Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

САБЫРОВА ЗАРЕМА ҒАБИТҚЫЗЫ

Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті

Диплом жұмысы

5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Астана 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Қазақ тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі_______________
Бейсенбай А.Б.

5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті тақырыбындағы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Орындаған: Сабырова З.Ғ.

Ғылыми жетекші,
филол.ғ.к., проф. м.а. Ахметова М.К.

Астана 2018

Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

___________________________________ _______факультеті
___________________________________ _______кафедрасы
___________________________________ ______мамандық коды және атауы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі ____________
___ ______________20___ж.

___________________________________ _____________________ студентке
(тегі, аты, әкесінің аты)

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған

ТАПСЫРМА
1. Жобаның (жұмысының)
тақырыбы ___________________________________ ______________________
___________________________________ _____________________________
университет бойынша 20___ж. ___ ______________ берілген № _______ бұйрықпен бекітілген.

2. Студент аяқтаған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі _______________

3. Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері__________________________
___________________________________ ___________________________________ _____________________ _____________________________________
___________________________________ ___________________________________ _____________________ _____________________________________
___________________________________ _____________________________
4. Есептеу – түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)
___________________________________ _____________________________
___________________________________ _____________________________
___________________________________ ___________________________________ _____________________ _____________________________________
5. Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген)
___________________________________ _____________________________
___________________________________ _____________________________
___________________________________ ___________________________________ _____________________ _____________________________________

6. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер

Бөлім
Кеңесші,
кафедра
Қолы, уақыты

Тапсырма алдым
Тапсырма бердім

7. Тапсырманың берілген уақыты ___ ____________20___ ж.

Ғылыми жетекші ___________________________________ ________________
(қолы, аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, лауазымы)
___________________________________ _____________________________

Тапсырманы орындауға алдым: ___________________________________ ___
(қолы, аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .7
1 Қазақ ертегілерінің, қайталамалардың зерттелуі жайынан … … … … … … … ..9
1.1 Қазақ ертегілерінің жариялануы мен зерттелуі … … … … … … .. … … … … … 9
1.2 Қайталамалардың зерттелуі мен түрлері … … … … … … … … … … … … … …16
2 Ертегілердегі қайталама түрлері, олардың мәтінтүзімдік қызметі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..27
2.1 Фонетикалық және лексикалық қайталамалардың мәтінтүзімдік сипаты … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..27
2.2 Морфологиялық және синтаксистік қайталамалардың мәтінтүзімдік ерекшелігі … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 38
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 45
Пайдаланылған әдебиет тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … ..48

Кіріспе

Еліміз қай саладан болса да жанданып, жаңашылдыққа бет бұрып, жасампаз мемлекетке айналып жатқанда төл әдебиетімізде қыр-сырынан жан-жақты зерттелуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасында әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасаудың жолы көзделген [1].
Қазіргі қазақ тіл білімі ғылымының негізгі мәселелерінің бірі тілдегі әртүрлі тәсілдердің тілдік сипаты мен табиғатын, қолданысын зерттеу. Көркемдегіш әдіс-тәсілдердің синтагмалық сонымен қатар парадигмалық тұстарын көрсету, ерекшеліктерін айқындау болып саналады. Сондай-ақ әлемдік тіл білімінің мәселесі болып отырған тақырыптар қазақ тіл білімінің де жіті қадағалауында тұр. Сонымен қатар ғалымдарымыздың зерттеу нысаны мен тақырыптарының өзектілігі әлемдік лингвистика кеңістігінің назарынан тыс қалған емес. Қайталамалардың тілдік сипатын зерттеу мен терминдік тұрақтылығын қалыптастыру да, мəтінтүзімдік əлеуетін бағалау да бүгінгі ғылымның жаңалығына қосылмақ үлес.
Дипломдық зерттеу жұмысы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі лингвофольклортанудағы қайталама құбылысының маңызын ғылыми тұрғыда баяндауға арналады. Қайталамалар тілімізде көне дәуірлерден келе жатқан мәтінтүзімдік, стилистикалық әдіс-тәсілдер түріне жататыны осы зерттеуде сараланады.
Қазақ әдеби тілінің доминант стилі – көркем әдебиет силінде қолданылу деңгейі жағынан да қайталамаларға ешбір көркемдеу тәсілі тең келе алмайды. Қайталамалар өз ішінде бөлінетін фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік түрлеріне қарай əрқайсысының жұмсалатын бағыт-бағдары бар. Осы түрлеріне тəн ерекшеліктерімен мəтінді көркемдеп, эмоционалды-экспрессивті мəн-мағына үстеп, жеткізер ойды əсірелей түседі. Əсіресе, қазақ ертегілерінде бұл тəсіл əрдайым сəтті қолданылып, ертегінің тілдік те, мағыналық та ерекшелігін, мәтін байласымын арттыра түскен.
Тақырыптың өзектілігі: Тілдегі әрбір құбылыс – қоғамдық мәдениеттің көрсеткіші. Қоғамдағы әр жайттар мен көріністер қоғамның өзіне қайтарылатын дүниелер тудырады. Мәселен, қазақ халқының ертегілері сонау тарихтан сыр шертетін дереккөз ғана емес, халықтың арман-мақсатының көрінісі. Әлі күнге маңызын жоймай келе жатқан тәрбие құралы. Ал оның тілдік құрылымын бағамдау, сөздік құрылысын саралау – тіл ғылымының айқындауды қажет ететін міндеттерінің бірі. Соның ішінде әлі тереңінен қарастырылмаған қайталамалардың мәтін түзімі, оның сипаты, әлеуеті қазіргі өркендеп келе жатқан, зерттелімі кеңейіп жатқан қазақ тілі біліміне қайталамалардың бастау арналарын, олардың сипатын айқындауда өте қажет.
Дипломдық жұмыста осы лингвостилистикалық амал-тәсіл ертегі жанрында арнайы қарастырылмағандықтан, зерттеудің өзекті тақырыпқа арналғанын көрсетеді. Ертегіде қолданылған қайталамалардың түрлері қарастырылып, олардың мәтін түзудегі қызметі талданады. Сондай-ақ, қайталамалардың бөлінісіндегі түрлерінің қазақ ертегілерінің мəтін құрылымында қалай көрініс тапқаны көрсетіледі.
Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталамалардың қолданысы ертегілерден келтірілген тілдік деректер арқылы сараланады. Тағы бір өзектілігі, осыған дейінгі қайталамалар жайындағы пікірлерге салыстырмалы түрде талдау жасалады. Қайталамаларға деген екі жақты пікірлерге бір ізді тұжырым жасалды. Қайталамалардың негізгі тілдік сипаты өз ерекшелігіне қарай бөлініп, мағыналық талдау, дыбыстық талдау, қолданысына қарай талдау, сөз таптарына қатынасын көрсету арқылы ережелермен белгіленді. Тақырыптың өзектілігіне себепкер мәселелер көерілді.
Жұмыстың нысаны: қазақ ертегілеріндегі қайталамалар, олардың түрлері мен мәтінтүзімдік қабілеті.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мəтінтүзімдік қызметін көрсету. Қазақ ертегілерінің мәтіндік құрылымындағы көне құбылыс қайталаманың қызметін анықтау. Қайталамалардың түрлеріне қарай талдау. Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың қолданысын жіктеп көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
Қазақ ертегілерінің тілдік-жанрлық ерекшелігі, қайталамалардың зерттелуіне қатысты пікірлерді жинақтап, саралау;
Қайталамалардың лингвостилистикалық сипатын анықтау, түрлерін айқындау;
Қайталамалардың ертегілердегі қолданылу жиілігін бағамдау;
Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталама түрлерінің ертегілерден жинақталған тілдік дәйектер арқылы мәтінтүзімдік әлеуетін талдау;
Қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуетін қарастыру арқылы мәтін құрылымының кейбір қырларын ашу.
Жұмыстың зерттеу материалдары: Бабалар сөзі 73, 74, 75, 76- томдар. Қазақ ертегілері 3, 5-томдар.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтау, топтастыру, салыстыру, талдау, лингвистикалық әдіс, мәтін талдау әдісі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақ ертегілерінің мәтіні тілдік тұрғыда талданды. Қайталамалардың түрлерінің ертегі кеңістігіндегі қолданысы анықталды. Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуетіне баға берілді. Қайталамаларды түрлерге бөліп талдау барысында қазақ ертегілерінің стилистикалық қыры да танылды.
Жұмыстың практикалық маңызы: Қазақ ертегілеріндегі қайталамаларды лингвостилисикалық жағынан қарастыру бұл тақырыпқа жаңаша ғылыми-теориялық бағытта қарауға көмектеседі. Диплом жұмысын мәтінді лингвистикалық талдау, стилистика пәндерінен қосымша құрал ретінде, дипломдық жұмыстарды, студенттердің өз бетімен орындалатын жұмыстарын жазу барысында қолдануға болады.
Жұмыстың талқылануы: дипломдық жұмыс кафедра мәжілісінде алдын-ала талқылаудан өтті.
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс, кіріспе және екі негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ, ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНАН

4.1 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Тілді, оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы рөлін зерттеу – адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды. Десек те, адамның бала күнінен есейген шағына дейінгі тәрбие құралы болатын ертегінің зерттелуі тарихына көз жүгіртсек біршама дүниеге жолығамыз. Ертегі негізінен фольклорлық жанр, әдебиеттің объектісі болғанымен сөзден одан әрі сөйлемнен құралып тұрған соң лингвистиканың да зерттеуіндегі басты нысандардың бірі. Әрине, тілдік зерттеу басталмас бұрын барлық материалдарды жинап, зертеу еңбектерімен танысып, біріншіден Пропптан бастап, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин және қазақ ғалымдарынан М. Әуезов, М. Ғабдуллин одан бертін келе академик С.А. Қасқабасовтардың еңбегіне жүгінеміз. Ғалымдардың еңбектерінен теориялық материалдар алынады. Ертегінің әр мәтіні үлкен-үлкен тақырып. Оның бөлінуі, түрлері, дамуы, көркемдік құрылысы әдеби тұрғыда қаралса, сөйлем құрылысы, морфологиясы, лексикасы тілдік құрылысы жағынан А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев секілді ғалымдар зерттеді. Осындай зерттеулер бір-бірімен ұштасып, жаңа тақырып, жаңа бағытқа ұласа берді. Оған дәлел жаңа мақалалар, диссертациялық жұмыс, монографиялар жəне т.б. көлемді дүниелер.
Ертегілерді зерттеу қызық та есте қаларлықтай болғаны рас. Өйткені ел аузында жүргенімен хатқа түспеген бұл халықтың көркем әңгімелері бірнеше нұсқада да болды. Оларды ғалымдарымыз ел аралап, сұрастырып, жинап хатқа түсіріп, салыстырып, елеп-екшеп жариялап отырды. Атап айтар болсақ, А. Алектров, Н. Пантусов, А. Васильев, Б. Дауылбаев, М. Досымбеков сынды ғалымдар ел аузынан жинап, теріп жазып алған. Жазып алған ертегілерін толықтырып, жинақтап газет беттеріне жариялаған. Арасында тіпті жинақ етіп шығарғандары да бар. Мысалы, А. Алектров өзінің жинаған ертегілерін газет беттеріне үнемі жариялап отырған. Бір қызығы Алектров әр басылымда әртүрлі ертегілер, өзгеше тақырыпта беріп отырған. Бір бастырған ертегісін қайталамайды екен. Солай жариялап жүріп, ақыры ертегілердің басын біріктіріп, Орынбор қаласында Киргизская хрестоматия деген атпен жинақ етіп шығарған. Негізінен ертегілерді жинау мен жариялауды миссионерлер өз міндеті етіп алғанымен, бүгінге дейін əлі пайдасы тиіп жүрген дүниелердің бірі болып отыр. Себебі олар көрсетіп кеткен əр варианттағы сөз қолданыстар, талдауға таптырмас мысалдардың базасы іспеттес.
Ертегілердің ең басты ерекшелігі тарихилығында жатыр. Ал бұл тұста оның тілдік сипатын ашып көрсетпей кетуге болмайды. Себебі тіл мен тарих біте қайнасып, заман ағымында қатар жүретін сонадай-ақ, бірін зерттесек бірінің шеті шығатын мұралық қор. Адам тарихы өз қолымен соғып артта қалдырып бара жатып, тілдік белгілерін де өзі сол тұста айшықтап кетеді. Ал мұндай белгілерді зерттеуші топ жинастыру, талдау, іздену барысында байқайды.
Тағы бір тоқтала кететін ғалым – Н. Пантусов. Н. Пантусов ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан белсене жинап, хатқа түсіргендердің бірегейі. Ол қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеу үшін алдымен қазақ тілін үйренеді, кейін жетпісінші жылдары қазақ жеріне келіп, біраз аймақ-өлкелерді аралайды. Жай ғана аралап қоймай жүрген жеріндегі ел ішінде таралып кеткен, айтылып жүрген ертегі, аңыз-әңгімелерді хатқа түсіре жүреді. Хатқа түсірген материалдарын орыс тіліне аударып, газет беттеріне жариялап отырады. Дала уалаяты (орысша нұсқасы Киргизская степная газета) газетінде үнемі Пантусовтың жиған-терген ертегілері үзілмей жарияланып тұрған. Қазақ тілін жетік меңгерген ол алдымен өзінің жинаған үлгілерін түсіндіру үшін Қазақ-қырғыз тілін үйренуге көмекші құрал шығарып, кейіннен 1899-1909 жылдар аралығында бір емес, жеті жинақ бастырады. Қазақ халық әдебиетінің үлгілері деп аталатын бұл жинақтары Қазан қаласында жарық көрген. Бұл жинақтың бір ерекшелігі қазақ сөздерін орыс қарпімен бастырған алғашқы кітаптардың бірі. Жинақта қазақ ертегілеріне қатысты көп деректер бар. Ел аузынан жинағандарын нұсқалап енгізген [2].
Осылайша қазақ әдебиетіне өз қолтаңбасын қалдырып кеткен. Оның еңбегінің жемісін көріп, ғылыми тұрғыда зерттеушілер одан әрі дамытуда.
Қазақ ертегілері жайлы мәлімет іздегенде, мағұлмат алғанда
А. Васильевтің атын атамай кетуге болмайды. Елуге еңбек сіңірген
А. Ваcильев қазақ ауылдарын өте жиі аралап, Қазақстанның біраз аймақтарында болған. Ел аузынан терген материалдарын Дала уалаяты, Торғай облыстық ведомосында үнемі жариялап отырған. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері деген топтамамен Торғай облыстық ведомосының елуге тарта нөмірінде қазақ ертегілерін жариялаған. Бұл топтамасы 1897 жылы жарық көрді. Ал 1898 жылы Орынборда Үлгілер атты кітапшасын бастырып шықты [3].
Енді қазақ ертегілері әдебиеттің қай дәуірінде қаншалықты зерттелді деген сұраққа жауап іздесек. ХІХ ғасырдың екінші жартысы әдебиеттің алтын дәуірі ертегілердің де зерттелуін көзден таса қалдырған жоқ. Бірсыпыра жұмыстар осы кезеңде атқарылды. Ел аралап жинау, қағаз бетіне түсіру, аударма жасау, газет-журналдарда жариялау, жинақтарға енгізу, жеке кітап етіп бастыру секілді жұмыстар сол кеңес дәуірінде молынан істелді. Иә, Қазан төңкерісіне дейін де бірлі жарым зерттеулер болды. Бірақ ол кезде жеке-жеке тұлғалар ғана біржақты пікірмен, өзіндік көзқараспен жинақтау, аудар жұмыстарын жүргізді. Ал Кеңес үкіметі дәуірінде топтастырылған ғалымдар, зерттеу институттары белгілі бір мақсат қойып, арнайы бағыт алып көлемді зерттеулер жасады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекет тарапынан зерттеуді қаржыландырып отырды. Соның нәтижесінде том-том жинақтар басылып шықты. Л.В. Макеев атты Қазақстандық жазушы мен профессор В.М. Сидельниковтың бірлесіп еңбектенуімен қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып, бірнеше қайтара жеке жинақ болып жарық көрді [4, 3].
Негізінен қазақ ертегілерін зерттеудің фундаменті Қазан төңкерісіне дейін қаланған болатын. Өйткені сол кезеңде ғалымдар жеке-жеке ел аралап, жұрттан сұрап жүріп қағаз бетіне түсірді. Алайда ол жинаған материалдарды ғылыми тұрғыда зерттеп, талдау-талқылау жасалмады да тек газет-журналдарда жариялап, жинақ етіп бастырумен шектелді. Тек ғана Г.Н. Потанин, А. Васильев, Ә. Диваев, М. Мелиоранский сынды ғалымдар азды-көпті пікір білдіріп, ертегілерді қағаз бетіне түсіріп, жоғалудан сақтап қалу керектігін айтқан. Дегенмен бұл үлкен еңбек. Ел аузынан жинау арқылы бар нәрсені көзге көрінетін, қолға ұсталатын етті. Сол еңбектің ғылыми тұрғыда жанған сәті Кеңес дәуірінде болды.
Жоғарыдааты аталған ғалымдар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Орынборда, Омбыда, Қазанда, Уфа, Астрахан, Ташкентте жарық көрген газет-журнал, уәлаяттардан қалдырмай үнемі қазақ ертегілерін жариялап, елге таратып, оқу білетіндерге таныстырып отырды. Сонымен қатар тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тіліне де аударып бастырғандары бар. Кей кездері қазақша басылған толық нұсқаның қасына орысша қысқаша мазмұнын беріп отырған. Мысалға айтар болсақ, Дала уалаяты газетінде, Орынбор газетінде, Астрахань газетінде, Торғай облыстық ведомосында, Ақмола облыстық ведомосында, Орынбор губерниялық ведомосында бірнеше қайталанып, үзілместен жарияланып тұрған. Соның ішінде, әсіресе Орынбор, Омбы қалаларында шығатын баспасөз беттерінде көбірек жарияланды.
А. Байтұрсынұлының да Әдебиет танытқышын айтпай кетуге болмайды. А. Байтұрсынұлы сол еңбегінде ертегілерге біршама сипаттама беріп, өзіндік көзқарасы бойынша бөлінісін ұсынған [5].
Кейіннен мұндай тақырыпты әрі қарай ауқымды толықтырған М. Әуезов болды. Алғашында М. Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне басына назар аударып, тарихи дамуын саралап, зерттеп шықты. Өзінің Әдебиет тарихы атты еңбегінде ертегілердің әдебиет тарихында алатын орнын айшықтап айтты [6].
Арада біраз уақыт үзілістен соң М. Әуезов Ертегілер атты ғылыми еңбегін жазады. Бұл еңбегінде ғалым қазақ ертегілерін кеңінен зерттеп, жан-жақты пікірлерді саралап, тұжырым жасайды. Ғылыми сауатты қорытындыға келіп, ертегілерді түріне, оқиға желісіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырады [7, 4].
Бертін келе қазақ ертегілерінің мазмұндық ерекшеліктеріне тоқталып, ауқымды зерттеу еңбектерінде атап өткен ғалымдар болды. Олар Ә. Қоңыратбаев және М. Ғабдуллин. Екі ғалымда қазақ халық ауыз әдебиетін тереңінен зерттеп, өз бағаларын алған. Халық ауыз әдебиетін арнайы еңбектерінде пайдаланып, оның ішінде ертегілерге қатысты мәліметтерді топтастырып, бөлінісін, ішкі мазмұндарын ашып көрсеткен.
Тәуелсіздік алған жылдары қазақ ертегілері бірнеше том болып қайта-қайта жарық көрді. Бөлінісіне қарай да том-том болып шықты. Мысалы: Қазақ ертегілері 2002 ж., Ертегілер жинағы 2008 ж., Бабалар сөзі 2012 ж.
Ал қазіргі зор еңбекті С.А. Қасқабасов атқарып жүр деп айта аламыз. Академик С.А. Қасқабасов ертегілерге арнаған бірнеше ғылыми еңбектің авторы. Бабалар сөзі жинағының ертегілер бөлімінің басылып шығуына атсалысушы [8].
Ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, яғни, көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық ләззат беру. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функционалды қызметі кең, ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады.
Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. Сондықтан ертегілік функцияның ең басты мақсаты – сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта, керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін өмірде шын болған деп дәлелдеуге тырыспайды [9, 120]
Осы айтылған ойларымызды тұжырымдап өтсек. Қазақ ертегілері тамыры өте тереңде қалған көркем туынды. Қай ертегіні алып қарасақ та халықтың танымы, тұрмыс-тіршілігі, ой-арманымен астасып жатыр. Ертегіден тек қана қиялға толы өмірді ғана емес, шынайылық пен тарихты да көреміз. Сонымен қазақ ертегілерінің зерттелуі алдымен Қазан төңкерісіне дейін қағаз бетіне түсірілумен басталады. Оған А. Алектров, А. Васильев, Ә. Диваев т.б. ғалымдардың атын атаймыз. Бұл ғалымдар ел аралап жинады, ел аузынан қағазға түсірді, газет-журналға жариялады, жинақ етіп бастырды. Ал ғылыми тұрғыда зерттелу Кеңес дәуірі орнағаннан кейін басталды. Сол кезеңде қолға алынды. Алғашқы бастамасы газет-журналдар да ғылыми мақала болып, пікір, көзқарас ретінде басылды. Кейін келе-келе мектеп оқулықтарында бастырып, идеялық-көркемдік тұсын алып қарауға шақырды. Осылай жеңіл-желпі басталған зерттеулер, кейін үлкен тақырыптарға, зерттеу мәселелеріне айналды. Ғылыми еңбектер жазыла бастады. Бұл тұста қазақ ғалымдары да аянып қалған жоқ. Білек сыбана кірісіп, зерттеу еңбектерін жазды, жариялады. Қазақ фольклористерінің тиянақты зерттеулерінің арқасында М. Әуезовтің Ертегі, Әдебиет тарихы,
Ә. Қоңыратбаевтың Халық ауыз әдебиеті, М. Ғабдуллиннің Қазақ халық ауыз әдебиеті сияқты үлкен-үлкен еңбектер жазылды.
Қазақ ертегілерінің ғылыми негіздігі сондай ғалымдардың қызығушылығын ертеден тудырғаны рас. Оған дәлел ХІХ ғасырдың екінші жартысында хатқа түсіп, жариялана бастаған ертегілер. Қазақ ертегілерінің бүгінге дейін жетуге септігін тигізген біршама ғалымдарды атап айтуға болады. Олар: Пропп, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, А.Е. Алектров, А. Васильев, Н. Пантусов, Б. Дауылбаев, Т. Сейфуллин,
О. Әлжанов, Ж. Айманов, Б. Досымбеков, т.б.
Жалпы әлемдік ғылым жолында ертегілер қызықты тақырып болып саналады. Түркі әдебиетінде ерекше орын алатын халық ауыз әдебиеті тиісінше қазақ әдебиетінің де ірге тасы болып қаланған мұралар. Батыс-Еуропа, Шығыс әдебиетінде де ертегілердің алатын орны үлкен.
Ертегі қазақ халқының тек қана әдебиеті мен мәдениетінен ғана емес, өмірінен де ерте заманнан-ақ өз орнын ойып тұрып алып алған. Қазақ ғасырларға жалғасқан тарихында, өмір сүру шеңберінде өзінің классикалық ғылымын жасап кеткен халық.
Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігін тылсым табиғатпен ұштастыра білген. Соның нәтижесінде өзінің әдет-ғұрпын, салт-санасын қалыптастырған. Психология, педагогика, әдебиет, мәдениет, тарих, география, биология, анатомия тағы да басқа ғылымдар біздің ұлтымыздың өмір-тарихында ерте ғасырлардан бастап бар. Тек біз соларды бері қарай тартып, зерттеп, қазіргі ғылыммен ұштастыра алмай келеміз. Соның ішінде педагогика-психология қазақ баласын ерте жастан тәрбиелеуден көрінеді. Суырып салмалық қасиетпен дүниеге келетін ертегіге оқиғасы қызықты, күлкілі, шиеленіске толы болып та келеді. Қандай сюжеті болмасын үнемі адамның қатысуымен өтеді. Мейлі ол хайуанаттар жайындағы ертегі болса да аң-құстардың мінезделуінен, іс-әркетінен адамдардың бейнесін көреміз. Сондықтан ертегі өмірден алыс емес, тарихпен де, заманның даму сатысымен де тығыз байланысты.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілердің де өзіндік құрылымы және композициясы бар. Көркем ойы, идеясы, ерекшелігі бар. Сонымен қатар әдемі сюжеті, айтар ойының басталуы мен аяқталуы бар.
Ертегі ауызша тараған, қара сөзбен айтылатын көрем мәтін. Ертегінің көрігін қыздыруда ертекшінің рөлі үлкен. Тыңдарманға тәтті күйінде жетуі, әдемі естілуі, одан әрі қарай тыңдай беруге ынтықтыруы ертекшінің шеберлігіне байланысты.
Ертегі жанрының түп төркіні – алғашқы қауымда пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әртүрлі кәде ырымдар мен аңыздар. Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ бағзыларын азырақ пайдаланған. Солардың ішінде қайсыбір жанрлар өз бітімін жоғалтып мүлде ертегіге айналып кеткен.
Соның бірі – миф. Әрине, мифтің ертегіге айналу процесі жылдам болған жоқ, ол ұзақ әрі күрделі жол, бірнеше кезеңнен өткен [10, 32].
Бұл тарауда ертегілердің халықтық сипаты айқындалды. Әрине, ертегінің халықпен тығыз байланыста болуы оның халықтың сипатының арта түсуіне себепкер. Бұл жерде ертегінің лексикасының қандай деңгейде болуына ертекшінің ықпалы зор.
Ертегінің тілдік құрылысы, лексикалық сипаты – тым қарапайым. Ауыз екі сөйлеу стилінде айтылатын бұл жанрдың сөйленуі қарапайым халықтың қабылдауына еш қиын емес. Және ертек айтушыға да қатып қалған қағида мен жаттанды сөзді шұбырту міндетті емес. Осы себептерден ертегінің тілдік құрылысы да халықтық болып келеді. Ал лексикасында барлық элементтерді кездестіруге болады. Ертегінің лексикалық құрамы тұрақты емес, өйткені оған тағы ертек айтушы себепкер.
Ертегіде типтендіру деген түсінік болған емес. Кейіпкерлері өзіндік канонынан ауытқымай, бір типте суреттеле береді. Қай ертегіні алсаң да басында жақсы адам болып туылып, аяғына қарай жауыз, қанішерге айналып кеткені жоқ немес басында мыстан кемпір болып, аяғында көреген асыл әжеге айналмайды. Бастан-аяқ сол бір бейнемен қалады. Ертегінің халық есінде тез сақталуы да осыдан шығар. Ертегінің бір ерекшелігі де сол тек жақсы кейіпкерлер ғана жеңіске жетіп, солар ғана бақытты өмір сүруге лайықты деп танылады. М.Горький айтқандай, Ертегі еңбек процесінде жасалған, сол үшін ауыз әдебиетінде пессимизм болмайды [11, 27].
Демек, ертегілердің аяқталуы әр кейіпкерлің өз ісіне лайықты шешімін табады. Бұл – барлық ертегілерге тән қасиет.
Ертегілердің образдарын сипаттаудағы сөз қолданыстарына назар аударайық. Образдардың берілуінде анонимдік сарын белең алған. Ертегі кейіпкерлерінің санаулы ғана есімдерін білетініміз рас. Аязби, Алдар көсе, Жиренше деген есімдермен қатар бірнеше батырдың аттарын атауға болады. Олар Кендебай, Ертөстік, Желім батыр т.б. Ал көптеген кейіпкерлерді нақты атынсыз танимыз.
Баяғыда бай болыпты, оның сұлу қызы болыпты – нақты есімі аталмайды. Тазша бала, атымтай жомарт, шіңкілдек, шық бермес шығай бай, хан, ұры, кенже ұл осылай жалпылай атай береміз.
Анонимді болу – ертегілердің кейіпкерлеріндегі коллективизм сарынының басым түсуінен. Өйткені ертегі халықтың ой-арманынан туғандықтан, қиялындағы аңсарын көрсетуден туғандықтан ертегі кейіпкерлері халықтың өкілі. Ел арасындағы болған оқиғалармен сарындас келетініде содан [12, 147].
Қазақ ертегілерінің лексикасынан қазақ тілінің бар байлығын кездестіруге болады. Ертеден келе жатқан ертегілер өзімен бірге сол заманның сөздік қолданысын ала келген немесе осы заманның да жаңа атауын өзіне таңып алған. Бірде таза ауыз екі стильдегі диалогтар көрініс берсе, кейде сөз арасында неше түрлі шұбарлауда жоқ емес. Кірме сөздер де кездеседі. Әсіресе архаизм сөздер басым.
Архаизм дегеніміз – көнерген сөздер, яғни қазір қолданыстан шығып қалған сөздер. Бірақ әлі күнге елге түсініктілігін жоймаған. Біздің ойымызша ертегілерді архаизмсіз елестету мүмкін емес. Хан болмаса, уәзір болмаса, ханшайым болмаса ертегінің әдемі сюжеті әсерлі болмас еді. Ертегі халықтікі, сондықтан сөздік қоры да (лексика), сөйлем құрылысы да (синтаксис) – халықтық.
Ертегілерде араб-парсы тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Ал лексикалық қайталамалар тұрмыс-салт ертегілерінен көптеп кездесті. Мысалы, кітап, патша, қалам, хат деген араб сөздерін Тазша бала , Алдар көсе ертегілерінен жиі кездестірсек, шайыр, мирас, сəби деген парсы тілінен енген сөздер Хан қызы , Үш ауыз сөз ертегілерінен кездесті.
Қай тілді алып тарихына үңілсек ертегінің ойып тұрып орын алатынын көреміз. Өйткені ертегінің тілді сақтап қалудағы қызметі зор дүние. Тарихпен астасып жатқан бұл тамаша жанрдың өте ертеден бастау алғандығы белгілі болып отыр. Халықтың арман-мақстатын көрсететін, балаға тәрбие сіңіретін, қара сөзден құралса да бал татитын ертегінің тіл-әдебиеттегі үлесі үлкен. Жазу-сызу болмаған кезеңде ауызша шығарылып, бүгінге дейін ауызба-ауыз жетіп, қасиетін жоймаған, құндылығын түсірмеген ертегі – халықтың көркем туындысы.
Басқа да әдеби үлгілер секілді ертегі де адам өмірімен астасып жатыр. Еңбек ету, кәсіппен айналысып, шарушылық жасау, батырлық бейнелер, сұлу ханшайымдар, аң-құстардың бейнеленуі ертегіде молынан кезедесетін дүниелер. Бұл жөнінде Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер деген кітапта да ертегінің де халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен. Өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған, деп жазады [13, 150].
Осы ғалымдар, ізденушілер қазақ әдебиетті мен тіл біліміне үлкен жаңалық жасаушылар. Себебі əдеби жəдігерлерді бүгінге жеткізуге дəнекер бола отырып, қазақ тарихына, тіл-əдебиетіне керек мұраның сол күйі жетуіне себепші болды. Мұндай дарындарлың еңбегінің арқасында бізге мəтіндерді кедергісіз талдап, салыстырып, саралау әдістерін оңай жүргізуге мүмкіндік туып отыр.
Тұжырым: ертегі халық ауыз әдебиетіндегі ең көне жанрлардың бірі. Содан болса керек, ертегілердің зерттелімі де ертеден қызығушылыққа ие болды. Жоғарыда атап өтілген еңбектер, хатқа түсірген ғалымдар, олардың ертегілерді жариялауы бүгінгі ғылымның өрлеуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Қазір біршама жүйеленіп қалған ертегі жайындағы ой-пікірлер, дипломдық жұмыстағы бағытымызды айқындап берді. Қазақ ертегілері əдеби бағытта ғана емес, тілдік тұрғыда да зерттелуге сұранып тұрған көркем туындылар. Халық ауыз әдебиетінің озық үлгісі ертегілердің мəтінтүзімдік əлеуетін тану да бүгінгі күннің сұрақ белгісімен тұрған тіл білімінің мәселесі. Ертегілердің зерттелуі алдымен тек жинақталып, ел аузынан жазып алумен басталса, бүгін де ХІХ ғасыр ғылымының дамыған заманында ертегідерлің əр сын-сипты тақырыпқа сұранып тұр. Ол әдеби көркемдігі немесе тілдік құныдылығы болуы да мүмкін.
Қазақ ертегілерінің әдеби бағытта зерттеліп, хатқа түсуі тіл білімінің жаңа тақырыптарға ие болуына себепші болып отыр. Солардың бірі қайталамалар мәселесі. Қайталамалар алғашында ауыз екі сөйлеу стилінде пайда болған соң, оның ертегілердің мəтінтүзімдік процесіне тікелей атсалысуы заңдылық. Сол себепті, тақырыбымызды тереңдету мақсатында ертегілердегі қайталамаларды талдауды жұмыстың негізгі тірегі етіп алдық. Қандай да тұжырымымыз бен пікіріміз болса, мысалдар арқылы талдап, дәлелдеп отырамыз. Бұл жұмыстың ғылыми негізінің бір көрінісі болып қала бермек. Қазақ тілін зерттеушілер көбиген сайын, талқыланатын тақырып та ұлғая бермек. Ғылыми негізде пікір айту, жеңіл жұмыс болмағанымен ғылымға əркімнің-ақ бар таласы. Сондықтан да тек қазақ ғалымдарымен шектелми біраз шет елдік ғалымдардың да пікірін ой елегінен өткізіп шықтық.
Тек ғалымдардың бір жақты пікірілерімен ғана шекетеліп қалмай, ертегілердің мәтіндерін зерделеп, талдауда біраз мәселеге қанықтық. Қайталамалардың әр түрінің өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтар болсақ,
1) қайталамалар бір ғана сөзге тәуелді емес
2) қайталамалар тек қана сөз немесе тіркес, болмаса сөйлем барысында да көрінеді
3) қайталамалар мәтін күйінде де кездесіп, тұтас ойдың қайталануымен де көзге түсуі мүмкін
4) қайталамаларға қатысатын бірліктер мағыналы немесе мағынасыз бола алады
5) қайталамалардың қатып қалған қалпымен формуласын жасай алмаймыз, өйткені олар әр алуан жағдайда қайталана береді
6) қайталамалар авторлық туынды болған жағдайда белгілі бір стильдің ерекшелігінен хабар береді
7) қайталамалар шектеусіз көп болғанымен өзінің төрт түрінің аралығында қарастырылады
8) қайталамалар төрт түрге бөлінеді: фонетикалық, лексикалық, морфолоиялық, синтаксистік
Осы жоғарыда көрсетілген қайталамалардың сегіз ерекшелігі бойынша
алдағы тараулар мен тараушалар өрбиді.
Қазақ ерегілерінің көне нұсқасы болсын, берін келе жаңа сдер кіріккен нұсқасы болсын қайаталамаларға өте бай. Сондықтан да қайталамларды уақыттың қай ағымында болмасын кең тараған құбылыс деп есептейміз.
Жер бетіндегі барлық тілге тəн қайталама құбылысы зерттелу жағынан да, ғалымдар тарапынан бағалану жағынан да ерекше көзқарасқа ие. Ғылымның дамуының қай тұсында болмасын қайталамалар қызығушылықтан түспеген. Ғалымдардың пікірі мен тұжырымдары жайында Қайталамалардың зерттелуі мен түрлері тараушасында тарқатылып айтылады. Қайталамалардың қолданыстық және құрылымдық тілдік сипаты сол тараушаларда толығырақ тарқатылады.

