Қашықтықтан оқыту технологиясы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

8

9

Аңдатпа

10

Дипломдық жобаның тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан политехникалық
колледжінің қашықтықтан оқыту жүйесі (PHP+MySql)
Бүгінгі күнде студенттер өздеріне оқу формасының ынғайлығын,
тиімділігін таңдайды. Оның себебі: негізгі жұмысынан қол үзбей, үйде отырып
еш қиындықсыз оқуға, білім алуға мүмкіндік береді. Әр маманның білімін
үздіксіз жетілдіріп отыруын заманауи талапқа сай. Сондықтан олар
қашықтықтан оқыту технологиясын таңдап, өз білім деңгейін көтереді немесе
жаңа мамандық алады.
Жалпы дипломдық жоба барлық жағынан толық қамтылған және
қолданысқа енген.

Аннотация

Тема дипломной работы: Дистанционное обучение Южно-Казахстанского
политехнического колледжа (PHP+MySql)
На сегодняшний день студенты выбирают удобные и эффективные
формы обучения. Потому что дается возможность обучаться без никакого труда
не выходя из дома и не отрываясь от дел. Это система предназначена для того
чтобы без прерывно улучшать знания каждого специалиста. Поэтому студенты
выбирают наилучшие технологии дистанционного обучения и повышают
уровень своего знания или обучаются навыкам новых профессий.
Дипломный проект полностью и разносторонно расмотрен и уже
применяется в данном учебном заведении.

Annotation

Theme of this diploma project is: Distance Learning South Kazakhstan
Polytechnic College (PHP + MySQL)
To date, students choose a convenient and effective form of training. Because
given the opportunity to learn without any difficulty without leaving home and
without interrupting business. This system is designed to continuously improve
without knowledge of each specialist. Therefore, students choose the best distance
learning technologies and increase their level of knowledge or skills are taught new
skills.
Thesis project and versatile fully reviewed and is already used in this
institution.

11

Мазмұны

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 14
1 Қашықтықтан оқыту технологиясы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …16
1.1 Қашықтықтан оқытудың құрылымы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..19
1.2 Қашықтықтан оқыту үлгілері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..22
1.3 Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен тиімділігі … … … … … … … … … … … … … … ..24
2. Қашықтықтан оқыту жобасын жүзеге асыру үшін инструменталды құралды таңда … … … 27
2.1 Интернет туралы ұғым … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..27
2.1.1. Қазақстандағы интернет … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..2 9
2.2 Есептің алгоритмі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..30
2.3 PHP туралы ұғым … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..30
2.3.1 PHP+MySQL … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …31
2.3.2 РНР дің пайда болуы және даму тарихы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .32
2.3.3 РНР және АРАСНЕ локалді серверін орнату … … … … … … … … … … … … … … … … … … .34
2.4 HTML … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..3 5
2.5 CSS тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …36
2.6 JavaScrpit туралы мағлұмат … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .37
2.7 Деректор қоры … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 38
3 Қашықтықтан оқыту жүйесін жобалау және оны іске асыру … … … … … … … … … … … … … 41
3.1 Web сайт және Web қосымша құру кезеңдері … … … … … … … … … … … … … … . … … … … 41
3.2 Жобаның интерфейсі … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …42
3.2.1 Администратор беті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 43
3.2.2 Оқытушы беті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .47
3.2.3 Студенттің басты беті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 48
4 Тіршілік қауыпсіздігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …51
4.1 Программалық өнімді жасау кезінде зиянды, потенциалдық факторларды талдау … … … 51
4.2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..53
4.3 Табиғи жарықты есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..57
4.4 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … .60
5 Техникалық экономикалық негізделуі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..62
5.1 Жұмысты сипаттау және қажеттілігін негіздеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … .62
5.2 Нарықты саралау және орнын анықтау … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .62
5.3 Бағдарламаның SWOT-анализі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..62
5.4 Маркетинг-микс элементі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .63
5.5 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі … … … … … … … …64
5.6 Бағдарламаның бағасын есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 73
5.7 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі. … … … … … … … … … ..74
5.8 Ақшалай құралдардың қозғалысы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..75
5.9 Экономикалық тиімділікті есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .76
5.9.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) … … … … … … … … … … … 76
5.9.2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) … … … … … … … … … … … … … … … … … 76
5.9.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) … … … … … … … … … … … 76
12

5.9.4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) … … … … … … … … … … … … … … … ..77
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .79
Әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .81
Қосымша А … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …82

13

КІРІСПЕ

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі
кезеніңде өмір сүруде. Ақпараттандыру процесі басталған кезден бастап-ақ оны
қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Қазақстан Республикасында
білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын іске асыру
мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісіне
пайдалану және колледж оқытушылары мен студенттерінің ақпараттық
мәдениеті мен құзыреттілігі дамытылуда.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамып отырған дәуірінде оны
өміріміздің барлық салаларында қолдануда. Қолдана отырып қарқынды
жетістікке жетуде. Сонын ішінде ақпарат алмасудың тездігін, ынғайлығын баса
айтуға болады. Міне, осы үрдістерді қоғамда әртүрлі салаларда пайдаланамыз.
Соның ішінде білім беру саласы ақпараттық технологиясыны тиімді
пайдалануда. Атап айтсақ білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны

оқыту технологиясын
жетілдіру үшін
қолданады.
Яғни, ақпараттық

технологияны қашықтықтан білім беру үшін пайдаланудың тиімді жолдары
қарастырылуда және пайдаланылуда.

Қашықтан білім беру

жаңа ақпараттық технологиялар мен

мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және
сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Соған

орай, қашықтан оқыту

компьютерлік және телекоммуникациялық

технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру
үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі
және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Ал,
қашықтан оқыту технологиясы — оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен
оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған
материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып
үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық
технология.

Тақырыптың өзектілігі:
Бүгінгі күнде студенттер өздеріне оқу

формасының ынғайлығын, тиімділігін таңдайды. Оның себебі: негізгі
жұмысынан қол үзбей, үйде отырып еш қиындықсыз оқуға, білім алуға
мүмкіндік береді. Әр маманның білімін үздіксіз жетілдіріп отыруын заман
талап етеді. Сондықтан олар қашықтықтан оқыту технологиясын таңдап, өз
білім деңгейін көтереді немесе жаңа мамандық алады.
Қашықтан оқытудың жүйесінің жетістігі:
* жеке адамның үздіксіз оқуына, танымына әлеуметтену мүмкіндігі;

*
икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
14

*
*
*

жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
оқу ақпаратына қол жеткізу , оны жедел жаңарту;
экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың

шығынын қысқарту есебінен);
* жаңа технологияларды қолдану;

*
оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың

тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
* барлық елдегі ақпараттық — оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;

*
материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату

ыңғайлылығы;
* оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

15

1 Қашықтықтан оқыту технологиясы

Қашықтан оқыту — бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп
айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол
білім алушы мен білім берушінің өзара қарым-қатынынасының өзгеше
формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше
түрін ұсынады. Сонымен қатар, оның құрамы кез-келген оқыту формасында,
кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде,
әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай
қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден,
ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы
технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға,
баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған
компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды ажырата білу керек. Олардың басты
айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік
оқыту трлері қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы
деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де,
процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине,
оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан
оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады.
Бірақ, материалды беру түрі: білім беруші (оқытушы) — білім алушының

(оқушы)
өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың

дидактикалық принциптері де күндізгі оқу түрінен айырмашылығы жоқ. Бірақ,
Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне
байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асырудың ерекшелігі болады. Білім

алушының білім алу
әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, дұрыс

ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, білім

алушы
мен
білім беруші тұлғалардың
арасындағы интерактивтілікті

қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, білім алушы мен
оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға

жағдай жасайды.
Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің

міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу
құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың
педагогикалық технологиясын жасау.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:
* білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар
мен студенттердің білім деңгейін көтеру;

16

*
*
*
*
*

кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;
білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру;
қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу;
қашықтықтан оқыту әдістемесін ұйымдастыру;
қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық ресурстарды

ұйымдастыру;
* білім алушылардың үлгірімін дайындауды ұйымдастыру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

*
*

қашықтықтан оқыту жүйесінің ғылыми-теориялық негізін анықтау;
қазіргі заманғы желілік жүйенің (интернет) ерекшеліктерін көрсетіп,

