«Қайратта» ойнаған Исаэль мансабын Малайзияда жалғастырады

0

Алматының «Қайрат» футбол клубында ойнаған жартылай қорғаушы Исаэль Барбоза мансабын малайзиялық командада жалғастырады.

Transfermarkt ақпараты бойынша футболшы 1 қаңтардан бастап «Джохор Дарул Тазим» командасының қатарын толықтырады. Бұл клуб соңғы маусымда Малайзия чемпионы атанған. 2015 жылы Азия футбол конфедерациясы кубогын жеңіп алған.

Исаэль малайзиялық командаға еркін ойыншы ретінде ауысты. Себебі алматылық клубпен келісімшарты аяқталып кетті.

Футболшы «Қайрат» сапына 2014 жылы ауысып келген болатын. 5 жыл ішінде команда жейдесін киіп 174 ойынға қатысты. 41 гол соғып, 54 нәтижелі пас берген. Алматылық команда жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысына айнала білді. 4 рет ел чемпионатының күміс жүлдегері, 1 рет қола жүлдесін алды. Сондай-ақ екі реттен ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Исаэль «Қайратқа» дейін Ресейдің «Краснодар», Португалияның «Насиональ», Түркияның «Гиренсунспор» және өз елінде «Форталеза», «Коритиба», «Спорт Ресифи» және «Гремио» клубтарында ойнаған.