Қара шаңырақ — университетім

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Қара шаңырақ — университетім

Автор: Тойғанбекова Майра Шодановна

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-10


Материал туралы қысқаша түсінік

Қазақстанның жетекші Жоғарғы оқу орны, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, өзінің бастауын сонау 1934 ж алады. Ол кезең елімізде өркендеп келе жатқан өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық салаларына мамандар аса қажет кез болатын. Мықты, білікті, іскер мамандар даярлау ел экономикасының талаптарының бірі еді. Осыған орай, 1933 ж 20 қазан күні ССР Одағының Халық Комиссарлар Советі Алматыда Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдап, оның ресми ашылуы 1934 жылы 15 қаңтар, ал университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликов тағайындалды. Сол жылдың 2 желтоқсанында университетке С.М.Киров есімі берілді. Өз жұмысын бұл оқу орны 94 студентімен, 25 оқытушысымен бастаған еді. Бұл сан 1984 жылдары




Қара шаңырақ — университетім

Қазақстанның жетекші Жоғарғы оқу орны, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, өзінің бастауын сонау 1934 ж алады. Ол кезең елімізде өркендеп келе жатқан өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық салаларына мамандар аса қажет кез болатын. Мықты, білікті, іскер мамандар даярлау ел экономикасының талаптарының бірі еді. Осыған орай, 1933 ж 20 қазан күні ССР Одағының Халық Комиссарлар Советі Алматыда Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдап, оның ресми ашылуы 1934 жылы 15 қаңтар, ал университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликов тағайындалды. Сол жылдың 2 желтоқсанында университетке С.М.Киров есімі берілді. Өз жұмысын бұл оқу орны 94 студентімен, 25 оқытушысымен бастаған еді. Бұл сан 1984 жылдары 13 000 студентке, 928 оқытушыға өскеніне куәгерміз. Міне, сол жылдардан бері қаншама уақыт өтті, университет қабырғасы кеңейіп, оқытушы – профессорлар саны, қызметкерлер саны, студенттер саны өсті. Университет қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы, жыл сайын осы университет қабырғасында білім алғысы келетін талапкерлер саны артуда екенін уақыт көрсетіп отыр. Университет тарихының жарқын беттері, атап айтар болсақ, ғылым және мәдениетінің ең үздік шақтары 1970 1980 жылдарға сәйкес келеді, өйткені сол жылдары университетті еліміздің белді қоғам қайраткері, қазіргі ҚазҰУ – нің қалашығының негізін қалаушы, академик Ө.А.Жолдасбеков (1970 1986жж) басқарған еді. Қазіргі таңдағы әсем де, әдемі, сәулетті Университет қалашығы құрылысының ірге тасының қалануы да Ө.А.Жолдасбеков ағамыздың бастамасымен болған. Қазіргі таңда ҚазҰУ – нің қалашығы ғылымның, білімнің ошағы шоғырланған тұтас кешен деп сенімді айта аламыз. 1985 жылы Университет қабырғасында шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті ашылды. Бұл факультет қазіргі таңда да қарқынды жұмыс істеп, Ауған Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Өзбекстан Республикасының азаматтарына білім берумен қатар, азамат болып қалыптасуына да зор үлес қосуда. Ғылым мен білімнің жаңа дәстүрлері дамып, нығая түсті. Университеттің студенттері де ғылым, білім, өнер, спорт салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ мемлекеттік университетінің аты мен мәртебесі өзгере бастады. ҚазССР Министрлер Кабинетінің № 629 Қаулысымен 1991 жылы 23 қазанында Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы философ, энциклопедист ғалым әл Фараби атамыздың есімі беріліп, 1993 жылдың 9 қаңтарындағы №1059 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті деп аталды. ҚазҰУ Халықаралық Университеттер Ассоциациясына кірген Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. Жаңа тарихи жағдайларда да ол білім беру және ғылым саласында өзінің шетелдік әріптестерімен тығыз қарым қатынас жасап отырды, атап айтар болсақ, Түркия, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Египет университеттері. 2001 ж. университет ректоры қызметін академик Т.А. Қожамқұлов атқарды және 2001 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің Қаулысымен Студенттер сарайына университет ректоры Ө.А. Жолдасбековтың аты берілді. Бүгінгі күні университетте 20000 – ға жуық студенттер білім алып, 1500 – ден астам оқытушылар, олардың ішінде: 27 ҰҒА академигі, 6 Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, 300 профессорлар мен докторлар, 700 ден астам кандидаттар мен доценттер еңбек етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Quacquarelli Symonds (QS,Ұлыбритания), Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік топ-университеттер рейтингінде 401-450 дәрежеге енген (2011), БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіндегі Орталық Азиядағы тұңғыш университет. Осындай көрсеткіштер ҚазҰУ – ін Қазақстан Республикасы егемендігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында аса ерекше, жетекші жоғарғы оқу орны деп айтуымызға толық мүмкіндік береді және мақтан тұтамыз.Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіЖоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:Үсенбекова .А.Е. Тойғанбекова М.Ш, Наралиева Р.Т.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.