Қай жерде демалысыңызды өткізер едіңіз? (жауабыңыз сіз туралы сыр айтады)

0

Психологиялық тест: Қай жерде демалысыңызды өткізер едіңіз? (жауабыңыз сіз туралы сыр айтады)

1. Сезімтал жансыз
Сіз көрген-білгеніңізді ешқашан ұмытпайсыз. Айналадағы адамдарды жақсы түсінесіз. Сіз тым сезімталсыз. Сізді қуанту да, мұңайту да оңай. Бірақ, сезімталдығыңызды сырт көзге көрсеткіңіз келмейді, себебі жұрт сізді «қатты»деп ойлайды. Адамның күйін тез танисыз.
2. Қайратты жансыз
Сіздің бойыңыздағы күш-қуат шексіз. Сіздің бойыңызда жасандылықтың ұшқыны да жоқ. Айналада болып жатқан оқиғаларға немесе жаныңызда тұрған затқа біржақты пікірді ұстанасыз: я ұнайды, я ұнамайды. Жеңілгенді жек көресіз. Бастықтың керемет көмекшісі болмасаңыз да, идея сізде тұнып жатыр.
3. «Біртүрлі» жансыз
Дәстүр, ереже, заң деген дүниелермен жүру сізге тән емес. Себебі, бәрін өз қалауыңызбен жасайсыз. Сіздің жұмбағыңыз жоқ, демек елден ештеңе жасырмайсыз, бір саусағын ішінен бүгіп жүретіндерді де ұнатпайсыз. Бірақ, үнемі күлкіге қаласыз. Өзіңізге ұқсайтын адамды іздеумен жүрсіз. Ешкімге ұқсамайтындығыңыз осында жатыр.
4. Зерек жансыз
Адамдарды жақсы түсінесіз. Алдыңыздағы адамның қылықтарына, даусына қарап ол туралы тез біліп ала аласыз. Сізді алдап тұрса, сезесіз. Жаныңыздағыларға өзіңіз туралы сыр ашпайсыз. Өзгелерді де, өзіңізді де жақсы танисыз әрі біреудің сізді сөзбен басқарып отырғанын біле аласыз, өзгені де сөзбен басқара аласыз.

Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан