Қалқанша безінің препараттары | Скачать Реферат

0

Жоспар

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
a) Эстрогендер
b) Андрогендер
c) Прогестерон (сары дене)
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Жыныс гормондары – биологиялық активті заттар олар жыныс бездерінде бүйрек безінің қыртыс қабатының тор аймағынан және баланың серігінде шығады. Олар жыныстық дифференцияцияны реттейді. Бірінші, екінші жыныстық дәрежелі белгілерін дамуы жыныстық көбеюін мінез құлық және де зат алмасу процесті реттейді. Оларға андроген, эстроген, және протестерондар жатады.
Аналық жыныс гормондар:
a) Эстрадиол
b) Эстриол
c) Эстрон
Аталық жыныс гормондар:
a) Тестостерон
b) Дигидротестостерон
c) Андростерон
d) Андростендион
e) Андростендиол

Осы гормондардың бөлінуі арқылы жануарлар жыныстық жетіліп, аналықтарда күйлеу , аталықтарда сперматазоид түзілу пайда болады.
Жүктілік кезінде іштегі төлдің дұрыс жетіліп дамуына септігін тигізеді.

II.Негізгі бөлім
Эстрогендер (лат. estrus – ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі.
Зат алмасуға әсері:
Əйелдердің екінші кезектегі жыныс белгілерінің дамуына жəне сүтқоректі дануарлардың жыныс жүйесіндегі қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады;
Тері астындағы майдың бөлініп, жиналуын қолдайды;
Эстрогендер белок синтезіне əсер етеді, организмде натрий, калий, фосфаттардың жəне судың сақталып ұсталуын іске асырады, клеткалардың өсіп көбеюін күшейтеді.
Эстрон (фолликулин) Oestronum (folliculium) суда ерімейтін, спиртте және майларда еритін ақ кристалды ұнтақ. Буаз жануарлардын несебінен немесе синтетиклық түрде алады.
Биологиялық стандартизация барысында стандартты препараттар ретінде жәнә де жыныс безінің гипофункциясы барысында емдік мақсатпен қолданылады.
Эстрадиол бензоат – Oestradiol benzoas
Эстрадиол мен бензоатты қышқылдың эфирі. Ақ немесе сарғыш кристалды ұнтақ . Спиртте оңай, майда аз арласады.
Эстрадиол дипропионат- Oestradiol dipropions
Эстрадиол және дипропионды қышқыл эфирі.

1-сурет. Эстрадиол бензоат – Oestradiol benzoas

Андрогендер (андрогены); (androgenae; көне грекше: ανδρεία — еркек; көне грекше: γένος — шығу, шығу тегі) — аталық жыныс гормондары. Андрогендер аталық жыныс безі — еннін бөлікшелерін құрайтын сирек тұқымдық өзекшелер аралықтарындағы борпылдақ дәнекер ұлпасында орналасқан үлкен ядролы, цитоплазмасы ацидофилді боялған ірі жасушалар — интерстициоциттерде (бұрынғы аты — Лейдиг жасушалары) түзіледі. Бұлардың цитоплазмасында эгранулалы эндоплазмалық тор мен түтікше келген митохондриялар көп болады. Кейде протеинді кристалдар да кездеседі. Андрогендер аз мөлшерде бүйрек үсті безінде және жұмыртқалық интерстициоциттерінде де түзіледі. Бұлар аталық жыныс мүшелерінің дамуы мен қызметіне және екінші жыныстық белгілердің жетіліп дамуына ықпал етеді. Андрогендер химиялық құрамы жағынан стероидтарға жатады. Бұлардың негізгі өкілі — тестостерон гормоны.
Тестостеронның метаболизмі барысында андростерон, этилхоланол, дегидроандростерон немесе изоандростерон құрылады. Андрогендер таза күйінде бөлініп алынған, бірақ бұл жағдайда олар тәжірибе жүзінде аз қолданылады, өйткені олар қысқа уақыт қана әсер етеді. Олардан пролонгацияланған әсері бар тестостерон пропинат тестостерон- дипропинат, тестостерон- фенилпропинат, тестостерон-ацетат немесе метил тестостерон препараттар жасалады. Бұл препараттар өте баяу резорбирацияланады және бір реттік егуден кейін 3 тен 30 тәулікке дейін әсер етеді.
2-сурет. Тестостерон пропинат
Эстрогендік препараттар.
Ұрғашы жыныстық гормон – Эстрон, дигидроэстрон түрінде аналық бездегі фолликулаларда түзіледі де, фолликулалар жарылған кезінде бөлініп шығады.
Эстрогендер көмірсулардың, белоктардың және пуриндердің алмасу құбылыстарына қатысады. Олар өсу, көбею қызметін айтарлықтай өзгертеді, сүт бездерінің дамуына әсер етеді және гипофиз белсенділігін тежейді. Ұрғашы жыныстық гормондарың әсерінен малдың күйттілігі реттеледі, жатыр мен қынаптың шырышты қабығы қалыңдайды да, барлық әсер ету күйітке әкелумен аяқталады. Жыныстық дамып жетілген жануарларда эстероген жатырдың ісінуін және ретрактивті жиырылуын тудырады, еркек жыныстық белгілердің дамуын тежейді, гипофиздің қызметіне әсер етеді.
Жыныс мүшелеріне тез әрі ұзақ уақыт көлемінде эстрадиол-дипропионат, біршама әлсіздеу синэстрол және диэтильстильбестрол әсер етеді. Эстогендер тері асты және бұлшық етке енгізгенде күшті әсер етеді, ал препараттарды ішкізген кездегі әсері біршама әлсіздеу болады. Эстрогендер аналық бездер қызметінің жетіспеушілігінде, әлсіз тоғақ кезінде, жатырдың әлсіз инвалюциясында, малдың шуы түспей қалған жағдайда немесе жатыр қуысындағы ұрықты түсіру үшін қолданылады. Эстрогенді препараттарға мына препараттар жатады: Эстрон – Oestronum, Эстрадиол бензоат – Оestradioli benzoas; Эстрадиол-дипропинат – Oestradioli-dipropinas; Синэстрол – Synoestrolum; Диэтильбэстрол – Diaethylstilboestrolum; Димэстрол – Dimoesterolum.
Б) Гестагендік препараттар.
Гестагендік препараттар немесе прогестогендер деп әсерлі сары дене гормондары тәрізді немесе солар ұқсас дәрілік заттарды атайды. Организмге енгізілген гестогендік препараттар буаздықты сақтайды, ұрықтанған аналық торшасының қсіп-өнуіне кедергі жасайды, етеккір келуін тоқтатады, жатырдың окситоцинге сезімталдығын төмендетеді де, буаздықтың ке йінгі кезеңдерінде ұрық қабының пайда болуымен кіші жанбастың байланыс аппаратының босаңсуына әсерін тигізеді. Гестогендік прпараттар буаздықтың қалыпты жағдайдан ауытқуы кезінде түсік түсірмеу үшін сиырлар мен қойлардың күйге келуін бір ырғаққа келтіру үшін, ал көп ұрықты малдарға ұрық санын көбейту мақсатында пайдаланады.
Прогестерон – Progesteronum. Организмде прогестерон барлық стеройдтық гормондардың биологиялық түзілуі кезінде пайда болады. Ол буаздық кезеңінде плацентаның дамуына және ұрықтанған жұмыртқаның жатырға бекінуіне жағдай жасайды. Бұдан басқа ол жатыр қабырғаларының жиырылуын бәсеңдетеді және сүт бездерінің қызметін жақсартады.
Хориондық гонадотропин – Gonadotropin chorinicum. Гонадотропин әсері жағынан гипофиздің лютеиндік гормонына ұқсас. Жүкті әйелдердің зәрінен алынады. Лиофильденген түрде ампулаларда шығарылады: сулы ерітінді түрінде қолданар алдында дайындалып пайдаланылады.
Сарысулы гонодотропин – Gonadotropinum serikum. Буаз биелердің қан сарысуынан дайындалады.
В) Андрогендер.
Андрогендер – ер жыныстық гормондар тәріздес биологиялық әсері бар заттар. Адамдарда және жануарларда бұл заттар ер жыныстыларда ұрық бездерінде және бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында, ал ұрғашы жыныстыларда бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында немесе аналық бездерінде пайда … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз