«Қамырдан жасалған өнімдер, ашытқы және ашытқысыз қамыр» сабақ жоапары

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Қамырдан жасалған өнімдер, ашытқы және ашытқысыз қамыр» сабақ жоапары

Автор: Мирзаимова Ақмарал Махмутқызы

Бағыты: Технология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-31


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға қамыр жасауды үйрету




Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер. Ашытқы және ашытқысыз қамыр.Мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға қамыр түрлері бойынша білімін тереңдету, одан жасалатын тағам түрлерімен таныстыру.
  • Дамыту: Қамырдан жасалған өнімдердің жасалу технологиясымен, әсемдеп безендіру тәсілдерін түсіндіру.
  • Тәрбиелік: Эстетикалық жолмен безендіру, жетілдіру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушыларды түгелдеу2. Еңбек- құралдарын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  • І-тамақ деген не?
  • Оның қоюына нелер кіреді?
  • Көжелер қандай түрлерге бөлінеді?
  • Езбе көже деген не?

ІІІ Жаңа сабақ.

  • Суреттермен жұмыс.

Сұрақ. Мына суреттерді ортақ не байланыстырады? Ұннан не жасалады?Нан, тоқаш, самсаНан туралы мақал-мәтел, тақпақ үйге берілген тапсырма.Нанның негізі не?Сонда қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің тақырып қандай болмақ? Слайд. Біздің тақырыбымыз қамырдан жасалған өнімдер болғаннан кейін, біз қамырдың түрлерімен танысамыз. Жалпы қамыр жасау үшін бізге алдымен ұн керек.Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:

  • Ұннан жасалған тағамдар – тұшпара, манты, үй кеспесі, варениктер, құймақ, жайма құймақ.
  • Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер – ватрушка, пирожкилер, пончиктер(ірі бауырсақ), бәліш.
  • Дәмділенген нан өнімдері –(май мен сүтке иленген, яғни майқоспа нан өнімдері)-қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар, қаусырма.
  • Ұнан жасалған кондитерлік өнім – пирожный, торт, печенье, прәндік.

Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдың алуан түрін пайдаланады.

Мәтінді екі топқа беремін. Оқушылар мәтінмен жұмыс орындайды.1. Ашытқы қамыр. 2. Ашытқысыз қамыр.Оқушылар Венн диаграммасын толтырады. 2 оқушы– ашыған, 2оқушы – ашытқысыз.

ІV Практикалық жұмыс жоспары: І топ – Аспаздар пирог әзірлейді. ІІ топ – Шеберлер бәліш түрлерін әзірлейді. 1.І топқа пирог әзірлеудің технологиясымен таныстыру. Слайд. 2.ІІ топқа бәлішке пішін берудің технологиясымын таныстыру. Слайд. 3.Техникалық қауіпсіздік ережені сұрау. Өткір,үшкір заттармен қалай жұмыс істеміз? Электор приборлармен қалай жұмыс істеміз? Ақауын қалай анықтаймыз?

V Қортынды.1.Сабақта қандай тақырып өттік?2.Қамырдың қандай түрін білесіңдер?3.Ашыған және ашымаған қамырдың айырмашылығын түсіндір.

Рефлексия.1.Бүгінгі сабақта мен …… үйрендім.2.Сабақта маған ……. ұнады.3.Бұл сабақта ……… ұнамаған жері.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз