Қауынның емдік қасиеттері

0
Қауынды адамдар тамаша дәмі мен пайдалы диеталық қасиеттері үшін бағалайды. Хош иісті, тәтті қауынға қарағанда жақсы десерт табу қиын. Хош иісті, тәтті жемісінің құрамында крахмал, белоктар, дәрумендер, пектин, органикалық қышқылдар және минералды тұздар болады. Әсіресе, құрамында темір және калий тұздары көп. Сондықтан, қауынды анемия, жүрек-қан тамырлары ауруларында, бауыр мен бүйрек аурулары, сондай-ақ, подагра және ревматизм кезінде қолданылады.

Қауынмен емделу
Қауынның пайдалы және емдік қасиеттері жүйке жүйесін нығайту үшін кеңінен қолданылады. Қауынның құрамында “Бақыт гормоны” деп аталатын серотонин заттар бар. Егер сіздің көңіл-күйіңіз болмай, өзіңізді нашар сезінсеңіз, қауынның бірнеше бөліктерін жесеңіз көңіл-күйіңіз жақсарады. Қауында қант көп, оны қант диабетімен ауыратын адамдарға ұсынуға болмайды.
Қауынның қартаюға қарсы тамаша қасиеттері бар. Шығыста былай дейді: “Қауын ерінді балғын, көзді жас, шашты жылтыр етеді”. Кептірілген қауын – жеңсік тағам.
Әдетте, қауынды табиға күйінде шикідей жейді. Бірақ сонымен қатар, одан джем, компот, мармелад, қантталған жемістер әзірлейді.
Қауын қантқа өте бай (13%). С, РР дәрумендері, каротин, фолий қышқылы және темірге бай. Қауынның емдік қасиеттері зат алмасудың бұзылуы, атеросклероз, көтеу, қан аурулары, бүйрек және жүрек-қан тамырлар жүйесіне пайдалы болып табылады.
Бір сөзбен айтар болсақ, қауынның емдік қасиеттері өте көп. Дұрыс пайдаланған жағдайда, көптеген ауруларды емдеуге болады.