іске асу жолдарын белгілеу;
* қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын жасау.
Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен артықшылығы
Қашықтықтан оқытудың тиімділіг (шетел тәжірибесіне сүйенсек) —
студенттің университетке бармай — ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген
тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу
ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде
жүріп — ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар, қашықтықтан
оқыту ыңғайлы уақытта үйде немесе офисте курс материалдарын игеру үшін,
уақытты ұтымды пайдалану үшін қажет: жас ерекшеліктеріне жеке шектеулер
жоқ, тұрғылықты жеріңізге байланысты емес, қабілеттілігіңізге және жеке
ерекшелігіңізге байланысты оқу қарқынын белгілеу де тиімді болып саналады .
Соңғы жылдары қашықтықтан оқытудың шетелдік және отандық
тәжірибесі көрсеткендей бүгін де аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа
жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр. Қашықтықтан
оқытуда білім беру іс — әрекетінің тиімділігі педагогикалық, экономикалық ,
әлеуметтік аспектілеріне барлығына ие екеніне өмірдің өзі дәлел болып отыр .
Ал ақпараттық коммуникациялық технологияның ішінде ақпаратпен ашық
жұмыс жасау үшін, қашықтықтан оқыту жүйесіне ыңғайлы қол жеткізу үшін
желілік болып табылатын Интернет — технология молынан пайдаланылып жүр .
Ақпараттық коммуникациялық технология құралдардың бірінде қашықтықтан
оқыту бойынша тиімді кері байланысты интерактивті ұйымдастыру болып
табылады.
Қашықтықтан оқыту — оқытушының студентпен (жалпы білім алушы
тұлға) оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ереже
бойынша компьютерлік техника).
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
* кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
* кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;

17

*

оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен
оқытушылар арасындағы белсенді диалог құруға;
* оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

*
білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық

және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға
мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану, білім беру үрдісінің
негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алуына және
бақыланатын өзіндік жұмыс жасауына мүмуіндік береді. Қашықтықтан
оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше
ыңғайлы және тиімді болуына мақстатты түрде көзделген.
Жалпы қашықтықтан оқыту үрдісін көпшіліктің түсінігі бойынша
виртуалдық оқу аудиториясына қатысып, мультимедиалық құралдарды ұтымды
пайдалану арқылы білім алу болып табылады. Алайда, ақылы интернеттік
қызмет мұндай мүмкіндікті бізге бере бермейді. Соған орай, қашықтықтан
оқыту үрдісін жүргізу үшін жинақталған түрде белгілі бір тәртіпте құрылған
әдістемелік кешенді оқу бағдарламасын құруы қажет. Әлем бойынша
қашықтықтан оқыту жүйесін орта мектептер оқушылары, студенттер, түрлі
деңгей басқарушы тұлғалар, аймақтық басқару органдарының жетекшілері,
жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар, екінші білім алуға немесе

біліктілігін жетілдіргісі келетін
тұлғалар, қандай да бір білім саласындағы

біліктілігін арттырғысы келетін мемлекеттік қызметкерлер,
сонымен қатар,

қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б. пайдаланады. Соған
орай, қашықтықтан оқытуды дамыту үшін қашықтықтан оқыту үрдісін
жүргізуші тұлғалардың білімін жетілдру, оқытушылардың біліктілігін көтеру,
қашықтықтан оқытудың ақпараттық кеңістігін құру, оқу үрдісіне қашықтықтан
оқыту технологияларын интеграциялау, қашықтықтан оқыту курстарын
ұйымдастырып өткізу, қажетті оқыту стандарттарын жасау мәселелері шешілуі
тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана
емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла
бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа
білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды
білім жүйесінде қолданудың ең негізгі факторы негізгі қозғаушы күші — адам,
сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған
байланысты адамның шығармашылық потенциялын дамыту үшін қажетті

жағдай жасалуы қажет.
«Білім саласындағы жаңа коммуникациялық

технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық
жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.
Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта
дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда.

18

Инновация — бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі
педгогиканың негізгі тенденцисы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық
процеске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл
ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат
жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіппен
ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар болып
табылады. Сауатты өмір — дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты
оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа
технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім
ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді
қолдануға негіз болады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету
жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып
жатыр. Осы технологияны пайдалану, әсіресе, ауылдық жерлерді де жылдам
ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа
әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.Соған орай, білім берудің
біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің (білім алушы
тұлғалардың) білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар, әлемдік ақпарат
кеңістігіне жол ашып, студенттердің, оқушылардың ғылыми және
шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз
игілігімізге жарату болып табылады.

1.1 Қашықтықтан оқытудың құрылымы

Қазіргі кезде мамандар қашықтықтан оқыту формасын XI ғасырдың білім
беру жүйесі деп атап жүр. Мұндай үрдіске үлкен мән беріліп отыр.
Технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижесі, ақпараттық

аймақта орталықтандырылып жатқаны,
қашықтықтан оқытудың

маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі
мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық үрдіс деп сипаттауға болады.
Біз жаңа ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл — алдыңғы қатарлы
елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер ғана емес,
ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді деп саналатын елдер
екені белгілі. Қазіргі кезде ең бағалы тауар — ақпарат болып саналады.
Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы
қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса, сол ел
алдыңғы қатарлы болып ел болып саналады. Елдің болашағы, келешек жастар
осы мүмкіндікті қалай пайдаланады, қоғамды ақпаттандыруды қалай жүзеге
асырады деген сұрақ туындайды. Оның жолдарының бірі білім алуды
ақпараттандыру болып саналады.
Білім алуды ақпараттандырудың бір әдісі — қашықтықтан оқыту.
Қашықтықтан оқыту — жаңа оқыту формасы. Виртуалдық оқу аудиториясында
отырып білім алу. Мультимедиалық құралдарды ұтымды пайдалану. Оқытушы

19

мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру. Ол үшін дәстүрлі және
жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытудың
кіріктірілген нысанын жасау. Ал, қашықтықтан оқыту — ол оқу процессі кезінде
осы замандық компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға
арналып жасалған дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін қолданып
оқыту болмақ. Бұл үрдіс — сырттай және күндізгі білім алу формасаның негізгісі
болып саналады.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы, әрі мақсаты — білім
берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін
көтеру. Сонымен қатар, әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашу. Оқушылардың
ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындау
болмақ.
Қашықтықтан оқыту формасы уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз
болуы керек. Әсіресе, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін
және өзара ақпарат алмасуын қалыптастырып, жүзеге асыруы қажет. Ал,қазіргі
таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру
технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-
экономикалық таңдауына сәйкес қолданылып келеді. Сондықтан, өмірдің өзі
талап етіп отырған технологияның бірі — қашықтықтан оқыту технологиясы.

Соңғы жылдары
телекоммуникациялық технологияның және

гипермедияның қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінде
компьютерді қолданудың тиімділігі артып келеді. Бүкіл әлемді қамтитын
Интернет желілік байланысы қашықтықтан білім беру жүйесінің пайда
болуына негіз болды. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру

үрдесін
жетілдіруді талап етті.
Болашақ түлектердің кәсіби

шығармашылығында нақты тапсырмаларды шешу барысында ақпараттық
технологияларды пайдалану дағдыларын бекіту және білім беру қызметінде
қашықтықтан оқыту арқылы олардың қолдану біліктілігін көтеру. Сырттай
және экстернат формасында оқитын студенттердің талаптарын
қанағаттандырып, оларға жұмыс істейтін орнынан алыстамай, өздеріне
ыңғайлы уақытта білім алуды ұйымдастырады. Одан басқа, қашықтықтан
оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен
әскерилерге, жұмыссыздарға т.б) қарамастан және еліміз бен шетелдің кез-
келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын
қамтамасыз етеді.
Танымдық белсенділігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту әдісін
пайдалану, студенттердің қызығушылықтарын арттыралы. Осы процес арқылы
студенттердің контингентін сақтауға мүмкіндік береді. Студенттерді оқыту
сапасы мен үлгерімін арттырады. Оқу процесін дәстүрлі ұйымдастыру формасы
мен байланысты студенттердің кәсіби білім алуындағы кемшіліктері
жойылады.

