Қарағандылық археологтардың олжасы АҚШ пен Жапонияда зерттелуде |

0


Оқылды:
6

Қарағандыда Ұлытау ауданындағы Болған ана мазарында жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде табылған артефактілер таныстырылды. Мамандардың ұсынысы бойынша, бірегей жәдігерлер ХІІІ ғасырдағы Алтын орда дәуіріне жатуы мүмкін. Материалдар АҚШ және Жапонияның ғылыми орталықтарына зертханалық сараптамаға жіберілген. Олардың нәтижелері бойынша нақты тарихи кезеңі анықталады. 


— Қазба жұмыстары қазанда жүргізілді. Жерлеу Болған ана мазарының орталық бөлігінде болған. 2 метр 35 сантиметр тереңдікте әйел адамның сүйектері табылған. Тас табыт, өкінішке орай, уақыт өте келе қирап қалған. Оны қазу барысында сары металлдан, шамамен алтыннан жасалған тостаған, әшекейлер – сырға мен шашқа арналған түйреуіш табылған. Сондай-ақ тозған мата бөлшектері – мүмкін, алтын жіптері бар жібек және былғары етік табылды, — дейді археолог, «Халык казынасы» ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Айбар Қасеналин. 
Мамандар тостағанның түбіндегі ерекше обған аназар аударған – нақыштама қызғалдақ пішінінде жасалған. Негізгі нұсқа бойынша, қабірде асыл тұқымды әулеттен шыққан әйел жерленген, ал табылған артефакттер мен бұйымдардың түрлері исламға дейінгі кезеңге меңзейді. 
Сүйектердің үлгілерін қазір Флорида штатында (АҚШ) және Жапонияның Ұлттық орталығының зертханасында зерттеліп жатыр. Сараптама нәтижесі жылдың соңына қарай дайын боалды. 
— Жоба мақсаты – ортағасырлық мазарды антропологиялық тұрғыдан зерттеп, жерлеу қай кезеңде жасалғаны және жерленген әйелдің дәрежесі қандай екенін дәлелдеу болып табылады. Біз бас сүйегі бойынша беттің пішінін қалыпқа келтіруді жсопарлап отырмыз, — деп түсіндірді тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу орталығының директоры Түлкібай Төлеуов. 
Аңыздарға сай, Болған ана Жошы ханның жақын туысы болып келген. Мазар Ұлытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш XIII-XIV ғасырларға жатқызылады. 

Дереккөз: karaganda-region.gov.kz