қазақ тілі, қмж, қысқа мерзімді жоспар

0
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: Қостанай облысы, «Науырзым ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Докучаев орта мектебі» ММ
Сабақ тақырыбы: Сауда жасай білесің бе?
2 – бөлім:
7 – 8 сабақ. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар. Абай Құнанбайұлы
Күні Мұғалім: Кожахметова Айнур Хасеновна
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
8. 1. 6. 1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Тыңдалым материалдарының мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы мысал келтіреді. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Кейбір оқушылар: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтірді. «DEAL» әдісі арқылы өлеңнің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлел жасайды. Мақал – мәтелдермен түйіндеме жасайды. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Тыңдалым мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді.
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтіреді.
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым,
Терминология:
Сөз тіркестері:
Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері): нәрсе(зат), сома (ақша), маржан (әшекей, бұйым), пайым қылмайды (мағынасына көңіл бөлмеу), аң – таң (таңғалу), жалпақ жұрт ( бүкіл жұртқа, елге), тесік моншақ ( керек нәрсе жерде жатпайды), шырақ (шам), сәулесі бар жігіттер (саналы жігіттер)
«Кластер» әдісі

Құндылықтарды дарыту Жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы
– бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
– жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
– ақшаны үнемдей білуге, орынды жұмсай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар Тарих, әдебиет
АКТ қолдану дағдылары Интернет
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Сауда тарихы, болжалдық сан есім
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
5 мин 1. Ұйымдaстырy кeзeңi:
Aмaндaсy.
«Төрт сурет, бір сөз» ойыны арқылы психологиялық ахуал жүргіземін.
Жетелеуіш сұрақтар:
– Суреттерден не байқап тұрсыздар?
– Базарда не сатылады?
– Сен базарда болдың ба?
– Сен базардан не сатып алдың?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
Барлық оқушылар орындайды

Aбaй Құнaнбaйұлының портретіне қaрaп, ақын туралы не бiлyiн анықтайды. Қосымша мұғалiм сұpақтapмeн жeтeлeйді.
Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер?
Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз?
– Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
– Балалар бүгін біз сабақта Aбaйдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңімен танысамыз өлеңнің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береміз.
Оқушыларға теңге, доллар суреттері таратып, топқа бөлемін.
1. Топ – Теңгелер
2. Топ – Тиындар

«Төрт сурет, бір сөз» ойыны
«Миға шабуыл» әдісі
Ортасы
Тыңдалым алды 7 мин
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
10 мин
13 мин
Тыңдалым алды.
1 тапсырма
Жеке жұмыс.
«Жалғыз құты»
Оқушылар суреттерге қарап, «Базарға қарап тұрсам әркім барар» – өлеңін тыңдап, туртіп алу арқылы негізгі 5 тірек сөздерді жазыңыздар. Сызбаны толтырыңыздар.
(Тыңдалатын өлең жолдары)
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң – таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай – ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Дескриптор:
1. Тірек сөздерді анықтай алады.
2. Кластер толтыра алады.
Кері байланыс:
«Екі жұлдыз, бір тілек»

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Тыңдалымның ортасы
2 тапсырма..
Жұптық жұмыс
. «Екі жақты күнделік» әдісі
«Екі жақты күнделік» арқылы өлеңге талдау жасап, өз ойларыңызды жазыңыздар.
Үлгі:

Ақынның ойы
Өз ойым
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу – маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар Базардан жұрт іздегенін табады. Өзіне керек нәрсені алады. Біреу азық – түлік алса, біреу алтын, асыл заттар алады. Әркім өзіне керек нәрсені тауып алады
Түйін
Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.

Ақынның ойы
Өз ойым
Түйін

Дескриптор:
1. Ақынның ойын өз сөздерімен жеткізе алады
2. Мақал – мәтелмен түйін жасай алады.
Кері байланыс
«Мен үшін….»
Мен не туралы оқыдым?
Мен үшін не оңай болды?
Мен үшін не қиын болды?
Қазір не білгім келеді?
Тақырып бойынша нақты ақпаратты жазуларын қадағалаймын.

Тыңдалымның соңы
3 тапсырма:
Топтық жұмыс:
«DEAL» әдісі арқылы
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде талдау жасап, мысалдармен дәлелдеңіздер.
D – Describe – баяндау, суреттеу (тыңдағанды, көргенді сипаттау).
E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).
A – Anallуse – талдау, дәлелдеу (мысал келтіру, дәлелдеу).
L – Links – қазіргі заманмен байланыстыру (қорытынды жасау).

Дескриптор:
1. Өлеңді сөзбен суреттей алады.
2. Түсінгенін өз сөзімен жеткізе алады.
3. Өз ойын дәлелдей алады.
4. Дәлел ретінде мысал келтіре алады.
5. Қорытынды жасай алады.
6. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

Кері байланыс:
«Миыңның суретін сал»

Оқушылар мидың суреті салынға қағазды беремін, оған сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Үй жұмысы: Абай Құнанбайұлының «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңін жаттау. «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңінің аудиожазбасы
Туртіп алу стратегиясы

Тақырыптық суреттер
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
«Екі жақты күнделік» әдісі

«Мен үшін….» әдісі
«DEAL» әдісі
«Миыңның суретін сал»

Аяқталуы 5 мии
Сабаққа рефлексия жасау. «Сатылым» әдісі арқылы
оқушыларға өз өздерін бағалауға мүмкіндік беру.
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Сөмке (суреті) өздері бүгінгі сабақтан алған білімдерін, көңіл – күйлерін, танымдарын және т. б. жазады..
2. Ақша (суреті) келесі күнде алғылары келетін «білімнің» тізімін жазады

«Сатылым» әдісі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Өз оқушыларымның қажеттілігі, деңгейі мен қабілеттерін ескере отырып, саралап оқытуды жоспарладым.
Саралау жұмысын сабақ барысында әрбір оқушының қабілеті, қызығушылығы мен оқуға бейімділігін анықтау, қажеттілігін ескеру үшін жүргіздім. Оқушылардың жеке қажеттіліктері ескеріліп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды игеру қабілеттеріне сәйкес бердім. Тапсырмалар жеңілден күрделіге көшу арқылы орналастыра білдім.
Барлық оқушылар тыңдалым материалдарының мазмұнын тірек сөздер арқылы түсініп, «Туртіп алу» әдісі арқылы негізгі 5 тірек сөздерді жазып, кластерді толтырды.

Қосымша тапсырма ретінде оқушылар тірек сөздерге сүйене отырып, сөз тіркесін құрастырады.
Оқушылардың басым бөлігі тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы мысал келтіріп, өз ойларын жұптасцып жазып, қабілетті оқушылар мақал – мәтелдермен түйін жасады. Жекеленген оқушыларға қолдау жасап отырдым.

Ақынның ойы
Өз ойым
Түйін
Қосымша тапсырма: диалог және қолдау көрсету арқылы оқушыларға сұрақтар қоямын. «Ит маржанды не қылсын» дегенді қалай түсінесіздер? Саған базарға барған ұнайды ма?
Топтық жұмыс барысында «DEAL» әдісі арқылы талдау жасап, мысалдармен дәлелдеді.
Кейбір оқушылар тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтіріп, «DEAL» әдісі арқылы өлеңннің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлел жасады. Мақал – мәтелдермен түйіндеме жасады. Өз ойларын еркін жеткізді. Абай заманындағы базар мен қазіргі замандағы базарды байланыстыра білді.
Қосымша тапсырма: оқушылар тірек сөздерге сүйене отырып, қазіргі заман базарына туралы өлең шығарады.
Үлгі:
….. барамын
…… аламын
…,… алтынды
….. саламын
Тапсырмалар нақты, қолжетімді, уақыты шектелінген.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Сабақ барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау үдерісінде оқушылар екі жұлдыз қойып және бір тілек айтты.. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 затты жазды. Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсені айтты. Бұл кері байланыстың тиімділігі оқушылар өз кемшіліктерін көре алады, алдағы тапсырмаларда ол кемшіліктерді қайталамауға тырысады.
«Мен үшін….» әдісі арқылы тақырып бойынша нақты ақпаратты жазуларын қадағаладым.
Мен не туралы оқыдым?
Мен үшін не оңай болды?
Мен үшін не қиын болды?
Қазір не білгім келеді?
Кері байланыстың тиімділігі оқушылар сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Келесі тапсырмада не білгілері келетінін айтты. Келесі тапсырма қажеттілігіне қарай бағытталды.
«Миыңның суретін сал» әдісі арқылы оқушыларға мидың суреті салынған қағазды беріп, оған сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырды. Аталған кері байланыстың тиімділігі: қаншалықты ақпаратты меңгергенін байқалады.
Сабаққа рефлексия «Сатылым» әдісі арқылы жасадым. Бұл әдістің мақсаты: оқушыларға өздері бүгінгі сабақтан алған білімдерін, көңіл – күйлерін, танымдарын, сабаққа қатысуларын бағалауға мүмкіндік беріп, келесі сабақта алғылары келетін «білімнің» тізімін жазды.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ мақсаты: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. Оқу мақсаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тапсырмаларды да түрлендіре білдім. Осы мақсатта оқушылардан күтілетін нәтиже анықталып, оқушының ілгерлі жылжуына мүмкіндік туғызылды.
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Абай заманындағы базар мен қазіргі заманды байланыстыра білді, Абай заманындағы базарды ауызша суреттеп, өз ойларын дәлелдеуді үйренді.
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, әр түрлі деңгейлі тапсырмалар саралап ұйымдастырдым. Саралау кезеңі дұрыс жүргізілді. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы өлеңді тиімді талдай білді, мақал – мәтелдермен түйін жасады
2. Оқушылар «DEAL» әдісі арқылы өз ойларын дәлелдей отырып, қорытындылай білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Әр тапсырмадан кейінгі кері байланысты жасай отырып, сабақты жақсарта алдым.
2 «Кластер» әдісі арқылы өлеңдегі негізгі тірек сөздерді тауып, мазмұнын аша білді, «DEAL» әдісі арқылы талдау жасап, өз ойларын дәлелдей отырып, қорытындылай білді.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1. «Сатылым» рефлексиясы арқылы жекелеген оқушылар «ақша» суретіне «Екі жақты күнделік» әдісін келесі сабақта тағы да алғысы келетінін жазғанын байқадым. Келесі сабақта ол баламен сабақ барысында жеке тапсырмалар беріп түсіндіремін. Өз ойын еркін жете білуге жетелеймін.
2. Топтық жұмыс барысында барлық оқушылардың қатысуларын қамтамасыз етіп, тапсырманы орындаған кезде міндеттерін өзара бөліп алуға көңіл бөлуім керек.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз