Қандай керемет әке!

0

Қандай керемет әке!

Детройт қаласынан ұшаққа отырған Майк Леви атты азамат Хал Вон атты америкалықтың өте ерекше шешімінің куәсі болды. Бұл туралы Леви өз Facebook-парақшасында жазды.

«Мен үйге қайтатын рейсімде Хэлмен бірге отыру бақытына ие болдым. Оның Пирс атты қызы – біздің рейстің стюардессасы. Пирс мереке кезінде де жұмыс істейтін болғандықтан, Хэл мерекені қызымен бірге өткізуді шешкен екен. Сөйтіп ол бүгін және ертең, Рождество кезінде, бүкіл елді қызымен бірге ұшып өтеді. Қандай керемет әке! Екеуіңіздің Рождестволарыңыз көңілді өтсін!», – делінген Майк Левидің постында. 

Хал Вон қызы Рождествоны жалғызсырамай қарсы алуы үшін, ол қызмет ететін 6 рейске билет сатып алған екен.

Рождество – Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі. Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында (25 желтоқсан), кейбір елде Юлиан күнтізбесі бойынша атап өтіледі.


Дереккөз: https://massaget.kz/