Қан құрамы және қызметі туралы реферат
Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер — эритроциттер, ағы — лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар. Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады.
Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Адам эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 — 2 мкм. Қанның 1 мм3 — де — шамамен 4, 5 — 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6 — 7 млн эритроцит бар.
3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ — сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.
Дереккөз: http://bilimsite.kz/