); дөрекілік
мәндегі реңктер (ақымақ-маубас, ақсақ-шойнақ); поэтикалық реңктер (асқар-
биік, керемет-жақсы); кекесін, мысқыл түріндегі реңктер (еліру-желпілдеу,
қораздану-қоқилану); кеміту мәндегі реңктер (адам-тірі жан, еркек-бөрік
киген).
3. Сөз қолданысындағы реңктер. Мәндес сөздердің бірінің тіркесіндегі
сөзбен екінші сыңары да тіркесе бермейді. Мысалы, көз, жанар деген мәндес
сөздер көру мүшесі деген мағынада жұмсалғанымен, қойдың көзі деп айтылады
да, қойдың жанары деп айтылмайды. Ендеше, сөз қолданысындағы осындай
реңктер тіпті абсолют теңдікте тұрған синонимдердің өзінде қатты байқалады.
Сол сияқты синонимдер қолданылу жиілігі жағынан да өзгешеленеді. Мысалы,
билік, қожалық, әкімдік деген мәндес сөздердің ішінде билік деген көбірек
айтылады [9. 34 бет].
Шығарма тіліндегі синоним сөздердің қолданыс ерекшелігі
Жазушы С. Жүнісовтың Жапандағы жалғыз үй романында кездесетін синонимдер:
Мағыналық синонимдер:
1.Бар сырын бауырына басқан қалың жусанды төмпешіктер үнсіз, тілсіз(8 бет).
Үнсіз, дыбыссыз, дыбырсыз, тілсіз, сыбыссыз.Үн шығармай, дыбысын
білдірмей[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 588 бет].
2.Жалғыз үй болсақ та, жолаушыға боранда пана, ыстықта саямыз(10 бет).
Паналау, қорғалау, сағалау, саялау.Біреуге арқа сүйеп тірек ету, қорған
тұту[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 458 бет].
3.Сондықтан да осы жақтың жылқы малын қадірлеп, жақсы ат болса
күтімінтауып, бабымен мінуге машықтанған(14 бет).
Күту, бағу, баптау, аялау, әлпештеу, мәпелеу, өбектеу, сылап-сыйпау,
қаузау.Қамқорлық көрсетіп қадір тұту,бағып-қағып асырау[ Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі, 324 бет].
4.Мидай жонда азынаған дала желі де сымбатты, көрікті қыздың мүсіндей тәнін
тотықтыра алмапты(80 бет).
Сымбатты, мүсінді, сындарлы, дидирлы, мүсінді, науша көне. Дене бітімі
сымға тартқандай, түп –түзу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 515 бет].
5.Тамара Ақбөпе секілденген ашық мінезді, ақ жарқын қыз екен(80 бет).
Жайдары, жарқын, ашық, ашық, жадыраңқы, жарқылдақ, ақжарқын, аққөңіл,
ақбейіл, марайма, жайпаң. Тұйық мінезді емес, аңқылдаған ақ көңіл[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 232 бет].
6.Адаммен салқын сөйлесіп, қатал тұратын завгар Морозовтың өзі тәжірибелі
жігітті іштей жақсы көреді.Тек өркөкірек, менмен мінезін жақтырмайды(89
бет).
Менменсу, тәкаппарсу, паңсыну, маңызсу, маңғаздану, маыздану, нығызсу,
кергу, сыздану, шірену, шалқаю, астамсу, кекірею, шалқақтау, әспенсу,
кекірттену сөйл. Көкірегін көтеріп, өзін әлдеқандай етіп көрсету, жоғары
санау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 417 бет].
7.Жаратылысында кербез, паң Қапыш қазір құдасының алдында өз-өзінен асығыс
сөйлеп, тым жайдары күледі(43 бет).
Кербез, сәнқой, сылқым, паң, сырбаз, керім, кердең, сылаң, маңғаз.Керіліп-
созылған, әсемдікке құмар, сылаңдағыш, сән-салтанатшыл[ Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі, 300 бет].
8.Солар жатар алдында: Неге шаршады, неге күн ұзақ қажыды, не үшін
ұйықтайды -оған есеп бермейді(97 бет).
Шаршау, қалжырау, қалжаурау, шалдығу, титықтау, діңкелеу, талу. Денесі дел-
сал болып қалжырау, діңкесі құру[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 599
бет].
9.Жаратылысынан мүләйім. Осы мінезімен ол жүрген жерінде жағып, көрген адам
оны аяп, мүсіркейді(131 бет).
Аяу, мүсіркеу, есіркеу, жебеу, обалсыну. Біреуге жаны ашу, демеу болу[Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 103 бет].
10.Басыңа екіталай күн туғанда жанашыр жылы сөз жүйкеңді де босатады, әл,
қуат та береді(160 бет).
Әл –дәрмен, әл –қуат, әл –шама, шама –шарқ. Адам бойындағы күш –қауқар,
қайрат -жігер[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 113 бет ].
11.Ел басқарып, бар жұмысты ер-азаматша тасқаяқтай қағып жүрген Райханның
тқла бойына сүйсіне түсіп, бурыл тарта бастаған шашына, жасына лайық
келісті, жарасымды киіміне қарай берді(226 бет).
Жарасымды, ұнасымды, келісті, келісімді, мінәсәр, мінәсіп. Жарасып тұратын,
әдемі де сәнді көрінетін, қонымды, тартымды[ Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі, 246 бет].
12.Маңдай терін төгіп еңбек еткенде, елің, халқың сүйсінсе, одан асқан
абырой, атақ жоқ, құлыншақтарым(231 бет).
Атақ, ат, даңқ, дабыл, дабыс, мерей, дәреже, мәртебе, лауазым, мансап, шен.
Еңбегімен, ерлігімен қол жеткен жетістік, абырой, бедел, қызмет[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 88 бет].
13.Әлгідегі қуаныш, желге тотыққан жүзіндегі күлкі жоқ, ел тағдырына деген
күйзеліс бар. Байыпты, сабырлы адамның жүзіндегі кейістік(240 бет).
14.Бертін келе жұмыс басты болып спорттан қол үзді де, бірер жылдың ішінде
талдырмаш денесі толып, семіріп кетті(56 бет).
15.Біреу екінші адамның үстінен арыз, шағым түсірсе-ақ, зәре-құты қалмай
дегбірі қашады(316 бет).
Арыз, шағым. Біреудің үстінен айтылған наразы хат[ Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі, 80 бет].
16.Халел іші пысып, зерігіп, үйге сыймай, шам жаға осыда келген(79 бет).
Зерігу, іші пысу. Жалығу, іші пысу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 281
бет].
17.Дерягиннің тегеурінінен босаған Тамара атып тұрып Халелді құшақтай алды.
Қалтырап, дірілдеп тұр(94 бет).
Қалтырақтау, қалтылдау, қалталақтау, қалтақтау, қалталаңдау, қалтаңдау.
Қалт-қалт етіп тәлтіректеу, селкілдеу, аяғын нық баса алмау[ Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі, 346 бет].
18.Баса алмай қалған жансыз аяғы Дерягиннің пальтосымен ораулы, қымтаулы
күйде жол үстінде шоқиып отыр(316 бет).
Қымтау, шымқау. Айнала шетін қайырып бітеу[ Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі, 392 бет].
19. Не керек, қашан жинап, теріп алғанша, аядай кедей аулында ұйқы жоқ(109
бет).
Жинау, топтау, шоқтау, шоғырлау. Бір нәрсені, малды немесе біреулерді бір
жерге басын құрап жиыстыру[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 262 бет].
20.Өзі қызмет еткен жердегі бар халық құрмет тұтып, қошеметпен құшақ жая
қарсы алғанда, ел махаббатына көңілі өсіп, бар ауыртпалық есінен шығады(324
бет).
21.Жеті атасынан бері Малжанның иелігіндегі жерді өзінің маңдайына басқан
жердей меншіктенетін Қарасай қазір бөтен елде, танымайтын жат жұрттың
мекенінде келе жатқандай бәріне тосырқап отыр(326 бет).
Стильдік синонимдер:
1.Совхоздан ұзай бергенде сәл үрейленіп, қорқып та отыр еді, бірақ
сездірмеуге тырысты(285 бет).
Қорқу, үрейлену, шошыну, жүрексіну, жүрексіздену, тайсалу, айбыну,
қорқақтау, батылсыздану, пысу. Зәресі ұшып сескену, имену, қаймығу[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 374 бет].
2.Бұрынғыдай емес, теңдік тигеннен бері кедей жастары да ширығып, бай
аулының адамдарынан жасқанбай, именбей, иық теңестіре отырып сөйлесетін(188
бет).
3.Әшейінде балаларының маңдайынан да иіскеп, еміренбейтін қатал әкенің жоқ
жерде өзеурей кеткені ерсі, оғаш көрінді(38-бет).
Ерсі, сөкет, оғаш, сөлекет, оғаш, өрескел, әбес, шеккі, одағай сөйл.
Қоғамдық нормамен үйлеспейтін, шектен шыққан ыңғайсыз, жөнсіз[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 220 бет].
4.Бірақ былай шыға бере осы мінезін өзі де ұнатпай, іштей мінеп, сынға
алды(55 бет).
Мін, кемшілік, олқылық, кемістік, ақау, жарықшақ, кінәрат, мүлтік,
шіркеу.Бір нәрсенің бойындағы кем-кетік, жетімсіздік[ Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі, 427 бет].
5.Ат тұяғы баспаған бұл маңды қос бөрі қаннен-қаперсіз жайбарақат мекендеп,
алаңсыз тұра берді(113 бет).
Жайбарақат, бейқам, бейбіт, бейжай, қамсыз, қаперсіз, жайуат, жайқуат,
беймарал жерг. Ешбір алаңы жоқ, қаннен-қаперсіз, тыныштығын бұзбаған күйде[
Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 231 бет].
6.Міне, Дерягиннің жолдас –жораларынан аулақтап, алыстай беретіні де осы
мінезі(91 бет).
Алыстау, қашықтау, ұзау, алшақтау, аулақтап, жырақтау, шалғайлау,
шығандау,қияндау, аулақтау, ұзақтау, қашаңдау. Алыс жерге ұзап кету[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 64 бет].
7.Жасынан жетімдігіне қоса мешел болып, әркімнің қасы мен қабағына
жаутаңдап өскен Тұрсынның мінезі де жуас. Басынан қанша сөз асырып ұрсып,
зекіп жатса да, аузының жігін ашпай тұқыраңдап төмен қарай беретін
жасқаншақ(131 бет).
Ұрсу, зеку, зікіну, жекіру, зіркілдеу, ақыру, нықырту, жеку, тілдеу,
ығыру.Ашу шақырып, зілді сөз айту, сөгу[ Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі,575 бет].
8.Әлден уақытта барып шыдамы таусылған Халел, өзін менсінбей, көзіне де
ілмей отырған бастыққа ащы тіл қатты(148 бет).
Менсінбеу, қорашсыну, қомсыну, олқысыну, кемсіну. Көңілі толмау, олқы
санау, тең көрмеу[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 417 бет].
9.Мен өзім қыз баласының қасиетін осы Тамарамен танысқаннан бері біле
бастадым. Өйткені ол ақжарқын ғой. Өтірік қылымсу не тәлімсу жоқ(167 бет).
Қылымсу, тәлімсу. Қысылып-қымтырылған болып, бәлсіну, наздану[ Қазақ
тілінің синонимдер сөздігі, 391 бет].
10.Қалың тоғай арасы желсіз, тымық болғанмен бет жалаған қызыл шұнақ аязда
пана болар жері жоқ(73 бет).
Мағыналық-стильдік синонимдер:
1.Шалдардың сөзін қанша ұнатпағанмен азамат боп ер жетіп қалған Халелдің
алдында жасырын, тұйық жатқан бір сырдың беті ашылғандай болды(122 бет).
Жасырын, астыртын, құпия, бұғыңқы, бүркенішті. Ешкімге айтылмаған, жария
болмаған, ашық түрде емес[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 250 бет].
2.Енді оларды біреуге телміртіп, жаутаңдатып қоюдың реті болмас(49 бет).
Жаутаңдау, мөлтеңдеу, телміру, жаудырау, мөлию.Жаутаң-жаутаң ету, көзін
сатып жалынышпен қарау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 252 бет].
3.Шынында да сол кездегі оқыған, көзі ашық Райханның кімнен болмасын еңсесі
биік еді(192 бет).
Оқыған, зиялы. Көзі ашық, білімді адам[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі,
439 бет].
4.Аяғы үсіп жатқаннан бері ешкіммен ашылып сөйлеспейтін бұйығы, тұйық болып
алды(192 бет).
Тұйықтану, бұйығылану. Ешкімге сыр ашпау, тұйық мінезді болу[Қазақ тілінің
синонимдер сөздігі, 552 бет].
5.Болар –болмас кедергіге тиген доңғалақ, тал қармағандай сәл әлденіп, алға
жылжи беріп, енді шығам, енді шығам деп тұрғанда ми батпақ екі өңірді
бірдей қылғып, жұтыпжіберді(163 бет).
Жұту, сыңғыту, қылғыту, қылғу, сіміру, ішу, ұрттау, сораптау. Сұйық асты,
сусынды өңеш арқылы тынымсыз өткізу, қылғыту[Қазақ тілінің синонимдер
сөздігі, 270 бет].
6.Аузынан от шашқан дәу айдаһарлар мың бұралып, ысылдап, гүрілдеп,
жолындағыны жайпап, таптап жылжып келеді(110 бет).
Жайпау, жаусату, жамсату, жапыру, жайрату. Жаппай қыру, тып-типыл етіп
жойып жіберу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 232 бет].
7.Базардағы адамдарға жасқаншақ қарап, ұялыңқырап, сасқалақтай береді(121
бет).
Ұялу, имену, қымсыну, қысылу, шімірігу, қызару, ұялшақтану, бетінен оты
шығу. Әдеп сақтап ыңғайсыздану, кішірею[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі,
580 бет].
Сәкен Жүнісовтың Жапандағы жалғыз үй шығармасы тілін талдау барысында
38 синоним теріліп, мағынасы ашылып талдауға түсті. Соның ішінде 21-і
мағыналық синонимдер, 10-ы стильдік синонимдер, 7-і мағыналық-стильдік
синонимдер.
Шығарма тіліндегі омонимдердің қолданысы
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика-семантикалық сөздер тобының
басты саласының бірі-омонимдер.
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов: ‟Омонимия
құбылысын жан – жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар.
Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір – бірінен жігі
ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда,
омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен
байланысты. Омонимдерді жан – жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін
ашпайынша, сөздіктерде сөз мағынасының шегін дұрыс ажыратып беру әр уақытта
мүмкін мүмкін бола бермейді” – дейді.
Омонимдер мәселесі жайында орыс ғалымдары: Л.А.Булаховский,
В.В.Виноградов, Р.А.Будагов, Е.М.Галкина – Федорук, А.И.Смирницкий т.б. көп
салалы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір –
біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей
деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір – бірінен өзгешелігі
түр – тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я
одан да көп мағынасы болады.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа
сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына, әр сөз
табына да дара – дара болып бөлініп жарылып тұра береді. Кейбір
омонимдердің түп – төркіні жағынан белгілі бір байланысы болғанымен, мағына
жағынан бір – бірінен соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Шығу тегі,
жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер
ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір – бірінен ажыратып бөлуге
келгенде қиындық тудырады. Тіл білімінде полисемантизмді омонимдерден
ажыратудың бірден – бір жолы – мағыналық байланыстың сақталуы … жалғасы