20

Соған орай, қашықтықтан оқыту (ҚО) жүйесінің құрылымына

келесі

элементтер енеді:

ҚО мақсаты маманның үлгісімен жасалған және мемлекеттік тапсырысқа
сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін үйренушілердің оқып меңгеруі.
ҚО мазмұны әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі болып
табылады. ҚО үрдістері, әдістері, ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы
оның мазмұнымен анықталады.
ҚО объектісі дегеніміз олар қашықтықтан оқытудың білім беру қызметін
пайдаланушылар, яғни жеке тұлғалар, студенттер, тыңдаушылар, оқушылар
және т.б. Олар берілетін білімді қабылдап алушы (объектісі) болып табылады.
Мұндай ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрін пайдаланатын
студенттерден өзгешелігі өздігінен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей
алатын, білімге деген құштарлық арқылы алдына қойған мақсатына жете
алатын, компьютермен жұмыс істейтін, телекоммуникациялық байланыс
құралдарын шебер меңгерген дағдысы болуы қажет.
ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы алдымен ҚО
білім беру үрдісінің жоғары қолжетімдігін, тиімділігін қамтамасыз ететін ең
басты жауапты тұлға. ҚО оқытушысының іс-әрекетіне тән бірқатар міндеттер
тьютор терминін енгізу қажеттілігі туындайды. Ол дегеніміз, кеңес беруші-
оқытушы. Кеңес беруші-оқытушы информатика және телекоммуникация
жүйесінің басты негізін білуге міндетті. Оның білімділігі алдыңғы озық сипатта
болуы қажет.
ҚО әдістеріне алдымен қашықтықтан оқытудың түрілері жатады. Ол,

алдымен,
*
*
*
*
*

ақпараттық — ереже жиынтығы;
репродуктивті, яғни дауыс күшейткішін реттеу;
мәселені мазмұндау мүмкіндігінің қолжетімдігі;
теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы;
зерттеуші 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістері (мұндай әдістер

оқытушы мен білім алушы тұлғалардың өзара білім беру және білім алу
іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды);
ҚО құралдарына қашықтықтан оқытудың білім беру үрдісінде оқыту
формасының дәстүрлі түрі қалай қолданылса, дәстүрлі емес білім беру

формасындағы (қо) түрі де
компьютерлік техниканы және

телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы
соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдарын да
солай пайдаланады.
ҚО ғылыми — білім материалдық базасына келесі құралдар жатады. Олар
оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық
құралдар жиынтығы.Мәселен:
* оқу және оқу — көмекші бөлмелері;

21

*
*
*
*

зертханалық қондырғылар;
техникалық оқыту құралдары;
оқулықтар;
оқу құралдары және басқа да оқу — әдістемелік материалдардан

тұрады.
ҚО-дың идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. Олар ҚО кіретін
бақылаудың ерекшелігі білім алушы тұлғаның қабылдаған білімін, кәсіптік
сапаларын, қабілеттерінің даму деңгейін бағалау болып табылады. Сонымен
қатар, ҚО-дың идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі білім алушылардың
өзіне тиімді құралдары мен оқыту әдістерін таңдауға мүмкіндік жасауына әсер
етуі қажет.

1.2 Қашықтықтан оқыту үлгілері

Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының
барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың
ерекшеліктері білім беру техникасы, модельдері, мазмұны мен деңгейі, білім
алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі
бойынша ерекшеленеді.
Қашықтықтан оқыту үлгілері, алдымен, білім беруші орындарының
қызметкерлері білім алушы тұлғалардың білімін арттыру үшін бір-бірімен
тығыз байланысты төменде көрсетілген еңөажетті мәселелерді қамтуға
міндетті. Олар:

*
қашықтықтықтан оқыту курстары түріндегі әлектрондық кітапханаға

қажетті материалдар базасын жасау және жинақтау;
* білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды дайындау

(қашықтықтықтық курстар, әлектрондық кітапханалар);
* оқу процесін ұйымдастыру;
* білім ақпаратын білім алушыға жеткізу,

сонымен қатар,

тыңдаушының оқу курсы бойынша меңгеретін білім тексеруін қамтамасыз
ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, әдістер және ұйымдастыру
шаралар кешенін әзірлеу.
Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында қашықтан оқытудың өздеріне
тиімді оқыту үлгілері қарастырылған. Мәселен:
бірінші модель — экстарнат түрінде оқыту. Қандайда бір себеппен күндізгі
оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің
орта білім студенттеріне талабына ыңғайластырылған оқыту.
екінші модель — бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде
оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналсқан, сырттай (ашық форма) немесе
қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық
технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай
бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.
22

үшінші модель — бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне
негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез-келеген
аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың
бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың
бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын
арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты —
достас елдердің кез-келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай
ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім
алуына мүмкіндік беру.
төртінші модель — студеттер мен оқышулар әр бағытта білім алатын, ашық
немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар
мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс
істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме
Лондондағы Ашық университет болып табылады. Оның базасы негізінде соңғы
жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген
студенттері қашықтықтан оқытылып жатыр.
бесінші модель — тәуелсіз оқыту жүйесімен оқыту. Бұған ұқсас жүйелерде
оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе радиобағдарлама, сонымен
қатар баспа құралдары арқылы жүргізіледі.
Ал, педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан.
Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық
жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.
ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен
бетпе — бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары
да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді

және т.б. қолданады.
Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін,

мультимедиа және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде
береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға
болады.
ҚО семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО
семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар
пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және
бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады.
Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік
дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс — әрекет ету
саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға
жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып
табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге
телеконференциялар қолданылады.
ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін
беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап

23

етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше
дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО
жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар,

имитациялық үлгілеулер және т.б.
қолдану есебінен зертханалық

практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады.
Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде
мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
ҚО бақылау — бұл білім алушының оқу материалын теориялық және
практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік
бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген
сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы
ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.

1.3 Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен тиімділігі

Қашықтықтан оқыту — оқытушының студентпен (жалпы білім алушы
тұлға) оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ереже
бойынша компьютерлік техника).
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
* кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

*
*
кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен
оқытушылар арасындағы белсенді диалог құруға;
* оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

*
білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық

және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға
мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану, білім беру үрдісінің
негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алуына және
бақыланатын өзіндік жұмыс жасауына мүмуіндік береді. Қашықтықтан
оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше
ыңғайлы және тиімді болуына мақстатты түрде көзделген.
Жалпы қашықтықтан оқыту үрдісін көпшіліктің түсінігі бойынша
виртуалдық оқу аудиториясына қатысып, мультимедиалық құралдарды ұтымды
пайдалану арқылы білім алу болып табылады. Алайда, ақылы интернеттік
қызмет мұндай мүмкіндікті бізге бере бермейді. Соған орай, қашықтықтан
оқыту үрдісін жүргізу үшін жинақталған түрде белгілі бір тәртіпте құрылған
әдістемелік кешенді оқу бағдарламасын құруы қажет.
Әлем бойынша қашықтықтан оқыту жүйесін орта оқу орындарының
оқушылары, студенттер, түрлі деңгей басқарушы тұлғалар, аймақтық басқару

24

органдарының жетекшілері, жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар,
екінші білім алуға немесе біліктілігін жетілдіргісі келетін тұлғалар, қандай да

бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін
мемлекеттік

қызметкерлер,
сонымен қатар,
қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар,

мүгедектер және т.б. пайдаланады. Соған орай, қашықтықтан оқытуды дамыту
үшін қашықтықтан оқыту үрдісін жүргізуші тұлғалардың білімін жетілдру,
оқытушылардың біліктілігін көтеру, қашықтықтан оқытудың ақпараттық

кеңістігін
құру, оқу үрдісіне қашықтықтан оқыту технологияларын

интеграциялау, қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастырып өткізу, қажетті
оқыту стандарттарын жасау мәселелері шешілуі тиіс. Қашықтықтан оқытудың
жергілікті жүйесі белгілі бір білім орындарында, жекелеген қала (университет)
шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана
емес, мектептер, колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс
жасаудың алғашқы сатысында зиялылық (интелектуалды) потенциялын,
компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру
принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет болады. Осыған орай, мектептер мен
орташа және жоғарғы оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні
пайдаланып, білім алушыларға шығармашылық жұмыстарды өздігінен атқаруға
үйретеді. Бірыңғай ақпаратты білім беру кеңістігінде қашықтықтан оқытуды
ұйымдастырудың териялық аспектілерін жасап, практикалық тұрғыдан
пайдалану қашықтықтан білім беру оқу іс — әрекетін жетілдіреді.
Сонымен қатар, қашықтықтан білім беру оқу іс-әрекетін жетілдіруге ғана
емес, сонымен қатар осы оқу іс-әрекетін меңгеруге бағытталған ғылыми білім

бағыты болып табылады.
Қашықтықтан білім беру негізінде білім

алушылардың өзіндік жұмысын бақылау, арнайы оқу материалдарын
пайдалану, дәстүрлі технология элементтерін қолдану, сонымен қатар жаңа
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдалану ұғымдары да
жатады. Мұндай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда
оқытушының атқарар рөлі өте үлкен. Оқытушыға әрі ауыр, әрі жауапты міндет

жүктеледі.
Ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны

қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің
барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-
пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Қашықтықтан
оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа
технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп,
олармен іс жүргізу ісін орындауға міндетті болып саналады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті
білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару
болып табылады. Әсіресе, оқу үрдісіндегі туындайтын түсініксіз немесе қиын
мәселелерді қарастыру, мақсат пен міндеттерді қою, білім, беру, ұйымдастыру
қызметі, білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру, оқу
процесін бақылау үрдістері оқытушының міндетінде болады.

25

Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін
қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді жағдайда өз бетінше жұмыс
жасайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен
әдістемесін, білімді өз бетімен толықтыру негіздерін жоғарғы деңгейде
меңгеруі қажет. Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесі білім алушы мен
педагогикалық қызметкердің толықтай қашықтықта немесе толықтай емес
қашықтық негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытушы ролі
толығымен өзгереді. Олар:оқу — әдістемелік құралдар жасау, электронды оқыту
құралдарын дайындау, қашықтықтан оқыту курстарын дайындау, қашықтықтан
оқытуда студенттермен сабақ жүргізу, студенттерге кеңес беру тәрізді ең
маңызды іс — әрекеттерді іске асыруға тиісті.
Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар,
шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды
меңгеру үшін де өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі — оқытушының
өзінің қатысуынсыз білім алушылардың назарын өзінен тыс қалдырмау
қабілеттілігіне де байланысты болады. Қашықтықтан оқыту курсында жаңа
тақырып бойынша берілетін материалдар электронды немесе электронды
оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты мұндай формада баяндау кезінде
сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай
баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша
жүргізіледі.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана
білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне,
клиент-сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге,
электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту
жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту
тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай
жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

26

2. Қашықтықтан оқыту жобасын жүзеге асыру үшін инструменталды
құралды таңда

2.1 Интернет туралы ұғым

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интeрнет қазір жер
шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан aдамдарды, елдер мен
құрылқтарды біріктіріп oтыр.Интернет 1960 жылдары АҚШ — та дүниеге келдi.
Оны соғыс бoла қалған жағдайда бір -бірімен телефон арналары арқылы
қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ — ның орталық
бaрлау басқaрмaсының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың
аяғында Пентaгон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеyі
үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA
net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зеpттеу
орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт
мақсатқa қызмет еттi, оны нeгізінeн ғалымдар мен мaмандар
пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернeт деген термин пайда
болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. 1990- шы жылдары
Интернетке eнушілеp саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер
қоcылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi
шексiз. Тaлғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп
нәрсе табуға болады. Yйдeн шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз
келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты
қолдансаңыз жетедi. Гипeрсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды
санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планeтамыздың кез келген
нүктесiндегi ауa райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз
келсе Интернет жapдем берyге aзiр. Алыс елдерге cапaр шексеңiз сiзге қажeт
елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен
де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi — бәрi қажет ақпаpат таба алады.
Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құрaлына айналып келедi.
Интеpнеттің негізі АҚШ — да жасалғанымен, оның нaқты қожайыны жоқ. Әрбір
үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің
тек қанa өз бөлігіне иелік жасайды. Алайда, Интернетке жеке дaра ешкім де
қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік
қазынасы болып табылады. INTERNET — ті пайдаланудың нақты себептері өте
көп. Мысалы, сіздіц Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол ж ердегі
аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса,
«scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған
біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу
сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз

27

келеді). Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме,
жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат
ойнауға қандайсыз? Периодты әдебист жөніндсгі анықтамалықты карап, Ресей
журналдары оқуынызға болады. INTERNET — тің бар мүмкіндігін, онда жиналған
мәліметтерді дс түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе -күн оған жаңа
мәліметтер келіп түсіп жатады. INTERNET — пен байланысқан провайдер
компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET — ке қосып
бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
* косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
* тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

*
почталық байланыстар.

Жалпы интернет — ол бүкіл әлемдік сервер. Интернетке қосылу мүмкіндігі
болған кезде, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық
кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат
алуға болады. Осы қазіргі замандағы кеңінен тараған Интернет қызметтері:
* бүкіләлемдік тор;
* веб-форумдар;

*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
вики-проекттер;
интернет-дүкен;
электронды почта;
жаңалықтар топтамасы;
файл — алмасу желілері;
интернет-радио;
интернет-теледидар;
IP — телефония;
мессенджерлер;
FTP — серверлер;
IRC( яғни әр түрлі веб — чаттар);
іздеу жүйелері;
интернет — жарнама;
өшірілген терминал;
төлеу жүйелері.

І nternet — кез — келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс
станциясымен , яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам

байланыстыратан
дүниежүзілік
жүйе.
Интернеттiң мүмкiндiгi

шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын үйден
шықпай көп нәрсе табуға болады. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны,
құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше
жіберуге болады; Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем
жаңалықтарымен танысып отыруға;

28

*
*
*
*
*

Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
Қаржылық операциялар жасауға;
Ma і l.Ru Агент, Facebook , Skype т.б. арқылы реалды уақытта тіл

қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп -біле
бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін . Шет елдерге сапар
шексең i з с i зге қажет елмен , қаламен , қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен
ғалым да , бизнесмен де , компьютерлi к ойын әуесқойы да , бәр i- бәрi қажет
ақпарат таба алады .

2.1.1. Қазақстандағы интернет

Біздің Қазақстанда 1998 жылы наурыз айының басында Республика
телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен телекомуникация
ассоцияциясы деген жаңа ұйым пайда болды. Яғни олар коммерциялық емес
құрылымның шығу мақсаты — кәсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер
телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны пайдалану және
байланыс қызметін ұсынады.Олардың жұмысы: отандық және шетелдік
операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек
көрсету көзделген. Осыған орай — тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы
қызметті де қамтиды. 3G қызметі қазіргі уақытта мультимедиялық қызметпен
қоса ақпарат жіберу жылдамдығы 14 мбитсек дейін қызмет жасайды. Бұл
қазіргі уақыттағы абоненттердің сұранымына мейлінше сай келеді.Бірақ
телекоммуникациядағы жүйе арқылы ақпарат жіберу күннен күнге

өсуде.Сондықтан абоненттердің
сұранымдарын қанағаттандыру үшін

телекоммуникация арқылы ақпарат жіберу жылдамдығын жоғарлату
мақсатында,жаңа стандартты 4G ойлап тапты. 3G ұйымдастырушылары 2004
жылдан бастап бірінші стандартты 4G қызметімен жұмыс жасай бастады.
Қазақстан Интернеттегі бостандық бойынша жартылай еркін ел деп
танылды.Бұл туралы дүйсенбі күні Фридом хаус құқыққорғау ұйымы
жариялаған 2012 жылғы Интернеттің бостандығы туралы баяндамада айтылды.
Бұл баяндамада барлық елдер Интернеттегі бостандық бойынша үш топқа
топтастырылған — еркін, жартылай еркін және еркін. Еркін елдердің тізіміне 30
мемлекет кірді. Онда Эстония көш бастап тұр. Бұрынғы КСРО елдерінің
арасында оған Украина және Грузия енген. Жартылай еркін мемлекеттердің
тізіміне 26 республика енді. Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде оған Ресей,
Әзірбайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірді. Интернетте еркіндігі жоқ деп 26
мемлекет танылды. Онда бұрынғы КСРО елдерінің арасында Қырғызстан
байқалды. «Фридом хаус» — тың пайымынша, Интернетте еркіндікті қамтамасыз
ету бағытында ең мүшкіл жағдай Қытайда, Куба мен Иранда қалыптасып отыр.

29

8-19 мамыр күндері Алматыда үшінші аймақтық … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz