«Қазақ тілі» пәні 3-сынып Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу

0
203

1 бет

«Қазақ тілі» пәні3-сынып8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»Сабақ тақырыбы: № 10 сабақ. Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу

2 бет

Сабақтың мақсаты
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру;3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

3 бет

Бағалау критерийлері
-тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және жауап береді;-нұсқаулық құрап жазады;-қатені табады және түзетеді.

4 бет

Ой қозғау
Гүл – гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен.Гүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезең? (Көктем)Жапырақты бояды,Атырапты бояды.Бояп – бояп барлығынСап – сары ғып қояды.Бұл қай кезде болады? (Күз) Суда мұз бар,Жерде қар бар.Боран борап соғады,Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)Аптап ыстық келді деп,Шаттанады бар бала.Суға түсіп, шомылыпКүнге күйіп мәз болады.Айтыңдаршы, кәнеки,Жыл мезгілін, балалар? (Жаз)

5 бет

Өмір қауіпсіздігі

6 бет

Тірек сөздер:
Ең қымбат, өмір, қауіп-қатер, қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, бағдаршам, жаяу жүргіншілер, ауру, зиянды микробтар, денсаулық қауіпсіздігі, қол жуу, жуып жеу, сіріңке, өрт, өрт қауіпсіздігі, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, сақтық шаралары, үлкендерді тыңдау т.б.

7 бет

Ашық және жабық сұрақтар үлгілері
-Бейнеролик қандай тақырыпқа негізделген?-Қандай қауіпсіздік шаралары туралы айтылған?-Неліктен қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды?-Адамның ең қымбат нәрсесі? Неліктен?-Жол қаіпсіздігін сақтамау қандай қауіп-қатерге әкеліп соқтырады?-Жаяу жүргіншілер жолын қаншалықты пайдаланасың?-Денсаулық қауіпсіздік шараларын қалай сақтайсың?-Сіріңкемен ойнау қаншалықты қауіпті?-Сел жүргенде, жер сілкінісінде қалай сақтануды білесің бе?-Жеке бастың тазалығын ұстаған және ұстамайтын адамдар қаншалықты ауырады. Мысал келтіре аласың ба? Салыстыр.

8 бет

«Өмір қауіпсіздігі» нұсқаулығын жазу
Нұсқаулық – әлденені орындау, жүзеге асыру жолы мен тәртібі.Жол қауіпсіздігі;Денсаулық қауіпсіздігі;Су қауіпсіздігі;Өрт қауіпсіздігі.

9 бет

Өзіндік бағалау
-Мен не үйрендім?-Мен үшін не қиын болды?-Мен енді нені үйренуім керек? Үйге тапсырма: Жазғы демалыста суға шомылу нұсқаулығын жазу.