Қазақ КСР | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..3

І. 1940 – 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ
ЖАҒДАЙ … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …8
1.1 Қазақстанның 1940 жылдардағы дамуы
… … … … … … … … … … … … … … 8
1.2 Елдегі әкімшіл- әміршіл жүйенің
қалыптасуы … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … 12 ІІ .ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОВЕТ
ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН САЯСИ ҮРДІСТЕР
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … 20 2.1 Е. Бекмахановтың Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40
жылдарында монографиясының
тарихы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … ..20 2.2 Әйгілі ғалымдарға жасалған саяси қыспақ: Қ. Сәтпаев,
Б,
Сүлейменов … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …31
ІІІ.СТАЛИНДІК ҚЫСПАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ … … … … … … … 31
3.1 Республикадағы мәдениет пен .ғылым саласындағы
дағдарыс … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..49 3.2 Саяси лагерьлердің
құрылуы: Карлаг, Степлаг, Алжир … … … … … … … .6 0

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … … … .68

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр басындағы Қазақ елінің алдындағы абыройлы мақсаттың үлкені –
рухани және материалдық мәдениетімізді дамыту арқылы қоғамымызды, Қазақстан
мемлекетін іргелі жылжыту болып табылады.
Осы биік мақсаттан мәдениеттің субъектісі, авторы, жасаушысы ұлттық
шығармашылық интеллигенцияға айрықша көңіл бөлу қажеттігі келіп туындайды.
Өркениетті елдерде өздерінің көрнекті оқығандарын, ғалымдарын, қалам және
қылқалам шеберлерін, бір сөзбен айтқанда мәдениет қайраткерлерін қадірлеп,
оларды материалдық және моральдық жағынан қолдаудың бірталай дәстүрлері
қалыптасқан. Сондай игілікті де ізгілікті дәстүрлер Қазақстанда да
қалыптасып, берік орнығуына бағытталған шаралар қабылдануы қажет. Соңғы
уақытқа дейін қазақтың талай майталман ақындары, өнер иелері, ғалымдары,
мысалға Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Ақжан Машанов, Шәмші Қалдаяқов
өмірінде ауыртпашылықтардан басқа өкімет тарапынан ешқандай қолдау көрмей
дүниеден өткенде ғана, уақыт өткізіп барып, мерейтойларын атап, сый сияпат,
қолпаштау әдеті парасаттылыққа жатпаса керек. Алаш зиялыларын, Сәкен
Сейфуллин бастаған шығармашылық интеллигенцияның жаңа ұрпағының 1937-1938
жылдары атылып кетуіне, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ермұхан Бекмаханов,
Қайым Мұхаметханов, Бекежан Сүлейменов, т.б. ғалымдардың қуғындалуына жол
берілмесе керек-ті. Шығармашылық интеллигенцияның тарихын жан-жақты әрі
терең зерттеу олардың қадірін жете түсінуіне қызмет етеді.
Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның тағдырын зерттеу рухани тегімізді
тануға септігін тигізеді, тарихымыздың тұңғиық тереңінен бастау алатын
рухани әлемімізге бойлауға мүмкіндік береді. Белгілі ғалым Ақселеу
Сейдімбек бұл туралы: “Халықтың рухани әлеміне ден қойғанда, өткенін,
бүгінін және болашағын біртұтас тарихи-мәдени процесс ретінде қарағанда
ғана ғылыми шындықтың шоқтығына қол тигізуге болады” дей келіп, жеке бір
саладағы рухани өрісті бажайлаумен ақиқатты тануға болмайтындығын атап
көрсетеді.
Шығармашылық интеллигенциясының қазақ қоғамындағы атқарған рөліне
байланысты осы күні күрделі проблемалар кешені жинақталып, өз шешімін
күтуде. Бұл күрделі тақырыпты ғылыми-объективті тұрғыдан арнайы
зерттемейінше ұлтымыздың тарихы толымды түрде жазылмайтыны айқын болса
керек.
Диплом жұмысының мақсаты – 1940 – 50 жылдардағы саяси үрдістердің
ерекшеліктерін және Ермұхан Бекмаханов, Қаныш Сәтбаев және Бекежан
Сүлейменовтерге көрсетілген сталиндік қыспақты зерттемекпіз. Қойылған
мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу жүктеледі:

3

• 1940-шы жылдардағы елдегі саяси әлеуметтік жағдай.
• .ғылым мен мәдениетке көрсетілген сталиндік қыспақты қарастыру;
• Ермұхан Бекмахановтың монографиясының тарихын зерттеу;
• Қ.Сәтпаев пен Б. Сүлейменовке жасалған саяси қыспақты зерттеу;
• Саяси лагерьлердің құрылуын қарастыру.
Зерттеу обьектісі – 1940-50 жылдардағы саяси үрдістердің дамуы мен
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні – сталиндік қыспақ жылдарындағы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев
және Б. Сүлейменов істері.
Тақырыптың өзектілігі – Қазақстан тарихы мен мәдениетінің тұтас
дәуірін құраған кеңестік жылдардағы ұлт зиялыларының қалыптасуы,
шығармашылық қауымға қатысты ұстанған саясат пен өктемдіктің динамикасы
және салдарының айқындалуында.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне келетін болсақ, қазіргі зерттеулерден
ғалымдардың біршама тарихи шындыққа жақындай түскенін аңғару қиынға
түспейді. Жаңадан ашылған тарихи құжаттар Кеңестер Одағында 1920-50-ші
жылдардағы саяси репрессиялардың басында Сталин құрған пирамидалық биліктің
мақсатты түрде жүргізген саяси курсы екендігін, оның алдымен сталиндік
басшылықтың ұстанымымен келіспеген елдің саяси басқарушы тобына (элитаға),
содан соң экономикалық тұрғыдан үстемдік құрып келген әлеуметтік
(буржуазия, бай, кулак, ж.б.) күштерге және патриоттық ұстанымдағы ұлттың
белсенді тұлғаларына қарсы бағытталған заңдық негізі күмәнді, шектен асқан
зорлық пен қиянатқа толы шаралар болғандығын айғақтап отыр.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуі ұлттық тарихқа жаңаша
көзқараспен қарау қажеттігін туындатты. Тарих ғылымы халықтың жүріп өткен
жолын, бастан кешкен оқиғаларын зерттей отырып, ұлттық болмыстың қалыптасу,
даму басқыштарын қарастыратын ғылым. Оның зерттеу аясы кең де күрделі
салаларды қамтиды. Солардың ішінде күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол
кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық сананың қалыптасуы мен
дамуына пәрменді ықпал жасаған түрлі қоғамдық күштердің және жеке
тұлғалардың өмір жолын талдап, зерттеу де елеулі орын алады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері энциклопедиялық білімге ие
кемелді тұлғалар еді. Ғылым мен өнер саласындағы жаңа қадамдар, кәсіби
маманның жетіспеушілігі зиялылардың барлық салада қызмет істеуіне жол ашып,
жан-жақты жетілу орайын берді. Сонымен бірге бар мүмкіндіктерін жұмсап
қызмет істеу міндетін де жүктеді. Қоғамдық өзгерістер, міндеттің ауырлығы
мен ауқымдылығы олардың қайраткерлік тұлғасының қалыптасуына игі ықпал
жасады. Бұл ретте М. Әуезов, М. Тынышбаев, С. Мұқанов, Қ. Сәтбаев, Е.
Бөкетов т.б-ларды айтуға болады.

4
Кеңестер Одағындағы саяси репрессияның себептері жөнінде де аз
айтылған жоқ. Кеңестік ұстанымдағы зерттеушілер кезінде, мәселен, алғашқы
социалистік мемлекеттің капиталистік қоршауда қалғандығына, жаңа қоғамдық
құрылысқа, ішкі және сыртқы жаулардың қарсылығына баса назар аударды. Бұл
ұстанымдағылар қоғам неғұрлым социалистік қатынастардың жеңісіне жақындай
түскен сайын, тап жауларының қарсылығы да соған сәйкес күшейе түспек деген
сталиндік тұжырымға сүйенді. Яғни, мәселені тым саясаттандыруға,
идеологияландыруға басымдылық берілді. Мұндай тұжырым билік тарапынан алып
империяда жүргізілген саяси репрессияларға теориялық негіз болды.
Билікті сталиндік басқарушы топтың курсымен келіспеген саяси
элементтер­ден (сталиндік емес) тазарту шаралары оларды басқа
ұстанымдағы, яғни жастау, білімдірек, саяси және идеологиялық тұрғыдан
айтқанға көнгіш элитамен ауыстырумен аяқталды. Әлеуметтік тұрғыдан зиянды
бай-кулактарды жою шаралары қоғамды экономикалық және кәсіпкерлік
белсенділігі жоғары тұлғалардан айырды, ал үзіліссіз жүргізілген
ұлтшылдармен күрес науқандары ұлтсыздануға, ұлттық нигилизмге жол ашты.
Қазақстанда жүргізілген саяси репрессия саясатын арнайы жан-жақты әрі
терең зерттеу ісі әлі қолға алынған жоқ. Бұл үшін жабулы жатқан мұрағаттық
қорларды зерттеуші ғалымдардың қолына беру қажет. Сонда ғана, мәселен,
ресейлік деңгейдегі зерттеу жұмыстарына қол жеткізе аламыз. Ресейде бұл
тақырыпты арнайы мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы талдауға алу жолға
қойылған. Мақсатты және бағдарламалық негізге қойылған бұл шаруа өз
нәтижесін беруде. Бізде әлі әліптің артын бағу ұстанымы басымдылық алып
келе жатқан сияқты. Дегенмен қолда бар азын-аулақ құжаттық материалдарға
сүйене отырып, елімізде жүрген репрессияның мынадай кезеңдерін бағамдауға
болады.
Бірінші кезең (1918-1920 ж.ж.) шамамен революция және азамат соғысы
жылдарын қамтиды. Репрессиялық шаралар большевиктер партиясы орнатқан саяси
жүйеге қарсы шыққан экономикалық тұрғыдан үстем таптарға, сондай-ақ
кеңестік емес, ұлттық негіздегі мемлекеттік құрылымды талап етуші азаттық
ұстанымдағы күштерге бағытталды.
Екінші кезең шамамен 1923 жылдан, яғни И.Сталиннің жоғары билікке
келген мезгілінен басталып, 1932 жылмен аяқталады. Бұл кезеңде бұдан бұрын
да жүргізілген репрессиялық шаралар өз жалғасын тапты. Дегенмен бұл
кезеңнің мынадай ерекшеліктері байқалды. Мәселен, бай-кулактарды тап
ретінде жою билік тарапынан мақсатты түрде жүргізілген шаралар арқылы осы
мезгілде біржола аяқталды. Қазақстанда басталып, Мәскеуде аяқталған екі
бірдей сот процестері нәтижесінде сталиндік басшылықтың Қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының басшылары және бел­сенділерімен есеп айырысу ісі аяқталды.

5
Осы жылдары мемлекеттік аппаратта, партия қатарында жүргізілген кадрлық
тазартулар басқарушы элитаның жаңа генерациясының билікке келуін
қамтамасыз етті.
1920-шы жылдардың соңы және 1930-шы жылдардың басында жүргізілген сот
процестерінде тергеушілер ұлттық саяси элитаның шетелдік эмиграцияға кеткен
М.Шоқай және З.У. Тоған сияқты саяси тұлғалармен, басмашылар қозғалысымен
өзара байланысын анықтауға көп күш жұмсады. Бұл фактілер империялық
орталықтың өзінің ұлт істерінде жүргізіп отырған саясатының әділетсіз
екендігін іштей сезінуінің бір көрінісі еді.
Үшінші кезең шамамен 1933 жылдан басталып, 1937-1938 жылдары өзінің
шарықтау шегіне жетті. Құжаттық мәліметтер ОГПУ орындарының 1933 жылы
Қазақстанда оннан астам контрреволюциялық ұлттық ұйымдарды әшкерелеп,
жойғандығы жөнінде мәлімет береді. Олардың арасында, мәселен, Алматы және
басқа қалалардағы Ы.Мұстамбаев басқарған Түріктердің халық партиясы (бұл
іс бойынша 12 адам сотталған), Оңтүстік Қазақстан облысы Қармақшы
ауданындағы (қазіргі Қызылорда облысындағы) Қызыл кедей ауылында 53
адамнан тұрған (бұл іс бойынша бес адам атылып, 48-і сотталған),
Қарағандыкөмір тресіндегі 12 адамнан тұрған Н.Кодаленко бастаған (бәрі де
сотталған), Оңтүстік Қазақстан облысы Әулие Ата ауданында 21 адамнан тұрған
(бәрі де түрлі мерзімге сотталған) және басқа халық шаруашылығына
қаскүнемдік жасаушы топтар бар-тын. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл
контрреволюциялық ұлттық ұйымдар есебінде әшкереленген топтардың
қалыптасу барысын, бағыт-бағдарын (жарғы, бағдарлама), нақты қызметін
айғақтайтын құжаттық материалдар, әрине, мүлдем жоқ-тын.
Төртінші кезең соғыстан кейінгі мезгілге, яғни 1940-шы жылдардың
соңы, 1950-ші жылдардың басына тән. Бұл жылдары саяси репрессия құрбаны
болған саяси элита немесе халық шаруашылығына зиянкестік пиғылдағы
элементтер емес, соғыс жылдары белсенді шығармашылық қызметі арқылы
патриоттық ұстанымын ашық білдірген ғалымдар мен ақын-жазушылар еді (Е.
Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Е.Исмайылов, Ш.Әбенов ж.б.). Кеңестік билік
жүргізген саяси репрессиялар барысында қиянатты тек жеке тұлғалар ғана
көрген жоқ, сонымен бірге әділетсіздік оғы ресми идеология ұстанымына қайшы
келетін идеяларға да жұмсалды. 1943 жылы мәскеулік және жергілікті ғалымдар
мен жазушылардың ортақ еңбегі История Казахской ССР с древнейших времен до
наших дней атты кітабы жарық көрді. Кітапта патшалық биліктің Қазақстанды
отарлау және қазақ қоғамын орыстандыру саясаты тиянақты түрде талдауға
алынып, бұл әрекетке жауап ретінде көрінген қазақ халқының өз тәуелсіздігі
үшін күресіне, түрлі аймақтарда жүрген азаматтық қарсылыққа жеке тараулар
арналды. Ұлттық қоғамдық ойдағы Зар заман ағымына тиесілі көңіл
аударылды. Осының бәрі Мәскеудегі ұлыдержавалық ұстанымдағы ортада бұл
қазақ деген қандай таңдаулы халық (избранный богом народ) еді деген
пікір тудырды.
6
Кітап тез арада айналымнан алынып тасталынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Саяси репрессиялар тарихы кеңестік
тарихнамада толық әрі кешенді қарастырылмады. Әрине, бұл түсінікті де еді.
Өздері құрған мемлекеттің қылмыстарын большевиктер әшкерелей алмайтын. Оны
Н. Хрущевтің ХХ сиезде жеке басқа табынушылықты айыптаған баяндамасынан
кейін де еңбектердің жарық көрмеуі дәлелдеп береді. Басты мәселе
мұрағаттардың ашылмауы және құжаттардың құпиясыздандырылмауы болды.
Деректерсіз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Тіпті Н. Хрущевқа даярланып
берілген мұрағат материалдары да жарияланбады.
Отан тарихында саяси репрессиялар тақырыбын жан-жақты зерттеу тек қана
елдегі қайта құру реформаларымен, яғни 1980-жылдардың екінші жартысында
қолға алынды. Қазақстандағы ұлттық сана — сезімнің оянуы отан тарихының
ақтаңдақ тұстарын зерттеу мен Алаш қайраткерлерінің мұраларын қайтаруға
бағытталды. Сонымен мемлекеттің заңдық шараларына байланысты тақырыптың
басқа да қырлары ашыла бастады.
Зерттеудің құрылымына келетін болсақ, диплом жұмысы кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
Кіріспе бөлімі диплом жұмысының мақсатынан, зерттеу объектісінен,
пәнінен, тақырыптың өзектілігінен, зерттелу деңгейінен, ғылыми жаңалығынан
және құрылымынан тұрады.
І тарауда 1940-1950 жылдардағы елдегі саяси –әлеуметтік және әкімшіл-
әміршіл жүйе қарастырылған.
ІІ тарауда әйгілі ғалымдарға жасалған саяси қыспақ.
ІІІ тарауға келетін болсақ, Республикадағы мәдениет пен ғылым
саласындағы өзгерістер және лагерлердің құрылуы қарастырылған.

7

І 1940 – 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ.
1.1 Қазақстанның 1940 жылдардағы дамуы
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса
бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор
қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор
қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара
берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты
азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947
жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір
жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп
өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар
бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет
арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың
жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту
шаралары: 
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек
көрсетілді. 
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке
жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына
келтірілді. 
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың
әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың
өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз
етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина
мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет
көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды. 
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең
болды.КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы
И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір
дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің
мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның
келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші
бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің
пайдасына шешілді.
8

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші
хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. Жылымық жылдары аталған 50-
жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы
шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық
комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші
орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-
1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды.
Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір
аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-
әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы
Н.С.Хрущев Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы баяндама
жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы
айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси
қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады.
Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде Жеке адамға табыну және
осының салдары туралы қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал
Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін
құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес
қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді.
Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі
партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін
мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де
болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің,
қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді.
Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында
болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық
жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл
айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат
жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ
тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған.
Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады.
9
1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды.
Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы
болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді
коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли
болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП
XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым
жасалды.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа
өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын
салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп
орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды
темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған
өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент
заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының
алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау
заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-
1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға
146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл
бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы
Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық
теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта
салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай
Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан
магниткасы аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта
Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада
электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда
10,5 млн. кВтсағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса,
сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің
баяндамасы бойынша Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан
әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда
реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың
көпшілігі таратылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне
территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық
шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа
тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті.
Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар
ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың
орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі
түрін көруге болады.

10

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың
өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен
шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград
(Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер
мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне
байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан
айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс
күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі
көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-
қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші
офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды.
1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды.
Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа
жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы
Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл
шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге
байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың
көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген казақстандықтар майданда қаза
тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап
ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл
шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық
салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану
дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын
толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен
училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан
демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған
репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде
егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов
тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да
фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті
аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды.
Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан
зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945
жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина,
140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік
оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал,
жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді.
Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек
ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.

11

Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін
дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа
түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары
күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

1.2 Елдегі әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуы
20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе 40-50-жылдарда
күшейіп тұрған еді. Қазақстан тарихын қоғамның сол кездегі саяси жүйесінсіз
кезге елестету мүмкін емес. Оған адамның бостандығын аяққа басу, оның құқын
елемеу, еңбекщілерді өндіріс құралдарынаан ажырату, оларды саясат пен
мемлекеттік басқарудан шеттету сияқты теріс құбылыстар толығымен тән еді.
Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның 
-И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын,
соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел
қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси
дамуына теріс әсер етті. Ал мұның аса ауыр зиянды зардаптары болды. Әр
түрлі даңғаза ұрандар астында саяси айыптар тағу, занды бұзу, билікті теріс
пайдалану жаппай орын алды. Саяси жүйе өз негізінде дамуға қабілетсіздігін
көрсетті. Бұл жүйенің жетекші күші болған Комунистік партия осы жүйенің
барлық буындарының- Кенес мемлекетінің, кәсіподақтарының, косомолдың,
кооперацианың және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметіне өткен билік
жүргізді. Қалыптасқан дәстүр бойынша партия органдарының қоғам өмірінің
барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отыруы партианың
жетекшілік рөлі деп қабылданды.Мемлекеттік органдардың құзырындағы
мәселелерді тікелей шешу арқылы және халықшаруашылық әлеуметтік- мәдени
міндеттерді шешуге қоғамдық ұйымдарды да барынша тарта отырып, партия
олардың өз бетінше қызмет етуіне мемлекеттік бермеді. Республиканың
қоғамдық- саяси өмірі. Кенес қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары
социализмнің сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық үлгісінің құрамдас
бөлігі еді. Алайда соғыстың барлық тауқұметі мен қиыншылығын майдан мен
тылда бірдей көтерген халықтың ой-санасы соғыс қарсаңындағы жылдармен
салыстырғанда айтарлықтай өзгерген еді.Дегенмен бейбіт құрылысқа көшу
жағдайында қоғамдық өмірдің көптеген мәселелерді басқаша бағаланатын болды.
Халық әлеуметтік бағдарламаға бетбұрыс жасау қажеттігін анық түсіне
бастады.Алайда қоғамдық саның барлық деңгейлерінде сезіліп отырған
жаңарудың кешенді бағдарламасын жасауға орын тепкен әлеуметтік – саяси
құрылыс кедергі жасады.
Мұның үстіне аса ауыр соғыста жеңіп шығу сол кездегі қоғамдық – саяси
жүйенің тиімділігі жоғары деген жалған сезім туғызды, ал елді басқарып 
отырғандардың көпшілігі билеудін әкімшіл әдістері ең тура жол деп сенді.
40-50жылдардың басында сталинизм идеологиясы әбден асқынды.
12
1946жылғы наурызда өткен КСРО Жоғарғы Кенесінің сессиясында Жоспарлау
Комитетінің төрағасы Н. А Вознесенскийдің төртінші бесжылдық жоспар туралы
баяндамасында осы қағида жетекші партиялық бағыт деп жариялады. Көз
жетерлік тарихи кезенде коммунизмді орнату болады деген қағида кеңес
басшылығы тарапынан жиі-жиі айтылатын болды және ол дайындалып жатқан
коммунистік партияның үшінші бағдарламасының жоспарында өз көрінісін табуға
тиісті деп есептелді.Сталиннің еңбегінде келешекте қала мен ауыл арасында
тауар-ақша қатынастарын тікелей өнімдер айырбасы алмастырады деген тезіс
коммунизмге өтудің негізгі шартарының бірі түсіндірілді және оны Б.К. (б) П
сьезі қалады. И. В Сталиннің осы данышпандық еңбегінің идеяларын жаппай
насихаттаушылар социялистік қоғамның (шексіз мүмкіншіліктері) туралы
қалыптасқан сенімге сүйенді. КСРО-да жеңіп шыққан социалистік қоғам тез
қарқынмен коммунизмге жетуді қамтамасыз етеді деген ұғым қалыптасты.
Сонымен, коммунизмге өту проблемасы ғылымға жат, тұрпайы пікірлермен
алмастырылып, онын негізіне өнеркәсіптің кейбір салаланында белгілі сандық
көрсеткіштерге қол жеткізу алынды.
Соғыстан кейінгі онжылдықта қол жеткен табыстар КСРО-да 30-40 жылдарда орын
алған өмірге деген қарабайыр қөзқарастын жалғасы ғана болатын.Жаңа қоғамдық-
экономикалық формацияны күштеу әдістері арқылы жасауға талпыну
республиканың табиғи даму жолын бұзды.
Насихат құралдары көз жетерлік тарихи кезенде коммунизм орнату мүмкіндігі
туралы пікірді жаппай уағыздаумен айналысты. 
Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамастан, соғыстан кейінгі кезенде де
ауыр өнеркәсіпті бұрынғыдай тез қарқынмен дамыту экономикалық саясаттың
басты принцпы болып қала берді. Ал халықтың материалдық қажеттерін
қанағаттандыру ісі, соғысқа дейінгі кезеңдегідей, екінші кезектегі мәселе
болып саналды.
Осындай жағдайда насихат аппараты, күнделікті ақпарат құралдары небары 20
жылдық мерзімде кенес халқы коммунизмнің көкжиегін көреді деген өтірікті
күн-түн демей адамдардың санасына сінірумен айналысты.. 
Ал мұндай жағдайда көнбегендер насихат апаратының өтірігіне сенбегендер
социализм ісіне қарсы шыққандар ретінде айыпталды. Оларға социализмді
“қаралаушылар”, идеологиялық “диверсия жасаушылар ”ұлы табыстарға күйе
жағушылар деген саяси айыптар тағылды. Келеңсіз құбылыстардың себептерін
іздеу “кім айыпты ?” деген сұрақпен алмастырылды да, қоғамдағы
кемшіліктердің жекелеген “айыпкерлерді” іздестірілді. Социализм нығайып,
дами түскен сайын ел ішінде де, халықаралық қарым-қатынаста да тап күресі
күшейе түседі деген сталиндік қағида идеологиялық шиеленістерді асқындыру
түсуге негіз болды. “Халық жаулары” мен “социализм жауларына” қарсы күрес
науқандары үздіксіз жүргізілді. 20-30 жылдарда басталған саяси қуғын
соғыстан кейін де жалғастырылды.
13

Саяси қуғын-сүргінің қатігез шеңгеліне соғыс кезінде әр түрлі себептермен
жау қолына тұтқынға түскен сан мындаған солдаттар мен Кеңес Армиясының
афицерлері де ілікті.
Көптеген “әшкереленген” істердің қатарында қолдан жасалған “ленинград ісі”,
“Дәрігерлер ісі”. Тіпті, кейбір жұмысшылардың кәсіби мамандығының
төмендігінен өндірісте орын алған үлкенді-кішілі апаттар “халық жауларының”
әрекеттері деп бағдарлады. Жазықсыз жазаланғандарды қасіретті тағдыры
туралы Шыңғыс Айтматов “Ғасырдан да” ұзақ күн романында нанымды, жақсы
суреттеп берді. Қазақстан — лагерьлер өлкесі. 30-шы жылдардың өзінде ақ
жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп
ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең
үлкені Қарағанды лагерьлері жүйесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен
көшіріліп келгені белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар,
қалмақтар, қарашайлар, балқарлар,литвандар болды.
Қазақстанда арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған
жоқ. Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға
қорынан келген көмегін аяған жоқ. Оларға өздерінің отбасынан орын беріп,
бір үзым нанын бөлісіп жеді, жаңа жағыдай, бөтен ортаға тез үйренісіп
кетулеріне жәрдемдесті. Сол арқылы қазақ халқы өзінің ұлтты, адамгершілік,
интернационалистік қасиеттерін іс жүзінде танытты. 
Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының
айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі
жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы
соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70
мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша
2 мил. 32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам
ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей
жойылды. Соғыс жылдарында Кеңес Одағы өзінің 27 мил-ға жуық азаматтарыннан
айырылғаны белгілі. Өндірістегі жұмыс қолынаң жетіспеуін толтыру мақсатында
КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан сан мыңдаған адамдарды босатты. Армия
қатарынан бірінші кезекте жасы ұлғайған жауынгерлер және халық шаруашылығы
мен мәдениетті қалпына келтіруге аса қажет инженер, мұғалім, ограном,
механизатор сияқты мамандық иелері босатылды. 1945-1948 жылдарда армия 8,5
мил. адамға қысқарды.Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ.
Зауоттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс қолдады
жетіспеді. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы демакратиялық жағыдайға 30-
жылдардың басында күштеп ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылардың
жаппай аштықтан ққырылуы мен ата-мекендерін тастап, басқа елдерге ауа
көшуінің салдары қатты әсер етті.

14
1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946-1950
жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға
арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда Қазақстанның халық
шаруашылығы мен мәдениеті дамытуға үлкен мән берілді. 
Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуіне ықпал етті.
1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол төсемін салу аяқталды.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу
жұмыстары жүргізілді. Жамбыл- Шолақтар темір жолымен пойыздар жүре
бастады.Соғыс тан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғам да үстем бол ды. КСРО-
да, со ның ішінде Қазақстан да Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке
адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қара пайым адамдар басқарудан
шеттетілді.Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғам да
тоталитарлық, ав торитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның
басына та бынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада
комму низмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің те
ориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде
бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды.
Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі
мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспа ды.Соғыстан
әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген
кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техниканың жетіспеуі, жұмыс
күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т. б.[]Партияның 1946 жылғы
қаулысына сәйкес совхоздар мен кол хоздардың бұрынғы зардаптарын жою
басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет
арнайы қаражат бөлді. 1950 жы лы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер
(машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете
алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада
2047 колхоз жұмыс істеді.Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды.
Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай,
өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл
шаруашылығы жоспарлы түрде жоғары дан басқарылды.Соғыстан кейін
1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды.
1947 жылы елімізде бұрын нан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен
мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.Халықтың әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайын жақсар туда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе
оны мен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып
отыр ды. Әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып
алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аш тық жайлады. Бұл туралы
ешқандай мәлімет терде ай тыл май ды.II дүни ежүзілік соғыс КСРО
шаруашылығына өте көп зи ян әкелді.
15
Соғыс зардаптары:1710 қала,70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп,
100000 ауылшаруашылық кәсіпорыны бүлінді және 2 млн. адам қираған үйде
тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т. б. қалалардың
көп бөлігі талқан далды.Соғыстан кейін қираған экономиканы,
халықшаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең
алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн.
адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация
(әскерден босату) бас талды. 1945–1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн.
500 мың адам босатылды.Соғыс жағдайына бейімделген ел экономи касы ның
қайта құры луы басталды. Сұрапыл жылда ры соғыстың қажетін өтеп тұрған
кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады.Қазақстан экономикасын
бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиын шы лықтар ту дыр ды. Соғыс жыл да ры
Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпо рын дар азат етілген аудан дарға қай
та көшірілді. Со нымен бірге білікті ма ман дар да қай тты. Соғыс та жар ты
мил ли он нан ас там адам қаза тап ты, көбі мүге дек бо лып орал ды. Мұның
бәрі ша ру ашылқты қал пы на келтіруді ке шеуілдетті. Қазақстан соғыс тан
зар дап шек кен өңірлер ге ба рын ша көмек көрсетті. Ста линг рад, Ле нинг
рад, Киев қала ларын, көпте ген қираған кәсіпо рын дарды қал пы на келтіру
ба рысын да қазақстан дықтар көп үлес қосты.Сонымен қатар Қазақстан соғыс
тан зар дап шек кен өңірлер ге ма тери ал дық көмек көрсетті. Мы салы,
1945 жы лы Ук ра инаға 500-ге жуық трак тор, ауыл ша руашы лық тех ни
касын; Ре сей мен Бе лорусь ке, Ук ра инаға 350000 қой, 22000 жылқы,
17500 си ыр ды тегін жіберді, 1946 жы лы қабыл данған 1946–1950 жыл дарды
қам ти тын ха лық ша ру ашы лығын да мытуға бюд жеттен көпте ген қар жы
бөлінді.Үкіметтің қол да уымен және жұмыс шы лар дың қажыр лы еңбегінің
арқасын да кәсіпо рын дар біртіндеп аяғынан тұра бас та ды. Теміртау ме тал
лургия за уыты, Ақтөбе Фер роқорыт па за уыты сияқты алып тардың қуаты арт
ты. Екібастұз көмір кен дері мен Маңғыс тау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа
құры лыс тар са лын ды.Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және та мақ
өнеркәсіптерінің қуаты арт ты.1950 жы лы 483 шақырымға со зылған Мойын ты-
Шу теміржо лы са лын ды. Бай ла ныс, ком му ника ция жүйелері де да мыды.
1949 жы лы Ал ма ты ав то мат тық станция арқылы рес публи каның 56 қала
сымен бай ла ныс ты рыл ды.1950 жы лы елімізде ха лық ша ру ашылғын да
еңбек ететін адам дардың са ны 1 млн. 403000-ға жетті.1946 жылғы на урыз да
КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес си ясы 1946–1950 жыл дар ара лығын қам
ти тын ха лық ша ру ашылғын қал пы на келтіру мен да мытуға ар налған бес
жылдық ту ралы Заң қабыл да ды. Бұл жос парда қазақстан ның ха лық ша ру
ашы лығы мен мәде ни етін да мытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің да
му ына, жаңа темір жол желісін са луға, ауыл ша ру ашы лық дақыл да рының
өнімін арт ты руға қар жы бөлінді.

16
Еңбекшілер қауымы ның қажыр лы қай рат көрсе туінің нәти жесінде
1946–1951 жыл да ры рес публи када бо лат про катын, қара және түсті ме тал
лургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қол дан жа салған тал шық өндіру
жүзе ге асы рыл ды. Бес жылдық жыл да рын да қара ме тал лургия қарыш ты
қадам мен да мыды. Темірта удағы ме тал лургия за уытын да үй про кат ста
ны мен екі мар тен пеші, Ақтөбе дегі фер роқорыт па за уытын да кәсіпо рын
ның үшінші ке зегі іске қосыл ды. 1947 жы лы Өске мен қорғасын-мы рыш ком
би наты алғашқы мы рышын берді. Екібастұз ала бын да көмір кесіндісінің
құры лысы аяқтал ды. Балқаш мыс қоры ту зауыты ның қуатын арт ты ру
жөніндегі жұмыс тар жалғас ты рыл ды. Маңғыс та уда мұнай кәсіпшіліктері
қатарға қосы лумен бол ды.Жеңіл және та мақ өнеркәсібі да мыды. Се мей дегі
илеу-сығын ды за уыты, Қызы лор да Ком со мол ка тігін фаб ри касы өнім
бе ре бас та ды. Жам былда, Қызы лорда да, Пав ло дар да тері за уыт та
рының құры лысы аяқтал ды. 50-жыл дардың ба сына қарай рес публи када
65 кәсіпо рын бол ды. 1950 жы лы ұзын дығы 483 км. Мойын ты-Шу темір жол
төсемін қалау аяқтал ды.1949 жыл дың көктеміне қарай Ал ма тыда елдің
56 қала лары мен бай ла ныс ты ратын ав то мат тық стан ция қыз мет істей
бас та ды, ра диоқабыл дау және ха бар бе ру, ра дио жүйесі 40-жыл дармен
са лыс тырған да екі есе арт ты.Рес публи каның эко номи калық өміріндегі
өзгерістер ма ман данған жұмысшы лар қата рының өсуіне ықпал етті. Егер
1945 жы лы ха лық ша ру ашылғын дағы жұмысшы лар мен қыз меткердің са ны
1044 мың, олар дың ішінде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың бол са,
1950 жы лы олар дың жал пы са ны 1403,3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың
адамға тең бол ды.Өнім өндіруді арт ты ру мақса тымен ұсақ кол хоздар
біріктіріліп, олар дың ор ны на ірі ұжым дық ша ру ашы лықтар құру жүзе ге
асы рыл ды. Кол хоздар ды ірілендіру шап шаң қарқын мен жап пай жүргізілді.
Осы ның нәти жесінде рес публи када кол хоздар са ны азай ды:
1945 жы лы Қазақстан да 6737 кол хоз бол са;1952 жы лы олар дың са ны 2047-
ге тең бол ды.40-жыл дардың екінші жар ты сы мен 50-жыл дардың ба сы КСРО
аза мат та рының ба сым көпшілігі үшін аса ауыр кезең бол ды.
• 1947 жылғы жел тоқсан да кар точка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік
және өнеркәсіп өнімдерімен өлше улі қам та масыз ету жойыл ды. Сол жы
лы ақша рефор ма сы жүзе ге асы рыл ды. Негізгі өнімдердің, нан және
нан нан жа салған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы ар
занда ды. Сом ның са тып алу құны ның көтерілуімен қатар еңбекшілердің
жа лақысы да өсті.
• Екінші дүни ежүзілік соғыс тың мүге дек теріне, соғыс та қаза болған
дардың от ба сына әле уметтік көмек көрсетілді. Жа сы ұлғайған дарға,
асы ра ушы сының қаза болу ына бай ла ныс ты және уақыт ша еңбек ке жа
рамай қалған дарға зей не тақы тағайын далды.
• Көп ба лалы және жалғыз бас ты ана лар жәрдем алып тұрды.
Шипажай лар мен де малыс үй леріне, ба лалар ла герь леріне
жеңілдіктер мен жол да малар берілді. Осы жыл да ры ке зек тен тыс
жұмыс істе уге ти ым са лын ды, ақылы де малыс алу қал пы на
келтірілді.
• Мем ле кеттік күрделі қара жат пен ко опе ративтік кәсіпо рын дардың
және басқа ұйым дардың есебінен ха лық үшін тұрғын үй лер са лу
өрістеді.
• Жұмыс шы лар мен қыз меткер лердің ай лық жа лақысы бір жа рым есе
ғана өсіп, 1950 жы лы 64 сомға тең бол ды.
• Әуел бас тан негізсіз жа салған, соған қара мас тан на сихат кеңінен
пай да ланған ар занда ту са яса ты ха лықтың ба сым көпшілігі тұра
тын ауыл есебінен жүргізілді.
• Соғыс тан кейінгі уақыт та мәде ни ет, еліміздің ру хани жағдайы қатал
ста линдік иде оло ги яның қыс пағын да бол ды. То тали тар лық ре жим
бұл са ланы өз дегенімен басқарып отыр ды.
• Соғыс тан кейін қираған ха лық ша ру ашы лығын қал пы на келтіру жо
лын да кез дескен бас ты ке дергілердің бірі – қажетті ма ман дардың
жетіспеуі.
• 1946 жы лы ком му нистік пар тия Қазақстан да жоғары және ор та білім
бе ру ісін да мыту ша рала ры жөнінде қаулы қабыл да ды. Қазақстанға
көпте ген білікті маман дар жіберіліп, білім бе ру ісіне қара жат
бөлінді. Соғыс тан кейінгі алғашқы жыл да ры мем ле кет ке қажетті
60000-дай ма ман да яр ланды. 1950 жы лы рес публикада білім бе ру
ісіне 146,5 млн. сом жұмсал ды. Нәти жесінде көпте ген жаңа мек тептер
мен ин тернат тар са лын ды. 1950 жы лы Қазақ КСР-дегі мек тептердің
саны 9088 бол ды. Бұл мек тептер де 1493000 оқушы оқыды.
• 1950 жы лы рес публи када міндетті ор та білім алу жүйесі енгізілді.
• 1953 жы лы на урыз да әміршіл-әкімшіл жүйенің иде оло гы, КСРО бас шы
сы И. В. Ста лин қай тыс бол ды.
• 1953 жы лы шілде де Ста линнің оң қолы, қуғын-сүргінді ұйым дасты
рушы, КСРО Ми нист рлер Кеңесі төрағасы ның бірінші орын ба сары Л. П.
Бе рия бар лық лауазым ды қыз меттерінен бо саты лып, атыл ды. … жалғасы