Қазақ қоғамындағындағы батырлар рөлі | Скачать Материал
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР РӨЛІ
Қазақ қоғамы тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі әлеуметтік және саяси үдерісіке тап болды. Бұл үдерістің ең маңыздысы өз ұлттық тарихыңды зерделеу арқылы, халық жадында ұмытыла бастаған ұлт батырларын қайта жаңғырту еді. Әрбір дәуірдің, тарихи оқиғалардың өз жарқын тұлғалары болатыны заңдылық. Олай болса, Қабанбай, Бөгенбай, Жасыбай, Малайсары және тағы да басқа батырлар осындай қазақ халқының тарихында жарқын із қалдырған, жарық жұлдыздар болды.
Қазақ халқының тарихына үңілсек, тәуелсіздік үшін күрестің сындарлы да күрделі кезеңдерді бастан өткізгенінің куәсі болып, егемендіктің мән -мағынасын жете түсінеміз. Сондай-ақ, тарихта XVIII ғ. I -ші жартысы мен XIX ғ. ортасындағы ұлт — азаттық күрес барысындағы айтулы оқиғалар көптеген әскери қолбасшыларымыз бен батырларымыздың есімдерімен тығыз байланысты. Батырлар өз руластарынан құрылған топтарды, әскерді басқарып қана қоймай, әскери іс қимылда ғана емес, сондай-ақ, сол кездердегі көшпенділердің әлеуметтік-саяси өмірін басқаруға да араласқан.
Қазіргі кезде батыр сөзінің этимологиясы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Жалпы бұл мәселеге ең алғаш көңіл аударған Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Л. Костенко сынды революцияға дейінгі оқымыстылар батыр сөзі түркі — моңғолдың баһадүр, багадур, деген сөзден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, батыл дегенді білдіретінін көрсеткен. Революциядан кейінгі авторлар да осы тұжырымды толықтыра түседі. Кеңестік дәуірде жарық көрген кейбір сөздіктерде де батыр терминінің batur сөзінен шыққандығын және оның ел үшін жауымен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер екендігі түсіндіріледі.
Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі зерттеушілер И. Ерофеева, А. Кушкумбаевтарда осы көзқарасты толықтайды. О.Сүлейменов өзінің белгілі АЗиЯ атты еңбегінде батыр сөзі — буйтур, ботур, багатур деп талдау жасай келе, буйтур сөзіне Буй-тағы, жабайы дегенді білдірсе, тур — өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз қосылып айбынды, күшті, бұқадай күшті дегенді білдірсе керек деген дәлелді тұжырым жасап өтеді [1, 69-73 б.].
Кейінгі ғалым зерттеушілердің басым көпшілігі батыр терминінің баһадур сөзінен шыққандығына шүбә келтірмейді. Мысалы, XV-XVIII ғасырдарды қазақ халықтарының тарихына қатысты материалдардың авторлары қазақтар өздерінің қайтпас ерлігімен де, қуат күшімен де бүкіл әлемге таңылған халық дей келе, ол халық арасында батырлықпен ежелден бар екенің айтады. В. М. Вяткин батыр сөзінің XVI ғасырға дейін, тіпті ертеден-ақ пайдаланып келе жатқаның, тілге тиек етеді. Сондай-ақ Қадірғали би Қосымұлы және жылнамалар жинағы атты тарихи құнды еңбек авторлары Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиев баһадур тұлғасы екі мағынада, біріншісі батыр, жүректі адам, екіншісі сол батыр адамға берілген атақты білдіреді. Сонымен қатар баһадур сөзі моңғол билігі тұсында феодалдық қоғамдағы әскери иерархияның титулы болған деп жазады [2, 532-536 б.].
Жоғарыда қарастырылған ғылыми болжамдарды саралай келе, олардың бәрінің бір ғана пікір төңірегінде тоғысатыны даусыз. Батыр сөзі ежелгі баһадур сөзінен тарихи тамырын алса, негізінен жаужүрек, батыл, жауынгер сияқты ұғымдарды білдіреді. Ал пайда болу кезеңі — сонау түркі заманына дөп келеді. Расында да, V-VII ғасырларға жататын көне түркі жазбаларында нақ батыр деп берілмесе де, батырлық, ерлік істері жайлы көп жырланады. Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында ер, елтебер, иамтар деген сөздер кездеседі. Ал бұл сөздердің мағынасына тереңірек бойлар болсақ, ер сөзі батыр сөзінің синонимі, елтебер сөзі — тарихтан шені сияқты берлген шен екен, ол негізінен ержүрек адамдарға берілген. Бұдан шығатын қорытынды қазақ қоғамындағы батырлықтың тамыры терңде жатқандығы. Бұл бірдің пікірімізді В. Бартольдің қазақтардағы батырлардың пайда болуы тарихы — исламның алғашқы ғасырларына сай келеді — деген ойын одан әрі дәлелдей түскіміз келеді [3, 10-11 б.].
Жоғарыда келтірілген ғылыми фактілер батыр сөзінің төркіні түркі заманынан бастау алатының дәлелдесе, қазақтың ауызша жыраулық фольклорі — батырлар жыры — батырлық Евразия көшпелі әлемінде орта ғасырлық кезеңінде де кенінен қанат жайған құбылыс екендігін дәлелдейді. Батырлық көшпелі қоғамының ерекше әскери-саяси институты болды деп айтуға толық негіз бар.
Батырлар көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өнері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелейді. Батыр ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе.
XIII-XV ғасырлар арасындағы моңғол үстемдігі тұсында, қатаң әскери-әкімшілік жүйеде де батырлардын орны ерекше. Шыңғыс хан әулиеті кезеңінің өз-ара қырғысқа толы аумалы-төкпелі кезеңінде де мемлекет қорғаныс ісінде де батырдың ролі зор. Шыңғыс заманының өзі түгелдей бір жауапкершілік заманы болғандықтан — бұл кезең батырлар өзінше бір әлеуметтік топ ретінде дамуының белгілі-бір сатысы болып табылады.
Үздіксіз әскери қақтығыстар мен ұдайы әскери қауіп жылдары болып есептелетін қазақ-жоңғар қатынастарының кезеңі XVII-XVIII ғасырларда әскери және саяси өмірде батырлар тобының көптеген пайда болуына әкеп соқты. Бұ кезеңді зерттеушілер батырлар институтының аса бір гүлденген шағы, батырлар дәуірі деп жазылып жүр. Бұлай деудін біздің ойымызша өзіндік себебі де бар сияқты. Себебі, тарихта аты белгілі батыр бабалар — Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Сағынбай, Баян, Сары, Тәттібай, Барақ есімі тарих бетіне ене бастаған тұғын [1, 69-73 б.].
XVIII ғасырда батыр сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр деп қарапайым халық арасынан шыққан — батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса, екіншіден жоғарғы тап, яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей батырлардың қоғамдағы ролі үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Ерте кезде батырлар белгілі бір руды, тайпаны басқарса, қоғамдық таптық жіктеліс туа келе батырлар феодалдана бастады. Осындай батырлардың әлеуметтік басымдылығы туралы Ш.Уәлиханов Батыр қырғыздардағы ру басы, сұлтаннан кейінгі бірден-бір үлкен құрметті адамы, бұл ең беделді адам-деп жазғанын Е.Бекмаханов өз еңбегінде айта келіп, XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ байларының, сұлтандарының батыр деген атақты өз лауалымдарына қоса айтатынын жазған. Оған мысал, Есет батыр-би, Абылай ханның кейбір жағыдайда Абылай Баһадур хан деп аталуы. Қазақ қоғамындағы батырлардың жоғары шен екенін А.Семеновта дәлелдеп, -жалпы қазақтарда он бес шен болған, соның ең жоғарғысы баһадур деп жазады. Батыр шені мұрагерлікке қалмайды, ол жеке бастың батырлығымен келеді.
Көшпелі қоғам үрдісіндегі батырлар рөлінің халық арасында кеңінен қанат жаюы ең алдымен қазақ халқының төрт жағынан да үлкен қауіп ортасында орналасуы еді. Сол себепті де қазақ қоғамындағы батырлар жаудан қорғануда кәсіби дәрежеге жетті. Өзінің XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына тән классикалық үлгісіне дейін батырлар бірнеше сатыдан өткен:
1. Рулық құрылыс кезінде-ру, тайпалардың әскер басы, көсемі болған.
2. Феодализм дәуірінде оларда феодалданып, қоғамдағы ақсүйектер табымен теңесе бастады.
3. XVII-XVIII … жалғасы