1.2 ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қайталама құбылысының пайда болған дәуірі тым ертеде қалған. Ғалымдардың айтуынша, Антик дәуірде пайда болған қайталама құбылысы бүгінге дейін жетіп, көркемдегіш құралға айналған екен. Оған дәлел деп сонау ғасырлардан жоғалмай жеткен шешендік сөздер, жырауладың жыры, ақындардың арнаулары, дейді А. Байтұрсынұлы. Ал бүкіл әлем бірінші ұстаз деп танитын Аристотельде қайталама ұғымы жайында жазып, оған шешендік сөздерден мысал келтірген. Демек Аристотель жазып қалдырған болса, бұл құбылыс сонау заманғы еңбектерде де кездеседі екен. Қазақ тіл білімінде алғаш А.Байтұрсынұлы осы терминге анықтама берген десек, орыс ғалымдары өз іштерінде мұны ең алғаш Г.Н. Семенова деген ғалымдары зерттеді деп айтады.
Ғалым Г.Н Семенова Қайталамалар ескіден келе жатқан тарихи қос сөздер, оның қазіргі көрінісі редупликация құбылысының дамыған түрі деп тұжырым жасаған зерттеуін 1990 жылы жазған екен. Орыс ғалымдарының айтуынша, жалпы қайталама ұғымы өздерінде он сегізінші ғасырдан бастап зерттеле бастаған.
Батыс-Еуропа елдерінде қайталама құбылысын зерттеген, өз еңбектеріне кірістіріп анықтама берген Э. Спир, Ж. Вандариес, Л. Блумфильд сынды ғалымдарды атасақ, Үнді-Еуропалықтардан И.В. Арнольд, Ш. Балли, М. Штейнберг, М. Брандес деген ғалымдарды айта аламыз. Қытай-тибет тілдеріндегі қайталамаларды қарастырған ғалымдар да болды. Олар: Л.Н. Морева, И.И. Глебова, В. Москалева, А.Н. Ситникова.
Қайталамаларды зерттеуде түріктанушыларда біраз тер төккені рас. Өз заманында түріктанушы Н.А. Баскаков, Н.К. Дмитриев сынды ғалымдар қайталамаларға пікір білдірсе, қазақ ғалымдарының ішінде І. Кеңесбаев,
Ә. Қайдаров, С.Н. Мұратова т.б. бір топ ғалымдар түркітанудағы қайталамалардың зерттелуіне өз үлестерін қосты. Бұл ғалымдардың қатарына Б.О. Орузбаева, Е.И. Убрятова, Р.А. Аганин деген ғалымдарды да айта кету керек. Ә. Қайдаров Парные слова в современном уйгурском языке деген зерттеу еңбегінде түркі тілдеріндегі барлық қайталама қос сөздерді салыстырып зерттесе, І. Кеңесбаев О трансформированных повторах в казахском языке деген мақаласында, онда қайталама қос сөздердің фонетикалық, морфологиялық өзгерістерін қарастырды.
Қайталамаға берілген анықталамлар көп. Еселену, қайталау, көшірме, алғашқы ой – қайталану, қайталама, мультипликация, реприза, плеоназм… осындай анықтамасы қайталаманың ережесіне ұқсайтын, бірақ атауы басқа терминдерді тізе беруге болады.
Қайталамалар тілдік қабаттардың барлық деңгейінде кезедеседі. Бұл тілмен бірге жасап келе жатқан құбылыс. Қайталамаға теріс көз қараста қалмау керек.
Қайталама дегеніміз – ойдың таяздығы емес, тілдің көркемдегіші. Мысалы, геминация дегеніміз – еселену деген мағына береді. Одан гөрі қайталама ұғымына мультипликация жақын. Мультипликацияны қайталаманың екінші атауы десек те болады. Бірақ мультипликацияны қайталаманың грамматикалық қасиетіне қарай айтқан жөн. Сол сияқты реприза. Реприза дегеніміз де қайталаманың тағы бір аттасы. Бірақ бұл термин тіл біліміне басқа саладан енген. Өйтені бұл терминді музыканттар ертеден өздеріне иемденіп алған.
Реприза деген – музыкалық шығарманың белгілі бір бөлігін қайта орындау. Редупликация деп те жатамыз.
Редупликация – бізге қайталамалар жайында алғаш хабар берген еңбектерде кедесетін қайталамалардың алғашқы атауы. Дегенмен редупликацияны тікелей аудармасы еселену. Яғни, бар нәрсені қайта көшіру, көбейту. Бұл термин жай ғана қайталамаға емес, қайталама қос сөздерге дәл келетін сөз сияқты. Сол сияқты қайталамаларды еселену деп ескертіп жүргендерге де осы пікірді айтқым келеді.
Ертегілерде қайталама әдісі жиі қолданылады. Әрине бұл ұтымды қолданыс. Дегенмен бұл әдісті көркемдіктен алшақ дүние деп те бағалайтын ғалымдар бар. (Олар: А. Байтұрсынұлы, Н. Уəли) Жалпы тілдік қолданыс түрғысынан кез-келген қайталану үрдісі тілдік норманың бүзылуы деп танылуға тиіс.
Қайталану бар жерде ой тапшылығы, сөз артықшылығы бар деген түсінік туындайды. Сөз байлығына ден қоймаған адамның тілі жұтаң тартып тұратындығы бәрімізге белгілі. Актив сөзі тым аз болған сайын ондай адамның тілінде мақсатсыз қайталау да көп болады. Сөзді орынсыз қайталау да көп болады. Сөзді орынсыз қайталау тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына беру принцпі бұзылады. Өйткені айтылатын ойға әр сөздің қосар мағыналық, эмоциялық, эстетикалық т.б. информациясы болады. Ал бір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана беруінен текстің информациялық мазмұны кемиді деп санайды Н. Уәлиев [14, 45].
Қайталамалардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – оның стильдік қызмет ауқымының кеңдігі. Осы қызметтердің ішінде олардың мәтін қүрылымында атқаратын қызметін ерекше атауға болады. Осы кезге дейін лингвостилистикада қайталама бірліктер мен құрылымдардың мәтіндегі қызметіне жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді.
Мәтін қай жағынан қарасақ та, талдасақ та күрделі құбылыс. Мәтін мәселесі алға тартылғанда шығатын сұрақтар оның күрделілік қасиетімен тығыз байланысты. Ал күрделі деуіміздің бір дәлелі – мәтіннің бөлшектене алатындығында.
Мәтін бөлшектері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Ол байланыстың өзін семантикалық және архитектоникалық деп бөлуге болады. Осы екеуінің бірлігі мәтін композициясын құрайды. Мәтіннің бөліктерінің өзара байланысын ұйымдастыратын да – тілдік құралдар. Солардың негізгілерінің бірі қайталамалар болып табылады. Қайталамалардың осы күрделі қызметін мәтін төңірегі деп үғымдардан тыс қарастыру мүмкін емес. Кез келген мәтін өз ішінен жеке бөлшектерге ыдырайды. Ол бөлшектер мәтін стилистикасында арнаулы терминдермен таңбаланады. Олардың жиынтығы ғана мәтін үғымын бере алады. Қайталамалардың мәтін қүрылымындағы қызметін қарастыру барысында ол терминдердің қай-қайсысында пайдалануға тура келеді. Осы диплом жұмысында қайталамалардың мәтін құрылымын дамыту жұмыстарына стилистикалық талдау бердік. Мәтін бөліктерінің қайталама құрылымдармен байланысы, алдыңғысының мәтін бөлшектерін орланыстыру қызметі анықталады. Қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасына байланысты мәселелер енді-енді ғана күн тәртібіне қойылып, жаңа-жаңа зерттеу нысанына айнала бастады [15, 64].
Мәтін құрылымының өзіндік ерекшелігін М. Лотман былай бағалайды:
Барлық мәтіннің мәтін кеңістігінің конструктивтік құрылымындағы бағытын екі бірдей бағытпен байланыстыруға болады:
1) Бірінші қағида – эквиваленттілік қағидасы. Мәтіндегі барлық мәтін құраушы элементтер эквивалентті болып келеді. Өйткені бұл қайталама мен ритмнің басты қағидаларының бірі. Бұл қағида мәтіннің әдеби нормаға сай құрылуын қадағалайды.
2) Екінші қағида – бұл метафора қағидасы. Ол қарапайым тілде байланыспайтын сөздерді де байланыстырады. Демек, мəтіннің құрылымдық сипатын реттеуші рөл атқарады [16,103].
Демек, қайталама бірліктердің мәтін құрылымында келіп стильдік қызмет атқару мүмкіншілігін мәтіннің құрылымдық сипатымен біте қайнасқан ерекшелік деп түсінген дұрыс. Мәтін бар жерде, оның құрылымын жетілдіретін қайталамалардың қолданылып отырылуы табиғи құбылыс болып саналады. Мәтінге тән өзіндік көркемдегіш құралдар тобы бар. Олар мәтіннің композициялық жағынан бір бүтіндігін, оның архитектоникасы мен семантикасының байланысын қамтамасыз етеді. Оларға макромәтін, микромәтін, абзац, фразадан тыс бірлік, күрделі синтаксистік тұтастық, проалық строфа сияқты категориялар жатады. Бірақ оларға осы күнге дейін толық түсінік берілмей келеді. Сондықтан болса керек, қазақ тіл білімінде осы терминдердің қайсыбірі әлі күнге жарыспалы түрде қолданылып келеді. Зерттеу жұмысында біз осы үғымдарға түсінік бере отырып, оларды қайталама категориясына қатысын, қайталамалардың мәтін композияциясы мен архитектоникасындағы қызметін айқындауды жұмыстың мақсаты мен міндеттерінің бірі еттік. Кез келген макромәтін микромәтіндердің жиынтығынан қүралады. Олардың арасында тығыз қүрылымдық, семантикалық байланыс болады. Ол байланыс белгілі бір стилистикалық құралдар арқылы жүзеге асып отырады. Сондай құралдардың негізгілерінің бірі қайталамалар болып есептеледі.
Микромәтін (мәтіннің бөлшегі) – негізгі мәтіннің белгілі бір мазмұнды ойға немесе логикалық ойға құрылған бір бөлшегі. Бұған дәлел ғалымдарымыздың ой-пікірі: Микромәтін — мәтіннің белгілі бір мазмұнға, логикалық ойға құрылған шағын бөлшектері. Микромәтін өз ішінен одан әрі абзацтарға бөлшектене алады. Микромәтінде кейбір зерттеулерде күрделі синтаксистік тұтастық, абзац, фразадан тыс бірлік деп те атайды. Күрделі синтаксистік тұтастық пен микромәтінді бір үғым деңгейінде қарастыруға болмайды. Абзацтың микромәтінге қатысы да тең дәрежеде емес. Осының барлығы мәтіннің күрделі лингвистикалық нысан екендігін растайды [15, 61].
Мәтін – лингвистикалық зерттеудің бірегей, күрделі объектілерінің бірі. Таңқаларлығы, ғылым әлі де болса жалпыға ортақ, түсінікті тілде мәтінмен зерттеу жұмысын жасамады. Сондықтан мәтінді тек қана кітаби тілдің бөлігі, жалғасы, үзіндісі деп атап жүр. Мұндай терминді мақсатты түрде қолдануға болмайды, өйткені әлі күнге мәтін мен контекст ұғымының аражігі анықталмады, – деп сипаттайды бұл құбылысты Л.М. Лосьева [17,4б].
Қайталамалар көркем мәтінде бір ғана қызмет атқармайды, олардың көркем мәтіндегі қызметі сан алуан сипатта келеді. Көркем мәтіндегі қайталамалардың стильдік қызметі олардың мәтінде қолданылатын түрлерін, жанрлық сипатын, стильдік бояуын, мәтін қүрылымындағы рөлін және т.б. көптеген белгілерін анықтау нәтижесінде ғана айқындалады.
Демек, мәтін мен қайталама категориясы тыгыз байланыста келетін бірліктер болып саналады. Микромәтінге тән төмендегі ерекшеліктер қайталамалар арқылы айқындалады:
1) Микромәтіннің соңына қарағанда басы ерекше маркировкалы келеді. Бұл қызметті микромәтінде келетін анафоралық қайталамалар атқарады. Микромәтінде анафораның тек лексикалық түрі ғана емес, сонымен қатар анафоралы қайталама сойлемдер де өнімді қолданылады.
2) Анафора дегеніміз – сөйлемнің басында бірдей сөздің қайталанып келуі. Əсіресе поэзияда кең қолданыс алған құбылыс. Ал сөйлемнің соңындағы сөздің қайталануын эпифора деп атаймыз.
3) Бір макромәтіннің ішінде … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз